Тəрбие
тұлғаның
аталған
мəдениетін
дамытушы
əрі
қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде
тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке
элементтер аталады:
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға
сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның
құндылық мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік,
ар-намыс, əділдік-теңдік,
туысқандық
жəне
т.б.
сынды
құндылықты
категорияларды
қалыптастыру);
- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі
жəне оның саяси құрылымымен танысу;
қоғамдағы жеке адам
проблемасын зерттеу: «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі);
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).
Дəстүрлі
педагогикада
тұлғаның
базалық
мəдениетін
қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің бірқанша
бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей
бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.):
- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;
- азаматтық тəрбие;
- еңбек тəрбиесі;
- адамгершілік тəрбиесі;
- эстетикалық тəрбие;
- дене тəрбиесі.
Тəрбиелік істердің кейбір жетекші
бағыттарының мазмұнын
ашайық.
Ғылыми дүниетаным тəрбиесі. Дүниетаным негізі – əлемді
түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл
білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың
бəрі адамдардың рухани дүниесінің кəусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті
өмір барысында, өнерде, əдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын
белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде
көрінген болмыстық
қабылдаулардан құралады.
Дүниетаным
наным,
сеніммен
байланысты.
Дүниетаным
көзқарастары адамның ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ес
жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани
өмірінің тұғырына, оның «Мен» мəніне айналып,
өмірлік ұстанымын
айқындауға негіз болады.
Дүниетанымның
қалыптасуы
кездейсоқ
жəй,
тұрмыстық
тəжірибеден не əрқилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан,
немесе саналы, тұғырлы идеялар,
мұраттар мен принциптердің
теориялық зерт-теулері арқасында болуы мүмкін.
Адам дүниетанымында əрқашан белгілі уақыт, заман белгілері
көрініс береді. Əлем жөніндегі бүгінгі ұғым, дүниетаным бүкілдей
ғылым жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің қазіргі дəуірімізге тəн
дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары жəне адам
құқын, оның экономикалық жəне
саяси еркіндіктерін, ар-намыс жəне
дүниетанымдық еркіндікті бүкіл əлем болып қолдап-қуаттау жəне
қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы
білімге иек артады, стратегиялық əлеуметтік бағдарламалар да көбіне
білімді негізге алып түзетілетін болды.
Ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы басты мақсат –мына
күрделі де қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-əрекет
жасаудың бағдарын беру.
Достарыңызбен бөлісу: