Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Қашықтан оқу технологиясы



Pdf көрінісі
бет97/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Қашықтан оқу технологиясыбұл осы заманғы телебайланыс
электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу 
мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан 
оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай 
жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады 
(əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.). 
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі 
оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап 
оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) 
жəне т.б. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Оқу технологиясы деген не? 
2. «Оқу əдістемесі» жəне «оқу технологиясы» түсініктерінің 
айырмашылығы неде? 
3. Модульді оқу технологиясының мəні мен сипаты қандай? 
4. Проблемді оқу технологиясының мағынасын ашып беріңіз. 
5. Оқудың қандай авторлық технологияларын білесіз?
 
 
 
 
 


3-бөлім. ТƏРБИЕ ТЕОРИЯСЫ
 
 
12- дəрісбаян. Тəрбие мəн-мағынасы
 
 
«Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру 
керек. Тəрбиесіз берілген білім адамзаттың 
қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат 
əкеледі.» 
əбу Насыр əл-Фараби 
 
 
 
 
Жоспары 
1. Тəрбие міндеттері мен қызметтері. 
2. Тəрбие процесінің ерекшеліктері. 
3. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі. 
12.1. Тəрбие міндеттері мен қызметтері 
Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас 
ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи 
даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға 
белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық
адамгершілік жəне т.б. нормалар. 
– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін 
ұйымдастырылған 
арнайы 
іс-əрекет, 
тұлға 
қалыптастыруға 
бағытталған мақсатты процесс. 
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам 
құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам 
тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет 
нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық 
құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге 
əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал 
жасайтынын естен шығармаған жөн. 
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның 
əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске 
асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті 
қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. 
Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау 
жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-
күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), 
сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті 


тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі 
құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы 
тұлғаға арналады) ерекшеленеді. 
Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру 
барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін 
қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе 
жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік 
процесс. 
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет