Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата13.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4043
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
170 
веб-ресурстар ұсынылады (33-кесте). 
 
33-
кесте. Веб-ресурстар тізімі 
www.earthquakes.usgs.gov
 
www.rgo.ru
 
www.geo2000.nm.ru
 
www.geo.historic.ru
 
www.www.geografia.ru/
 
www.geographic.org
 
www.mygeog.ru
 
www.e–cis.info 
www.geography.about.com
 
www.hobitus.com 
www.imf.org 
www.kisi.kz
 
www.meteosputnik.ru 
www.mfa.gov.kz 
www.oecd.org
 
www.stat.gov.kz 
www.theodora.com 
www.un.kz
 
www.un.org 
www.undp.kz 
www.unesco.kz
 
www.unesco.org 
www.unmultimedia.org 
www.volcanodiscovery.com
 
www.worldbank.org 
 
 
 
 
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Қазақстан тарихы  
«Қазақстан  тарихы»  пәнінің  мақсаты  –  оқушылардың  бойында  тарихи 
сана,  қазақстандық  патриотизм, өз  елінің  тарихы  мен  мәдениетіне  құрмет, өз 
ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық 
және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  дарыту,  зерттеушілік,  ойлау, 
коммуникативті дағдыларды дамыту.  
Тарих  сабақтарын  жоспарлау  және  ұйымдастыру  барысында  оқытудың 
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.  
Материалдар  мазмұны  Елбасы  жариялаған  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық 
актісін  жүзеге  асыру  аясына  сай  болуы  және  қазақстандық  қоғамның  негізгі 
құндылықтарын  бекітуге  бағыталуы  тиіс:  Отанымыздың  патриоттарын, 
құқықтық,  демократиялық  мемлекеттің,  жеке  адамның  құқықтары  мен 
бостандықтарын құрметтейтін,  адамгершілігі мол, ұлттық сана сезімі тұрақты 
толерантты азаматтарын тәрбиелеу. 
«Қазақстан тарихы» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық 
мазмұны,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің  талаптары  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 
бұйрығымен бекітілген.   
Пән  бойынша  оқу  жүктемесі  қоғамдық-гуманитарлық  және 
жаратылыстану-математикалық бағыттарда:  
10-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
11-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.  
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:  
10-
11  сыныптарда  тарих  пәндерін  оқыту,  оқушылардың  жас  және 
танымдық  ерекшеліктеріне  сай  талдау,  бағалау,  зерттеу  және  жоспарлау 
дағдыларын  қалыптастыратын  әдіс-тәсілдер  мен  тапсырмалар  көбірек 
қолданылуы керек. Мысалы, аналитикалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы 
талдау жасау және т.с.с. 
10-11
 
ыныптарда тарихты оқыту: 
-
 
әртүрлі  деректердің  ақпараттарымен  (сонын  ішінде  интернетте 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
171 
ұсынылған) жұмыс істей білу; 
-
 
анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;  
-
 
өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра 
білу, кемшіліктердің себептерін анықтау; 
-
 
тарихи  оқиғалар  мен  қатысушыларына өз  қарым-қатынасын  түсіндіре 
білу;  
-
 
заманауи  әлеуметтік-тарихи  процестер  мен  дамудың  ықтимал 
нұсқаларын  болжауды  талдай  білу  үшін  игерген  тәжірибесі  әрекетін  және 
меңгерген білімдерін қолдана білуге бағытталуы керек.  
Қазақстан  және  Дүниежүзі  тарихы  пәндерінің  кейбір  тақырыптарын 
кіріктіріп  оқыту  ұсынылады.  Тарихтан  халықаралық  қатынастар  мен 
Қазақстанның  сыртқы  саясаты,  әлемдік  соғыстар  тарихы,  тарихтың  жеке 
мәселелері,  мәдениет  т.б.  тақырыптарын  кіріктіруге  болады.  Тарих  пәндерін 
кіріктіре  оқыту  жүйесін  қалыптастыру  оқыту  процесінің  коммуникативтік 
әлеуетін анағұрлым арттырады. Мәселен, әдебиет курстарын оқыту барысында 
оқушыларға  рухани  шығармашылық  процесінің  тарихи    контекстін  неғұрлым 
жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.  
«Қазақстан тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: 
http://www.tarih-begalinka.kz
;
http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
 
қосымша  ресурстар  ретінде  жоғарыда 
келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.  
Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі 
болуы мүмкін:  

ауызша  (сұрақ-жауап,  құзыреттілікке  бағытталған  тапсырмалар, 
пікірсайысқа дайындық, т.б.); 

қысқаша  жазба  жұмыстары  (тезистер,  конспектілер,  буклеттер,  эссе, 
тарихи шығарма, т.б.); 

тест  тапсырмалары  (жабық  тест,  ашық  тест,  реттік  тест,  сәйкестендіру 
тесті,  мәтіндік  тест,  жағдаяттық  тапсырма,  құрама  тест,  альтернативті  тест, 
көпжауапты тест); 

шығармашылық  жұмыстар  (рөлдік  ойындарға,  сахналық  көріністерге 
дайындық),  өзара  бақылау  жұмыстары,  өздік  бақылау,  қатемен  жұмыс,  жоба 
жұмысы.  
Оқушыларға  шығармашылық  (хабарлама,  презентация,  жобалар, 
коллаждар  т.б.)  және  жобалық  тапсырмалар  тақырыптарын  алдын  ала  беріп 
қойған  дұрыс.  Сонымен  қатар,  мұғалім  осы  шығармашылық  жұмыс  түрінің 
талаптарымен  таныстыруы  керек.  Оқушы  хабарлама  даярлаған  кезде  білімін 
көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын батырға қатынасын, өз 
сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.  
Құзыреттілікке  бағытталған  үй  тапсырмалардың  4  түрі  қолданылады: 
ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.  
Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:  
-
 
терминология  мен  ақпарат  күрделілігі  оқушының  жас  ерекшеліктеріне 
сай болуы;  
-
 
әдебиет пен деректер тізімін беру; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
172 
-
 
ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.   
Оқушылардың  оқу  әрекеттері  нәтижесін  бағалау  барысында  тарихи 
білімдерінің  білімділік  және  іс-әрекеттік  компоненттерін  игеру  деңгейі 
ескеріледі. Оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау көрсеткіштері 
негізгі  тарихи  білім  компоненттеріне  сәйкес  құрылымдалған:  фактологиялық 
білім, теориялық білім, оқу-танымдық іс-әрекет тәсілдері, бағалай білу. Негізгі 
мазмұндық бағыттары: тарихи уақыт, тарихи даму және тарихи кеңістік болып 
табылады.  Тарихи  білімнің  мазмұндық  компоненттерін  меңгеру  деңгейі 
мынадай  өлшемшарт  негізінде  бағаланады:  нақтылығы,  дұрыстығы, 
тиянақтылық,  толықтық,  қорытындылай  білу,  жүйелілік,  орнықтылық, 
ұтқырлық, әрекеттілік, дербестік, қарама-қайшылық. 
Оқыту төмендегідей түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:  

өзгеріс  және  сабақтастық  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қоғам 
қаншалықты өзгеріске ұшырады);  

себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар 
саяси процестерге әсер етті);  

дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер 
мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);  

ұқсастық  пен  айырмашылық  (мысалы,  XIII-XV  ғғ.  Қазақстан 
аумағындағы  мемлекеттердің  саяси  құрылысындағы  ұқсастықтар  мен 
айырмашылықтар);  

маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы 
неде);  

интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер 
қалай сипаттайды).  
Тарихи  ойлау  дағдылары  бірте-бірте  прогрессия  мен  олардың  кеңеюін 
есепке  ала  отырып,  әр  сабақтың  үстінде  дамытылуы  тиіс.  Белгілі  бір  тарихи 
концептілерге фокус жасау арқылы құралған оқыту нақты оқу материалының 
негізінде  оқушылардың  бойында  тарихи  ойлау  дағдыларын  қалыптастыруға 
және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды 
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. 
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық  өмірге 
бейімдейтін,  жұмыс  тәжірибесін  жинақтайтын,  жаңа  жағдайдағы  қарым  -
қатынасқа    үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске  асыратын 
әлеуметтік  ортаның бір бөлігі болып табылады:  
Тарих  пәндері  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 
жоспарлау  барысында  2016-2017  оқу  жылында  тойланатын  мерейтойлық 
шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  
1)
 
Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);  
2)
 
Қазақ  батыры,  әскербасы  Жалаңтөс  Баһадүр  Сейітқұлұлы  440  жыл 
(1576-1656); 
3)
 
Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек 
би Келдібекұлы 350 жылдығы(1667-1764);  
4)
 
Қазақ  халқының  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  күресте  әйгілі 
батырларының бірі Тама Есет Көкіұлы 350 жылдығы (1667-1749);  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
173 
5)
 
Қазақтың батыры,  талантты  қолбасшы  Қабанбай батыр  Қожақұлұлы 
325 жылдығы (1692–1770);  
6)
 
Кіші  жүз  қазақтары  көтерілісінің  көрнекті  басшысы,  атақты  батыр, 
әйгілі шешен Сырым Датұлы 275 жылдығы (1753—1802); 
7)
 
Бөкей  Ордасындағы  халық  көтерілісінің  саяси  көсемі,  қайсар 
қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлы 225 жылдығы (1791-1838);   
8)
 
Қазақтың  аса  көрнекті  ағартушы-педагогы,  ұлттық  мектебінің  негізін 
қалаушы Ы. Алтынсарин 175 жылдығы (1841—1889); 
9)
 
Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебінің ашылғанына 175 жыл 
(1841-2016);  
10)
 
ХХ  ғасырдың  басындағы  Ұлт  көшбасшысы,  көрнекті  қоғам  және 
мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937); 
11)
 
Қазақтың  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  шығыстанушы,  білімді 
заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-2016);  
12)
 
Тұңғыш  қазақ  бейресми  Конституциясы  «Қазақ  елінің  Уставына» 
105 жыл (1912-2017); 
13)
 
«Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне (1911-2016) 105 жыл; 
14)
 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы(1916–2016); 
15)
 
Алаш Орда үкіметі құрылғанына 100 жыл (1917-2017);  
16)
 
Қазақтың  қаһарман  батыры,  ақын,  жазушы  Баубек  Бұлқышевтың 
100 жылдығы (1916–1944); 
17)
 
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016) 
18)
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).  
Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 
асады: 

базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 
мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру; 

таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 
олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 

кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б. 
2016-
2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі 
міндеттері: 
-
 
тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін 
жүзеге асыру; 
-
 
мұғалімдердің  кәсіби  шеберліктерін  жетілдіру:  тарихты  оқытудың 
тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру; 
-
 
тарихты  оқытудың  базалық  және  жоғары  деңгейінде  зерделеу,  тиімді 
білім беру тәжірибесін тарату;  
-
 
оқушылардың  тарихты  бейіналды,  бейінді  оқыту  жағдайында  негізгі 
құзыретімен,  тарихтан  жаңартылған  оқу  бағдарламаларымен,  білім  беру 
стандарттарына  сәйкес  мұғалімдерге  білімді-әрекеттік  компоненттерін  игеру 
бойынша оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру; 
-
 
білім алушылардың бейіналды дайындық сапасын қамтамасыз ету.   
Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің оқу жылы бойы 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
174 
4 отырыстарын өткізу ұсынылады: 
-
 
«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау»; 
-
 
«Тарих  сабағында инновациялық  технологияларды қолдану»;  
-
 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру Қазақстан тарихын оқыту 
мазмұнын жаңартудың негізі ретінде»;  
-
 
«Дарынды балалармен жұмысты жетілдіру» т.б.  
Дүниежүзі тарихы  
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын 
жүзеге асыру оқушылардың Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам 
құқықтары  мен  бостандықтарына,  қоғамдық  өмірдің  демократиялық 
принциптеріне құрметпен қарау, өз халқының және әлемнің басқа халықтардың 
тарихын,  рухани  мұрасын  құрметтеу,  көпмәдениетті  және  көпконфессиялы 
ортада  басқа  адамдармен  өзара  қарым-қатынас  жасай  білу,  басқа  ұлттардың 
салт-дәстүрін  құрметтеу  және  түсіністікпен  қарау,  тұлға  аралық  қатынастағы 
тіл табысушылықты көрсете білуге бағытталады. 
Пән  мазмұнына  сәйкес  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыру  оқушылардың  қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
және  мәдени  процестерде  бағдарлану  үшін  тарихи  білімдерін  қолдана  білу, 
көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасау, өздігінен оқу, өз 
мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау,алған білімін өмірде кез 
келген  жағдайда,  қажетті  жерде  оңтайлы  қолдана  алу  қабілеттерімен 
анықталады. 
«Дүниежүзі тарихы» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық 
мазмұны,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің  талаптары  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 
бұйрығымен бекітілген.   
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу жүктемесі:  
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:  
10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;  
11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.  
жаратылыстану -математикалық бағытта:  
10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:  
10-
11  сыныпта    «Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқыту  ХХ  ғасыр  мен  ХХІ 
ғасырдың  негізгі оқиғалары, құбылыстары мен тарихи даму процестерінің мәні 
туралы  түсінік  қалыптастыра  отырып,  тарихи  оқиғаларды,  құбылыстар  мен 
процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде 
сын  тұрғысынан  талдау  және  баға  беру  дағдыларын  дамытуға  бағыттайды. 
Сонымен  қатар,  қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 
процестерде  бағдарлану  үшін  тарихи  білімдерін  қолдана  білуге 
дағдыландырады.  
Пәнді  оқытуда  сұрақтарды  қою  маңызды  орын  алады,  дұрыс  әрі  нақты 
құрастырылған  сұрақтарға  ғана  орынды  жауап  алуға  болады.  Сондықтан 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
175 
мұғалімдерге  «сатылап  сұрақ  қою»  әдісін  қолдану  ұсынылады.  Бұл  әдісте 
дерекке  немесе  белгілі  бір  иллюстрацияға  қойылатын  сұрақтар  жеңілден 
қиынға қарай күрделенеді. 
Үй  жұмысының  мақсаты  –  сабақта  меңгерген  тақырыпты  тереңдету, 
қайталау,  бекіту  және  ой  елегінен  өткізу,  оқушының  дағдылары  мен 
құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, 
танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. 
Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі 
болуы мүмкін:  

ауызша  (сұрақ-жауап,  құзыреттілікке  бағытталған  тапсырмалар, 
пікірсайысқа дайындық, т.б.);  

қысқаша  жазба  жұмыстары  (тезистер,  конспектілер,  буклеттер,  эссе, 
тарихи шығарма, т.б.);  

тест  тапсырмалары  (жабық  тест,  ашық  тест,  реттік  тест,  сәйкестендіру 
тесті,  мәтіндік  тест,  жағдаяттық  тапсырма,  құрама  тест,  альтернативті  тест, 
көпжауапты тест);  

шығармашылық  жұмыстар  (рөлдік  ойындарға,  сахналық  көріністерге 
дайындық);  

өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы. 
Оқушыларға  шығармашылық  (хабарлама,  презентация,  жобалар, 
коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын мұғалім алдын ала 
беруі  тиіс.  Ол  үшін  осы  шығармашылық  жұмыс  түрінің  талаптарымен 
таныстыруы қажет. Оқушы хабарлама даярлаған кезде білімін көрсетіп қоймай, 
хабарлама  (презентация)  дайындайтын  кейіпкерге  қатынасын,  өз  сезімдерін, 
күйзелісін білдіруі тиіс.  
Құзыреттілікке  бағытталған  үй  тапсырмалардың  4  түрі  қолданылады: 
ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.  
Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:  
-
 
терминология  мен  ақпарат  күрделілігі  оқушының  жас  ерекшеліктеріне 
сай болуы;  
-
 
әдебиет пен деректер тізімін беру; 
-
 
ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.   
Тапсырмаларды  дайындау  кезінде  мұғалімдер  толық  сипатталмаған  
оқиғалар  берілген  ақпарат  көздерін  іріктеу  ұсынылады.  Осындай  ақпарат 
көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, 
тарихи  оқиғалар  туралы),  статистикалық  материалдар  (кестелерде  немесе 
мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін.   
Сыныптан  тыс  оқу-тәрбие    жұмыстары    білім  алушыларды  қоғамдық  
өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым 
-
қатынасқа  үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске  асыратын 
әлеуметтік  ортаның бір бөлігі болып табылады.  
Тарихи  ойлау  дағдылары  бірте-бірте  прогрессия  мен  олардың  кеңеюін 
есепке  ала  отырып,  әр  сабақтың  үстінде  дамытылуы  тиіс.  Белгілі  бір  тарихи 
тұжырымдарға  сүйене  отырып,  нақты  оқу  материалының  негізінде 
оқушылардың  бойында  тарихи  ойлау  дағдыларын  қалыптастыруға  және 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
176 
дамытуға мүмкіндік береді.  
Дүниежүзі тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 
және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында тойланатын мерейтойлық 
шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  
Американ  мемлекет  қайраткері  Бенджамин  (Вениамин)  Франклиннің 
310 жылдығы (1706-1790);  
Түркия Республикасының  негізін  қалаушы,  тұңғыш  президенті  Мұстафа 
Кемал Ататүріктің 135 жылдығы (1881-2016) және т.б. 
Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 
асады: 

базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 
мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру; 

оқушыларды  дамыта  оқыту  үшін  әртүрлі  жастағы  дарынды  балалар 
топтарын құру; 

таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 
олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 

кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б. 
Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттырып,  алған  білімдерін  тереңдетіп,  өздігінен  іздене  білуге  үйретеді. 
Сонымен  қатар,  теориялық  білімін  кеңейтіп,  толықтыра  түседі  және 
оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 
Дүниежүзі тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың 
білімді  өз  бетінше  игеруі  болып  табылады.  Соған  сәйкес  мұғалімнің  басты 
міндеті  –  білімнің  жаңа  мазмұнынан  туындайтын  сабақтың  маңызды 
ерекшеліктерін  анықтап,  сабақтың  үлгісін  құру  және  сабақты  жетілдірудің 
жолдарын  тауып,  оның  сапасын  арттыру.  Ол  үшін  оқушылардың  әрбіреуі 
тарихи  оқиғаларға  ғылыми  тұрғыдан  баға  беріп,  олардың  сабақтастық 
байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: 
http://www.world-history.ru

http://historic.ru

http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
 
қосымша  ресурстар  ретінде  жоғарыда 
келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады. 
 
Адам. Қоғам. Құқық  
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  10-11  сыныптарда  оқыту  -  дүниетаным 
құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен 
қоғам  өміріндегі  рөлі,  адамның  әлемге  деген  танымдық  қатынасы,  қоғамдық 
қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі 
білімге негізделген. 
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  10-11-  сыныптарда оқытуда  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  оқушылардың  қазіргі  заманғы 
өркениеттегі тәжірибені тұлғалық тұрғыдан ұғыну негізінде құндылықты бағыт 
бағдарлар,  наным  сенімдерді,  халықтар  арасындағы  өзара  түсінісудің 
демократиялық  құндылықтарын,гумнизм  идеяларын  қалыптастыруға,  өз 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
177 
халқының және өзге де халықтардың мәдениетіне, тарихына құрметтеу сезімін 
дамытуға,  өз  елінің  мәдени  мұраларын  сақтау  және  оны  көбейтуге, 
қазақстандық  патриотизмді  және  толеранттылықты,  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  мәдениет  деңгейін,  азаматтық  жауапкершілікті  дамытуға,  оқушыларға 
экономикалық,  саяси,  құқықтық,  эстетикалық,  экологиялық  тәрбие  беруге 
бағытталады. 
Пән  мазмұнына  сәйкес  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту  олардың  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы,  тәртіп  сақтау 
ережелері мен заңдарына құрмет көрсету, адамдармен қарым-қатынаста жоғары 
мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білу, өздігінен оқу, өзінің 
кәсіби  бағытын  анықтау,  заманауи  ақпараттық  технологияларды  жеткілікті 
меңгеру,  әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  дұрыс  бағалай  алуына,  қоғамға 
жат  құбылыстарға,  идеологиялық,  діни  ағымдарға  және  заңды  бұзушылық 
әрекетке қарсы тұра білу қабілеттерімен анықталады.  
10-
11  сыныптарда  пәнді  оқытуда  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  үшін  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси,  мәдени  және 
құқықтық  мәселелер  бойынша  жеке  көзқарасын  білдіре  білуге  және  оны 
дәлелдеуге, ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, 
кесте,  схема  т.б.)  ақпараттарды  талдауға  арналған  шығармашылық 
тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдану ұсынылады. 
«Адам.Қоғам.Құқық» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық 
мазмұны,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің  талаптары  «Жалпы  білім 
беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін  пәндердің,  таңдау 
курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 
сәуірдегі  №  115  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18 
маусымдағы № 393 бұйрығы бекітілген .   
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу жүктемесі: 

10-
сыныпта 
(қоғамдық-гуманитарлық 
және 
жаратылыстану-
математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты; 

11-
сыныпта 
(қоғамдық-гуманитарлық 
және 
жаратылыстану-
математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты 
құрайды. 
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсыныстар: 
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа 
педагогикалық  технологияларды  қолдану,  оқушылардың  дербес  танымдық 
қызметін  ұйымдастыру,  практикалық  және  шығармашылық  тапсырмалар, 
конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі,  іскерлік ойындар, 
пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.  
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді практикада қолдану тез 
өзгермелі  әлемде  табысқа  қол  жеткізетін,  өз  елінің  игілігі  үшін  жауапты 
Қазақстан 
Республикасының 
зияткер, 
әлеуметтік-рухани 
азаматын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет