Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік
құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның
əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген
міндеттерді
табысты
шеше
білетін
адамдардың
жан-жақты
дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік
тəжірибе
ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат
бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші
жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі
мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады.
Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар
бірліктері- бұл
оқу жəне
тəрбие. Осылардың
арқасында тұлғаның
білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске
асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан
нақты іс-əрекет процестерінен құралады:
оқу-оқыту жəне бұдан
туындайтын
өзіндік тəрбие.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
- ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);
- тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);
- дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);
- аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар
мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);
- əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына
бейімдеу).
Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады:
1) педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2)
іс-əрекеттік құрамы.
Педагогикалық процестің
субъекттері - тəрбиеленуші жəне
тəрбиелеушілер.
Бұлардың
құрамы
сан
қилы.
Мысалы ,
тəрбиеленушілер қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер
мен қариялар; ал тəрбиелеушілер
сапында ата-аналарды, кəсіби
педагогтарды тікелей тəрбиеші субъекттер деп білсек, бұқаралық
ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл, табиғат жəне с.с балаға
ықпал жасайтын барша əлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың бəрін
жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн.
Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-
əрекеттерінің
соңғы
нəтижесі
–тəрбиеленушілердің
адамзат
жинақтаған тəжірибені игеруі.
Педагогикалық
процестің
іс-əрекеттік
(процессуалды)
құрылымында төмендегідей бірліктер ажыралады:
Педагогикалық процесс қозғалысы (динамика) педагогикалық
процестегі кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің
өзгерістер өлшеміне тəуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым
жоғары болса, нəтиже де соғұрлым салмақты келеді. Бұдан шығатын
қорытынды - педагогикалық процесс педагог пен тəрбиеленуші
арасындағы дамып барушы ықпалдастық ретінде бірізді «сатылық»
сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нəтижесі жақсы болған
оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарылау көрсеткіштерге ие болады;
- педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс,
тұлға дамуының арқауы. Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі
нəсілділікке, тəрбие жəне оқу ортасына, оқу-тəрбиелік іс-əрекеттерге
жегілуіне, қолданымдағы педагогикалық
ықпал жабдықтары мен
тəсілдеріне тəуелді;
-
оқу-тəрбие процесін басқару педагогикалық процестің тиімділігі
тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің арасындағы кері байланыстың
жеделдігіне, сондай-ақ тəрбиеленушілерге жасалған реттеуші ықпал
əсердің шамасы, сипаты жəне негізділігіне орайлас келеді;
-
ынталандыру: Педагогикалық процестің өнімді болуы оқу-тəрбие
қызметтерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) жəне сыртқы (қоғамдық,
педагогикалық, моральдық, материалдық) жəне т. б. ықпалдардың
əсеріне байланысты болады;
-
педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық жəне іс-
тəжірибелік элементердің бірлігі. Оқу-тəрбие процесінің тиімділігі
сезімдік қабылдау, қабылдағанды қисынды тоқу, тоқығанды іс-
тəжірибеде қолдана білу шарттарына тəуелді;
-
сыртқы (педагогикалық) жəне ішкі (танымдық) іс-əрекеттің
бірлігі. Педагогикалық ықпал нəтижелілігі
педагог қызметінің
сапасына қалай байланысты болса, тəрбиеленушінің өзіндік оқу
танымдық іс-əрекеттерінің сапасына да соншалықты тəуелді келеді;
-
педагогикалық процестің себептілік негізінің болуы. Оқу тəрбие
процесінің жүрісі мен нəтижесін алдын ала анықтап
отыратын жағдаят- қажеттілік,
сондай-ақ тұлға мен қоғам
мүмкіндіктері (материалды-техикалық, экономикалық жəне
т.б.), процестің оқыту, орындалу (моральдық-психологиялық,
санитар-гигиеналық жəне т.б.) шарттары.
Жоғарыда аталған жəне басқа да заңдылықтар негізінде
педагогикалық процесс принциптері- (яғни, кейбір ереже, ұсыныстарға
орай) нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар
анықталады (оқу мен тəрбие принциптері кітаптың келесі бөлімінде
қарастырылады).
Қай педагогикалық процесс болмасын, -өз дамуының белгілі бір
ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді. Олар :
- дайындық кезеңі,
- орындау (негізгі) кезеңі;
- нəтижелер талдауы(қорытынды) кезеңі.