Көміртекті
нанотүтікшелердің
алынуы және олардың
функционализациясы
М. Нажипқызы
1,2*
, Н. Қуантай
2
1
Жану
проблемалары институты,
Алматы,
Қазақстан
2
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті, Алматы, Қазақстан
*
E-mail:
meruert.nazhipkyzy@kaznu.kz
Ұсынылып отырған жұмыста гидрофобты қасиеті бар
құмның бетінде көміртекті
нанотүтікшеледің синтезі химиялық будан тұндыру (CVD) әдісімен жүргізілді.
Көміртекті
нанотүтікшелерді синтездеудің ең тиімді температурасы болып 800 °С орнықтырылды.
Пропан-бутан газ қоспасы газ тәріздес көміртек көзі ретінде пайдаланылды. Аргон
(Ar) газы инертті тасымалдаушы газ ретінде пайдаланылды. Никель нитраты (Ni(NO
3
)
2
)
көміртекті нанотүтікшелерді синтездеу үшін катализатор ретінде таңдалды. Көміртекті
наноматериалдардың барлық ерекше қасиеттерімен қатар қолданыс барысында
мәселе туындататын агломерацияға бейімділік пен басқа заттардың матрицасына
инерттілік қасиеті де бар. Аталған мәселені шешу мақсатында
көпқабатты көміртекті
нанотүтікшелердің беткі қабатын химиялық тәсілмен функционализациялау бойынша
тәжірибелер жүргізілді. Көміртекті нанотүтікшелердің беткі қабатына карбоксил
топтарын енгізу үшін,
оның беткі қабаты H
2
SO
4
/HNO
3
қышқылдардың концентрлі
қоспасымен өңделді. Нәтижесінде, нанотүтікшелердің беткі қабатындағы функционалды
топтардың негізгі үлесін карбоксильді, карбонильді және гидроксильді топтар құрайтыны
орнықтырылды. Гидрофобты құм бетінде синтезделген көміртекті нанотүтікшелер
келесідей зерттеу әдістерімен талданды: сканерлеуші электронды микроскоп, оптикалық
микроскоп, элементтік талдау, комбинациялық шашырау
спектроскопия әдісі және
функционализацияланған нанотүтікше үлгілерінің сапалық бағалауы ИҚ-спектроскопия
әдісімен жүргізілді.