Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі



Pdf көрінісі
бет43/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

47-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі 
өзгерген, заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) меншік 


82 
иесі ауысқан, жұмыс беруші заңды тұлға қайта ұйымдастырылған 
кездегі еңбек қатынастары 
Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, 
заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) меншік иесі ауысқан, 
жұмыс беруші заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайларда 
жұмыскерлермен еңбек қатынастары өзгеріссіз жалғаса береді. 
48-бап. Жұмыстан шеттету 
1. 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
көзделген 
жағдайларда жұмыс беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың 
актілері негізінде жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті. 
2. 
Жұмыс 
беруші 
осы 
баптың 1-тармағында көзделген 
жағдайлардан басқа: 
1) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық 
(соларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай 
масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған; 
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік 
қауіпсіздік мәселелері жөнінде білімін тексеру бойынша емтихандар 
тапсырмаған; 
3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш 
құралдарын пайдаланбаған; 
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті 
болып табылатын болса, медициналық қарап-тексеруден не ауысым 
алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген; 
5) жұмыскер еңбек шартында келісілген жұмысты орындау үшін 
қажетті көлік құралын басқару құқығынан немесе басқа да 
рұқсаттардан айырылған жағдайда; 
6) егер оның әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал 
туғызуға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс 
қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы 
мүмкін болса, жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті. 
3. Толық материалдық жауаптылықты өзіне алғаны туралы 
жазбаша шарттың негізінде жұмыскерге берілген мүліктің және басқа 
да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген жұмыскерді жұмыс 
берушінің жұмыстан шеттетуге құқығы бар. 
4. Жұмыстан шеттету кезеңінде жұмыскердің жалақысы 
сақталмайды және еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы 
жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленбейді. 
5. Жұмыскерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған 
себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге 
жұмыс берушінің актісімен жүзеге асырылады. 
6. Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен 
жағдайда жұмыскердің жалақысы сақталады. 


83 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет