Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Зерттеудің қауқарсыз қатысушыларымен жұмыс жасаудағы



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

Зерттеудің қауқарсыз қатысушыларымен жұмыс жасаудағы 
оқыту әдістері деп кері оқыту әдістерін (Teach-back) айтамыз. Бұл 
әдістердің басты ұстанымы – мүмкіндік пен жеткілікті уақыт берілсе, әр-
бір адам кез келген ақпаратты түсіне алады (González-Duarte et al., 2019, 
p. 219-220). Ол үшін зерттеуші:
• 
әуелі зерттеу туралы әңгімелейді (мақсатын, тәуекелдерін, пай-
дасын, деректерді жинау тәртібін, бас тарту мүмкіндігін және 
т.б. түсіндіреді) және/немесе әлеуетті қатысушы (зерттеуге қа-


13
тысуы мүмкін адам) үшін ақпаратты келісімнің мәтінін оқиды;
• 
содан соң әлеуетті қатысушыдан айтылғанды өз сөзімен қайта-
лауын, зерттеу туралы жалпы нені түсінігінен айтуын сұрайды;
• 
әлеуетті қатысушы зерттеуді қате түсінсе, ол жөнінде қосымша 
түсініктеме береді;
• 
қатысушының зерттеу туралы түсінігін қайта бағалайды.
7
Зияткерлік өнім – бұл жеке адамның (адамдар тобының) зерттеу 
жобасын (-ларын) орындау барысындағы дербес шығармашылық ең-
бегімен алынған және қандай да бір объективті нысан түрінде (мақа-
ла, кітап, есеп және т.б.) көрініс тапқан нәтиже. Зияткерлік өнім ҚР 
«Ғылым туралы» және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар тура-
лы» Заңдарындағы «ғылыми қызмет нәтижесі» мен «ғылым туындысы» 
терминдеріне сәйкес келеді. Дегенмен мұнда қолыңыздағы Кодекс 
шеңберінде «зерттеу жобасы» («зерттеу») ұғымының өзіндік ерек-
шелігін ескерген жөн (бұл жөнінде көбірек түсінік алу үшін Кодекстің 
кіріспесіндегі реттелетін мәселелер туралы оқыңыз).
«Қақпашыдан» рұқсат алу (gatekeeper permission) – бұл зерттеу-
ге адамдарды іріктеу жұмысын бастау үшін белгілі бір уәкілетті тұлға-
ның/органның рұқсатын алуын қажет болған жағдайда өткізілетін 
рәсім. Ұйымда белгіленген құзырына қарай Зерттеу әдебі жөніндегі 
институциялық комитет, ұйым басшысы немесе зерттеумен айналысатын 
құрылымдық бөлімінің
8
жетекшісі, ұйымды басқару органының өкілі және 
т.б. «қақпашы» рөлін орындауы мүмкін. Білім зерттеушісі зерттеу жүр-
гізіледі деп жоспарланған ұйымға кіру рұқсатын алуға барынша мұқият 
және түсіністікпен қарай отырып, зерттеудің одан кейінгі кезеңдерінің 
(ақпаратты келісім алу, деректерді жинау) ойдағыдай өтуіне қолайлы 
жағдай туғызады (Singh & Wassenaar, 2016, P. 43).
Құпия ақпарат – бұл нормативтік құқықтық актілер және/немесе 
білім зерттеушісі мен зерттеуге қатысушы арасындағы арнайы келісім 
7
Institute of Medicine. 2015. Informed Consent and Health Literacy: Workshop Summary. Washington, DC: 
The National Academies Press. P. 58. Available here https://www.nap.edu/read/19019/chapter/5#58
8
University of Waterloo. (2015, November 17). Guidelines for conducting research within structures and 
gatekeepers. https://uwaterloo.ca/research/office-research-ethics/research-human-participants/pre-submission-
and-training/human-research-guidelines-and-policies/guidelines-conducting-research-within-structures-and


14
(ақпаратты келісім
9
) негізінде қол жеткізілуі және таратылуы шектел-
ген сенімді ақпарат. Қазақстанда жеке тұлғалардың құпия ақпара-
тына қол жеткізу және оны қорғау шарттары ҚР «Дербес деректер 
және оларды қорғау туралы» Заңымен реттеледі. Заңның ұғымдық 
аппаратына салар болсақ, зерттеуге қатысушылар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет