А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет132/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

«н.Қ. ханымға». «Ақ жол» жинағында «Н.Қ-ханымға» өлеңінің 
атауына құрастырушы тарапынан «Нәзипа Құлжановаға арналған» 
деген сілтеме берілген. Түпнұсқада анықтамалық-сілтеме берілме-
гендіктен, 2003 ж. жинақта түпнұсқалық қалпы бойынша берілді.


360
«Ақын ініме». 1922 ж. түпнұсқадағы: «Азырақ құлағың сал, ақын 
інім! Ойымыз, рухымыз жақын, інім» деген жолдар 1991 ж. жинақта: 
«Аз сөзге құлағың сал, ақын інім! Ой, пікір, рухымыз жақын, 
інім» десе, «Аузымен орақ орып бәрін де етер» деген тармақ «Ау-
зымен орақ орып бәрін де істер»деп, «Қымыз бен еті жоқ құр та-
тыр білім» деген соңғы жолы «Еті мен қымызы жоқ – тақыр, інім» 
өзгеріске түскен. 
Өлеңнің Міржақып Дулатұлына арналғандығына құрастырушы 
сілтеме берген. Өзгертеулер түпнұсқа бойынша 2003 жылы қалпына 
келтірілді.
«и.Б. жездем хатынан». Бұл өлең 1991 ж. жинаққа кірмеген, ал 
1989 ж. жинақта 11 жолы түсіп қалған. Шумақ мәтіні мынадай: 
«...Мода болды кіділік, 
сал сөзді елегіш.
Бір жөнге тарту жоқ,
Шалқайақ ерегіс,
Алалықтан күш бөлу –
Бұл қанша керек іс?
Шемен бар әуе дерлік,
сасық бар бүйе дерлік 
замана түрленді,
жақсылар кірленді,
Азасынан у жерлік».
Осы өлеңдегі «мода» деген сөзге А.Байтұрсынұлы «ресім» де-
ген балама берген. 1989 ж. жинақта бұл ескерілмеген. Түпнұсқаның 
бастапқы қалпы 2003 ж. жинақта толығымен берілді.
«жауап хаттан». Бұл өлең «Ақ жолға» жинағына енбеген. Түп- 
нұсқадағы: «Жолдан мен де шықпайын, Сөзбен сыйлап мықтайын» 
деген тармақтар 1989 ж. жинақта: «Жолдан мен де шықпаймын, 
Сөзбен сыйлап мықтаймын» деп өзгертілген. Өлең жолдарындағы 
өзгертулер түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы 
жинақ негізге алынды.
«ғылым». Бұл өлең 1991 ж. басылымда жоқ. Осы өлеңде: «Сөз 
емес арнап жазған дос пен қасқа» деген жолдардан кейін келетін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет