Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет18/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

мүддесі үшін қандай мықтымен болсын да тайсалмай айқасқан, табан-

ды күрескер. Оның бесінші қыры – асқан ең-бекқорлығы. 

І.Есенберлиннің  қазақ  әдебиетіне  қосқан  зор  үлесі,  талантын 

ашып,  жазушы  ретінде  аты  шығуы,  халық  сүйіспеншілігіне  бөленуі, 

оның  романдарымен  байланысты.  Ол  жылына  бір  романнан  жазып 

шығарған. Сонымен қатар, сол жылдары қырықтан аса ән текстерін 

жазса керек.

І.Есенберлин  бүкіл  елімізге  тіпті,  дүние  жүзіне  жайылған  осын-

шама шығармаларды осындай қысқа мерзімде жазып шығуы қандай 

ерлік, қандай еңбекқорлық десеңізші! 

Ілияс  атамыздың  алтыншы  қыры  –  принципшілдігі.  Жетіншісі- 

адалдығы.  Ал  сегізіншісі  –  батырлығы.  Бірақ  оның  негізгі  қыры 

–  жазушылық  қыры.  Қазақ  халқының  біртуар  ұлы,  І.  Есенберлинді 

әріптестері  “Жазушылар  әулетінің  әулие  ханы”  –  десе,  екіншісі 

“Қазақтың  алмас  қылышы”,-депті  үшінші  біреуі  “Мұзжарғыш  кеме”,-

деп  теңеген  екен.  Қандай  тамаша  теңеу.  Бұл  теңеуді  түсіндірудің 

қажеті  жоқ  сияқты.  І.Есенберлиннің  “Көшпенділер”  трилогиясын 

қазіргі қазақ халқы өзінің тарихы болғандықтан көтермелеп, жоғары 

бағалайды.  Алайда  бұл  трилогияны  жарыққа  шығарудағы  жолын-

да  І.Есенберлин  аянбай  еңбек  етті,  талай  терін  төккенін  халық  біле 

қоймайды.  Әсіресе  трилогияның  үшінші  кітабының  жазылуы  Ілияс 

атамыз үшін үлкен қиыншылық тудырды. Ол бұл кітапты талай рет 

жаңадан  жазуға  мәжбүр  болды.  Ақыры  Ресей  үкіметінің  қатаң  са-

ясатына,  жазушыға  түсірген  қысымына  қарамастан,  І.Есенберлин 

атақты  “Көшпенділер”  трилогиясының  үшінші  “Жанталас”  кітабын 

үлкен  қиыншылықпен  болсын,  1976  жылы  басылымға  шығартты. 

Тәуелсіздікті  алып,  өз  тарихымызды  ешкімнен  қорықпай  айта  ала-

тын кез туғанда “Көшпенділер” трилогиясындағы жағымсыз кейіпкер 

болған хандардың келесі қырлары, сырлары ашылып, тарихи орын-

дары  анықталуда.  І.Есенберлин  қаламынан  туған  17  тарихи  роман 

және т.б. шығармалары тың тақырыбына жазылып, қазақ әдебиетінде 

бұрын мүлде көтерілмеген мәселелер қозғалды, соны серпін әкелген, 

оқырмандардың  сүйіспеншілігіне  бөленген  туындылары  еді. 

І.Есенберлин  алты  кітаптан  тұратын  эпопеясы  сөз  өнерінің  әлемдік 

нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгісі бо-

лып қала беретіні бәрімізге де мәлім. І.Есенберлин сияқты мәңгі жасар 

тұлғаның еңбектері мен өнегесі бүгінгі және келешек ұрпаққа да бай 

мұра болып қала беретіндігі анық. 


181

Сочинения школьников Акмолинской области

Бүгінде  біз,  Қазақстандықтар,  Ата  заңы  орныққан,  шекарасы 

айқындалып бекітілген, көк байрағы желбіреген, төл теңгесі шыққан, 

әнұраны  шарықтаған  тәуелсіз  елімізді  мақтан  тұтамыз.  Бұның 

барлығына біз жүректері нағыз патриоттық сезімге толы, еліне, жеріне 

деген сүйіспеншілігімен аянбай еңбек еткен ата-бабаларымызға мәңгі 

разы  боламыз.  «Тарихты  білмей  –  өткенді,  қазіргі  жағдайды  білу, 

келешекті болжау қиын», - деп Әбу Насыр әл – Фараби бекерге айтпаған 

. Патриоттық сезім туралы тақырыбыма арқау болып отырған ақын, 

жазушы, тарихшы – І.Есенберлин қазақ әдебиетінде алғашқы болып 

тарихи  зерде  тамырына  қан  жүгіртіп,  тұншыққан  сананы  қапастан 

шығаруға  жол  салған,  ұлт  рухын  тірілткен  жазушы  ретінде  қазақ 

әдебиетінің тарихында оқшау орын алатын тұлға.

Шевченко Анастасия

11 класс, средняя школа-лицей № 2 г. Ерейментау

 Руководитель: Куренбаева Г.И.

Образ Родины в произведениях моих земляков

Родина… моя малая Родина – это город Ерейментау. Удивительный 

край, красота гармония природных творений этого уголка уникальны. 

У подножья Ерейментауских гор, сулящих раскрыть тайны и обещаю-

щих радость необычных встреч, расположился небольшой городок. Он 

открывается перед нами во всей красе, но самое главное, яркое и силь-

ное, что на всю жизнь остается в нашем сердце – это люди, россыпи та-

лантов, помогающие чувствовать окружающий мир своими полотнам, 

песнями, стихами. Они в каждом из нас побуждают любовь к родной 

земле, неожиданно открывая в обыденном прекрасное и тем самым 

помогая человеку стать лучше, добрее, умнее. Наследники Умбетея и 

Богенбая, Асауылбай Шешена и Саккулак би продолжают прославлять 

свой край замечательными произведениями 

В моем маленьком городке живут и трудятся люди разных наци-

ональностей, настоящие самородки, много талантливых и известных 

поэтов, певцов, художников. Один из талантливых людей,вошедших в 

плеяду людей ерейментауской земли-акын Сайлау Байболсынов.

Байболсынов Сайлау Ашулы родился 16 марта 1958 года в Акмо-

линской, Ерейментауского района, селе Ажы. После окончания сред-

ней школы работал в сельском крестьянском хозяйстве. В 1990 году 



182

Казахстан, армия, патриотизм

окончил Целиноградский кооперативный техникум. Его стихи появи-

лись  на  страницах  печати  1987  году.  В  айтысе,  который  проходил  в 

честь праздника Наурыз, впервые в Акмоле был главным призером. А 

так же участвовал в третьем республиканском айтыс акынов. Неодно-

кратно его стихи печатались в газетах. В журнале «Арка-Ажары» была 

опубликована его поэма «Актык Айкас» Он автор многих произведе-

ний. Его стихи «Ерейменнін аруы», «Сен онда он жетіден», «Казагым» 

и другие были положены на музыку. 25 октября 2002 г острословы Ка-

захстана собрались на айтыс, посвященный Дню Республики в городе 

Алматы. Улыбнулась удача нашему импровизатору - вернулся домой с 

победой – третье призовое место. Сайлай Байболсынов гордится сво-

им краем, его богатой историей, автор связывает себя с краем в на-

стоящем и в будущем. Священный край, на этой доброй щедрой земле 

в мире и согласии живут русские, украинцы, немцы, белорусы, татары.

Благодатная земля дала расцвет творчеству художнице Зинаиде 

Сергиенко застенчивая, добрая и талантливая художница Зинаида Ев-

геньевна Сергиенко любит жизнь, родную природу и умеет заставить 

краски сиять особенно ярко и свежо. Она старается изобразить не са-

мые красивые уголки природы, а видит красоту, гармонию и неповто-

римость природы в самом простом и обыденном пейзаже. Восхищение 

и  радость  -  вот  чувства,  которые  испытываешь,  вглядываясь  в  пей-

зажи Сергиенко. «Осенний лес» весь золотой и освещенный осенним 

солнцем заставляет нас чувствовать особое поэтическое звучание. А 

на другом полотне - заснеженный домик, вокруг тишина, ощущение 

покоя  и  благополучия.  На  полотнах  нашей  землячки  мы  узнаем  до 

боли знакомые места: свои улицы, красивый домик по улице Боген-

бая. Ее картины отличаются тонким вкусом и мастерством исполне-

ния, проникнуты поэзией красоты окружающего мира, светом любви 

к родному краю. 

Своей любви к родным местам, природе, посвящает полотна жи-

вущий  в  нашем  городе  пейзажист  Юрий  Винницкий.  Родился  он  в 

городе Ерейментау в 1970 году. С детства обнаруживал способности 

и любовь к рисованию, окончил Новосибирское художественное учи-

лище.  В  своем  творчестве  молодой  художник  открывает  все  самое 

важное, существенное, прекрасное, что совершается вокруг нас и ста-

рается  раскрыть  обаяние,  прелесть  родной  природы,  родного  края. 

Окружающую нас природу нужно уметь видеть и чувствовать, и Юрий 

Винницкий наполняет и освещает полотна своими чувствами - своим 

восторгом, любовью, радостью. Эти чувства он хочет передать всем, 



183

Сочинения школьников Акмолинской области

кто смотрит его картины. Винницкий отбирает в природе главные ее 

черты, которые могут взволновать человека, вызвать определенные 

настроения, мысли и переживания. Художник на картине «Весна» изо-

бразил  мартовское  небо,  половодье,  стройные  белые  березки  стоят, 

в канун пробуждения весеннего дня снег начинает буреть таять, еще 

холодно, но ярко светит солнце.Настоящий праздник красок, волшеб-

ство игры света, тени и цвета дарит нам художник в картине «Закат», 

мы чувствуем необыкновенную тишину, спокойствие разлито в при-

роде, природы кажется недвижимой, она словно зачарована и окол-

дована закатом. Юрий Винницкий рисует природу вечно прекрасную, 

вечно юную. Мой край на его полотнах красив и могущественен. 

Жил в нашем городе Олег Андриевский, который в стихах изла-

гает свою душу, особенно запоминаются стихи о березах, родной сте-

пи, родному краю. Стихи его по форме кажутся очень простым. Рифмы 

нередко неожиданные и смелые, богатая лексика, иногда - газетная, 

иногда – литературная, часто встречаются «простые» обороты. Легкие 

песенные  ритмы.  Все  подчинено  общей  интонации  стиха,  сложной, 

гибкой – то задушевной и нежной, то иронической, то суровой, а чаще 

всего выражающей всю гамму чувств. Достаточно прочесть любое сти-

хотворение, чтобы убедиться в этом. 

Наверное, нет ни одного настоящего поэта, который не восхищал-

ся бы своеобразными законами гармони, красками и звуками приро-

ды.  Весна  приносит  много  радостей  людям.  Зоркий  глаз  увидел  ма-

ленький росток, замечает, как набирают силу, а земля пробуждается 

от зимнего сна. Весеннее обновление природы прекрасно, прекрасна 

жизнь разума.

Сапар Бырлыбаев тоже мой земляк, талантливый поэт-бард, ро-

дился в нашем городе и о городе нашем любимом написал стихотво-

рение «Мой город», сейчас переложенное на музыку, является нашей 

визитной карточкой.

Сила подлинно талантливого художника, в широком смысле этого 

слова, состоит в том, что они через поэтические, живописные, музыкаль-

ные произведения могут заставить услышать шелест листьев, ощутить 

красоту окружающей среды, почувствовать несуществующие запахи. 

Видя картины своих земляков на выставках в музее, читая их про-

изведения  в  газетах,  слыша  их  песни  на  концертах,  нас  переполнят 

чувство гордости. Благодаря их таланту, мы все узнаем, насколько пре-

красны природные уголки нашего родного города, города Ерейментау. 


184

Казахстан, армия, патриотизм

Шығысбек қызы Ерке

3 сынып, Благодат орта мектебі Ерейментау ауданы

 

Жасай бер, Қазақстаным!

Егемен ел, Егемен жер.

Ата-бабам аңсаған ел, күллі қазақ армандаған ел.

Сен ұлтымсың, рухымсың, туымсың, ұрпағымсың!

Қазақ жастары, еліңді еңкейтпе, жеріңді төңкертпе! 

Қаншама  боздақтарымыз  боранды  күндерді,  ұйқысыз  түндерді 

өткізген азаттық армандары бізге нәсіп, бізге бақыт болды. 

Қазақтың сайын сахарасы – менің сүйікті Отаным! Қасиетті қазақ 

елі  ерлігіңмен  елтаңбаң,  еркін  жеткен  жер  шалмаң,  төткүл  дүниеге 

паш. Мен сол үшін қуанамын, сол үшін дұға аламын. Ертеңгі болашақ 

рухты ұрпақтардың, бастау алар, кең байтақ далам, кемеңгер ағам бар. 

Дүниеде  теңдесі  жоқ  табиғатты,  телміргенге  ар  ұятты,  бұлағы 

буырқанған, құрағын құлын шалған, төскейде малы оттаған, ақ киізге 

ханы тоқтаған қасиетті қазақ елі. 

Сен үшін шаттам, өзгеге мақтанам.

Менің Отаным азияның кіндігі, дүниенің дүлдүлі, жаңылма, жа-

лында менің байтағым, асқақ ұраным Қазақстаным!


185

Сочинения школьников Актюбинской области

Ақтөбе облысы

 


186

Казахстан, армия, патриотизм

Бақытжанова Мейірім 

10 сынып, физ-мат. мектеп-интернаты

 Жетекшісі: Өтеп Г.Ә.

Менің елім – менің Қазақстаным

Бұл  құдіретті  сөзді  Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматы 

асқақ  сезіммен,  мақтанышпен  айта  алары  хақ.  Өйткені  біздер,  жа-

стар, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлттық ұл-

қыздары  қасиетті  қазақ  топырағында  өсіп-өніп,  мекен  етіп,  достық 

қарым-қатынаста, береке мен бірлікт, тыныштық пен татулықта өмір 

сүріп жатырмыз.

-  Отан  үшін  отқа  түс-күймейсің,  деп  Бауыржан  Момышұлы 

айтқандай, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп, басынан не-

лер  кешпеді,  нелер  өткермеді  десеңізші?  Азаттық  жолында  құрбан 

болған,  азап  шегіп,  қасірет  тартқан  бабаларымыздың  ерлігін  қалай 

ұмытармыз. Ұмытпаймыз да, ұмытылмайды да.

Біз бақытты ұрпақпыз! Біз осы жарасымды тыныс-тіршілігімізді 

Елбасымыз  жан-жақты  ойлап,  кемел  ойлы,  кемеңгер  ата-

бабаларымыздың  жолымен  жүрген  ақыл-парасатының,  азаматтық 

саясатының нәтйжесі деп білемін.

Адамгершілік,  ар-ұят,  абырой,  патриотизм  жеңісті  күндерді 

жақындатқан рухани құндылықтар. Бұл құндылықтардың әрқайсысы 

өте маңызды. Дегенмен, қазіргі қоғамда аса құнды рухани дәнекер – 

патриотизм, отаншылдық. Патриотизм – Отанды сүю. Патриотизмнің 

маңызды  элементтері  –  ұлттық  рух  пен  ұлттық  патриотизм.  Соның 

ішінде ұлттық рухты қазақ халқының тарихын жан-жақты сараптай 

отырып кеңейтуге, дамытуға болады. Бабаларымыз ел қорғау сезімін, 

туған  жерді  қастерлеуді,  аялауды  ұрпақтар  бойына  дарыта  білген. 

Отансүйгіштік  рух  –  халықтың  әлемдік  өркениетті  елдер  қатарына 

қосылып,  дүниежүзілік  қауымдастықтан  лайықты  орын  алуға 

мүмкіндік беретін бірден-бір күш.

  Кейде,  шіркін,  бір  өзіне  бірнеше  мемлекет  сыйып  кететін  ұлан 

байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, 

тұмсықтыға  шоқыттыртпай  қалай  аман  сақтаған  деп  таңданамын. 

Шынында  да,  талай  зобалаң  кезеңді  бастан  кешірген  Қазақстан 

«Найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен»  өзінің  жер  көлемін  сақтап 

қалған.  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның 

идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Көп ұлтты Қазақстанда ұлттық 



187

Сочинения школьников Актюбинской области

мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол 

қазақ  ұлтының  біріктіруші  ролі  жағдайында  барлық  халықтардың 

теңдігін қамтамасыз ету»,-деп жазған болатын. Осы орайда еліміздің 

егемендігі  қалай  келгендігі,  тәуелсіздігін  алған  жас  мемлекеттердің 

алғашқы  жылдардағы  бастарына  түскен  ауыртпалықтар,  олар-

дан  кімдер  қандай  жолмен  өткен,  соның  ішінде  біздің  Қазақ  елінің 

айналамыздағы  кешегі  одақтас,  бүгінгі  көршілес  елдер  арасында  өз 

жолымызбен  өркендеуіміздің  арқасында  қантөгіссіз,  қақтығыссыз 

бүгінгі күнге жеткені және осының бәріне Тұңғыш Президентіміздің 

көрегендігі мен кемеңгерлік саясаты негіз қалағанын айтуға болады. 

Сонымен қатар көптеген елдердің тағдыры, халықтың тағдыры сынға 

түскен  шақта  Еуразияның  жүрегінде  орналасқан  алып  Отанымыз  – 

Қазақстан  елді  есеңгіреткен  оқиғалардың  қанды  қақтығыстардан 

аман шықты. Әрине, 130-ға тарта ұлт мекен еткен кең-байтақ еліміздің 

іргесінің  берік,  бірлігінің  мықты  болуы  көп  еңбектің  нәтижесі  деп 

білемін. Тарихи өлшеммен алғанда қас-қағым сәтке тең келетін осы 

уақыт ішінде еліміз талай жетістіктерге жетіп, өзіміз бен бір қоғамнан 

тараған  елдердің  алдыңғы  легінде  ілгеріге  қарқынды  қадам  ба-

сып  келеміз.  Еліміздің  экономикасы  нығайып,  әлеуметтік  тұрмыс 

жағдайымыз шүкір, күн санап жақсарып келеміз.

Кейінгі  ұрпақ,  біздер,  халқымыздың  ерлік  дәстүрін  әрі  қарай 

жалғастырамыз. 

Сен үшін, Отан, сертім сол –

Неден де болса тайынбан!

Киелі менің өрісім,

 Барлығы – дағы сен үшін,-

деген М.Мақатаевтың өлең жолдары осының айғағы болса керек. 

Бүгінгі жас ұрпа – болашақ Қазақстан азаматы. Сол себепті жастықтың 

жалынымен, бойдағы күш-қуат, қарым-қабілетпен, ойдағы ұшқынмен 

Отан-Ананың тірегі болуымыз керек. ХХІ ғасыр – білім, ғылым, бәсеке 

ғасыры болғандақтан, рухымыз мықты, ұжданымыз күшті, елге, жер-

ге деген адалдық керек. Әрбір жас ұрпақ өзін мемлекетінің өткеніне, 

бүгініне және ертеңіне тікелей қатысты екенін сезініп, Отан тағдыры 

үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең білуі керек деп ой-

лаймын. Тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Қазақстан – Тәуелсіз!

Қазір біз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған, кең байтақ, 

халқы ынтымақты, болашағы жарқын мемлекетте өмір сүріп жатыр-

мыз. Бұл ақиқатты өзіміздің негізгі рәміздеріміз-ақ дәлелдейді.


188

Казахстан, армия, патриотизм

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,-

деп  басталатын  әнұранымыздың  алғашқы  жолдарының  өзі-ақ 

Қазақ елінің кеңдігін, бейбіт өмірін айқын көрсетіп тұр.

Шынымен  де,  «Малым  –  жанымның  садақасы,  жаным  арымның 

садақасы» деп ар-намысын жоғары қойған халық екеніміз анық. Ежел-

ден елдігімізді түзетумен келе жатқандықтан біз әр бір атаулы күндер 

мен әр бір қабылданған заңның, ардақты рәмізіміздің қадірін жақсы 

түсінеміз, қастер тұтамыз.

Кез келген елдің тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерін бөліп 

алып  қарауға  болмайды.  Еліміздің  егемендігі  мен  тәуелсіздігінің 

қасиетті  нышандарын  қадірлеу  –  Қазақстанды  Отаным  дейтін,  өз 

тағдырын  және  ұрпақтарының  келешегін  қазақ  жерімен  байла-

ныстыратын  барша  қазақстандықтың  отан  алдындағы  қасиетті 

міндеттерінің бірі. Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар 

мен  рухани  құндылықтар  болады.  Рәміздер  солардың  бірегей  ны-

шандары. Өйткені рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіруімен 

қатар,  елдікке  шақыратын,  тұтастыққа  ұйыстыратын,  бірлікке 

үндейтін,  жүректегі  патриоттық  сезімді  оятатын,  Отанды,  жерді 

сүюге  жетелейтін,  ерлік  дәстүрлер  мен  сабақтастық  рухында 

тәрбиелеуге  жұмылдыратын  айшықты  белгілер  болып  саналады. 

Еркіндігіміздің  Көк  байрағы  көкте  желбіреп,  Елтаңба  төрде  орын 

алып, Әнұран шырқай орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар 

аңсаған елдік қалпымыз бен сүттей ұйыған тірлігімізге, дербес сая-

си және экономикалық даму жолына түскенімізге щүкіршілік айтып, 

толқымайтын  жан,  езілмейтін  жүрек,  селт  етпейтін  көңіл  болмас, 

сірә! 


Демесін Гүлнұр

9 сынып, Талдысай орта мектебі Қобда ауданы, 

Талдысай ауылы

Салт-дәстүрімізді қорғайық!

Шығармамның бетін Шәкәрім атамның мына бір толғантарлық, 

ойлантарлық өлеңімен ашсам деймін:


189

Сочинения школьников Актюбинской области

Еуропа білімді жұрт осы күнде,

Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.

Терең ойлап сөзімнің түбін біл де,

Іштен жыла шырағым, сырттан күлде,- дейді.

Қазіргі  танда  алтын  күн  астында  қыраны  самғаған,  азаттықты 

жалау  етіп,  сол  жалауымызды  желбіретіп,  күндікті  тастап,  бірлікті 

сақтап  келе  жатқан  халықпыз.  Жас  халықпыз,  тамырымызға  су 

құйылып тереңге жайылып барады, алып әлемдегі алып елдермен тең 

дәрежедеміз. Қуантарлығы, қуаныштан жылатарлығы да осы! Шүкір! 

Сансыз  шүкіршіліктер  болсын  Жаратушыға!  Бірақ...Осындай  кере-

мет  теңеулерді,  керемет  шыңдықтың  сөзін  бөгеп  тұрған  осы  сөздің 

себебі  маған  тақырып  болса  керек.  Елдермен  тенесеміз  деп  жүріп, 

басқа  елдің  салтың  жұқтырып  жатқанымызды  сезбейміз-ау  сірә, 

бұған қатысты шаралар қолданылып жатпаған соң. Өзге елдің салтың 

деймін-ау, олардың көздерін бітеп, саналарын улаған ауру десем дөп 

басып айтқан болар. Шәкәрім атамның өлеңін жалғастырсам:

Сол есті елде киім бар мода деген,

Керегіне лайықтап киінбеген.

Жас балаша қызығып сәкәкүлге,

Масқара боп жүргенін бір білмеген,-

деген  өлең  жолдары.  Осы  Еуропа  елдерінің  сонау  мемлекет  боп 

құрылғаннан  бері  өздері  жасап  алған  ба,  яки  жұқтырып  алған  ба 

білмедім, әйтеуір бір аурулары – мода. Оны ауру емес, тәтті дәрілердей 

көретіндері қаншама! Осы ауруды алып, мемлекет болған Еуропа, қанша 

маңайындағы халықтарға жұқтырып келеді. Маған тақырып болған 

себебінде жобалап отырған боларсыз қымбатты оқырман! Ел санасын 

улайтын болғандықтан. Сөзбен айту оңай-ақ, бірақ шын мәнінде ол ел 

тамырына  балта  шабар  нәрсе.  Ол  салт-дәстүрімізді  жоғалтуымызға 

себеп  болар  бірден-бір  у.  Олай  болса,  у  ішіп  жүргендерін  білмей 

жүрген жандар қаншама! Бәлкім, ұлттық дәстүр, салттың ар жақтағы 

Еуропаның модасымен не қатысы бар деп отырған боларсыз-ау.

Қазақ әдептен ешқашан аттаған емес. Себебі, олар білді, тек әдепті 

елде бірлік атты қасиетті ұғым сақталатынын. Бірлік сақталса, сізге де 

белгілі тәуелсіздік тұғырлы, мемлекет ғұмырлы болмағын. Сол әдеп 

демекші...Қазақ әдеп ұл, әдепті қыз тәрбиелеуді мақсат, борыш тұтқан. 

Өйткені, олар білді, балалар болашағы екенін. Бала әдепті болса сізде 


190

Казахстан, армия, патриотизм

тағы  біліп  отырсыз  болашақтағы  қоғам  әдепті  боларын.  Айтпағым, 

біздің  салт-дәстүріміз  әдепке  жетелейтін  тәрбиелік  мәні  зор 

қазынамыз. Ал қазіргі таңда әдепке жат қылықтар жасап жатырмыз. 

Әсіресе,  жастар.  Салт-дәстүр  ескі  наным-сенім  дейді.  Салтымыздағы 

ұлттық  киімімізді  ұмытып  барамыз,  ұмытып  десем  асыра  айтқан 

болармын  кей-кездері  еске  алып  қоямыз,  бірақ  жасалып  жатқан 

жұмыстар жоқтың қасы. Қазіргі жастардың ниеті де жоқ, айта қалсаң 

«заман сондай, қоғам сондай», дейді. Сонда қалай болғаны, біздің за-

манымыз,  өмір  сүріп  жатқан  қоғамымыз  әдепсіздікті  талап  ете  ме? 

Заманымызда  әдеп  болмаса  болашағымызда  әдеп  бола  қоя  ма,  егер 

өзіміз  қолға  алмасақ?  Біздің  киімімізді  еске  түсірейікші,  қыздардың 

киімін:  әсем,  жылтылдап  жанарың  жасырған  көрікті  бұйымдар, 

әсем  әшекейлер  бәріде  сәукелеге  жабысқан.  Ұзын  етегі  желтілдеген 

қамажай  көйлек,  жанға  жайлы  сырт  көзге  көзтартар  әдемі  еді.  Осы 

қамажайды ки демеймін. Бірақ, кеңірдекті сорайтпай, кеудені ашпай, 

ойланбай босқа тентек болғанша ең болмаса, жабық киінейікші. 

Сондықтан, жас қыздарға айтарым:

Біз-қыздармыз, осы өмірдің гүліміз,

Ата-ананың әлпештеген күніміз.

Екі жанның үмітін ақтау үшін,

Сыр айтайын маған құлақ түріңіз.

Ата-ана бақытымыз, барымыз,

Санаға біткен абыройымыз, арымыз.

Осыларды шашпау үшін өмірде,

Жабық болып киінейікші бәріміз.



Куанышева Ботагоз

 11 класс, БСШ г. Актобе

 Руководитель: Усенко Л.И. 

Мой Абай


Слово, понятое умом,

Ускользает, как звук пустой.

Но по жилам течёт огнём,

Коль берёшь его всей душой.



191

Сочинения школьников Актюбинской области

Есть люди – планеты. Находясь на расстоянии миллионов лет, они, 

далекие и близкие, освещают путь жителям Земли. Таков наш Абай.

С самого раннего детства я живу с ощущением, что это мой род-

ственник. Я даже интересовалась у родителей, кем он приходится на-

шей семье. И очень удивилась, что никем. А тогда откуда это чувство 

какого – то кровного родства?! Вот, пожалуй, первое, чем привлекает 

меня Абай. Это желание разобраться, чем мы роднимся.

Такое трепетное отношение передалось мне буквально с молоком 

матери, ибо в нашей читающей семье все боготворят великого поэта.

А первым человеком, пробудившим интерес, была моя прабабуш-

ка,  которая  так  много  поведала  мне  об  Абае.  Она  рассказывала,  что 

когда выходила замуж, в числе приданого увезла с собой рукописные 

сборники поэта. Это была семейная реликвия. А ещё она говорила, что 

знаменитый роман Дюма «Три мушкетёра» был известен в казахской 

степи именно благодаря его устному пересказу.

Когда я впервые прочитала «Путь Абая», моей прабабушки уже не 

было в живых… Но я с грустью представляла её светлыё образ в лице 

знаменитой бабушки Зере. Они так похожи!

Поэт – планета. Он не распознан полностью никем. Абай был ори-

гинален. Его мечты шли на порядок вперёд, он был предтеча, пророк. 

Он столько нам сказал, да мы многого не расслышали…

Чем  больше  я  узнаю  об  этом  удивительном  выдающемся  пред-

ставителе нашего народа, тем больше мне хочется постичь тайну его 

гения. И помогает мне в этом сам Абай, обогативший мировую сокро-

вищницу культурных ценностей настоящими жемчужинами мудрости.

В трудные для меня минуты жизни я беру с полки «Книгу Слов» 

и обращаюсь к великому прорицателю в поисках ответа. Иногда мне 

кажется, что его слова адресованы именно мне. И тогда получается у 

нас духовный диалог, а решение проблемы оказывается не таким уж и 

сложным.

И я благодарю Абая – Учителя, в очередной раз, убеждаясь в том, 

что его творение – это источник нескончаемого добра и блага.

«Надо принимать умные слова сердцем, всей душой, так, словно 

ты утоляешь ими жажду», - эту истину подсказал мне мудрец.

Было  бы  здорово,  если  бы  на  уроках  языка  и  литературы  чаще 

звучало слово Абая. Тогда реже мы имели бы дело с невежеством, ал-

чностью, хамством и другими общечеловеческими пороками.

А над входом в учебные заведения я бы написала абаевскую запо-

ведь:


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет