Конспект Тақырыбы: Оқыту технологиялары Жоспар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата04.11.2022
өлшемі105,78 Kb.
#47472
түріКонспект
  1   2   3
Байланысты:
DOC-20221101-WA0004.



Конспект
Тақырыбы: Оқыту технологиялары
Жоспар: 
1.Оқыту,оқыту технологиялары
2.Дамыта оқыту технологиясы
3.Проблемалық оқыту технологиясы
4.Қашықтықтан оқыту технологиясы
1.Бийбизада   
Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық 
қаблетін, құзіреттілігі мен дағдысын дамытуды жүзеге асырады. Оқыту – оқушы мен мұғалімнің 
өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын екі жақты күрделі процесс. Өйткені, оқыту – 
мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық 
іс-әрекеті.
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи-мылына байланысты. Оқыту – 
таным үдерісі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта 
түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес 
жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі – шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Оқыту технологияларының көптеген түрлері бар.Олар: Дамыта отырып оқыту 
технологиясы,проблемалық оқыту технологиясы,қашықтықтан оқыту технологиясы т.б 
 2.Нұрсұлтан   
Дамыта отырып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекет-терін барынша дамыту, яғни 
олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, 
«ең жақын даму аймағын жасау».
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық 
процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен 
белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді. 
М.Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;
2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;
3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық
жоғары деңгейі.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, 
табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан 
оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу, жалпылау, 


қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет