Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата13.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4043
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
210 
9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН  ЖАЛПЫ 
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Жаңа оқу жылындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру ерекшеліктері 
келесідей факторлармен байланысты:  

 
«Білім  туралы»  заңға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  (ҚР  2015 
жылғы  13  қарашадағы  №  398-V  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 
заңнамалық  актілеріне  білім  беру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу туралы» заңы); 

 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 
2016-
2019   жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту (Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы);  

 
Бастауыш  білім  берудің  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартын 
жаңарту (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 
Қаулысы);  
 
«Білім  туралы»  заңға  енгізілген  өзгерістер  мен  толықтырулардың  
нәтижесінде инклюзивті білім беруге қатысты қоолданылатын терминдер мен 
ұғымдар  халықаралық  қауымдастықпен  қабылданған    түсіндірме  мен  нақты 
сипатқа ие болды.  
Мысалы, жаңадан енгізілген «ерекше білім беруге қажеттілік» термині тек 
мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, сонымен бірге емханада немесе үйде 
ұзақ  мерзімге  емделетін    оқушыларға,  мінез-құлқында  эмоцияналдық 
проблемалары  бар  балаларға,  жағдайы  төмен  отбасынан  шыққан  балаларға, 
жетім немесе ата-ананың қамқорлығынсыз  қалған балаларға, озбырлық көрген 
балаларға да және т.б. қатысты тиімді қолданылатын болды. 
Жаңа  түсіндірме  бойынша  «инклюзивті  білім  беру»  -  бұл  ерекше  білім 
беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім 
алушылардың  білім  алуына  тең  қолжетімділігін  қамтамасыз  ететін  процесс.  
Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық балаларды 
оқыту үшін оңтайлырақ тәсіл ретінде  халықаралық қауымдастықпен танылған 
білім  берудегі  инклюзияның  мәнін  ашады.  Бұл  жағдайда  инклюзивті  білім 
беруді жүзеге асыратын ұйымдар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім 
алушыларды  қамтуды,  соның  ішінде    мигрант,  оралман  балалар,  сондай-ақ 
қоғамға әлеуметтік бейімделуі қиын балалар сияқты басқа да санаттағы білім 
алушыларға  сапалы  білім  берудің  тең  қолжетімділігін  қамтамасыз  етуді 
кеңейтуі мүмкін.  
Бастауыш  мектепте  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балалар 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультацияның 
қорытындысына  сәйкес  ҚР  БҒМ  2015  жылғы  18  маусымдағы  №  393 
бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды. 
Қазіргі уақытта негізгі және жоғарғы мектеп оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 
2014  жылғы  25  ақпандағы  №  61  бұйрығымен  бекітілген  Мүмкіндігі  шектеулі 
оқушыларға арналған негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу 
жоспарларына сәйкес әзірленді.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
211 
Инклюзивті  білім  беретін  мектептердегі  оқу  процесін  ұйымдастыру. 
Ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқыту  және  оларды 
психологиялық-педагогикалық түзете қолдау:  
1) инклюзивті оқыту сыныптарында; 
2) жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда іске асырылады.  
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге 
қосу  нысандары  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17 
мамырдағы  №499  қаулысымен  бекітілген  «Жалпы  білім  беру  ұйымдары 
(бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы орта)  қызметінiң  үлгілік  қағидаларында»  
баяндалған.  
Жалпы  білім  беретін  ұйымдарға  қосылған  ерекше  білім  беруге 
қажеттіліктері бар балалар  жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, 
сондай-ақ  ҚР МЖМБС негізінде жасалған арнайы білім беру бағдарламалары 
бойынша  ПМПК  (психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультация) 
ұсынымдарына  сәйкес  білім  алады.    Ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар 
білім  алушылардың  оқу  бағдарламасын  меңгерудің  ерекшеліктеріне 
байланысты  мұғалім  олар  үшін  бағдарламаларды  ҚР  МЖМБС  аясында 
бейімдей алады.   
Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім 
алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы 
олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз 
етіледі. 
Сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке 
ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі.  
Инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын  білім  беру  ұйымдарының 
педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше 
білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.  
Инклюзивті  және  арнайы  сыныптардағы  ерекше  білім  беруге 
қажеттіліктері  бар  барлық  білім  алушыларға  арналған  түзету  сабақтарын 
психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  Жеке  бағдарламаларымен  сәйкес 
мамандар іске асырады. 
Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, 
түзету  пәндері  аясында,  сондай-ақ  қосымша  білім  беру  жүйесінде  іске 
асырылады. 
Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн 
тәртібінде  ұйымдастырылады,  яғни  бұзылған  қызметтерді  еңсеру  мен  орнын 
толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз 
ету  бойынша  қажетті  жағдайларды  құру. Қажет  болған  жағдайда, ұзартылған 
күн  тәртібіне  жалпы  білім  беретін  сыныптардың  ерекше  білім  беруге 
қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады. 
Психологиялық-педагогикалық  қызмет  жұмысын  ұйымдастыру  үшін 
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында 
келесі  мамандардың  болуы  ұсынылады:  психолог,  арнайы    педагогтар 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
212 
(тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы, 
әлеуметтік педагог.  
Жоғарыда  аталған  мамандар  болмаған  жағдайда  ерекше  білім  беруге 
қажеттілігі  бар  балаларға  түзету-педагогикалық  қолдау  психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі.  
Мигрант,  оралман    балаларды  оқу-тәрбие  процесіне  кіріктіру  және  қазақ 
тілі  мен  орыс  тілдерін  меңгерту  мақсатында  қосымша  сабақтар,  тілдік 
үйірмелер,  факультативті  сағаттар  ұйымдастырылады.  Оларға  қолдау  қызметі 
мамандарының  психологиялық-педагогикалық  және  тілдік  көмек  жасауы 
қажетті шарт болып табылады.  
Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін 
жалпы  білім  беретін  мектептер  оралмандарды  бейімдейтін  және  кіріктіретін 
орталықтармен,  ресурстық  орталықтармен,  кәмелеттік  жасқа  толмағандарды 
бейімдейтін  орталықтармен,  арнайы  білім  беру  ұйымдарымен,  сондай-ақ, 
ПМПК,  оңалту  орталықтары  және  психологиялық-педагогикалық  түзеу 
кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады. 
Мұғалімдерге арналған ұсынымдар 
Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша 
сөйлеу тілі кемшіліктерін ескеріп, сөздердің  дұрыс дыбысталу, сөйлеу тілінің 
лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу дамуының деңгейіне 
назар  аударған  жөн.  Сонымен  қоса  мұғалімге  жасына  сай  тұрмыстық 
міндеттерді  шешу  үшін    балалардың  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  тілін 
қолдану іскерлігін дамытқан дұрыс.  
Математика  және  жаратылыстану  пәндерінің  мұғалімі  ерекше  білім 
беруге  қажеттілігі  бар  балалардың  танымдық  әрекеті  мен  эмоциялық-ерік 
саласындағы ерекшеліктерін ескеру қажет.  
Адам  және  қоғам  білім  саласына  қатысты  пәндердің  мұғалімі  ерекше 
білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда  оларды қоғамға бейімдеу және 
мінез-құлықтарын  түзету  үшін  бұл  пәндердің  жағымды  әлеуметтендірушілік 
және тәрбиелік әлеуеттерін ескереді.  
Музыка  және  бейнелеу  өнері  пәндерінің  мұғалімі  тірек-қимыл  аппараты 
және  сөйлеу,  есту,  көру  бұзылыстары  бар  балаларды  оқыту  процесіндегі 
қиындықтарын,  оңтайлы  психологиялық-эмоциялық  күйге  келтіруін,  жалпы 
және  ұсақ  моториканы  дамытуын  және  танымдық  іс-әрекетін  белсендіруін 
ескерген  жөн.  Сонымен  қоса,  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларда 
жасырын таланттар мен шығармашылық әлеуетін таныту ықтималдығы жоғары 
болғандықтан  ,  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  көңіл  бөлген 
маңызды.  
Технология  пәнінің  мұғалімі  жеке  тәсілдерді  қолдану  және  жеңілдетілген 
тапсырмалар беру арқылы  білім алушылардың сенсорикасын (сезімталдығын) 
және ұсақ моторикасын, танымдық әрекеті мен қабілеттерін ескерген дұрыс.  
Дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі  тірек-қимыл  аппаратындағы 
бұзылыстарын  ескеріп,  жалпы  және  ұсақ  моторикасына  назар  аударуы, 
сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың денсаулығын нығайту 
мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы қажет. Сонымен 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
213 
қатар,  сабақ  өткізу  кезінде  есту,  көру  бұзылыстары  бар  балалардың 
ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы 
көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру керек.  
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы тәрбие процесінің 
ерекшелігі  мектеп  деңгейінде  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларға 
толерантты  қарым-қатынасты  тәрбиелеу,  сондай-ақ  негізгі  құндылықтармен 
таныстыру,  білім  беру  процесінің  барлық  субъектілерінің  инклюзивті  білім 
беруге  жағымды  көзқарасын  қалыптастыру,  ересектердің  ұстанымын «ерекше 
балаларға» өзгерту болып табылады.  
Инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын  мектептердегі  тәрбие  процесі 
дені  сау  балалар  мен  олардың  өз  балалары  мен  ерекше  білім  беруге 
қажеттіліктері  бар  балаларды  бірге  оқыту  тәжірибесіне  жағымды  қарым-
қатынас  танытпайтын  ата-аналарының  психологиялық  дайын  болмауының 
алдын-алуға арналған тақырыптық сынып сағаттарын қарастырады.  
Сондай-ақ  тәрбие,  мәдени-іс-шараларды,  спорттық-сауықтырушы  және 
басқа  да  бос  уақыттағы  іс-шараларды  жүргізуде  барлық  ерекше  білім  беруге 
қажеттіліктері  бар  балалардың,  оның  ішінде  даму  бұзылысының  айқындық 
дәрежесіне  байланыссыз  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қатысуын 
қамтамасыз ету ұсынылады. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау  
2016-
2017  оқу  жылында  1  сынып  білім  алушыларының  оқыту  процесі 
бастауыш  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясындағы  ҚР  МЖМБС-2015  және 
ҮОЖ-ға  сәйкес  іске  асырылады.  Осыған  байланысты,  мүмкіндігі  шектеулі 
балалар болған жағдайда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады.  
Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 
көрсетілген  білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарға 
бағдарлануы  қажет.  Алайда,  кейбір  білім  алушыларда  бағдарламаны  меңгеру 
мерзімі  ұзағырақ,  оның  нәтижесінде  олар  қалыпты  дамыған  балалардың 
бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беру  деңгейіне  сәйкес  келетін 
деңгейге жетеді.  
Білім  беру  саласында  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  құқықтары  және 
олар  орындауы  қажет  міндеттері  тең  болуы  маңызды.  Осы  орайда,  олардың  
жетістіктерін  бағалаудың  негізгі  мазмұны  шектеуді,  яғни  бұзылысты  (көру, 
есту,  сөйлеу,  тірек-қимыл  аппараты,  әлеуметтік-эмоциялық  сала)  ескере 
отырып  қалыпты  дамыған  құрбыларымен  бірдей  болуы  қажет.  Ьұл  жағдайда 
бағалануы керек:  

 
арнайы  оқу  дағдыларының  қалыптасқандығы,  мысалы,  көру 
бұзылыстары  бар  балалардың Л.  Брайль  шрифтін  меңгеріп  және/немесе  тегіс 
баспалы шрифтпен жазу мен оқу; 

 
білім  беру  салалары  бойынша  құзырет:  ауызша  және  жазбаша 
коммуникацияны  қолдану,  саналы  оқу  мен  жазуға  қабілетті  болу; 
математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың 
өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.; 

 
әлеуметтік-тұлғалық  нәтижелерді  бағалау:  өз  күшін  адекватты  бағалай 
алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
214 
заттық-кеңістіктік  ортада  (бөлмеде,  көшеде)  өз бетінше  қозғалу  кезінде  ненің 
болатынын және болмайтынын түсіну. 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
түлектері,  оның  қатарында    есту,  көру  қабілетінде,  тірек-қимыл  аппаратында 
бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген 
түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады. 
 
Білім беру ресурстары мен технологиялары 
 
Қазақстанда  инклюзивті  білім  беруді  ғылыми-әдіснамалық  және  оқу-
әдістемелік  қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар 
әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық 
және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша 
қолжетімді 
http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22
:  
1.  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың 
тұжырымдамалық тәсілдері. 
2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу 
бойынша  тәсілдеме  ұстанымдарын  табысты  ендірудің  әлемдік  тәжірибесін 
талдау.  
3.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  оқу  жетістіктерін  критериалды 
бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар. 
4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік 
және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау 
көрсету. Әдістемелік ұсынымдар. 
5. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу 
үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар. 
6.  Білім  беру  ұйымдарының  тәжірибесіне  инклюзивтік  педагогика  мен 
енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар. 
7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби 
құзіреттіліктеріне  қойылатын  талаптарды  дайындау  бойынша  әдістемелік 
ұсынымдар. 
8. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға 
интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
215 
 
10 
КЕШКІ 
МЕКТЕПТЕРДЕГІ 
ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ЖҰМЫСЫНЫҢОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Кешкі  (ауысымды)  мектеп  және  күндізгі  мектептер  жанындағы  кешкі 
бөлімдер  жалпы  білім  беретін  пәндер,  таңдау  курстары  және  факультативтер 
бойынша  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу 
бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – 
қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады. 
Кешкі мектепте және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдерінде  
білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 
20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-15 білім алушы) және сырттай жеке 
оқу тобы (сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады.  
Ерекше  жағдайларда  және  талапқа  сай  шарттар  болған  жағдайда,  кешкі 
мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асырыуы мүмкін.  
Оқытудың  барлық  нысандары  бір  білім  беру  ұйымының  шеңберінде 
жүзеге асырылады.  
Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша – 
34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды. 
Күндізгі  оқу  нысаны  бойынша  оқушыларды  аттестаттау  жарты 
жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.   
Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі 
оқу нысаны бойынша қазақ тілдінде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, 
қазақ  тілді  мектептерде  орыс  тілі  мен  әдебиетін,  шет  тілдері  және 
информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі. 
Мектепте  білім  беру  процесін  ұйымдастыру  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі. 
Кешкі  мектептің  оқу  жоспарында  тек  негізгі  пәндерді  сағат  санын 
қысқарта  отырып  оқыту  қарастырыған.  Технология,  бейнелеу,  дене  тәрбиесі 
сабақтары  оқытылмайды.  Әр  сыныпта  оқыту  аптасына  3-4  күнде  жүзеге 
асырылады.  
Кешкі  мектеп  жылдық  күнтізбелік  оқу  кестесін  белгілеуде,  бағалау 
жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес. 
Жазба жұмыстарының орындалуына қойылатын талаптар:   
 
«Тіл және әдебиет» білім саласы 
Жазба жұмыстары пән бойынша: 
«Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша тоқсанына бір рет жүргізіледі, 
оқу жылының басында - 1 жазба жұмысы. 
Қазақ және орыс тілдері бойынша мазмұндама – жылына 2 рет. 
Қазақ және орыс тілдері бойынша шығарма – жылына 2 рет. 
Қазақ және орыс тілдері бойынша тест жұмысы – жылына 2 рет. 
Қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығарма – жылына 3 рет. 
Шет тілі бойынша тест жұмысы – жылына 4 рет. 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
216 
«Математика және информатика»  білім саласы  
«Алгебра»,  «Геометрия»,  «Физика»  пәндері  бойынша  бақылау 
жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау 
жұмысы. 
 
«Физика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар: 
8 сынып – жылына 10  
9 сынып  –  жылына 4  
10 сынып – жылына 4  
11 сынып – жылына 4  
«Физика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары: 
8 сынып  – жылына 4 
9 сынып  – жылына  8 
«Информатика»  пәні  бойынша  тәжірибе  жұмыстары  –  әр  сыныпта 
жылына 4 рет.  
 
«Жаратылыстану»  білім саласы  
«Химия»  пәні  бойынша  бақылау  жұмыстары  тоқсанына  бір  рет 
жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы. 
«География»  және  «Биология»  пәндері  бойынша  бақылау  жұмыстары  – 
жылына 2 рет (тест түрінде).   
«Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыстар: 
8 сынып – жылына 8  
9 сынып  –  жылына 4  
10 сынып – жылына 4  
«Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар: 
8 сынып – жылына 4 
9 сынып  –  жылына 4  
10 сынып – жылына 4  
11 сынып – жылына 4  
«Химия» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары: 
8 сынып – жылына 2 
9 сынып  –  жылына 2 
10 сынып – жылына 2  
11 сынып – жылына 2  
«География» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары: 
8 сынып – жылына 4 
9 сынып  –  жылына 4  
10 сынып – жылына 4  
11 сынып – жылына 4  
 
Кешкі  мектептің  тәрбие  жұмысы  әлеуемттік  жағдайы  төмен  кәмілеттік 
жасқа толмаған жасөспірімдерді оңалту, бейімдеу, әлеуметтендіру және тұлға 
ретінде  дамытуға  бағытталған,  яғни  оқушыларға  тәрбие  жүйесінің  ықпалы, 
негізінен, оқушылардың бойындағы адамгершілік және құқықтық (девиантты) 
тәртібін түзетуге бағытталған.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
217 
Кешкі  мектептің  және  күндізгі  мектептер  жанындағы  кешкі 
бөлімдердіңнегізгі міндеті – түрлі себептермен күндізгі мектепте, колледждерде 
оқи  алмаған,  мысалы,  педагогикалық  бақылаусыз  қалу,  ауру  себептері,  оқуға 
деген  ынтасының  болмауы,  отбасындағы  ауыр  тұрмыс  жағдайы  және  т.б. 
байланысты келген «қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту 
және бейімдеу болып табылады.   
Кешкі  мектептің  ерекшеліктерінің  бірі  –«проблемалық  (қиын)»:  нашар 
оқитын  және  тәрбиелеуге  қиын  балалармен  жұмыс.  Олар  жұмысқа 
қабілеттерінің  төмен  болуы,  оқуға  ынтасының  болмауы  мен  тәртіпсіздігімен 
ерекшеленеді.  
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:  

Қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтылыққа  тәрбиелеу,  құқықтық 
тәрбие.  

Рухани – адамгершілік тәрбиесі. 

Салуатты өмір салты; 

Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім тәрбиесi; 

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу; 

Кәмелетке толмағандар арасында экстремизмнің және лаңкестік алдын 
алу; 

Кәмелетке  толмағандар  арасында  нашақорлық,  токсикомания, 
маскүнемдiктiң, темекі тартудың алдын алу; 

жасөспiрiм қыздың тәрбиесi;   

оқушыларға кәсiби бағдар беру; 

ата-аналармен әлеуметтiк әрiптестiк. 
 
Кешкі  мектептің  және  күндізгі  мектептер  жанындағы  кешкі 
бөлімдердіңерекшеліктеріне сай оқу үдерісі мен мектепішілік бақылауды тиімді 
ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі үшін төмендегі нормативтер бекітілген:  
36-
кесте 
№  Бақылау нысанасы  
Нормасы  

Сабақтарға  және  сыныптан  тыс  іс-
шараларға  қатысу  және  оларды 
талдау  
Аптасына 1 сабақ, жылына 34 сағат 
(директордың 
орынбасарлары 
үшін); 
2 аптада  1 сабақ, жылына 17 сағат 
(мектеп директорлары үшін). 
2  
Сынып журналдарын тексеру  
Тоқсанына 1 рет 

Пәндер 
бойынша 
оқу 
бағдарламалары-ның  орындалуын 
тексеру  
Тоқсанына 1 рет  
4  
Оқушылардың  жеке  іс  құжаттарын 
тексеру  
Жылына 2 рет 
5  
Пәндер  бойынша  тақырыптық  және 
күнтізбелік жоспарларды тексеру  
Жылына 2 рет 

Алфавиттік кітапты тексеру 
Жылына 2 рет 

Әдістемелік

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет