бағдарламалар білімнің жалпы суреттемесін беріп, ал жеке оқу пəндері
жоғары сыныптарда ғана енгізілетін. Мұндай дидактикалық бағыттың
ұнамды да, сондай-ақ ұнамсыз да тараптары болды. Жақсы болған
тарапы – оқушы өз бетінше асықпай еңбектенумен қалаған саласында
тиянақты дайындық көрді. Бірақ
оның қорытынды білімі тар
шеңбердегі проблемалармен ұсақталып, қажетті жүйе мен деңгейге
жеткізілмеді.
Бұрынғы дидактикалық жүйелердің ұнамды сапалары жаңа
дидактикаға
өтіп,
толыға
түсті.
Бүгінде
жіктемелі
(дифференцированные) оқу жоспарлары, бағдарламалары, курстері
бүкіл əлемге тараған.
Сонымен бірге, оқу пəндерінің бірігу
(интеграция) процестері де өріс алып, олар оқушылардың əрқилы
қажеттері мен қызығуларына икемдестірілуде.
Сонымен, ежелгі заманнан бері балаларды оқыту мен
білімдендірудің жетілген жолдары іздестірілуде. Мұғалімдер көптеген
бағыттарды өз тəжірибесінде тексеріп, сынап көруде. Ғылым топтаған
білімдердің аса құндылары, озық тəжірибе, дидактикалық жүйелерге
енуде. Мектептің қазіргі заман білімдену жүйесіне И.Гербарт жəне
Д.Дьюи жүйелері көп ықпал жасады. Бірақ қазіргі заман
дидактикасы оқудағы бір
тараптылық принциптен бас
тартып, бала жөніндегі ғылыми білімдердің бар комплексін
пайдалану теориясына ден қойды.
Достарыңызбен бөлісу: