Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет111/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір мұраттары 
жəне жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған 
құндылықтардың адам санасында бейнеленуі. 
Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы 
тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген 
əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын 
қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағыт тұлға сеп-түрткілеріне 
(мотивтеріне) себепші, реттеуші маңызды жағдаят (фактор) ретінде 
іске қосылады. Құндылықты бағыт-бағдарлардың негізгі мазмұны – 
адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-
сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, қылық-əрекет, мінез 
принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-
бағдары тəрбие жəне мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде 
қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш салу, зейін, ой-өріс 
бағдарлары анықталады. 
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің белгісі, 
оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты 
бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себерші 
болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі , белгілі мұраттар мен 
принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру 
жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай 
белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. 
Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет-қылық пен 
мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың 
мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.
Бүгінгі күнде əлем елдерінде əрқилы құндылықтар жүйесі 
қабылданған. Осы заманғы гуманистік педагогика олардың арасында 
жалпы адамзаттық келесідей құндылықтарды аса маңыздылар 
қатарында алға тартады: адам құқы, адамды ең жоғары құндылық 
ретінде тану, бала тұлғасы мен оның қадіріне құрмет; бала 
еркіндігі мен даму құқын қорғау; білім жəне тəрбиедегі 
демократиялық принциптерді берік ұстану. 
Адам құқы жəне еркі – жалпы адамзаттық құндылық, себебі олар 
адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, əрқилы халықтардың , діндер 
мен дəуірлердің рухани мұраттарын жақындатады əрі туыстырады. 
Барша халықтар туындыларын сыйлауға, бағалау мен қорғауға үйрену 
– бұл ұлттық жəне ұлтаралық ынтымақтың белгісі ретінде қабылданған 
жалпы адамзаттық құндылықтарды сезіну жəне қабылдау нышаны. 


Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында 
ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-
дəстүрін, тілін, мəдениетін, əдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп 
білу- жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін 
жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік 
қатынастар негізі - əр адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік 
сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, 
отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау жəне ең жоғары 
инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету. 
Жалпы 
адамзаттық 
құндылықтар 
арасында 
ұлттық 
құндылықтар 
шегерілмейді. 
Керісінше, 
осы 
ұлттық 
құндылықтар арқылы көрінеді. Алғашқыда осы ұлттық 
формада көзге түскен қайталанбас соны жетістіктер уақыт 
өте жалпы адамзаттық құндылыққа өтеді (мысалы, жақын 
уақыттың өзінде қазақ домбырасын жетекші күй аспабы 
ретінде танытқан «Ұлытау» триосының Голливуд жеңімпазы 
аталып, бүкіл əлемге танылуы). 
Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекуі, өз 
міндеттері мен құқықтарының өзара тəуелділігін сезінуші əрі 
азаматтық ұстанымы бар ерікті тұлғаны қалыптастыру көбіне тəрбие 
жəне оқу жүйесіне байланысты. Заман ерекшелігін ескерумен түзілген 
құндылықты бағыттардың дамуынан əр адам өзін планета азаматы, 
əлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады. 
Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне танудың негізі қоғамға 
бағытталған идеялардың, сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына; 
ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды байланыстыра білуге; 
қоғамға жəне басқа адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен 
міндеттерін зерттеп тануға; азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін 
түсінуге; азаматтық мінез-құлық пен сезімдерді тəрбиелеуге; пікір 
жүргізу еркіндігінің дамуы мен көңіл-күй ортақтығын сезінуге жəне 
т.б. орайлас келеді. 
Жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарға 
бағыт-бағдар 
тəрбие 
мазмұнының ажыралмас бір бөлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет