Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет25/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
Disser Oralbekova (1)

Компьютерлік түсінік: 
- компьютер, ғаламтор және т.б. АКТ туралы 
негізгі түсініктерінің ғана болуы; 
- БҚ жіктеуді білу; 
- қоғамдағы АКТ-ны пайдаланудың болашақ 
мүмкіндіктерін білу 
Қарапайым дайындық: 
- АКТ құрылымы туралы кешенді білімінің 
болуы; 
- педагогикалық үдерісте АКТ-ны қолданудың 
рөлін түсіну; 
- жекелеген дәрістерге арнап АКТ-мен бірге 
педагогикалық сценарийлер жасай білу 
Функционалдық дайындық: 
- АКТ-мен жұмыс істеу дағдыларының болуы; 
- оқу үдерісінде компьютерді белсенді 
пайдалану 
Жүйелілік дайындық: 
- АКТ-ның сан алуан түрінің арасында бағдар ала білу; 
- инклюзивті білім беруді ақпараттандыру стратегиясы 
мен тактикасын білу; 
- дамуында ерекшеліктері бар балалардың 
қажеттіліктерін қанаттағаттандыру үшін АКТ 
мүмкіндіктері саласындағы білімдерін үнемі жетілдіріп 
отыру 


113 
Оқу үдерісіндегі заманауи АКТ саласында студенттердің құзыреттілігін 
қалыптастыру шиыршықталған күйде келеді. Ол компьютер мен ғаламтор 
туралы қарапайым білім алудан басталып, ақпараттық кеңістікте еркін бағдар 
алумен және ерекше міндеттерді шешуге арналған оңтайлы АКТ таңдау 
мүмкіндігімен аяқталады. Компьютерлік хабардарлық деңгейінде алынған 
білімдердің жоғалмайтынын білу маңызды. Олар АКТ пайдалануға дайын 
болудың бұрынғыдан сапалы деңгейіне өтуге негіз болып табылады. Әр деңгей 
үшін инновациялық АКТ-мен жұмыс істеудің өз шеберліктері мен дағдылары 
бар (12-сурет). 


114 
Сурет 12 - Студенттердің АКТ қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілігінің 
құраушылары 
Гностикалық 
АКТ-ны 
пайдаланған дұрыс 
болатын пәндерді 
анықтау үшін оқу 
жоспарын талдау 
АКТ-ны пайдалана 
отырып өткізілетін 
дәрістерді талдау 
Инклюзивті 
педагогикалық 
үдерісте 
АКТ-ны 
қолданудағы 
озат 
тәжірибе бойынша 
арнайы 
әдебиеттерді талдау 
Бағдарламалық 
құралдардың дәріс 
мақсаттары 
мен 
оқушылардың 
мүмкіндіктеріне сай 
пайдаланылуын 
талдау 
Жобалық 
Заманауи 
АКТ-ны 
пайдалана отырып 
дәрістерді 
жоспарлау 
АКТ-ны пайдалана отырып 
педагогикалық 
үдерісті 
жүргізудің 
өз 
әдістерін 
жобалау 
Инклюзивті білім беру 
ортасында 
АКТ-ны 
пайдалану 
білімі 
мен 
машықтарын 
үнемі 
жетілдіріп отыру 
Конструктивтік
өз 
бағдарламалық 
құралдарын жасау 
Дәрістерде 
АКТ-ны 
пайдалану 
мақсатын 
анықтау 
және 
даму 
ерекшеліктері 
бар 
балаларға 
арналған 
құралдарды 
немесе 
бағдарлама қызметтерін 
іріктеп алу 
АКТ-мен өтетін 
дәрістерде барлық 
оқушылардың жеке 
қызметі мен 
белсенділігін 
жоспарлау
Оқушылардың АКТ-
мен жұмыс істеу 
кезіндегі 
қиындықтарын жою 
шаралары жүйесін 
қалыптастыру
Коммуникативтік 
Барлық 
оқушылардың АКТ-
ның 
көмегімен 
шынайы 
уақыт 
режимінде 
еркін 
қарым-қатынас 
жасауы 
Оқушылар 
мен 
компьютердің 
арасында 
интерактивті өзара 
әрекеттестікті 
қалыптастыру 
АКТ-мен 
жұмыс 
істеу 
барысында 
барлық 
оқушылармен 
жемісті диалог құру
Ұйымдастырушылық 
Сабақ 
барысында 
барлық 
оқушылардың АКТ-
мен жемісті жұмыс 
істеуін 
ұйымдастыру 
Оқушылардың АКТ-
мен 
өз 
бетінше 
жұмыс 
істеуін 
ұйымдастыру 
АКТ-ны 
қолдана 
отырып 
оқытуды 
жүргізу 
үшін 
бағдарламалық 
және 
әдістемелік база құру 


115 
Біз АКТ-ны пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттіліктің әр деңгейіне 
арналған мақсаттарды қалыптастырдық.
1. Компьютерлік түсінік деңгейінің мақсаттары: 
- «Информатика» пәні бойынша базалық деңгейде білім алу; 
- АКТ-мен жұмыс істеу кезінде психологиялық кедергіні жеңу; 
- компьютерде жұмыс істеу кезінде қарапайым тәжірибелік дағдыларды 
қалыптастыру. 
2. Қарапайым деңгейдің мақсаттары: 
- АКТ бойынша білімін жетілдіру және оның педагогикалық үдерістегі 
рөлі туралы хабардарлықты арттыру; 
- компьютерде жұмыс істеудің стандартты тәжірибелік дағдыларын 
үйрету; 
- білім беру үдерісіне АКТ-ны енгізу жөніндегі шығармашалық бастаманы 
қалыптастыру. 
3. Функционалдық деңгейдің мақсаттары: 
- педагогикалық іс-әрекетте АКТ-ны саналы түрде пайдалану; 

жобалау қызметінің білімдері мен дағдыларын балалардың 
мүмкіндіктерін ескере отырып, жекелеген сабақтарды АКТ-ны пайдалана 
ұйымдастыруға енгізу; 
4. Жүйелілік деңгейдің мақсаттары: 
- бала үшін қиынға соғатын кез-келген жағдайға арналған ақпараттық-
коммуникациялық құралдарды пайдаланудың шығармашылық тәсілі; 
- сабақтың әдеттегі үлгісін барлық оқушыға қолжетімді, ақпараттық үлгіге 
ауыстыру. 
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісін үлгілеу кезінде 
оқу үдерісін құраушы: мақсаттық, мотивациялық, жедел және нәтижелік[199] 
тұжырымдама пайдаланылды.
АКТ-мен жұмыс істеу жөніндегі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру ұзақ 
уақыт алады, себебі теориялық білім алу мен психологиялық кедергіні жеңуді 
ғана емес, тәжірибелік жұмыс дағдыларынжинақтауды да талап етеді. АКТ-ны 
болашақ педагогтарды оқытуға енгізу оларды өздері үшін жаңа инклюзивті 
ортада инновациялық құралдарды пайдалануға икемдеуді арттыруға мүмкіндік 
береді.
АКТ-ны пайдалану мәселелері бойынша студенттердің құзыреттілігін 
арттыру олардың мамандандырылуы мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен 
айқындалады.
Көптеген зерттеушілер [200, 201, 202] болашақ педагогтардың кәсіби 
құзыреттілігінің қалыптасуына негіз болатын қандай да бір үлгі-нұсқаны 
ұсынатын маман үлгісіндегі ортақ белгілерді атап көрсетеді.
Маман үлгісін талдау негізінде біз педагогтың АКТ-ны инклюзивті білім 
беру кеңістігінде пайдалануға деген кәсіби құзыреттілігінің 4 құраушысын 
бөліп көрсетеміз: 
- АКТ және оның қызметтері туралы теориялық білім; 
- АКТ-мен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдылары; 


116 
- АКТ-ны оқушылар арасында кеңінен таратуға мүмкіндік беретін жеке 
қасиеттер; 
- дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған АКТ-лық арнайы 
қызметтерді пайдалануда психологиялық кедергінің болмауы. 
Мұндай үлгідегі маманды қалыптастыру үдерісі жүйелі түрде жүруі тиіс. 
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінің жүйелілік тұғырды талдай 
отырып,» педагогикалық жүйе» дегеннің не екенін атап өтпеуге болмайды. 
Біздің ойымызша, В.П.Беспалько ұсынған анықтама «педагогикалық жүйені» 
айқын көрсете алады. «Педагогикалық жүйе» дегенді ол стандартты 
құрамдастарға тән емес жаңа сапалардың түзілуіне ықпал ететін әлеуметтік-
педагогикалық 
факторлардың 
жиынтығы 
деп 
түсіндіреді. 
Жүйе 
құраушылардың арасында ішкі байланыстың болуы жүйенің тұтастығын 
айқындайды. Педагогикалық жүйенің ішкі ерекшеліктері әмбебап жүйедегідей 
өлшемдермен, атап айтқанда: құрамымен, құрылымымен, оның бірлігін 
қамтамасыз ететін факторлармен сипатталады[203]. 
В.К.Беспалько мен басқа да бірқатар ғалымдар тиімді оқу-танымдық 
үдеріске және ақпаратты жинау мен топтаудың замануи әдістерін таңдауға 
бағытталған педагогикалық жүйе дидактикаға жатқызылуы мүмкіндігін атап 
көрсеткен.
Кез-келген педагогикалық жүйенің құрамдастар арқылы көрінетін тиісті 
құрамы бар. Құрамдастар дегеніміз – жүйенің сапалық сипаттамасына ықпал 
ететін бөліктері. Көбіне бұл – шағын жүйелер мен элементтер. «Элемент» 
термині аяқталған, бөлінбейтін нәрсені білдіреді. Ол жүйенің ең кіші 
құрамдасы болып табылады. Жүйенің реттілігі оның құрылымымен 
сипатталады[204]. 
Е.М. Горенков педагогикалық жүйе дегенде білім беру үдерісі мен оның 
жұмыс істеу шарттарының негізгі құраушыларын көрсететін серпінді білім 
беруді айтады[205]. Құрылымдық талдау дегенді педагогикалық жүйенің ішкі 
және сыртқы байланыстарын бағалау деп түсіну керек. Сыртқы байланысқа – 
басқа жүйелермен өзара әрекеттестік ағыны, ал ішкі байланысқа – талданатын 
жүйенің элементтері арасындағы байланыстар жатады. 
Төмендегі құраушылар кез-келген, соның ішінде педагогикалық жүйеге де 
тән екендігі жалпыға белгілі: 
- оқыту мақсаты; 
- педагогтер; 
- оқушылар; 
- оқыту бағдарламасының мазмұны; 
- оқыту құралдары; 
- оқу-тәрбие жұмыстары. 
Барлық дерлік авторлар педагогикалық жүйе белгілі бір өлшемдер 
жиынтығы бойынша құрылуы керек деген ортақ пікірде. Айталық, 
С.М.Бахишева педагогикалық жүйені құрудың негізгі өлшемдері ретінде 
төмендегілерді бөліп көрсетеді: 
а) құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланыстылығы; 


117 
б) жаңғыртылу (қандай да бір өлшемді беру кезінде тұрақты жүйеге үлкен 
өзгерістер жасалмайды); 
в) болжамды педагогикалық үлгіні шынайы деректер негізінде өзгерту; 
г) әділдік (жүйеге тым көп өлшемдерді қосуға болмайды, себебі бұл бүкіл 
зерттеу үдерісін қиындатады) [206].
Жоғарыда баяндалған жайларға сүйенсек, кез-келген педагогикалық 
жүйенің жұмыс істеуінің мотивациялық мақсаты, ішкі және сыртқы ортаның 
құрамдастарымен өзара байланысы, сондай-ақ сатылы мен жинақы боулы 
керек.
Жүйеқұраушы бастама ретінде қарастырылатын мақсат педагогикалық 
жүйені құрудың негізі болып табылады. Жүйені құрудың негіздемесі оның 
білім беру үдерісі үшін маңыздылығы болып табылады. С.К.Исламгулова білім 
берудің мақсаттарын өзгерту әрдайым оқу бағдарламасы мен жалпы оқыту 
үдерісін қайта құруға алып келетінін бәрінен дәлірек аңғарған. Алайда, бұл тек 
оқыту әдістері мен құралдарын жаңартқаннан кейін ғана мүмкін болмақ.
В.И.Писаренко [207] алғашқылардың бірі болып педагогикалық жүйені 
компьютерлендірудің құрылымдық және функционалдық құрамдастарының 
өзара байланысына талдау жасады. Үдерістің құрылымдық құраушысы ретінде 
ол жүйені құру мақсатын, оқу үдерісінің мазмұнын және оған қатысушыларды 
(педагогтар мен оқушыларды) бөліп қарады. Функционалдық құраушылар 
педагог қызметінің коммуникациялық, сындарлы, гностикалық және 
ұйымдастырушылық тәрізді алуан түрлерімен байланысты. Автор жүйелілік 
тұғырды төмендегі міндеттерді шешудің негізінде құрылады деп санайды: 
- білімді жүйенің табиғатын құру; 
- жүйенің ішкі және сыртқы үдерістерін дәл сипаттайтын талдамаға 
арналған оңтайлы өлшемдерді таңдау; 
- нәтижеге ықпал ететін қосымша факторларды анықтау; 
- жүйенің қызметін түзету. 
Шын мәнінде кез-келген дидактикалық жүйе нақты мақсатты іске асыруға 
бағытталған атқарымдық құрылымнан тұрады. Ол оқыту мақсаттарын, 
бағдарламасын және технологияларын біріктіретін тәрбие-педагогикалық жүйе 
бөліктерінің бірі болып табылады.
Оқу-педагогикалық әдебиетті талдау [208, 209, 210] қазіргі таңда қоғамда 
дидактикалық жүйені үлгілеудің көмегімен педагогикалық үдеріске АКТ-ның 
енгізудің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдылары жеткілікті екендігін 
көрсетті. 
Педагогикалық жүйенің аясында мыналар жүзеге асырылады: 
- білімдер мен тәжірибелік дағдыларды беру арқылы тәлімгердің үлгісі 
туралы түсінік қалыптастыру; 
- АКТ-мен жұмыс істеу үлгісімен танысу (педагогтың тәжірибелік жұмыс 
дағдыларына айрықша назар аударылады); 
- маманның үлгісімен ортақ ерекшеліктерді анықтау (инклюзивті оқытуда 
АКТ-ны пайдалану кезінде педагогикалық үдерістің күшті жақтарын анықтай 
білу; АКТ-ны қолдана отырып оқыту үдерісін талдау және педагогикалық 


118 
деректерді салыстыру қабілеті; АКТ-ны пайдаланудың жаңа тәсілдерін жасау; 
педагогты АКТ-ны пайдалануға тұлғалық ынталандыру). 
АКТ-ны пайдалана отырып педагогикалық жүйені үлгілендіру кезіндегі 
сәйкестендіру 2 нұсқада қарастырылады: 
а) мақсаттарды, жаңа инклюзивті қоғамның құндылықтарын негізгі деп 
қабылдау ретінде; 
б) өзін оқушыларды ақпараттық білім әлеміне бастап апарушы деп 
қабылдау ретінде. 
Екі анықтама да педагогтың қатаң кәсіби шеңберден шығып, ақпаратты 
берудің жаңа әдістерін енгізе отырып еркін дамуына мүмкіндік береді.
Дидактикалық жүйе басқа жүйелердегідей қасиеттермен (тұтастық, 
тұрақтылық, құрылымының болуы, әділдік) сипатталады. Оның 3 негізгі 
құрамдасы бар, олар: мотивациялық, толтырмалы және құрылымдық [211]. 
Болашақ педагогтарды кәсіби оқыту кезеңінде білім беру үдерісінде 
ақпараттық технологияны пайдалану мәселелерін талдау бұл жобаның табысты 
болуы үшін бірқатар факторларды сақтау қажет болатынын көрсетті. Оған 
мыналар жатады: 
- оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалану ниетін ынталандыратын мотивациялық 
жағдайларды жасау; 
- балалардың игеру мүмкіндіктерін ескере отырып, білім мен дағдыларды 
беру үдерісінде студенттерді АКТ-ны пайдалануға кезең-кезеңімен тарту; 
- студенттерді кәсіби тәжірибеге тарту үшін оларға оқытудың ерте 
кезеңінен бастап АКТ-ны пайдаланудың педагогикалық міндеттерін үлестіру; 
- үдеріске барлық оқушыларды қосуға мүмкіндік беретін АКТ-мен 
жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық теориясы мен тәжірибесін үйрену; 
- кәсіби қызметтің ақпараттық-педагогикалық ерекшелігіне дайындықты 
дамыту; 
- студенттердің инклюзивті педагогикалық үдерісте АКТ-ны пайдалануға 
дайындығын сипаттайтын дидактикалық үлгіні жасау. 
Дидактикалық жүйе нақты шарттарды сақтаған жағдайда ғана табысты 
жұмыс істей алады. Айталық, Г.И.Муратова [212] өзінің зерттеуін 
педагогикалық 
оқу 
орындары 
студенттерінің 
оқыту 
үдерісін 
компьютерлендіруге құзыреттілігін арттыру жағдайларын талдауға бағыттаған. 
Оның пікірінше, студенттер компьютерлік техниканы өз кәсіби қызметінде 
сәтті қолдануы үшін төмендегідей шарттарды сақтауы қажет: 
а) педагогикалық міндеттерден басымдарын бөліп ала білу, олардың 
негізінде студенттердің қажеттіліктері мен эмоционалдық саласын ескере 
отырып үлгілер құру; 
б) ақпараттық технологияны өз бетінше іздеп тауып, оны одан әрі 
компьютерлік құралдардың көмегімен іске асыру. 
Біз педагогикалық оқу орындары студенттерінің өз кәсіби қызметінде 
АКТ-ны пайдалануы мәселесіндегі құзыреттігін арттыру үшін сақталуы тиіс 
бірқатар педагогикалық шарттарды бөліп қарастырдық. Шын мәнінде, бұл 
шарттар оқу орнының ақпараттық-білім беру ортасының эволюциясы мен оқу 


119 
жұмысының дамуы негізінде құрылған кешеннен тұрады. Ол студенттерге 
кезең-кезеңімен бір деңгейден екіншісіне өтуге мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша, оған мыналар жатады: 
- білім беру циклінің барлық пәндерінің ақпараттық құралдарды пайдалану 
мүмкіндігі әлеуетін талдау; 
- студенттің арнайы (түзетуші) мектептердегі арнайы АКТ-ны қолдану 
саласында теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды кешенді 
пайдалануынан көрінетін оқу-танымдық және тәжірибелік қызметінің бірін-бірі 
толықтырушылығы; 
- оқу жоспарына қосымша «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» 
пәнін енгізу. 
Студенттердің бойында педагогикалық үдерісте АКТ-ны пайдалану 
мақсатын қалыптастырудың дидактикалық жүйесін жасау барысында біз 
В.И.Загвязинскийдің ұсыныстарына сүйендік. Еңбегі сіңген психолог және 
педагогтың 
пікірінше, болашақ педагог 
құзыреттілігінің 
кез-келген 
дидактикалық жүйесі мынадай құраушылардан түзілуі тиіс: 
а) педагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыда шешуді 
ынталандыру; 
б) АКТ-ны пайдалану жөніндегі ауқымды теориялық білімдердің болуы; 
в) кез-келген педагогикалық міндетті шығармашылық тұрғыда шешуді 
ынталандыратын қабілеттерді дамыту (бағдарламалау, болжау, талдау 
негіздері); 
г) педагогикалық міндеттерді шешу әдістемелерін еркін меңгеру (қандай 
да бір жағдайға сай келетін әдістемелерді ұтымды таңдап алу) [213]. 
Жоғарыда баяндалған жайлардың негізінде, мыналарды ұсынамыз: 
1. Студенттердің педагогикалық үдерісте АКТ-ны пайдаланудың рөлі мен 
осы бағыттың инклюзивті білім берудегі даму мүмкіндіктері туралы білім 
деңгейін көтеру. 
2. Студенттердің бойында әртүрлі міндеттерді шешу үшін АКТ-ны 
пайдалануға деген тұлғалық мақсатты қалыптастыру. 
3. Студенттерді білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдаланатын арнайы 
мектептердің озық тәжірибелі педагогтарымен таныстыру.
4. Студенттерге оқу үдерісіне барлық балаларды қатыстыруды қамтамасыз 
ететін АКТ қасиеттерін пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын үйрету.
Бұл үшін біз бірнеше блоктарды бөліп қарастырдық: 
1. Болашақ мұғалімдердің стандартты (базалық) даярлығы. Оған 
студенттерге ең қарапайым АКТ-мен жұмыс істеу кезінде информатика мен 
қолданбалы математика негіздерін оқыту кіреді. Оқыту үдерісінің студенттер 
оқу орнын бітірген соң бетпе-бет келетін инклюзивті педагогикалық қызметке 
бейімделген болуы маңызды.
2. Ғылыми-педагогикалық даярлық. Оған мынадай бөлімдер кіреді: 
а) мектеп кеңістігін ақпараттандыруға арналған жалпы курстар; 
ә) «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы. Оның негізгі 
мақсаты — заманауи ақпараттық құралдар және олардың арнайы қызметтері 


120 
туралы білімді тереңдету және олармен кәсіби іс-әрекет барысында жұмысты 
жоспарлауды үйрену.
Арнайы пәнді енгізу 3 міндетті шешуге мүмкіндік береді: 
 танысу – ақпараттық ағындарды жоспарлау; 
 психологиялық – оқытушының оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалануға 
психологиялық дайындығын қалыптастыру; 
 ұйымдастырушылық – АКТ-ны пайдалану барысында оқу үдерісін 
басқару жүйесін қалыптастыру. 
Арнайы пәнді енгізудің мақсаты студенттердің бойында өз кәсіби 
қызметінде АКТ-ны пайдалану мақсатын қалыптастыру болып табылады. 
Болашақ педагогтардың ұйымдастыру нысандары мыналар: лекциялар, 
семинарлар, тәжірибелік сабақар, оқу тренингтері, конференциялар, ғаламтор 
арқылы желілік іс-шаралар және т.б. 
б) Компьютерлік техникамен жабдықталған арнайы оқу орындарында 
АКТ-мен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын игеру. Іс-шараның негізгі 
мақсаты – дамуында ерекшеліктері бар оқушыларға материалды бұрынғыдан 
тиімдірек және көрнекілеу етіп беру үшін компьютерлік құралдармен жұмыс 
істеудің тәжірибелік негіздерін қалыптастыру. 
в) Нақты пәнді АКТ-ны пайдалана отырып оқыту дағдыларын көзбен көріп 
үйрену. 
Педагогикалық мамандықтардың басым бөлігінде кәсіби іс-әрекет 
барысында АКТ-ны қолдану әмбебап сипатқа ие. Болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің бойында әртүрлі пәндерді оқыту мектептерінің бастауыш 
сыныптарында АКТ-ны пайдалану жөніндегі білім үшін заманауи ақпараттық 
құралдарды пайдаланудың икемді саясатын қалыптастыру маңызды.
3. Студенттердің білім беру кеңістігінде арнайы АКТ-ны пайдалану 
мәселелері бойынша зерттеу қызметі. Оған оқытуды ұйымдастырудың: 
берілген мәселебойынша рефераттар, курстық жұмыстар, диссертациялар, 
зерттеу жұмыстарын жазу тәрізді нысандары кіреді. Мұнда студенттің өз 
зерттеуіне тек ерекше балалармен ғана емес, жалпы алуантүрлі инклюзивті 
оқушылар ұжымымен жұмыс жасау қырынан да көрсетуі маңызды.
Отандық тәжірибеде инклюзивті білім берудің сараланған сыныптарында 
оқыту әдістемесі жоқтығына байланысты, студенттерге өздерінің әдеттегі және 
арнайы жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сыныптарында АКТ-ны 
пайдалану жөніндегі білім, білік, мәселебойынша рефераттар, курстық 
жұмыстар, диссертациялар, зерттеу жұмыстарын жазу тәрізді дағдыларды 
біріктіріп, өздерінің диплом жұмыстарында осындай жобалық сыныпты үлгілеу 
міндеті тапсырылады. 
Педагогикалық оқу орындары студенттерінің бойында АКТ-ны пайдалану 
дағдыларын қалыптастыру стратегиясының негізгі идеясы – ақпаратты 
құралдармен танысудың кешенділігі және осы үдерістің үздіксіздігі. Оған 
мотивациялық, сипаттамалық және нәтижелік – 3 құраушының негізінде 
жасалатын үлгінің көмегімен қол жеткізуге болады (13-сурет). 


121 
 
Сурет 13 - Мамандардың бойында кәсіби іс-әрекетте АКТ-ны пайдалану 
дағдылары мен қызығушылығын қалыптастыру үлгісі 
Тұлғалық-бағдарлық тұғырды талдаудың басым мақсаты– болашақ 
мұғалімдердің АКТ-ды пайдалану құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Бұл мақсат 3 санаттан тұрады: 
1. 
Аксиологиялық. 
Ол 
студенттердің 
бойында 
білім 
беруді 
ақпараттандырудың маңызды қатысушылары ретіндегі ұстанымды, инклюзивті 
оқу үдерісіндегі АКТ-ның рөлін түсінуді қалыптастыруды көздейді.
2. Когнитивтік. ЖОО-да студенттер ақпараттық құралдармен жұмыс 
істеуді үйренуі және оларды дамуында ерекшеліктері бар оқушыларға қандай 
да бір қиындық туғызған педагогикалық жағдайларда қолданудың дұрыстығын 
түсінуі тиіс.
3. Тұлғалық. Болашақ педагог заманауи ақпараттық құралдарды кәсіби 
қызметте белсенді пайдалануы, шығармашылық тұрғыда ойлауы және 
рефлексивтік қабілеттерін дамытуы тиіс.
Қалыптасқан дидактикалық жүйе тек егер оны құру мақсаттары 
студенттердің ішкі және сыртқы ортаның факторларынан туындаған 
қажеттіліктерімен қиысқан жағдайда ғана тиімді болатынын түсіну маңызды. 
Егер оқушының АКТ-мен жұмыс істеуді үйрену ниеті болмаса, бірде-бір 
теориялық сабақ пайда әкелмейді.
Ма
қс
аты

АКТ

ы п
ай
да
ла
ну 
да
ғдыла
ры 
м
ен
қыз
ығушы
лығы
н 
қа
лып
тас
тыру
Пе
да
гоги
ка
лық
ша
ртт
ар

біл
ім бе
руді 
ком
пь
ю
тер
ле
ндір
у, 
арн
ай
ы п
ән
де
рді және м
ақ
са
тт
ы 
тәжіри
бе
ле
рді ен
гіз
у 
С
туд
ен
тт
ерді АК
Т

ен
жұм
ыс
істе
уг
е да
йын
да
у 
үде
рісін
ің
н
егі
згі қ
ұра
ушыла
ры
Базалық 
деңгей:информатикан
ы оқып-үйрену 
Ғылыми-
педагогикалық деңгей: 
психологияны,педагог
иканы, АКТ бойынша 
арнайы пәнді оқып-
үйрену 
Зерттеушілік деңгей: 
курстық, дипломдық, 
ғылыми 
жұмыстар, 
инклюзивті мектептің 
сараланған сыныбына 
алынған 
біліммен 
дағдыларды жобалау 
С
туд
ен
тт
ерді АК
Т

ен
жұм
ыс
істе
уг
е да
йын
да
у 
нә
ти
же
ле
рі
Компьютерлік түсінік
Элементарлық 
құзіреттілік 
Функционалдық 
құзыреттілік 


122 
АКТ-ны пайдалану мақсатының сипаттамалық құраушысы 3 өзара 
байланысты компоненттерден тұрады. 
1 компонент– жүйенің өзегі. Бұл – информатика, педагогика, психология 
мен басқа да тар шеңберде мамандандырылған пәндер бойынша іргелі білімдер. 
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы да осында кіреді. 
Теориялық бөлігінен басқа, оған инклюзивті оқу үдерісінің нақты жағдайларын 
талдау да кіруі керек. Студентті әрбір жағдайды шығармашылық тұрғыда, АКТ-
ны қолдана отырып шешуге үйрету маңызды.
2 компонент – студенттердің педагогикалық тәжірибесі. Оған болашақ 
педагогтардың кәсіби қызметпен танысуы және оларға арнайы мектептерде 
АКТ-ны қолдану саласында белгілі бір жетістіктерге жеткен жетекші 
мұғалімдердің тәлімгер болуы кіреді.
3 компонент – студенттердің өздері алған теориялық білімдері мен 
тәжірибелік дағдыларын бастауыш мектептің үлгілік инклюзивті сыныбын 
жобалауға бағыттаған өзіндік зерттеулері. 
Басты мақсатқа жету нәтижесі – студенттердің деңгейлер бойынша: 
компьютерлік түсініктен білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдалануға 
функционалдық бейімділікке дейін кезең-кезеңімен өтуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет