Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет108/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Тик немесе ҧлы тиктона (Tectona grandis L.). Үндістанда, Вьетнамда 
және басқа да Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда ӛседі. Ақшыл қоңыр 
түсті жіңішке сүрек қабатты ядролы жапырақтылар тұқымдасына жатады және 
ядросы сарғыштан боз қоңыр түске түске дейін болады. Жылдық сақиналар 
айтарлықтай жақсы кӛрінеді, кӛлденең қимада олардың шекаралары кӛбінесе 
толқынды болып келеді. Ӛзек сәулелері жіңішке, айқын емес. Жылдық сақина-
лар бір немесе сирек кездесетін екі қатарлы болып орналасқан ірі түтікше-
лермен басталады; түтікшелердің диаметрі жылдық сақиналардың ішкі шекара-
сына қарай бағытталып кішірейеді. 
Ағаш қолмен ұстап кӛргенге майлы, ескі терінің иісі байқалады, тығыз, 
айтарлықтай қатты және берік, үйкеліс кезінде тозуға тӛсімді, шіруге, 
қышқылға және сілтіге қарсы үлкен тӛзімділікке ие, металдарда коррозия 
шақырмайды. 2000 жыл бұрын тұрғызылған Үндістанның үңгірлерде орналас-
қан ғибадатханаларында тик ағаштары жақсы күйде сақталған. Тик ағашы 
физика-механикалық қасиеттері бойынша сүйелді қайыңға ұқсайды, алайда 
емен мен балқарағайға қарағанда қасиеттері тӛменірек. Кеме құрылысы мен 
кемежай ғимараттары үшін пайдаланылады, сондай-ақ химиялық аспаптар, 
жиһаз бен басқа да бұйымдар жасау үшін қолданылады. 
Қызыл ағаш. Ағаш сүрегі әр түрлі реңктегі қызыл түске боялған ағаш 
тұқымдастарын халықаралық саудада осылай атайды. Олардың ішіндегі ең 
танымалы Орталық Америкада ӛсетін қызылағашты свиетения немесе басқаша 
айтқанда махагони – Swietenia mahagoni Jacq. Махагони – жіңішке ақ түсті 


172 
сүрек қабаты бар, ядролы шашыраңқы түтікшелі жапырақтылар тұқымдасына 
жатады. Ядро реңі қоңыр немесе қызғылт-қоңыр түске күшейеді. Кӛлденең 
қимасында жылдық сақиналардың ақшыл шекаралары байқалады. Ӛзек 
сәулелері жіңішке, аз байқалады, тангенциалды қимасында кӛлденең 
қатарлармен немесе тік қатарлармен орналасады. Түтікшелер айтарлықтай 
үлкен, және 2-3 талдап кішігірім радиалды топтарға жинақталған. Физика-
механикалық қасиеттері бойынша махагонидің сүрегі жеуге жарамды каштан-
ның сүрегіне жақын. 
Махагонидің атын жамылып кӛбіне Латын Америкасында ӛсетін S. 
macrophylla King – үлкен жапырақты свиетениені (жергілікті атауы каоба) 
сатады. Сонымен қатар, Африкалық тұқымдастары кеңінен қолданылады: кайа 
– Khaya ivorensis A.Chev.; сапеле – Entadropharma cylindricum Sprague; сипо – 
E. utile Sprague; косипо – E. candollei Harms; ироко – Chlorophora exelsa Benth et 
Hook және т.б. 
Қызыл ағаш жоғары сапалы жиһаз үшін, музыкалық аспаптар жасауда
кемелердің әрленген каюталарын және т.б. бұйымдарды дайындау кезінде 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет