13
Оптикалық жүйеге көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді дене жатады. Олар жарық
сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті
диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия
фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең.
Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы
аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан.
Заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда
жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны
тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабықтың үстінде фокустық
нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы
қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі
бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттардың
бейнесі аударылып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: