Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет13/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұсатаева Б. И. Кәсіби біліктілікті артыру жүйесін модернизациялауда ақпараттық технологияны 

қолдану тиімділігі. http://www.manshuk.kz/index. (09.10.2013 ж.)

2.  Хуторской А. В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы 

образования// Народное образование – 2003. №2. 58-64 беттер

3.  Аймағамбетова  К.  Инновациялық  білім  беру  //  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  журнал. 

Математика және физика. №2, 2012.

4.  Жексенгалиева  Г.  Ж.  Физика  сабақтарында  АКТ-ны  қолданудың  тиімділігі  //Республикалық 

ғылыми-әдістемелік журнал. Математика және физика. №2, 2007.

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – 

ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бибаева Б. Б.

«М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ

Зайсан қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Мақалада  автор  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынас  психологиясының  ерекшеліктерінің  мәнін  ашқан. 

Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын анықтау мақсатында сабақ үлгісін енгізген. Оқушылардың 

қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды мысал ретінде келтірген. Бұл жұмысты мектеп 

мұғалімдері, ата-аналар жеткіншектерді тәрбиелеуде көмекші құрал ретінде пайдалана алады. 

Аннотация

В данной работе автор раскрыл психологические особенности школьников. Для определения психологических 

особенностей учащихся начальных классов приведен в качестве примера фрагмент урока. Представлены упражне-

ния для развития взаимоотношений между учениками. Данную работу могут использовать родители, классные 

руководители в вопросе воспитания подрастающего поколения. 

Abstract

In this paper the author revealed the peculiarities of the psychology of communication and interpersonal interaction. In 

order to determine the mental development of children of primary school teachers and teachers cited as an example the part 

of a lesson. Examples for the development of communication skills of students. This work can be used by teachers, parents in 

the upbringing of the younger generation.

Жалпы білім беретін мектептердің 1 – сыныбына қабылданған балалар, мектептік оқу жүйесінде 

айтарлықтай  қиындықтарға  ұшырайды.  Олардың  сәтсіздіктерінің  басты  себебі  –  психикалық 

дамудың кешеуілдеуінде, ол баланың әлеуметтік дамуы сферасымен өте тығыз байланысты. Оқуға 

берерде  баланың  тек  биологиялық  жасына  немесе  дене  дамуына  сүйенбей,  мектепке  әлеуметтік 

психологиялық  даярлығы  көрсеткіштерінің  өлшемін  жасап  шығару  —  бүгінгі  күн  талабы  екенін 

уақыт өзі көрсетіп отыр [1, 25-б].

Аталмыш мәселе жөнінде А. В. Запорожец, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, Х. Т. Шерьязданова 

және  т.  б.  ғылыми  зерттеулері  кеңінен  таралған.  Ғылымда  балалар  қарым-қатынасының  мәнділігі 


81

психологтарға,  педагогтарға,  ата-аналарға  белгілі  болғанымен,  әлі  де  шешілмеген  мәселелерге 

жеткілікті.

Соңғы 30-40 жыл ішінде бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтік дамытудың белсенді, жедел әдісі 

–түрлі психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа негізделіп, 

тиімділігі дәлелденген (Л. А. Петровская, А. Г. Ковалев т. б). Тренинг жұмыстарының нәтижелері төменгі 

сыныптағы оқушылардың жеке басының дұрыс жетілуіне, әлеуметтік даму тиімділігін арттыруынан 

көрінеді.  Әлеуметтік-психологиялық  тренингтердің  әр  түрі  –  сензитивті,  оқытып-жаттықтырушы, 

өнер-би, арт (сурет) тренингтердің – төменгі сыныптағы балаларға тигізетін психологиялық әсері әлі де 

болса кеңейтіле зерттелмеген. Жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, психология ғылымының 

аса мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі [2, 14-б]. 

Бастауыш мектеп кезеңі бұл – «жеке» тұлғаның мәнді алғышаттарының қалыптасу аралығы бо-

лып табылады. В. В. Давыдов бала мектепке келісімен оқу процесінде жеке тұлғаның теориялық 

санасының негіздері жасалатындығы (ғылыми, көркемдік, адамгершілік) нұсқайды. Б. Г. Ананьев, 

балалардың  мектептегі  оқу  процесі  олардың  бүкіл  өмірін  жаңаша  ұйымдастырып,  баланың 

жанұядағы орнын өзгеретіндігіне ерекше көңіл қояды, өйткені онда жанұядан тыс міндеттер, яғни 

міндетті  оқу  еңбегі  пайда  болады.  Психологтар  бастауыш  мектеп  жасындағы  оқушының  жеке 

тұлғасының  қалыптасуындағы  оқу  іс-әрекетінің  мәніне  ерекше  көңіл  бөліп,  «оқушының  ішкі  по-

зициясын қабыл алу», (Л. И. Божович), «оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының 

жаңа көздерін ашатын, мінез-құлық мртивтерінің өзгерісі» (В. В. Давыдов), баланың «мектепте оқу 

міндетін»  сезінуде  қамтылған  қоғамдық  орынның  өзгерісі  (Н.  Ф.  Добрынин)  сияқты  аспектілерді 

бөліп көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады, ол адамның 

ақиқатқа,  өз-өзіне,  басқа  адамға  белсенді  түрде  бағытталған  қатынасының  күрделі  жүйесін 

құрайды, әрі түрткілердің әртүрін қамтиды (Л. И. Божович). Оқушының мотивациялық сферасы 

оның эмоционалды – еріктік сферасына, оның ақыл-ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың 

қайта  құрылуына  әсер  ететін  өте  мәнді  фактор  ретінде  «педагогикалық  бағамен»  анықталады. 

Психологтардың  ойынша,  бастауыш  мектеп  жасындағы  балалардың  өзара  қатынастарының 

негізгі  бет  бейнесі,  олардың  достық  қатынастарының  сыртқы  өмірлік  жағдайлары  мен  кездейсоқ 

қызығушылықтарының бірігіп кетуінде [3, 48-б].

Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекеті болып табылады. Қарым-

қатынас көбінде өз-өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде 

қарастырылады (М. И. Лисина). 

Адам өмірінің мектепте өткен кезеңі оның екінші сатысы болып табылады. Дамудың осы жас 

шамасында  жеке  тұлғаның  және  оқу  танымдық  субъектісінің  оқу  процесін  қамтамасыз  ететін 

психологиялық  құрылымдары  қалыптаса  бастайды.  Мектеп  кезеңінде  жеке  тұлға  мен  іс-әрекет 

субъектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі, жалпы және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, 

мақсатты түрде болжай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кәсіби бағытқа мой-

ын бұра бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-әрекетін өз екркімен реттей алу іскерлігі 

қалыптаса  бастайды.  Баланың  әлеуметтік  ортада  бағдарлануы  мен  мінез-құлқының  үлгілерін 

меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Ең алдымен, баланың 

ересектермен жанамаланған және тікелей қатынасы арқылы оған ата-бабалардың көне мұралары 

жетіп отырады. Сонымен бірге тек қарым-қатынас арқалы ғана психиканың әлеуметтік нормалары 

(сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың, перцепцияның, ырықты түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері 

және  т.  б.)  қалыптаса  алады.  Балалардың  мектепке  келу  мерізімінен  бастап  және  олардың  осы 

кезеңге  дейінгі  ойын  іс-әрекетінде,  оқушыларда  жеке  тұлғаның  қарым-қатынасты  қамтамасыз 

ететін  қасиеттерінің  қарқынды  түрде  қалыптасу  процесі  орын  алады.  Балалардың  жанұядағы 

және  құрдастарымен  қарым-қатынастарынан  тыс,  мұғалімге,  құрдастарына  қатысты  қарым-

қатынастың  жаңа  түрлері,  және  оқушылардың  түрлі  үйірмелер  мен  топтарға  енуінің  негізінде 

достық қатынастардың жүйесі де қалыптаса бастайды. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры 

адамдардың  бір-бірімен  ақпарат  алмасу  үрдісінде  анықталады;  қарым-қатынастың  интерактивті 

жағы  адамдардың  өзара  әректтестігін  ұйымдастыруда  көрінеді.  Қарым-қатынастың  құралдары: 

а)Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы 

сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру. ә)Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (да-

уыс  ырғағы),  эмоциялы  айқындылық.  б)Қарым-қатынастығы  адамның  отырысы,  бет  әлепетінің 

көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады. в)Ым-ишара 

(жест) қарым-қатынастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін – яғни әрқайсысы өзіне 

тән мағынамен сипатталады [4,32-б].

Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер 

оның  7%  құрса,  дыбыстар  мен  дауыс  ырғағы  37%,  сөйлеу  тілінің  қатысынсыз  жүрген  әсер  33% 

құрайды  екен.  Адамның  ішкі  күйін  бейнелейтін  бет  әлпетіндегі  бұлшық  еттерінің  қозғалыстары, 

оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды, яғни адамның 


82

көздері,  көзқарасы,  бет-әлпеті  оның  айтылған  сөзінен  бетер  анықтама  бере  алады.  Ал  адамның 

маңдайы, қасы, аузы (ерні, көзі, мұрны, иегі) оның түр негізгі эмоцияларын анықтайды.

Бастауыш  сыныпта  «Қарым-қатынас  психологиясы»  тақырыбында  өткізген  сабағымда  осы 

мәселені шешуге тырыстым. 

Сабақта  қойған  мақсатым:оқушыларды  қарым-қатынас  туралы  білімін  кеңейту  және  қарым-

қатынас мәдениетін үйрету. Оқушылардың қарым-қатынас психологиясының ерекшілігін анықтау 

үшін мына нақыл сөздерді жазып қабырғаға іліп қойдым.



Ұлағатты сөздер:

«Адамдар бір-бірі үшін өмір сүреді» (Марк Аврелий).

«Адам көп нәрселерсіз өмір сүре алады, тек адам адамсыз өмір сүре алмайды» (Л. Берне).

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» (А. Линкольн).

«Басқа адамның әрқашанда жаман жағын емес, жақсы жағын ізде» (Л. Н. Толстой).

«Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды» (М. Лютер) [5,58-б].

Қарым-қатынас  ұғымын  кім  енгізгені  жөнінде  тоқталып,  және  оның  бастапқы  мәнін  аштым. 

Психологтардың қарым-қатынас туралы көзқарастарын айта отыра, оқушыларға қарым-қатынастың 

құрлымын,  деңгейін  көрсетуге  тырыстым.  Оқушылардың  қарым-қатынас  дағдыларын  дамытуға 

арналған жаттығулардың пайдасы мол болды. 

«Өз үйіріңді тап». Балаларға жануарлар аты жазылған жолақтар таратылады. Көздері байланған 

қатысушылар осы жануарлардың дыбысын шығарады.



«Үндемейтін  және  сөйлейтін  айна»  жаттығуы.  Бұл  жаттығудың  авторы  Г.  И.  Марасанов. 

Жүргізуші  топ  ішінен  өз  еркімен  шыққысы  келетін  қатысушыны  ортаға  шығарады,  ол  айнаға 

қарайтын болады. Ойыншының міндеті екі айнаның көмегімен артына келіп тұратын адамды табу 

болып табылады. Бұл айналар әрине тірі айналар болады. Біреуі үндемейтін: ол қатысушыға артында 

тұрған адам туралы, оның кім екенін мимика, жест арқылы көрсетеді. Екінші айна – сөйлейтін айна: 

ол қатысушыға артында тұрған адамнң есімін атамай, онң қандай адам екенін айтады. Қатысушы өз 

еркімен топ ішінен өзіне үндемейтін және сөйлейтін айна таңдап алады. 

Қатысушы  таңдау  жасағаннан  кейін  жүргізуші  «айналарға»  ойын  ережесін  түсіндіреді. 

Айналар қабырғаның жанында тұрады. Негізгі ойыншы олардың алдында тұрады. Қалған барлық 

қатысушылар  оның  артқы  жағына  жайғасады  да  біртіндеп  шуламай  оның  артына  келіп  тұрады. 

Бірінші үндемейтін жұмыс істейді. Егер негізгі ойыншы оның артында кімнің тұрғанын таба алмаса, 

онда сөйлейтін айна жұмысқа кіріседі. Ол тек бір ғана сөйлем айтады. Егер ойыншы тағы да таба 

алмаса, үндемейтін айна қайта түсіндіреді. Осылай жалғасып кете береді. Ойыншының мақсаты – 

артында тұрған адамды неғұрлым тез арада табу.



Сыйлық беру. Әрбір оқушы өз сыныбындағы құрбыларна оның жақсы қасиеттерін айта отырып 

сыйлық береді. Сабақтың нәтижесінде балалар жақсы әсер алды, өздерін толғандырған мәселе бой-

ынша белсенділік танытты.

Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлеуметтік рөлдері бар. Алайда 

қандай рөлді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, 

өзіне  қатысты  сыншылдығына,  мінез-құлқының  икемділігіне  байланысты.  Адамның  даралық 

психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темпера-

мент қасиеттерінде көрініс табады. 



Әдебиеттер тізімі

1. Исмаилов Д. А., Абишева Ж. А. Развитие личности ребенка в процессе предшкольной подготовки. 

Алматы: Рауан, 1998.

2. Шерьязданова Х. Т., Суркова Т. И. Педагогу о стиле общения с детьми, Алматы: Рауан, 1996.

3. Рубинштейн С. А. Проблемы общей психологии, Москва: Педагогика, 1976.

4. Джакупов С. М. Психология познавательной деятельности. Алма-Ата: Изд-во КазГУ, 1992.

5. Мухина В. С. Возрастная психология. Москва, Педагогика, 1998.


83

ПРЕДШКОЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ – ОСНОВА ПРЕЕМСТВЕННОСТИ

Белозерова К. Н.

Директор школы развития «Почемучка»



Аңдатпа

Мақалада  «балабақша-бастауыш  мектеп»  құрылымындағы  сабақтастық  мәселелерінің  көкейкестілігі 

негізделеді.  Сонымен  қатар  автор  «Почемучка»  даму  мектебінің  қызметі  мысалында,  теориялық  негізін 

жасаудағы және жүйенің толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі өз тәжірибесін қорытындылайды.

Аннотация

В настоящей статье автором обосновывается актуальность проблемы преемственности в структуре «дет-

ский сад-начальная школа». При этом автором обобщается собственный опыт по разработке теоретических ос-

нов и обеспечению успешного функционирования непрерывной системы обучения на примере деятельности школы 

развития «Почемучка».

Abstract

In this article the author grounds the importance of the problem of continuity in kindergarten-primary school» structure. 

Herein, the author summarizes his own experience in developing theoretical basis and support of successful operation of 

continuous training system through the example of the «Pochemuchka» school.

Школа и детский сад – два смежных звена в системе образования. Сформировавшиеся у детей в 

детском саду многочисленные привычки, навыки, знания составляют необходимый фундамент, на 

основе которого строится все дальнейшее обучение и воспитание в школе. Они помогают ребенку 

включиться в новые условия. Поэтому в учебно-воспитательной работе школы и любого дошколь-

ного учреждения, обеспечивающего необходимую подготовку детей к обучению в школе, должна 

существовать преемственность в соответствии с Законом РК «Об образовании», в статье которого 

говорится, что общеобразовательные программы дошкольного и начального общего образования 

должны быть взаимосвязаны. 

Поступление в школу – это, прежде всего, переход ребёнка на качественно новую ступень своего 

развития. Проблема преемственности между дошкольным и начальным образованием актуальна 

во все времена. Понятие преемственности сегодня трактуется как непрерывный процесс развития, 

воспитания и обучения ребёнка, имеющий общие и специфические цели для каждого возрастного 

периода, т. е. это связь между различными ступенями развития [2,3]. Не случайно в настоящее вре-

мя необходимость сохранения преемственности и целостности образовательной среды относится к 

числу важнейших приоритетов развития образования в Казахстане.

Результаты научных исследований [4], опыт учителей-практиков способствуют современному 

пониманию преемственности между детским садом и начальной школой, отличному от ограни-

ченного понимания преемственности лишь по учебным предметам, по совокупности и характеру 

знаний, умений и навыков, которым необходимо обучать детей в детском саду, и знаниями, с кото-

рыми должны приходить дети в школу.

На современном этапе произошло смещение акцента в понимании готовности ребенка к об-

учению  в  школе  с  интеллектуальной  на  личностную  готовность,  которая  определяется  сформи-

рованной «внутренней позицией школьника» [2], (способностью ребенка принять на себя новую 

социальную роль ученика). Во главу угла выходят сформированные познавательные мотивы обуче-

ния, то есть сознательное желание ребенка учиться, познавать что-то новое, опираясь на уже полу-

ченные знания. Таким образом, для современного первоклассника становится важным не столько 

обладать инструментом познания, сколько уметь им осознанно пользоваться.

На основе результатов современных научных исследований, собственного практического опыта 

нами определен тот минимум качеств, которым должен обладать выпускник дошкольной органи-

зации образования: физически развитый, владеющий основными культурно-гигиеническими на-

выками; любознательный, активный, эмоционально отзывчивый; владеющий средствами общения 

и способами взаимодействия со взрослыми и сверстниками; способный управлять своим поведе-

нием и планировать свои действия на основе первичных ценностных представлений, соблюдаю-

щий  элементарные  общепринятые  нормы  и  правила  поведения;  способный  к  решению  интел-

лектуальные и личностно значимых задач (проблем), адекватных его возрастным возможностям; 

владеющий универсальными предпосылками учебной деятельности – умениями работать по уста-

новленным правилам и стандартам, слушать взрослого и выполнять его инструкции.



84

Сегодня дошкольные организации образования испытывают потребность в общеобразователь-

ной  программе,  разработанной  на  основе  комплекса  программ  дошкольного  образования,  про-

граммы инклюзивного дошкольного образования и парциальной программы дошкольного обра-

зования  с  осуществлением  социально-личностного  развития  детей.  Она  должна  соответствовать 

принципу развивающего образования, целью которого является развитие ребенка, а также сочета-

ет принципы научной обоснованности и практической преемственности. Комплексная подготовка 

детей к школе по основной общеобразовательной программе определяется разнообразными на-

выками и умениями, помогающими овладеть школьными предметами. Она также включает в себя 

проведение различных мероприятий, обеспечивающих такое физиологическое и психологическое 

состояние дошкольника, при котором он будет в состоянии безболезненно привыкнуть к школь-

ному распорядку и сможет наиболее эффективно выполнять те требования, которые предъявляет 

школа.

Ребенок – не пассивный слушатель, воспринимающий готовую информацию, передаваемую 



ему  воспитателем.  Именно  активность  ребенка  признается  основой  развития:  знания  не  пере-

даются в готовом виде, а осваиваются детьми в процессе деятельности, организуемой педагогом. 

Таким образом, образовательная деятельность выступает как сотрудничество воспитателя и ре-

бенка,  что  способствует  развитию  коммуникативных  способностей  у  детей,  как  необходимого 

компонента учебной деятельности. Учитывая ведущий вид мышления дошкольников – нагляд-

но-действенное, наглядно-образное, – одним из ведущих методов, используемых педагогами при 

организации познавательной деятельности является метод наглядного моделирования, который 

позволяет обучать детей умению использовать знаково-символические средства изучаемой ин-

формации (создание моделей, схем и пр.). Это помогает ребенку осваивать явления окружаю-

щего  мира,  которые  невозможно  воспринимать  непосредственно,  а  также  формирует  у  детей 

понимание связей между явлениями окружающего мира, их особенности, умения устанавливать 

причинно-следственные связи.

В  школе  развития  «Почемучка»  –  это  та  форма  взаимодействия  воспитателя  с  детьми,  при 

которой  педагог  по  своей  инициативе  предлагает  определенное  образовательное  содержание. 

Дошкольникам необходим и такой вид взаимодействия наряду с совместной и самостоятельной 

деятельностью. На занятиях дети общаются, спорят, отстаивать свою точку зрения, доказывают, 

а не механически отвечают на вопросы после поднятия руки. Для реализации принципа преем-

ственности мы используем ряд условий: высокопрофессиональные специалисты; специально ор-

ганизованная развивающая среда; методическое обеспечение; тесное сотрудничество детского сада 

и школы.


Цель работы школы развития «Почемучка» по осуществлению преемственности со школой – 

подготовка детей к органичной адаптации к обучению в школе.

Данная цель конкретизируется в таких задачах, как: интеллектуальное и эмоциональное разви-

тие ребенка; развитие способностей; физическое развитие и укрепление здоровья детей; последу-

ющая успешная адаптация детей к школе; развитие коммуникативных качеств личности; педаго-

гическое обучение родителей; психическая подготовка к учебе детей в школе.

Нами были определены три основных направления обеспечения преемственности между до-

школьным и школьным образованием, в числе которых:



• методическая работа с педагогами (ознакомление с нормативными документами, обсуждение 

критериев «портрета выпускника» и т. д.), поиск путей их разрешения, изучение и обмен 

образовательных технологий, используемых педагогами детского сада и школы);

• работа  с  детьми  (знакомство  детей  со  школой,  учителями,  организация  совместных 

мероприятий);



• работа с родителями (получение информации, необходимой для подготовки детей к школе, 

консультирование родителей по вопросам своевременного развития детей для успешного 

обучения в школе).

Методическая работа осуществляется через проведение семинаров-практикумов, бесед, мето-

дических встреч для педагогов школы и детского сада по темам: «Адаптация учащихся 1-х клас-

сов к обучению в школе», «Психологическая готовность ребёнка к школе», «Задачи детского сада 

и  семьи  в  подготовке  ребёнка  к  школе».  Семинары  включают  в  себя  взаимопосещения  уроков 

в первых классах школы и открытых занятий в выпускных группах. На занятиях в детском саду 

присутствуют учителя, набирающие детей в 1 класс в предстоящем учебном году. После занятий 

педагоги  имеют  возможность  совместно  обсудить  насущные  проблемы  и  скорректировать  свою 

деятельность,  что  даёт  возможность  совершенствовать  методы  обучения  детей.  Традиционной 

формой  знакомства  будущих  первоклассников  со  школой  являются  экскурсии  воспитанников 

подготовительных групп в школу. Беседы и встречи с учащимися школы, которые посещали наш 

детский сад – всё это вызывает у наших ребятишек желание пойти в школу, интерес, убирает страх 



85

и вселяет уверенность в своих силах. Работа с родителями ведётся на протяжении всего учебного 

выпускного года. В детском саду работает школа для родителей выпускных групп «Первый раз в 

первый класс». Родительские собрания о подготовке ребёнка в школу, о развитии познавательных 

и творческих способностей, о выборе школы и будущих программ обучения детей. Учителя бу-

дущих первоклассников и психолог школы отвечают на все вопросы родителей, после собраний 

проводятся индивидуальные консультации. Всё это позволяет родителям определиться с выбором 

школы, когда их ребёнок находится ещё в детском саду.

Нами выработан единый взгляд на желаемый для школы образ выпускника. Результатом осу-

ществления воспитательно-образовательного процесса является качественная подготовка детей к 

обучению в школе. Практика нашей школы развития показывает, что дети, получающие дошколь-

ное образование в детском саду, имеют более тесное взаимодействие с младшими школьниками, 

будущим учителем, раскрепощаются, раскрываются в совместных мероприятиях, при проведении 

праздников и утренников, при посещении школы. Став первоклассниками, бывшие выпускники 

успешно адаптируются в новых условиях. Успешность воспитания и обучения детей на дошколь-

ном уровне обеспечивается интеграцией деятельности администрации детского сада, педагогиче-

ского коллектива, родительской общественности и иными общественными организациями, при-

нимающими участие в процессе воспитания и обучения детей. Согласованная и плановая работа 

школы и детского сада позволяет оценить адаптацию наших выпускников, поговорить о каждом 

ребёнке, постараться помочь ему, основываясь на данных наблюдений, проведённых за ним ещё 

в детском саду. Думается, что такое сотрудничество ради детей и позволяет нам добиваться по-

ложительных результатов в работе. Данные ежегодно проводимого мониторинга адаптации по-

казывают, что у 85% наших выпускников высокий уровень адаптации к школе, у 15% – средний 

уровень адаптации, а дезадаптированных детей нет. Высокий уровень мотивационной готовности 

к поступлению в школу наблюдается у 79% детей, средний уровень – у 21% детей. По результа-

там  индивидуальных  бесед  с  родителями  и  отзывов  школ  города  выпускники  школы  развития 

«Почемучка» хорошо осваивают программу; уровень их соответствует требованиям, предъявляе-

мым к дошкольникам, подготовка детей к школе оценивается учителями как достаточная, роди-

тели воспитанников удовлетворены уровнем подготовки детей к школе. Системный мониторинг 

успешности адаптации к обучению выпускников детского сада, реализуемый нами ежегодно, по-

зволяет сделать вывод, что представленная нами система работы дает положительные результаты. 

Наиболее успешно выпускники учатся по предметам математического и гуманитарного циклов. 

Результатом осуществления воспитательно-образовательного процесса является качественная под-

готовка детей к обучению в школе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет