Ұлы дала ұбт білім беру орталығының Биология пәнінің мұғалімі: Абылқасымова Зере Биология пәнінен Қоректену бөлімі



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата09.11.2022
өлшемі1,13 Mb.
#48903
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
№7 қоректену бөлімі

С дәрумені жетпесе: Адам тез шаршайды, сілемейлі қабықшасы қабынады, 
қызылиегі қанайды. Бұл дәруменнің авитаминозы кезінде құрқұлақ (цинга) ауруы дамиды. 
Адам әлсізденіп, қызылиегі қабынады әрі қанайды, тістері түсіп қалады, буындары ісіп 
кетеді.
312. 
С дәрумені: итмұрын, қара қарақат, лимон және басқа цитрус дақылдарында, 
қырыққабатта (әсіресе ашыған қырыққабатта) көп мөлшерде бар. 
313. 
В1 дәрумені ( тиамин): Жүйке жүйесінің қызметінде маңызды рөл атқарады 
314. 
В1 дәруменінің жетіспеуі…Көмірсулардың алмасуының бұзылуына апарып соғады. 
Жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы бұзылады. В1 дәруменінің 
авитаминозы кезінде адам бери-бери ауруымен ауырады. Адамның денесі қалтырайды, 
қимыл-қозғалысы бұзылады, ұйқышыл және селқостық пайда болады, миы қалыпты жұмыс 
істемейді 
315. 
Күріш, бидай, арпа, сұлы кебектері, жасыл асжапырақ, салат жапырағы, сүт 
өнімдері, жұмыртқа, жидектер В1 дәруменіне бай.
316. 
Тиамин гиповитаминозының белгісі: адамның басы ауырады, жүрегі жиі соғады, 
аяқ-қолы дірілдейді. Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 1,5–2,5 мг. 
317. 
А дәрумені: тамақ пісіру кезінде бұзылмайды, бірақ көгөністер мен жидектерді ұзақ 
уақыт сақтау не кептіру кезінде ол жойылып кетеді 
318. 
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуі және дамуы, эпителий ұлпасы жасушаларының: 
тері, шаш, шырышты қабықтың жаңаруы, қалыпты көру үшін қажет.
319. 
Ымыртта және түнде жақсы көруге әсер етеді. 
320. 
А дәрумені жетіспесе…Тері құрғақ болады, жарылады, қабыршақтанады. А 
дәруменінің авитаминозы кезінде ақшам соқыр ауруы пайда болады. Адамның қас 
қарайғанда көруі нашарлайды. Жалпы көруі төмендейді.
321. 
А дәруменінің ізашарлары өсімдіктердің қызыл, сары пигменттері – каротин. 
322. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет