Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Дидактика білім беру, оқыту
«Дидактика» деген термин гректің «didaktikos» деген сөзінен алынған, қазақшасы – «оқытушы», «үйретуші» деген мағынаны білдіреді.
Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.
Оқыту - екі жақты процесс.
Оқыту - екі жақты процесс.
Оқыту процесі оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен құралатын күрделі әрекет. Оқыту—мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу – баланың өзіндік танымдық әрекеті. Оқыту қалай болса солай жүрмейді, ұйымдасқан түрде жүзеге асырылады.
Дидактиканың негізін салушы – чех ұлы педагогы Ян Амон Коменский (1592 – 1670 ). Ол өзінің 1657 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» атты өте маңызды және құнды еңбегінде балаларға жаппай білім берудің мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың ең басты принциптері (қағидалары, ережелері), әдістері мен формалары туралы жүйелі және дәлелді түрде ойларын баяндап айтты.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Ж.Ж. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж.). А.С. Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.
Дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушы Қазақстандық ғалымдар
Дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушы Қазақстандық ғалымдар
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.)
Орыс тілін қазақтарға уйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кеңінен қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.
1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.ж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» - деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет «Әліппе» жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл «Әліппенің» жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттаудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін «Қай әдіс жақсы» (1928ж.) деген мақаласында айқын баяндайды.
Жүсіпбек Аймаутов (1890-1931ж.ж.).
«Тәрбиеге жетекші» (1924ж.) деген еңбегінде баланы оқутудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі «дидактика деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш рет анықтама берген».
Ж.Аймаутов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу,
немесе көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіру, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жаңа білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынған.