Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


Оқушыларда физикалық білімді қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет12/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   87
Байланысты:
реферат

Оқушыларда физикалық білімді қалыптастыру 
Жалпы білім беру мектептеріне арналған бағдарламаның 
түсініктемелік жазбасында оқушылар меңгеруге тиісті білім 
элементтері: экспериментальдық фактылар, ұғымдар, заңдар, 
теориялар, физика ғылымдарының әдістері, әлемнің физикалық 
бейнесі, физика заңдарының техника мен технологияда 
қолданылуы көрсетілген. 
Бұл білім элементтерін оқушылар әр түрлі деңгейде меңгеруі 
мүмкін. Практикалық мақсаттарға біршама ыңғайлысы оқытудың 
мақсатын анықтайтын американ ғалымы Блумның таксономия-
сына негізделген игеру деңгейлерінің жүйесі болып табылады. 
Оған сәйкес:
1-деңгей – білімдерді есте сақтау;
2-деңгей – білімдерді түсіну;
3-деңгей – таныс жағдайда білімдерді қолдану;


38 
4-деңгей – жаңа жағдайда білімдерді қолдану болып бөліп 
көрсетіледі.
3-деңгей білімді, іс-әрекетті үлгі бойынша орындай білуді,
4-деңгей білімді – шығармашылық іс-әрекетті орындай білуді 
көрсетеді. Сонымен білімді меңгеру деңгейлерін енгізу 
оқушылардың меңгерген физикалық білім элементтерінің оларды 
әр түрлі жағдайларда: есеп шығаруда, табиғаттағы құбылыстарды 
түсіндіруде, машиналардың жұмыс істеу принципін т.б. 
қарастыруда қолданумен тығыз байланысты екенін көрсетеді. 
Мысалы оқушыларға Ньютонның екінші заңы туралы білімді 
қалыптастыруды қарастырсақ: бұл заңды меңгерудің І деңгейіне-
заңның формуласының жазылуын, оқылуын білу, бұл заңды 
дәлелдейтін тәжірибені түсіндіру, заңның қолданылу шегін айту. 
Білім меңгерудің ІІ деңгейіне заңның мағынасын түсіндіруді,
заңдағы себеп-салдардың байланысын түсіндіре білуді көздейді. 
Білім меңгерудің ІІІ деңгейіне белгілі алгоритм негізінде, осы 
заңды қолданатын есептерді шығару; мұғалімнің берген 
нұсқауының көмегімен дененің үдеуінің оған әсер ететін күшпен 
оның массасына тәуелділігін тағайындауға эксперимент жасау; 
өмірде кездесетін құбылыстарға заңды қолдана білу жатады. 
Білім меңгерудің ІVдеңгейіне оқушылардың стандартты емес 
есептерді шығара білу, заңды зерделеуде өз бетімен жұмысты 
жоспарлап, өткізу жатады. 
ІVдеңгейге сәйкес білім меңгеру жеке тұлғаның даму 
мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан барлық оқушылардың бұл 
деңгейге сәйкес білімді бірдей меңгеруі мүмкін емес. Білімнің бір 
деңгейінен келесі деңгейлеріне өту бірте-бірте жүреді. Жаңа 
материалды қарастырғанда білім әуелі бірінші деңгейде меңге-
ріліп, кейін түсініліп, сосын білімді қолданудың іскерліктері 
қалыптасады.
Жалпы білім беру мектептеріне арналған бағдарламаның түсі-
ніктемелік жазбасында барлық курс материалдарының негізіне 
сақталу заңдары (энергияның, импульстің, электр зарядының) 
жатқызылады; ал негізгі мектептің физика курсына молеку-
лярлық-кинетикалық және электрондық түсініктер, масса, 
тығыздылық, күш, энергия, Паскаль мен Ом заңдарының 
ұғымдары; механика үшін – қозғалыстың салыстырмалық 
идеялары, кинематиканың негізгі ұғымдары, Ньютон заңдары 
жатады; молекулярлық физикаға - молекулярлық-кинетикалық 


39 
теорияның негізгі қағидалары, молекулярлық-кинетикалық тео-
рияның негізгі теңдеуі, термодинамиканың бірінші заңы; 
электродинамикаға – электромагниттік өріс туралы ілім, элек-
трондық теория, Кулон мен Ампер заңдары, электромагниттік 
индукция құбылысы; кванттық физикаға – жарықтың кванттық 
қасиеттері, Бордың кванттық постулаттары, масса мен энер-
гияның өзара байланыс заңы жатады. Негізгі материалға заңдар 
мен теориялардың маңызды салдарлары, олардың практикалық 
қолдануы енеді.
Физика бойынша бағдарламада әр сынып бойынша 
оқушылардың білуге тісті негізгі білім элементтері анықталған. 
Оларға жататындар: 
- оқушылардың техникалық құрылғылардың жұмыс істеу 
принциптерін, денелердің қасиеттерін, физикалық процестерді 
түсіндіру үшін қажетті физикалық идеялар, тәжірибелік фактілер, 
ұғымдар, заңдар; 
- оқушылар қолдана білуге тиісті аспаптар мен қондырғылар; 
тәжірибе негізінде мәнін анықтайтын физикалық шамалар және т.б. 
- формулаларды қолданып шығаратын сандық және графиктік 
есептердің түрлері; сапалық есептердің объектісі болып 
табылатын физикалық процестер мен техникалық қондырғылар. 
Оқушылардың білімді саналы және берік игерулеріне 
мұғалімнің оқытудың нақты бір технологияларын қолдануының 
маңызы зор. Оған физиканың ғылыми негіздерін қарастыруда 
оқушылардың жеке бастарының мүмкіндіктерін ескеріп, олардың 
танымдық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға 
әсер ететін қажетті оқу құралдарын, оқытудың белсенді әдістерін 
қолдану арқылы жетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет