Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет57/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

76-бап. Түнгі уақыттағы жұмыс 
1. Сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. 
2. Түнгі уақыттағы жұмысқа: 
он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер; 
жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті 
әйелдер жіберілмейді. 
3. Мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, 
оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық 
жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша 
келісімімен ғана жол беріледі. 
4. Жұмыс беруші: 
1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа 
дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды; 
2) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 
жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға 
құқылы емес. 
77-бап. Үстеме жұмыс 
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол 
беріледі. 
2. Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда: 
1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей 
зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың 
зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде; 
2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен 
жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз 
етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де 
мән-жайларды жою үшін; 
3) егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер 
келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу 
қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін; 
4) денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға 
шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме 
жұмыстарға жол беріледі. 
3. Үстеме жұмысқа мынадай жұмыскерлер: 
1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті 
әйелдер; 
2) он сегіз жасқа толмағандар; 


100 
3) мүгедектер жіберілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет