құрылды. Алматы кездесуінде КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғаны
туралы Декларация қабылданды.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін «Тәуелсіздік
туралы заңын» жариялады. Оның негізгі тұжырымдарын қысқартып айтатын
болсақ, 1 бабында былай дейді: Қазақстан Республикасы тәуелсіз,
демократиялық және құқтық мемлекет. Ол өз территориясында үкімет
билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп
жүргізеді.
2-ші баб. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттерімен өзара
қатынас халықаралық құқ принциптері бойынша құрады.
3-ші баб. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған
халықаралық құқ нормалары қолданылады.
4-ші
баб.
Қазақстан
Республикасының
территориясы
қазіргі
шекараларында бітұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория
болып табылды.
5-ші баб. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми
техникалық потенциал Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің
негізін құрай отырып, тек қана соның меншігінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: