1 ДӘріс. ТҰЛҒа психологиясындағы тұЛҒа және ұлттық сана мәселелері



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата04.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#47605
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-дәріс-1

 
Тәжірибеге ашықтық 
Ерекше қасиеттері:
Өмірге деген жеңіл көзқарас. Мұндай адам өзінің әр қадамын есептеп, 
материалдық жағдайын жақсартуға бар күшін жұмсайтын адамдарды 
түсінбейтін қамсыз және жауапкершіліксіз болып көрінеді. Ол өмірге ойын 
секілді қарайды, оның кейбір іс-қимылдары өзгелерге жеңілтектік болып 
көрінеді.
Бұл типтегі адам өмірдің түрлі жақтарына қызығушылық танытып, өз 
әуестігін қанағаттандырады. Ол оқуда зейінді болғанымен, жүйелі түрде 
ғылымға ден салмағандықтан, ғылымда үлкен жетістіктерге сирек жетеді. 
Мұндай адам жалғанды шындықтан жиі айыра алмайды. Ол көбіне парасатты 
мағына емес, өзінің сезімдері мен интуициясына сенеді, күнделікті тіршілік 
істері мен міндеттеріне аз көңіл бөледі, ондай жұмыстан қашады.
Бұл эмоциялық, экспрессивті, эстетикалық және көркемдік талғамы бар 
адам. Тәжірибеге aшықaдaмдaр кең қызығушылық, дaмығaн қиял, икемді 
aқылғa, ерекше және эстетикaлықсезімтaлдыққa ие, олaрдыжaңaшылдық пен 
ерекшелік 
қызықтырaды. 
Кең 
мaғынaдaолaрды 
зерттеушілер 
деп 
aтaуғaболaды.
Олaр мәселені шешудегі жaңaқaдaмғaaшық, өзіндік тaлдaу мен 
рефлексияғa бейімдіктерімен ерекшеленеді. Мұндaйaдaмдaр кәсіпкер ретінде, 
сәулетші, 
суретші, 
ғaлым-теоретик 
ретінде 
(әлеуметтік 
және 
жaрaтылыстaнуғылымындa) жетістікке жете aлaды. 
Консервативтілік 
Ерекше қасиеттері:
Шыншыл, күнделікті өмірге жақсы бейімделген. Ол өмірге парасатты әрі 
шынайы қарайды, дерексіз ойға қарағанда, материалдық құндылықтарға 
көбірек сенеді. Ол көбіне өзінің материалдық мәселелеріне бас ауыртады, 
қайратты еңбектеніп, жоспарларын жүзеге асыру жолында табандылық 


танытады.  
Ол икемсіз, әртістік қабілеті жоқ, күнделікті өмірде юморға орын 
бермейтін, қызығушылықтары мен әдеттерін өзгертпейтін адам. Бұл адам 
өмірдегі жылдам өзгерістерді ұнатпайды, айналасындағы барлық затта 
тұрақтылық пен сенімділікті бағалайды.
Ол сентименталды болмағандықтан, оны өз-өзінен шығару және жасаған 
таңдауына әсер ету өте қиын. Бұл адам өмірдегі барлық жағдайларға 
логикалық өлшеммен қарап, дұрыс түсінік пен тәжірбиелік пайда іздейді. 
«Үлкен бестік» теориялық моделінің танымалдылығы, адамды 
интегралды жүйе ретіндесипаттайды және «Адам» жүйесінің ішкі 
құрылымдарына сәйкес келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет