10
Қозу
мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Қозу мен
тежелудің
теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен дау дәрежесін айтады.
Қозу мен тежелудің
алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу
болуы мүмкін.
Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4
тобын ажыратады:
1. Күшті,
ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
2. Күшті,
қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ.
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған,
тежелуі басым.
И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың
айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара
қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе- сары өт),
сангвиник (сангвине - қан), Флегматик (флегма – кілегей, шырын), меланхолик (мелайне холе – қара өт).
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.
2. Күшті,
қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник.
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик.
4. Әлсіз топ – меланхолик.
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: