Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет12/66
Дата07.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#47955
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66
Байланысты:
ОЖЕФП дәрістер

тура байланыс жолы деп аталады. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторында пайда болған қозудың 
қайтадан орталыққа барған жолын кері байланыс жолы деп атайды.
И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді.
Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы 
Шартсыз рефлекс 
 
Шартты рефлекс 
1 Туа пайда болған
1. Жүре пайда болған 
2. Тұқым қуалайды 
2. Тұқым қуаламайды 
3. Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі 
дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері 
арқылы қалыптасады
3. 
Рефлекторлық 
доғасы 
ми 
сыңарларының 
қыртысында 
қалыптасады. 
4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша 
жағдайлар қажет емес 
4. Қажет 
Шартты рефлекстің пайда болуына қажетті жағдайлар: 
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштер; 
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштердің әсерінен сәл бұрын басталып 
(15-20 сек), олар біраз уақыт әсер ету керек
- тітіркендіргіштер тұрақты ретпен әсер ету керек; 
- аталған жағдайлар ұзақ уақыт қайталану қажет; 
-Шартты тітіркендіргіштердің шартсыз тітіркендіргіштен әлсізде болуы; 
- ми қыртысының қызметі дұрыс болу керек. 
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың жақсы 
көретін тамағын немесе ойыншығын қолданады. Мысалы балан жүргізіп үйреткенде кәмпит немесе 



ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келгенде бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға 
ұмтылған бала аяғын тезірек басуға ұмтылады. 
Сөз әсеріне шартты рефлекс тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен 3 жағдайды сақтау 
керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді: 
1. Үйретіп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді 
үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкесін көрсету керек. 
2. Сөзді айтушы болу керек және алғаш кезде ол тұрақты кісі, айталық шешесі болуы тиіс. 
3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет