Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


 Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы



Pdf көрінісі
бет8/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   87
Байланысты:
реферат

1.3 . Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы
оқыту үдерісіндегі басшылыққа алынатын құжаттар 
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісі ҚР «Білім 
туралы» заң, «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарттары» мен «Базистік оқу жоспарын» басшы-
лыққы ала отырып ұйымдастырылады. Стандарт ҚР БМЖМС 
2.003-2002 негізінде дайындалды, ол "Физика" оқу пәні бойынша 
білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және 
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды 
тағайындайды. 
«Білім туралы» заңда білім беру жүйесін демократиялан-
дыру идеялары айқындалып, білім беру саласындағы мемлекет-
тік саясаттың ұстанымдары тұжырымдалған. Оларға: әрбір 
адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және 
жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгей-
дегі білімге қол жетімділігі; білім берудің зайырлы, гуманистік 
және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам 
өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының 
басымдылығы; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және 
дарындылығын дамыту; білім беру деңгейлерінің сабақтастығын 
қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқыту мен 
тәрбиенің бірлігі.
Білім беру жүйесін демократияландыру идеясы өзінің бейне-
сін оқыту үдерісін гуманизациялау, гуманитаризациялау ұста-
нымдарынан және саралап оқыту үдерісінен көрінеді. Оқытуды 
гуманизациялау барлық оқу-процесінің орталық субъектісіне 


14 
айналатын баланың жеке тұлғасына назарды күшейтуді 
болжайды. 
Оқытуды гуманитаризациялау тиісті оқу пәндерінде (дүние-
танымдық, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) 
оқытылатын ғылымның гуманитарлық аспектілеріне назарды 
күшейтуді болжайды. 
Оқытуды саралау оқушылардың жеке тұлғалық ерекше-
ліктерін, олардың қабілеттері мен мүдделерін ескеретін оқу 
үрдісін ұйымдастыруды болжайды. 
Қазіргі уақытта жалпы орта білімді әртүрлі типтегі оқу 
орындарынан алуға болады: мектепте, гимназияда, лицейде, 
колледжде, жеке мектепте, бейімдік мектепте. 
Жалпы білім беретін мектеп-бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарла-
маларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша 
білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 
Гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне 
сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің 
гуманитарлық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу 
бағдарламасын іске асыратын оқу орны; 
Лицей – негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім 
берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейін-
дері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім 
алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын 
оқу орны; 
Колледж – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын 
оқу орны; 
Жеке мектептер – қоғамдық, діни ұйымдар, әртүрлі 
бірлестіктер мен қорлар, кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың 
бастауымен құрылады. Жеке мектептің білім беру қызметін 
жүзеге асыру үшін тиісті білім департаменті берген өзінің 
жарғысы мен лицензиясы болуы тиіс. 
«Білім туралы» Заңмен Жалпы білім беретін оқу 
орындарында жалпы орта білім кезең-кезеңмен үш сатыда 
меңгеріледі: 
- нормативтік оқу мерзімі 4 жыл болатын оқытудың 
бастауыш сатысы (1-4-сыныптар); 


15 
- нормативтік оқу мерзімі 5 жыл болатын оқытудың 
бастауыш сатысы (5-9-сыныптар); 
- нормативтік оқу мерзімі 2 жыл болатын оқытудың 
бастауыш сатысы (10-11-сыныптар). 
Жалпы орта білім беретін оқу орындарында басшылыққа 
алатын екінші құжат-базистік оқу жоспары. 
Базистік оқу жоспары (БОЖ) - вариативті білім беру 
жағдайында жалпы орта білім негізін анықтайтын және жалпы 
білім беретін оқу орындарының оқу жүктемесінің инвариантты 
және вариативті компаненттерін белгілейтін құжат. Базистік оқу 
жоспары типтік және жұмыстық оқу жоспарларын жасауға негіз 
болады және жалпы білім беретін оқу орындарының қызметін 
қаржыландыру үшін бастапқы құжат болып табылады. 
БОЖ білім салалары мен пәндер бойынша оқушылардың оқу 
жүктемесінің жоғары шекті көлемін, білім салалары мен оқу 
пәндерінің құрамын, сыныптар мен оқу сатылары бойынша білім 
мазмұнын меңгеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін анықтайтын 
нормативтерді тағайындайды. 
БОЖ білім мазмұнының инвариантты және вариативті 
компаненттерге бөлінуі есебінен оны қалыптастыруы бойынша 
жалпы білім беретін оқу орнының және білім беру саласындағы 
орталық атқару органдары өкілеттіліктері мен жауапкерші-
ліктерін белгілейді. 
БОЖ-да басқару ұйымдары мен оқу орындары анықтайтын 
білім мазмұнының көлемі (сағат санымен) ерекшеленіп 
көрсетілген. 
БОЖ-ның инвариантты бөлігі жалпы орта білімнің базалық 
компанентін құрайды. Инвариантты бөлік оқушыларды жалпы 
мәдени және ұлттық мәні құндылықтармен таныстырады, 
олардың бойында қоғамдық мұраттарға (барлық оқушылар үшін 
міндетті сабақтар) сәйкес келетін жеке тұлғалық сапаларды 
қарастырады. 
БОЖ-ның базалық (инвариантты) бөлігі-әр сатыдағы жалпы 
орта білім мазмұнының базалық компанентінің құрамы мен 
құрылымын сипаттайтын оқу жүктемесінің бөлігі. 
БОЖ-ның базалық бөлігіндегі пәндер оқушылардың 
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен таныстыруды 
көздейді, сол арқылы жеке тұлғаның қалыптасуына және 
дамуына жағдай туғызады.


16 
Әрбір білім саласы бірнеше пәндерді қамтиды. Физика 
«Жаратылыстану» білім саласының құрамына енеді. 
БОЖ-ның вариативті бөлігі (жылжымалы) жалпы орта 
білімнің мектеп және оқушы компанентерін ескереді. Жалпы 
орта білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылар дамуының 
жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз етеді, олардың өзіндік 
ерекшеліктерін, оқушылар мен олардың ата-аналарының білімдік 
сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді. 
БОЖ-ның вариативті бөлігі жалпы білім беретін оқу 
орындарына оқушылардың мүддесі мен қабілеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағытталған жалпы орта білім мазмұнының 
көлемін өздері анықтайтындай мүмкіндік туғызады. 
Оқу жоспарының мектеп компанентінің сағаттары білім 
салаларына енетін пәндерді (соның ішінде тереңдетіп оқытуға 
арналған) оқуға, жаңа оқу курстары мен модульдері(таңдауы 
бойынша сабақтар, факультативтік сабақтар, бағдарлы пәндер, 
қолданбалы курстар)енгізуге пайдаланылады. 
Мектеп компанентінің пәндері оқушылардың оқуына 
міндетті болып табылады. Оқушы компанентінің оқушылардың 
оқу жүктемесіне енуі міндетті емес. 
Кесте 1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет