Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет107/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Ақ мамыргҥл (Pobinia pseudoacacia L). Бұл ағаштың отаны Солтүстік 
Америка, 1961 жылы Еуропаға әкелінген. Украинада, Кавказда, Қырымда 
жақсы таралған және Орталық Азия, Венгрияда ерекше түрі ӛседі.
Ақ мамыргүл – ӛте жіңішке сүрек сарғыш түсті ядролы будақ тұқымдас, 
шұғыл шектеулі ядродан сұр жасыл немесе сұр сарғыш түс береді. Жылдық 
сақина аймақтары жас ірі тамыр сақиналармен толып тұрады. Жылдық 
сақиналар барлық кескіндеде жақсы кӛрінеді. Ӛзектің сәулесі жіңішке, бірақ 
айқын кӛрінеді. Ақ мамыргүл әдемі түске және текстураға, шіруге қарсы 
жоғары қаттылық пен беріктілік қасиетке ие. Физика-механикалық құрамы 
жағынан емен мен шағаннан (діні қатты ағаш) айтарлықтай жоғары тұрады
паркет және жиһаздар мен басқа да бұйымдар жасауда қолданылады.
Тҧт ағашы (Morus). Тұт ағашының екі түрі бар: ақ – М. alba Lжәне қара – 
М. nigra L., Кавказда және Орталық Азияда тұт құрттарын тамақтандыратын 
жапырақтары үшін кӛптеп ӛсіреді.


171 
Тұт ағашы сүрегі ӛте жіңішке (жылдық қабаты 3...5) ақ сарғыш түсті будақ 
тұқымдас, шұғыл шектеулі ядродан қоңыр-қызғылт түс береді. Сүрек жарық-
тың әсерінен қараңғы және қара-қоңырға айналады. Жылдық сақиналары 
жақсы кӛрінеді. Ӛзектің сәулелері жіңішке, бірақ сүректің ашық кӛлденең 
кесіндісінде едәуір жақсы кӛрінеді. Сүрек қатты, ауыр, әдемі түсті және 
жылтыр текстуралары техникалық және кӛркемдік бұйымдарда қолданылады. 
Эвкалипт (Eucalyptus). Эвкалипттің отаны – Аустралия (мұхиттық). 
Биіктігі 150 м жететін алып ағаштардан бӛлек 500-ден астам түрі бар. 
Эвкалипттер тез жылдамдықпен ӛсумен ерекшеленеді. 
Қаратеңіз жағалауында 150 ден астам түрі сынақтан ӛткізілді. Оның ішінде 
аязға тӛзімді ӛте үлкен Дальримпля эвкалипт ағашы – Eucalyptus dalrympleana 
Maiden.
Эвкалипт – шашыраңқы-тамырлы жапырақ ядролы тұқымдас. Сүрегі 
ашық, ядро түрлі түсті қоңыр реңді түс (күрең, күрең-қызғылт). Жылдық қабат-
тары кӛлденең кесіндіде ғана байқалады. Ӛзектің сәулелері жіңішке болған-
дықтан жай кӛзге кӛрінбейді. Ӛзектің сәулелері сансыз, біртекті, жай кӛзбен 
айырмашылық байқалмайды.
Эвкалипттың физика-механикалық құрамы ботаникалық түрге тәуелді. 
Кӛп жағдайда құрғақ сүректің тығыздығы 700...900 кг/м
3
; сүрек беріктілік және 
биотӛзімділік қасиетке ие. 
Эвкалипттің сүрегін вагон құрылыстарында, бағана құрылыс, бетіне шӛрке 
тӛселген кӛше және су асты құрылыстарында қолданылады. Жапырағынан 
медицинаға бағалы эфир майларын және жылыту үшін газ алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет