негізгі ұлпасы: мезофиллді құрайды
43. Бағаналы паренхима: жоғары қабаты, жасушалары бір біріне тығыз жанасқан.
44. Жасушалары: созылыңқы, цилиндр пішінді, жіңішке бөлігімен жарыққа бұрылған.
45. Кеуекті паренхима: ішкі қабаты, тікелей күн сәулесі түспейтін жапырақтың төменгі
жағында орналасқан
46. Жасушалары: дөңгелек, кеуек (бос) орналасқан.
47. Жапырақтың төменгі жағындағы маңызды құрылым: лептесік (устьица)
48. Лептесіктің қызметі: ішке фотосинтез үшін қажет көмірқышқыл газы мен тыныс алуға
керек оттек түседі. Сыртқа су буланады, оттек шығарылады
49. Жанаспалы н/е лептесік жасушалар: құрлықта өсетін өсімдіктердің жапырақтарының
астыңғы қабықшасында орналасқан түссіз жасушалар
50. Лептесік жасушалары түзеді: лептесік саңылауын
51. Лептесік саңылауы арқылы жүзеге асады: транспирация
52. Транспирация: газ алмасу ж/е жапырақтардың суды буландыруы
53. Суда өсетін өсімдіктерде лептесік: жапырақтың үстіңгі қабықшасында
54. Құрлықта өсетін өсімдіктерде лептесік: жапырақтың астыңғы қабықшасында
55. Транспирация жүруінің себебі: Тамыр сіңіретін су жапырақ жасушаларының тіршілігіне
ж/е фотосинтез үшін қажет; Су буланған кезде өсімдік температурасын төмендетеді де,
жазда ағзаның қызып кетуінен сақтайды; Су буланған кезде тамырдан жапыраққа
тартылады да, онымен бірге барлық тірі жасушаларға қажет еріген заттар да өсімдікке
таралады
56. Жапырақтың негізгі ұлпасында болады: жүйкелер
57. Жүйкелер: өткізгіш шоқтан тұрады, себебі ксилема мен флоэмадан түзілген
58. Флоэма: сүзгілі түтікшелері арқылы жапырақтағы қант ерітінділерін өсімдіктің барлық
мүшелеріне жеткізеді
59. Флоэманың сүзгілі түтікшелері: өте ұзын тірі жасушалар
60. Ксилема: өсімдіктің тамыры арқылы су мен минералды заттарды сіңіріп, өсімдіктің барлық
мүшелеріне жеткізеді
61. Өткізгіш шоқтар қызметі: өткізу, тірек
62. Жапырақ: өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін мүшесі
63. Фотосинтез процесін алғаш зерттеген ғалым: К.А.Тимирязев
64. Фотосинтезге қажет жағдайлар: су, көмірқышқыл газы, хлорофилл, жарық
65. Фотосинтез: күн сәулесінің қатысында су, бейорганикалық заттар мен көмірқышқыл
газынан органикалық заттардың түзілу процесі
66. Фотосинтез нәтижесінде түзілетін алғашқы көмірсу: глюкоза, одан кейін күрделі қант
пен крахмал
67. Өсімдіктерге заттардың тасымалдануы байланысты: өткізгіш ұлпаға
68. Фотосинтез: жарық энергиясын нәруыздар, майлар, көмірсулар энергиясына айналдыру
69. Жапырақ: ауа арқылы қоректенудің басты мүшесі
70. Жер бетіндегі барлық организмдер: автотрофтылар, гетеротрофтылар.
71. Автотровты организмдер: күн жарығы энергиясын пайдаланып, бейорганикалық
қосылыстардан органикалық қосылыстар түзіп қоректенеді. Барлық жасыл өсімдіктер мен
көк – жасыл балдыр жатады.
72. Органикалық затты синтездеуге пайдаланатын энергиясының түріне қарай
Достарыңызбен бөлісу: |