1 - МОДУЛЬ. ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
КОНТЕКСТІНДЕГІ ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ
1 - ДӘРІС. ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ЖӘНЕ
ҰЛТТЫҚ САНА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқытушы Айдосова Ж.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы
бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.
Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет,
қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген.
Тұлға деп жеке әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір
үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз.
Адамның танымдық
психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму
ерекшеліктерін
сипаттайтын
қасиеттер
тұлға
қасиеттеріқатарына
жатқызылмайды, тұлғаның қасиеттері болып
адамдар мен қоғамға қатысты
көрініс беретін қасиеттер саналады. Адам тұлға болып тек әлеуметтік ортада
қалыптасады.
Адамды жүйелі зерттеу мәселелерін қарастырған Б.Г.Ананьев және оның
шәкірті В.А. Ганзеннің айтуы бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады.
Олардың
қатарына индивид, тұлға, іс-әрекет субьектісі,
жеке даралық
жатқызылған
(1-сурет).
1 сурет – Адамның жүйелік құрылымы(Ганзен, 1984).
Адам
биологиялық
құбылыс
ретінде
индивид
болып
табылады.Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері
бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы
іс-әрекет
субъектісі
Жеке
даралық
Тұлға
Индивид
Адам
интеллектің
дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын
пайдалануға мүмкіндік береді, осы белгілер
адам баласын хайуаннан
ажыратады.
“Индивид”
ұғымы
адамды
белгілі
биологиялық
қасиеттерді
иеленушіретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер
жүйесіне
қосылады,
нәтижесінде
ерекше
әлеуметтік
сапа
иеленеді,
тұлғаболып қалыптасады.
Бұл оның негізгі сипаты, себебі
қоғамдық өмір және қоғамдық
қатынастар, ұжымдық еңбек адамының биологиялық дене құрлымын өзгертіп,
өзіне бағындырды.Сонымен қатар, адам түрлі кәсіби мамандық иегері ретінде