Ата-аналармен тренинг сабақ Тақырыбы: «Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі» Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Құрметті ата - аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол - менің балаларым»- деген екен. Әрбір ата - ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз».
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Тренингті өткізу мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау.
Жоспары: 1.Мотивациялық кезең
2. Ата-аналарды топқа бөлу
3. Топқа тапсырмалар беру (постер қорғайды)
4. Ситуациялық сұрақтар
5. Сергіту сәті «Бинго» ойыны
6. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» әдісі
7. Қорытынды: Рефлексия
Барысы:
1.Мотивациялық кезең Шаттық шеңбері: Ата - аналарды шаттық шеңберіне тұрғызу. Қане, бәріміз шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.
«Бір шаңырақ астында» тренингы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, Бала сіз үшін кім? Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б. жауап бере тұра бір таспадан алып бір ұшын шаңыраққа қадайық. Ата-аналар байқағаныңыздай таспамыз әр түрлі, яғни әртүрлі жауап берейік. Біз шаңырағымызды көтерейік. Әрдайым осындай үлкен достықта, лентадай берік, тату, бірлікте, бір шаңырақ астындағыда ұйымшыл болайық. Қандай тілек білдіресіздер?
2. Ата-аналарды топқа бөлу. Балаларының суреті бойынша тауып ата анасы отыру қажет.
3.Бүгінгі сіздермен тренинг сабақ өткізуіміздің басты мақсаты – ата-ана – мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз. Ендеше бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-өз отбасы. Олай болса отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу арқылы сіз бен біз боп ой бөліссек.