Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет10/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   87
Байланысты:
реферат

 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар 
1. 
Физиканы оқыту әдістемесі курсының негізгі мақсаты 
және міндеттерін ашып көрсетіңіз? 
2. 
Физикалық білім берудің мақсаты неге байланысты? 
3. 
Әдістемелік жүйенің құрылымы қандай? 
4. 
Оқыту технологиясы деген ұғымды қалай түсінесіз? 
5. 
Жалпыға міндетті білім беру стандартының мәнін 
ашып көрсетіңіз. 
6. 
Базистік оқу жоспарындағы инвариантты және 
вариативті бөліктердің мәнін ашып көрсетіңіз. 
7. 
Педагогикалық зерттеудің кезеңдеріне сипаттама 
беріңіз? 
ІІ тарау 
МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚ ЫТУДЫҢ
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ 


33 
 
2.1. Физиканы оқытудың мақсаттары 
 мен міндеттері 
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі 
мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік 
білімді қалыптастыру болып келді. Қазіргі кезеңде белгілі бір 
көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру бары-
сында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы 
оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді:оқушыларда физиканың 
зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту 
барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығар-
машылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
 
Орта мектептерде физиканы оқыту мақсаттарын топтап, әр 
топқа сәйкес оқытудың нақты мақсаттарын мына кесте арқылы 
көрсетуге болады:
Кесте 4. 
Оқыту 
мақсаттарының тобы 
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары 
Алдынғы ұрпақтың 
жинаған білімі мен 
тәжірибесін меңгеру 
Негізгі физикалық білімдерді қалыптастыру: фактлар, 
ұғымдар, теориялар, заңдар, әлемнің физикалық бейнесі 
Физикадағы танымның әдістері туралы білімді қалыптастыру 
Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен 
техниканың ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру 
Құбылыстарды түсіндіре білу, білімді есеп шығаруда қолдана 
білу ебдейліктері мен эксперименталдық ебдейліктерін 
қалыптастыру 
Ғылыми дүние танымдық көзқарасты қалыптастыру 
Физиканың қоғам өміріндегі ролі туралы, қоғамның, 
техниканың, басқа ғылымдардың дамуы мен физиканың 
дамуының арасындағы байланыс туралы түсінің беру 
Мамандық таңдауға, практикалық іс әрекетке әзірлеу 
Тұлғаның 
психикасының 
функцианалдық 
механизмін дамыту 
Есте сақтау, сөйлеу, қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту 
Ойлау қабілеттерін дамыту 
Тұлғаның жалпы 
типологиялық 
қасиеттерін 
қалыптастыру 
Жапы қабілеттерін дамыту 
Өз бетімен еңбек ету дағдысын қалыптастыру 
Тұлғады адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру 
Бағалай білу ебдейліктерін қалыптстыру 
Тұлғаның жеке басының 
қасиеттерін дамыту 
Физикаға деген қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту 
Оқу мотивін қалыптастыру 
Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланыста болып келеді. 
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсаты олардың 
білімдерін есептер шығаруда қолдана білу икемділіктері мен 


34 
дүниетанымдық көзқарастырын қалыптастыру барысында жүзеге 
асады. 
Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы 
оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, физика-
математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен 
соң физика-математикалық бағыттағы жоғары оқу орнына түседі. 
Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныс-
тырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебдейліктерді, 
физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты 
қолана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет. 
Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоға-
ры оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан бұл оқушыларға 
техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде 
түсініктерді, конструкторлық икемділіктерді қалыптастыру 
болып табылады. 
Биологиялық-химиялық бағыттағы сынып оқушылары өзде-
рінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен, биоло-
гиямен, химия саласымен байланыстырады. Сондықтан оларда 
физиканы оқыту барысында физикалық, биологиялық, химиялық 
құбылыстар өзара байланысты екендігін, химиялық, биологиялық 
процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы 
жөнінде түсініктерінің болып, зерттеушілік, экспериментальдық 
икемділіктері қалыптасуы керек. 
Гуманитарлық бағыттағы оқушылар, әдеттегідей, физиканы 
одан әрі оқымайтын болады; олардың болашақтағы кәсіби 
қызметтері физикамен байланысты болмайды. Сондықтан бұл 
оқушыларға физиканы оқыту міндетіне базалық білімдер мен 
икемділіктерді, физиканың жалпы адамзаттық мәдениеттің эле-
менті болып табылатындығы жөнінде және физиканың дамыуы-
ның қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуымен 
байланысы туралы түсініктерді қалыптастырып, физика 
ғылымының гуманитарлық потенциалын ашып көрсету. 
Жалпы білім беру мектептеріне арналған физика бойынша 
бағдарламаның түсініктемелік жазбасында пәнді оқыту міндеті – 
оқушыларға эксперименттік фактілер, түсініктер, заңдар, теория-
лар, физикалық ғылымның әдістері, әлемнің қазіргі ғылыми 
бейнесі, техника мен технологияда физикалық заңдарды қолдану-
дың кең мүмкіндіктері жөнінде білімдерді игеру қажеттілігі 
ретінде тұжырымдалады. Сонымен мектепте игерілуге қажетті 


35 
физикалық білімдер элементтеріне фактілерді, түсініктерді, 
заңдарды, теорияларды, әлемнің физикалық бейнесін, техникада 
физикалық заңдарды қолданулар жатқызылады. Білімнің бұл 
элементтері әртүрлі деңгейлерде игерілуі мүмкін. 
Сонымен жалпы міндетті білім берудің мемлекеттік стан-
дартында көрсеткендей «Физика» пәнін оқытудың басты 
мақсаттары: 
1)даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас 
жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық 
бейнесі 
арқылы 
оқушының 
ғылыми 
дүние 
танымын 
қалыптастыру; 
2)оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге 
мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін 
шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс-
әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды 
құндылық қатынастың әлеуметтуік тәжірибесін меңгерту 
негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту. 
Бұл мақсаттар оқыту процесінде оқытудан күтілетін 
нәтижесінде елеулі саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқу 
бағдарламасында көрсетілуі тиіс көптеген қосалқы және басқа 
жеке мақсаттарға жетуді көздейді. 
Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты 
міндеттері туындайды: 
1)білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін 
тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға 
дайындау, ол үшін оқу-эксперименттік зерттеулер жүргізуге және 
бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда 
түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерінің қажетті 
дағдыларын қалыптастыру; 
2)оқушылардың санасына табиғат пен оны танып білу туралы 
білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру; 
3)оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын 
дамыту; 
4)планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қаты-
насы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялығына 
жеке жауапкершілігін қалыптастыру; 
5)оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған 
технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу. 


36 
Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу 
бағдарламасында неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер 
айқындалады оның ішіндегі аса маңыздысы-оқушыларға білім 
алу тәсілдерін үйрету. 
Физиканы оқыту мақсаттарын білім беру, тәрбиелеу және 
дамыту деп жүктеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет