19. 1940ж. емлемен жазылған қатарды көрсетіңіз.
a) мұғаллім, тәбиғат, тәбиғи, хажет, хата, хатер, хауіп,
хиял, хиянат, хұдды, хұрмет
b) мұғалім, табиғат, табиғи, қажет, қата, қатер, хауіп,
хиял, хиянат, хұдды, хұрмет
c) мұғалім, тәбійғат, тәбійғій, хажет, хата, хатер, хауүп,
хыйял, хыйанат, хұды, хүрмет
d) мұғалім, табиғат, табиғи, қажет, қате, қатер, қауіп,
қиял, қиянат, құдды, құрмет
20. ы, і әріптеріне қатысты бір буындыда жазып, екі
буындыға жазбауды ұсынған ғалым кім, мысалы: біл – блек,
қыр – қрау, ыс- стау.
a) А.Байтұрсынұлы
b) Қ.Жұбанов
c) Ильминский
d) Ы.Алтынсарин
21. Ш. Сарыбаев қ, к әріптеріне байланысты қандай ор-
фограмма ұсынды?
a) къ, гъ арқылы белгілеуді ұсынды.
b) 4 дыбысты к , г 2 әріппен белгілеп, іргелес дауыстының
жуан-жіңішкелігіне орай <қ>, <ғ>, <к>, <г> екенін айыруды
ұсынды.
c) қ, ғ әріптерімен жазуды ұсынды.
d) бұл туралы пікірі болған жоқ.
22. 1940 жылы қабылданған қазақ әліпби тәртібінде
қазақ тілінің төл дыбыстары қалай берілді?
a) Орыс әліпбиінің соңына тіркеліп, жұмсалу жиілігіне
сәйкес, і, қ, ң, ғ, у, ө, ә, ћ болып орналастырылды
b) Берілген жоқ.
c) Қазіргі әліпбидегі тәртіппен берілді.
d) Орыс әліпбиінің соңына тіркеліп, жуан-жіңішкелігіне
сәйкес қ, ң, ғ, у, ө, ә, ћ, і болып орналастырылды
23. 1940 жылғы орфографияда и әрпі я әрпімен қатар
кел-генде қалай жазылды?
a) кірме сөздерде я әрпінің алдынан и (пияла, пияз, зияш), ал
қазақ сөздерінде ы жазылды: қыялы, сыяқты, тыянақты.
b) барлық жағдайда и жазылды.
c) барлық жағдайда йа, йә болып жазылды.
d) кірме сөздерде я әрпінің алдынан ы (пыяла, пыяз, зыяш),
ал қазақ сөздерінде и жазылды: қиялы, сияқты, тиянақты.
328
329
|