Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы



Pdf көрінісі
бет65/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы 
құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы 
төлеу 
1. Еңбек шарты мерзімінің өтуіне байланысты оны кейіннен 
тоқтатумен жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы, демалыс 
уақыты еңбек шарты мерзімінің шегінен толық немесе ішінара шыққан 
жағдайда берілуі мүмкін. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысының соңғы күні еңбек шарты мерзімінің өтуіне байланысты 
оны тоқтату күні болып есептеледі. 
2. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін 
еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған 
немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін 
еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) 
пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі. 
97-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс 
1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің 
өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. 
2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен 
жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады. 
3. Жұмыс беруші: 
1) неке тіркелгенде; 
2) бала туылғанда; 
3) жақын туыстары қайтыс болғанда; 
4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда 
жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік бес күнге дейін 
жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. 


108 
98-бап. Оқу демалысы 
1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге 
сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, 
зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) 
дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау 
бағдарламаларынан өту үшін оқу демалыстары беріледі. 
2. Оқу демалысына ақы төлеу келісімдерде, ұжымдық, еңбек 
шарттарында, оқу шартында айқындалады. 
3. Жұмыс беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясы 
шеңберінде шетелге оқуға, тағылымдамаға жіберілген жұмыскерлерге 
жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, оқу демалыстарын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет