Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


 Оқушылардың ғылыми дүние танымын



Pdf көрінісі
бет15/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   87
Байланысты:
реферат

2.2. Оқушылардың ғылыми дүние танымын
қалыптастыру 
Мектеп жасындағы оқушыларда жеке дүниетанымдық 
қалыптасу процесі жедел түрде жүріп жатады. Адам әлемдегі өз 
орнын оның жеке тұлғасына сыртқы әсерлердің сипаты, сонымен 
қатар, қоршаған ортаны қабылдау мен пайымдаудың жеке тұл-
ғалық ерекшеліктеріне байланысты анықтайды. Әрбір адамның 
жоғары немесе төмен дәрежеде ғылыми, діни немесе мистикалық 
дүниетанымға бейімделуінің объективті себептері болады. Тіпті 
кейбір жағдайларда осылардың біреуінің басымдылығы барма 
екендігін анықтау қиынға соғады. 
Дүниетаным жеке тұлғаның құрылымының маңызды компо-
ненті болып табылады. Дүниетанымға әлем туралы, ондағы 
адамның орны жөнінде жинақталған көзқарастар жүйесі, 
сонымен қатар, белгілі бір дүниетүсінімге сай көзқарастар, 
сенімдер, мұраттар, ұстанымдар енеді.  
Дүниетанымдық көқарас бейнелейтін объект-бүкіл дүние, 
яғни материалдық және рухани дүние. Табиғат, қоғам, адам және 
таным процесіне сәйкес дүниетанымдық көзқарасты ғылыми-
жаратылыстану, әлеументтік, гуманитарлық, гносеологиялық деп 
бөлуге болады. Шынығында бұл аспектілер философиялық 
сипаттағы жалпылама білім түрінде көрініп, тұлғаның іс 
әрекетіне, көзқарасына әсер етеді. 


45 
Физика курсын оқыту барысында оқушыларда дүниетаным-
дық көзқарасты қалыптасыру оларда табиғат пен тұлғаның таным 
процесі туралы белгілі бір философиялық тұрғыда саналы 
меңгерілген білімдер жиынтығын құру. Соның нәтижесінде 
дүниетанымдық көзқарастың ғылыми-жаратылыстану мен гно-
сеологиялық аспектлеріның фундаминті қаланады. Оқушылар-
дың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруда физиканы 
оқытудың әсері болса, керісінше философиялық білім физикалық 
білімнің қалыптасуына әсер етеді. Себебі жаңа білім филосо-
фиялық тұрғыдан талданып берілген де ғана оны тұлға саналы 
түрде терең меңгереді. Нақты ғылыми білім маңызды филосо-
фиялық идеялармен байланыста боуы мүмкін. Оқушылардың 
дүниетанымдық көзқарасы диалектико-материалистік көзқарасы 
тұрғыдан қалыптастырылса, онда оның фундаментіне әлемнің 
материалдылығына, диалектилығына және танымдылығына 
байланысты философиялық жалпылама қорытындылаудың үш 
тобы жатады. 
Бірінші топқа материя мен қозғалыс, олардың өзара байла-
нысы, олардың жоқтан пайда болмайтындығы және жойыл-
майтындығы, кеңістікте уақытқа байланысты өмір сүретіндігі, 
өзара әсерлесуі, дүниенің материалдық бірлігі туралы идеялары 
жатады. Екінші топқа құбылыстардың өзара байланысы туралы, 
материяның қозғалысы бағынатын диалектиканың белгілі бір 
заңдарының болуы туралы идеялар жатады. Үшінші топқа 
шындықтың категориясы, таным процесінің заңдылықтары және 
т.б. жатады.
Егер оқушы Ньтонның заңдарының оқылуын білсе, бұл 
физикалық білім. Ал егер оқушы Нюьтонның екінші заңы құбы-
лыстардың себеп-салдарлық байланысын сипаттайтынын білсе, 
онда бұл білім философиялық дүнитанымдық мазмұнда болады.
Физика сабақтарында оқушылардың физикалық құбылыс-
тардың бірлігі мен қарама-қайшылықтарын «көре білуге» 
үйретіп, оны таным процесінде қолдану қажет.


46 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет