Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар



Pdf көрінісі
бет39/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

35-бап. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар 
Мына құжаттардың кез келгені: 
1) еңбек кітапшасы; 
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс 
берушінің белгісі бар еңбек шарты; 
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек 
қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс 
беруші актілерінен үзінді көшірмелер; 
4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; 
5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған 
қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы 
мәліметтер тізбесі) (болған кезде); 
6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай 
жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер; 
7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік 
әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер; 
8) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған 
архивтік анықтама жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат 
болып табылады. 
36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап 
1. Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің 
тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында 
сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі еңбек 
шартының қолданылуы басталған кезден басталады. 
2. Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш 
айдан аспауға тиіс. Ұйымдардың басшылары және олардың 
орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары, 
филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшылары үшін сынақ мерзімі 
алты айға дейін ұзартылуы мүмкін. 
3. Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі 
тоқтатыла тұрады. 
37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі 
1. Жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже 
берген кезде, жұмыс беруші оны жазбаша нысанда хабардар ете 
отырып, еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді көрсетіп, 
онымен еңбек шартын бұзуға құқылы. 
2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы 
еңбек шартының бұзылуы туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер 
сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі. 


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет