11.2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы
білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан
материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының
бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол
бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні:
жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша
оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін
қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін
жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-
бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты
əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2)
оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте
қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне –
игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім
қызметтері – түсіндіру,
əрекеттерді
көрсету,
оқушылар
орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен
еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі,
білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім
ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен
бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу
процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау
қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-
əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков,
Д.Б.Эльконин жəне т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес,
болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы
нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра
алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі
кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос
–жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария
болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу
жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру
есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін
оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану –
басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске
қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса,
əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім
мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының
мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық
білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері
мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне
жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу
процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде
өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру
сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты
жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді
(Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу
қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды
өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия)
ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу
дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-
əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне
бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология
шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең
қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір
таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты
деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты
тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша
шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде
оқытып, тəрбиелеуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |