қаласында Қазақ АКСР-ның құрылтай съезі болды. Съезде жоғарғы кеңес
басшылығы сайланды. Қазақ АКСР-ы Орталық Атқару комитетінің төрағасы
болып Сейітқали Меңдешев, Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып
Радус Зенкович сайланды.
Елімізде азамат соғысы мен шетелдік интервенциясы аяқталғаннан кейін
1921 жылы Кеңес елі тағы да ауыр сынға душар болды. 1921-1922 жылғы
қарсыз әрі ұзаққа созылған қыстан кейінгі қуаңшыл жаз келді. 1921 жылдың
жазында елдің көптеген аудандарында ең алдымен Еділ бойын,
жантүршігерлік аштық жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай Кеңес елінде 20
миллионнан астам адам аштыққа ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: