Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата13.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#4074
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қазақы əуен:

«Любовы» жоқ неғылған девiшкесiң,

«Однолюб» болмасаң семiшкесiң.

Құралай,

Саған ғашық мың ағай.

Бiреуi жоқ, бұ қалай?

Орыс частушкасы:

– У подружки два парнишки,

У меня ни одного.

Я паду подружке в ноги,

«Дай парнишку одного!»

Ой, подруга дорогая,

Тебе милым не владеть.

Он с тобою сядет рядом –

На меня будет глядеть!

Қазақы əуен:

Көрсеқызар еркекке қалай дерсiң,

Көзiн сатып ол, мейлi, қарай берсiн.

295

Таңдашы-ай,

Өйтiп те бүйтiп алдашы-ай.

Арбалып бiрақ қалмашы-ай!

Орыс частушкасы:

– У подружки фартук новый,

У меня оборванный.

У подружки – чернобровый,

У меня – отобранный.

Отбывай подруга друга,

Отбывай – твоя рука.

Я на силу отказалась,

От такого дурака!

Қазақы əуен:

Тартып iшкен тамағың тəттi болар,

Тартып алған күйеуiң əккi болар.

Қу бала-ай,

Құтырсын, мейлi, бурадай.

Тiл табысшы туламай.

Орыс частушкасы:

– Задушевная подружка,

Ты держись за одного.

Завлекать чужого будешь,

Потеряешь своего.

Нынче кофточки – не в моде,

В моде распашоночки.

Нынче девочки – не в моде,

В моде разведеночки.

Қазақы əуен:

Ыдыс-аяқ үйдегi сылдырлайды,

Мықтап ұста сонда да құрғыр байды.

Арман-ай,

Ажырассаң аңдамай

Қаларсың атсыз арбадай.

Орыс частушкасы:

– Мама чаю, мама чаю,

Чаю кипяченого.

Мама замуж, мама замуж,

Только не ученого!

Раньше девок угощали,

Сладкими конфетами.

А теперь их угощают,

Только сигаретами!

Қазақы əуен:

Түзу қыздар үйiнде шай iшiп жүр,

Түтiндетiп көп сұлу майысып жүр.

Зибаш-ай,

Қасыңның қара қиғашы-ай.

Өзiңдi-өзiң сыйлашы-ай!

Балымша-ай,

Электрдiң шамынша-ай,

Тамаша жiгiт табылса-ай!..

1997 жыл

297

ТIС ШЎЌЫЄЫШ

(Қыз бен жiгiт қол ұстасып шығады)

Жiгiт: – Қарашы, жаным, айналаға қарашы!

Қыз: – Өлə-ə-ə, ағай, «Айналаға қарашы, айналаға қара-

шы!» дейсiз, таздың басындай тап-тақыр ғой! Осыдан отыз 

жыл бұрын Асекең еккен ағаштар қайда кеткен?

Жiгiт: – Отап-отап, отқа жағып жiберген.

Қыз: – Өлə-ə, ағай! Бiр ағаш қалып кетiптi ғой!

Жiгiт: – Кəне?

Қыз: – Əне! Оны кiмге қалдырған?

Жiгiт: – О! Осы мəселенi көтерем. Мен – депутат болам! 

Мəселенi қайқайтып қабырғасынан қоям!



Қыз: – Өлə-ə-ə, ағай, сонда сiз бiр ағашқа бола депутат 

боласыз ба? Ал, сiз депутат болғанда не iстейсiз?



Жiгiт: – Мен сол жапанда қалған жалғыз ағашты кесемiн 

де, саған келi мен келсап жасап берем. Тары түйiп, майсөк 

жегiзем!

Қыз: – Туу-у, жақсы болды ғой, онда үйленейiк, ағай.

Жiгiт: Онда қазiрден бастап кiрiсе берейiн. Кеттiм!

Қыз: – Өлiп-талып бұл ағай

Сүйген болар, жар-жар.

Ғашықтардың қамытын

Киген болар, жар-жар.

Отырған қыз орынын

Тапса жақсы, жар-жар.

Барар жерi бидайдың

Диiрмен болар, жар-жар.

Өлiп-талып бұл ағай

Сүйген болар, жар-жар.

Қыз дегенiң қадаусыз

Түймең болар, жар-жар.

Еркек деген шiркiн-ай,

Инең болар, жар-жар!

(Жiгiт алқынып жүгiрiп келедi).


298

Қыз: (Белiн таянып). – Əй, келi қайда, келсап қайда? Тап!

Жiгiт: – Қап!

Қыз: – Не қап? Тап!

Жiгiт: – Так, так! Келi мен келсапты қазiр алып келемiн, 

жаным. Қазiр, қазiр!

(Жiгiт кетедi).

Қыз: – («Бипыл-ай» əнiмен)

Сылдыр, сылдыр қамысқа

Сырғам түстi, ахоу.

Сылдыраған жiгiтке

Жылдам түстiм, ахоу...

Тəнiм-ай, 

Жылдам түстiм, жаным-ай.

Махаббаттан күштi ме

Майсөк деген, ахоу,

Келi-келсап күтумен

Күйiп-пiстiм, ахоу.

Тəнiм-ай, 

Келсап қайда, жаным-ай?

А-а-а-ай,

Сылдыр, сылдыр, сылдыр-ай,

Келсап күтiп тұрмын-ай.

Келсап, келсап, келсап-ай,

Келсап əкеп берсең-ай...

(Жiгiт жүгiрiп келедi).

Жiгiт: – Кешiр,  жаным!  Асекең  еккен  ағашты  жонып-

жонып, келi мен келсап... жасай алмадым.



Қыз: – Сонда депутаттар көлеңкесiне қарап көйлек пiше 

ме?


Жiгiт: – Пiшпейдi,  пiшпейдi.  Айтқанын  iстейдi.  Мен  де 

айтқанымды iстеймiн. Айттым – бiттi. Мен саған кетпен сап 

жасап берем! (Жүгiрiп кетедi).

Қыз: – Күйеу деген көзiмнiң

Ағы болды, ахоу.

Уəдесiн құбылтып

Тағы бердi, ахоу...

Тəнiм-ай,


299

Уəде бердi жаным-ай.

Сайтан күйеу сарғайтып

Күттiргенi, ахоу,

Сала құлаш кетпеннiң

Сабы болды, ахоу...

Тəнiм-ай,

Кетпен қайда, жаным-ай?

А-а-а-ай,

Сылдыр-сылдыр, сылдыр-ай,

Кетпен күтiп тұрмын-ай.

Кетпен, кетпен, кетпен-ай,

Кетпен қайда кеткен-ай?

Жiгiт: – (Жүгiрiп келедi). Босамашы, жаным. Əй, бiрақ... 

Кетпен  саптың  керегi  не?  Мен  саған,  айтпады  деме,  ағаш 

қасық жасап берем! Ағаш қасықпен, айхай, шiркiн, ақ қоян-

ның сорпасын iшесiң!



Қыз: – А?  Ағаш  қасық?  Түу-у,  жақсы  болды  ғой! (Реңi 

бұзылып). Əй, сен осы ас iшпей жатып аузымды күйдiрмешi!



Жiгiт: – Ағаш  қасықтан  ауызың  күймейдi,  айналайын. 

Қазiр саған ағаш қасық жасап əкеп берем. (Кетедi).



Қыз: – Қасық қайда, қарағым,

Қасық қайда, ахоу.

Миллион сөз миыңды

Ашытпай ма, ахоу,

Тəнiм-ай,

Ашытпай ма, жаным-ай?

Үйiп-төгiп уəде,

Сөз берiп ең, ахоу,

Бұл депутат дегендер

Асықпай ма, ахоу,

Тəнiм-ай, 

Қасық қайда, жаным-ай?

А-а-а-ай,

Сылдыр, сылдыр, сылдыр-ай,

Қасық күтiп тұрмын-ай.

Қасық, қасық, қасық-ай,

Кеттiң бе əлде қашып-ай? 


Жiгiт:  (Қуанып) – Сүйiншi,  жаным!  Жасадым!  Ақыры 

жасадым!


Қыз: – Не жасадың? Ағаш қасық па?

Жiгiт: – Ағаш  қасық?  Ағаш  қасық  емес,  тiс  шұқығыш 

жасадым! Мə, тiсiңдi шұқы.



Қыз: – Шұқысаң – өзiң шұқы!

Жiгiт: – Жоқ, жаным, мен бiр ағаштан, екi тiс шұқығыш 

жасадым. Мə!



Қыз: – Екi тiс шұқығыш? Бiр ағаштан екi тiс шұқығыш! 

(Екеуi əндетiп кетедi):

Сен барасың сен қайда,

Мен барамын мен қайда.

Тiс шұқығыш табылды,

Талшық болса таңдайға!



301

МАЌАЛ ЖАРЫС



Анау: – Əй, құрдас! Балағың батпақ жалап, қайдан келе-

сiң?!


Мынау: – «Мұрның барда пысқыр, тiсiң барда ысқыр!»

Анау: – Пысқырғаны несi, ысқырғаны несi? Түк түсiнсем 

бұйырмасын.



Мынау: – Түсiнсең де осы, түсiнбесең де осы. Кандидат-

тық диссертация қорғадым.



Анау: – Диссертация? «Итке темiрдiң керегi не?»

Мынау: – «Торғайға  шоқитын  тары  жақсы,  бақырауық 

түйенiң де бары жақсы».



Анау: – Диссертацияның тақырыбы не?

Мынау: – Мақал!

Анау: – Кəдiмгi  мақал-мəтел  ме?  Мақалдап,  мақамдап 

сөйлемейтiн  қазақ  жоқ.  Е,  ендеше  қазақтың  бəрi  кандидат 

болды ғой.

Мынау: – Сен өйтiп мақалдың маңызын түсiрме! «Сөздiң 

көркi – мақал, шалдың көркi – сақал».



Анау: – Мақалдан кандидат болсаң, сақалдан докторлық 

қорғайтын шығарсың.



Мынау: – «Үлкен қызыңды бермесең де, кiшi қызыңа ри-

замын» дептi ғой. Мен мысалы мынадай жаңа мақал-мəтел 

ойлап шығардым.

Анау: – «Бiр қызымнан бiр қызым əм сорақы» деген бе?

Мынау: – Жоқ, ондай емес, «Қораз бен тауық достасса, 

көп болады жұмыртқа» деген мақал... Қалай, күштi ме?



Анау: – Қоразың да күштi, тауығың да күштi, жұмыртқаң 

да  күштi.  Бiрақ,  мақалың  күштi  емес.  Мен  ондай  мақалды 

Ос-ағаң секiлдi ойлап отырып шығарам.

Мынау: – «Күшенуге де күш керек», шамаң жете ме?

Анау: – Жеткенде  қандай!  Мысалы... «Ұйқың  келсе – 

ұйықта», «Шөлдесең су iш».



Мынау: – Ой, ондай мақал болмайды.

Анау: – Болады!

Мынау: – Болмайды.

302

Анау: – Қазiргi  заманда  болмайтын  нəрсе  жоқ.  Болады. 

«Бөрi  байлауға  көнбес,  тарақан  айдауға  көнбес»  демекшi, 

өзiң бұра тартатын бұзық екенсiң.

Мынау: – Сен де қызық екенсiң. Майы сiңген мақалды 

өзгертуге бола ма?



Анау: – Болады.

Мынау: – Тапқыш болсаң, тапшы ал. Мысалы, «Батамен 

ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер».



Анау: – Төбелеспен көз көгерер.

Мынау: – «Отпен ойнама, өрт шығады».

Анау: – Шын  iздесең,  таздың  басынан  да  бiр-екi  бит 

шығады».


Мынау: – «Екi сиыр – айран».

Анау: – Екi қатын – ойран.

Мынау: – «Жақсы жiгiттiң жауы болмайды».

Анау: – Маскүнемнiң сауы болмайды,

Юбканың ауы болмайды.



Мынау: – «Тазда тарақ болмайды».

Анау: – Шортикте балақ болмайды.

Мынау: – Тауықта таға болмайды.

Анау: – Коммерцияда баға болмайды.

Мəйкiде жаға болмайды.



Мынау: – «Сынық қоңырау сыңғырлап жарытпас» демек-

шi, жарты мақал айтып жарытпадың. Айтысқа қалайсың?



Анау: – Қалай болса солаймын.

Мынау: – Ендеше,  екеумiз  мақал  жарыстырып  айтыса-

йық. Ұста домбыраңды!



Анау: – «Шапқылағанның бəрi шабандоз емес». Ал, қане, 

шаң шығармай шапқылап көр!..

(Қырғыздың «Еламан» əнiнiң əуенiмен)

Анау: – Қарап тұрмай қайқайып,

Жұрттың миын шайқайық.



Мынау: – «Мақал – сөздiң мəйегi»,

Мақал-мəтел айтайық.



303

Анау: – «Құда деген – мың жылдық,

Күйеу деген – жүз жылдық».



Мынау: – Коньягың – үш жылдық,

Самопалың – бiр күндiк.



Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,

Айналайын садағам.

Құдаң аман болсын деп

Айта жүршi анаған.



Анау: – Сенiң миың ашиды,

Менiң миым ашиды.



Мынау: – «Көк есектi көк есек

Несиеге қасиды».



Анау: – Ауылымда ата бар,

Ауызыңда бата бар.



Мынау: – «Массың!» десе екi адам,

Етпетiңнен жата қал».



Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,

Айналайын садағам.

Атаң аман болсын деп

Айта жүршi анаған.



Анау: – Сөздiң бəрi мəрт емес,

Сөйлей беру шарт емес.



Мынау: – «Маңырағанның бəрi де

Маңырағанмен марқа емес».



Анау: – Тұрып едiм азанда,

Болмай қалды мазам да.



Мынау: – «Қыздың көзi – жiгiтте,

Қарттың көзi – қазанда».



304

Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,

Айналайын садағам.

Қазан аман болсын деп,

Айта жүршi анаған.



Анау: – Ат мiнбейсiң əйда деп,

Сен сұрама «Қайда?» деп.



Мынау: – «Мың теңгелiк қамшыдан

Бiр теңгелiк пайда жоқ».



Анау: – Қазан отсыз қайнай ма,

Беттiң əрi таймай ма?



Мынау: – «Шал да болса тиiп ал,

Бас-басыңа бай қайда?»



Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,

Айналайын садағам.

Байың аман болсын деп

Айта жүршi анаған.



Анау: – Əлек болып ағам жүр

Əр əйелден татып ас.



Мынау: – «Бiр бөрiктiң астына

Сыймайды ғой екi бас».



Анау: – «Айдағаны бес ешкi,

Ысқырығы жер жарады».



Мынау: – Қазiр құдайға шүкiр, екi ешкiсi бардың да ыс-

қырығы жаман емес.

Жаман емес ысқырық,

Жаман емес ысқырық.



Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,

Айналайын садағам.

Ешкiң аман болсын деп

Айта жүршi анаған.



305

Анау: – Көп уəде, бұйрықтан.

Халық қалай ширыққан?



Мынау: – «Қазiр пiскен өкпе артық,

Кейiн пiскен құйрықтан».



Анау: – Көрiп едiм сестенi,

Болмай қапты еш құны.



Мынау: – «Қасқыр байғұс қартайса

«Əпке!» дейдi ешкiнi».



Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,

Айналайын садағам.

Əпкең аман болсын деп

Айта жүршi анаған.



Анау: – Жеңгемiздiң сұрын-ай,

Айтатұғын сырын-ай.



Мынау: – «Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай,

Бiздiң Ыбырай – сұмырай!»



Анау: – Бастық көнбес ырыққа,

Бiзге мойын бұрып па?



Мынау: – «Күлген ауыз көрiктi,

Жылаған ауыз жырық па?»



Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,

Айналайын садағам.

Бастық аман болсын деп

Айта жүршi анаған.



Анау: – Заңсыздыққа күйдiң бе,

Заңдылықты сүйдiң бе?



Мынау: – «Қара қылды қақ жарған

Өңешi бар бидiң де».



Анау: – «Сен алдасаң – алдадың,

Мен де сенi алдадым».



Мынау: – «Намазыңды оқыдым,

Дəретiмдi алмадым».



Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,

Айналайын садағам.

Дəрет түзу болсын деп

Айта жүрсiн анаған.



Анау: – Мен қайдағы жоқты айтам,

Көзiн сүздi көк байтал.



Мынау: – Бүлдiрерсiң сен ендi,

Осы жерден тоқтай қал!..



2002 жыл

307

ЇСТЕМ БОЛСЫН МЕРЕЙIЅ!..

(«Жан досым» əнiнiң əуенiмен)

Өмiр бiздiң қалтамызға қол салды,

Өмiр бiздiң көк базарға жол салды.

Кеше ғана кекiргендер

Бүгiн – аш, 

Тоқ адамды көрген сайын томсарды.

Жан досым,

Үстем болсын мерейiң,

Мен саған

Қалай пəтер берейiн?

Үйiмiз де бiр болсын,

Күйiмiз де бiр болсын.

«Жетiм бұрыш» жетiлмеген жетiмек,

Пəтер iздеп тоз-тоз болып кетiп ек.

Төлеп жүрмiз теңгемiздiң жартысын,

Ал, жартысын төлей ме екен өкiмет?

Жан досым,

Үстем болсын мерейiң.

Əрқашан

Мен соңыңнан ерейiн.



Мұңымыз да бiр болсын,

Сырымыз да бiр болсын.

Өмiр бiздiң теңгемiздi жаңартты,

Өмiр бiздiң жеңгемiздi жаңартты.

Бұзақылар көзiмiздi көгертiп,

Ұры-қары шашымызды ағартты.

Жан досым,

Үстем болсын мерейiң.

Əрқашан

Тiрi жүрсең көрейiн.



Жанымыз да бiр болсын,

Халiмiз де бiр болсын!

«Сарт байыса там салады» демей ме,

«Қазақ тойса қатын алар» демей ме?

Қырық қыздан жырық қыз да қарамас

Осы күнi бiз секiлдi кедейге.

Жан досым,

Үстем болсын мерейiң.

Əрқашан

Тойыңа арнап келейiн.



Бокалымыз бiр болсын,

Тоқалымыз бiр болсын! 



1994 жыл

309

ЖЫЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЖИНАЛЫС

(Ауыз əдебиетiнiң сүрлеуiмен)

Сəлеметсiңдер ме, балалар! 

«Ерте,  ерте,  ертеде,  ешкi  жүнi  бөртеде,  қырғауылдың 

жүнi қызыл екен, қоянның құйрығы қызыл екен» деп елжi-

ретiп айтатын ертегiм таусылып қалды. Бiрақ, балалар, мен 

сендерге  баяғы  заманның  күлдiргi  ертегiсiн  емес,  бүгiнгi 

заманның бүлдiргi ертегiсiн оқып берейiн.

...Есте жоқ ескi заманда жыл басына тышқан кеп, жылы 

орнынан  жылжымай  қойыпты.  Ойпырмай,  жыл  басы  тыш-

қан болғасын ба қайдам, қазiр Қазақстанда тышқан көбейiп 

кетiптi.

Жақында аң-құстар ақылдасып, жыл басын қайта сайлау 

туралы  жиналыс  өткiздi.  Кең  отырып,  кеңестi.  Кеңескенде 

не дестi? 



Құлақ түрiп қанеки,

Оу, балақай, тыңдашы.

Кiм болады жылбасы?

«Мен болам!» деп аң-құстар

Қалды əшейiн сұлбасы.

Дүрдараз боп өзара

Бiр-бiрiмен таласып,

Ұмтылуда бəрi ашық.

«Түлкi болып кетедi-ау?»

Дейдi бiрi бал ашып.

Ең болмаса еңкейiп,

Елдiң қамын жемейдi.

Ұят болды-ау демейдi.

Жыл басына таласқан

Аң-құстар сонда не дейдi?

310

Айтпақшы,  балалар,  жыл  басы  туралы  жиналысқа  бара 

жатқанда  қасқыр  байғұс  қақпанға  түсiп,  қайғырып  жатса, 

бiр жақтан қаңғалақтап қоян кеп қалыпты. Зəресi зəр түбiне 

кеткен қоян:

– Оң жағыңыздан өтейiн бе, Қасеке? Əлде, əлде сол жағы-

ңыздан өтейiн бе? – деп лыпылдапты. Сонда қасқыр:

– Əй, қыли! Қай жағымнан өтсең де өзiң бiл. Бiрақ, менi 

мына темiр құрсаудан құтқар! – дептi. Қасқырдың қақпанға 

түскенiн байқаған қоян:

– Өй, ақымақ, былшылдамай былай тұр жолдан! Асығыс-

пын! – дептi де керi бұрылып кете берiптi. Кеткенiмен қой-

май: «Мен қайтып келгенше мына жапаны жеп қой. Жемесең 

бар ғой-ə, əкеңдi танытам!» деп қасқырдың алдына сиырдың 

жапасын тастапты. Сонымен қойшы, жыл басы туралы жи-

налыста сиыр былай деп мөңiрептi:

– М-ө-ө-ө-ө-ө! Қарағайдай мүйiзiм бар, үстiмде бiр тулақ-

тық  киiзiм  бар.  Зеңгi  бабамның  əруағы  қолдап  жыл  басы 

болсам бар ғой-ə, айтпады деме, əр сиырдан екi терi алып, 

ауыздарыңды  аққа  жеткiзем.  Қашар  қағынып  бұқаға  көзiн 

сүзбейтiн болады, бұқа бұзылып бас жiбiн үзбейтiн болады…

Тауық айтыпты:

– Кукареку-у-у-у! Қыт-қыт-қыт! «Қыт-қыттаған тауық ту-

май қоймас». Жыл басы болам деп қыт-қыттағалы қай заман. 

Егер мен жыл басы болсам, кукареку деп таңды атырам, ку-

кареку деп күндi батырам.

Сонда ешкi:

– Мə-ə-ə-ə-ə-ə! «Тауықсыз да таң атады» – деп кекетiптi.



Тауық:

– Əй, шыбыш, сен өйтiп шыжбаңдама! Менiң басты бағ-

дарламам  мынау:  үйректердi  суға  жүзудi  үйретем!  Құдақа-

ласа, артымен сүңгiп жүрген сасық үйректердiң бəрi Олим-

пиадаға қатысып, Қазақстанның намысын қорғайды. Шетi-

нен чемпион болмаса, мұрнымды кесiп берейiн...

Жиналыстың  ду-ду  қызған  тұсында  шойнаңдап  қасқыр 

жетiптi. Əй-шəй жоқ, бiрден қоянға бас салып:

–  Əй,  қорқақ  қоян.  Басыма  күн  туып,  байланып  жатқа-

нымда сен маған сиырдың жапасын жегiзгiң келдi ғой, ə? – 

дептi. Үрейi ұшқан қоян:


311

– Жемесең жеме, Қасеке! Жемесең жеме, өзiм жеймiн! – 

дептi дiрiлдеп. Бұған таңырқаған ешкi:

– Мə-ə-ə-ə-ə-ə-ə! – дептi.

–  Маңырап,  мазамды  алған  қай  хайуан  мынау? – дептi 

қасқыр ешкiнi иегiмен нұсқап.

–  Мə-ə-ə-ə-ə-ə! – дептi  ешкi. – Бiлмесең  бiлiп  қой!  Бiз 

Қошқар  ата  тұқымынанбыз.  Өте  өсiмтал  малмыз.  Қошқар, 

қой, саулық, iсек, қозы, марқа, тұсақ, теке, кепе, серке, ешкi 

деген  ел  боламыз.  Мə-ə-ə-ə-ə!  Ешкiнi  танымасаң  таныма, 

қойды танисың ба?

Қасқыр:

– Мен бе? – дептi азу тiсiн ақситып. – Мен қойдың бəрiн 

танымаймын, бiрақ қойдың бəрi менi таниды! Танысаң қас-

қырмын, танымасаң...

«Астапыралла, дауыс жинай алмай жүрiп далбасалап кет-

кенiм не?» деп ойлады қасқыр өз сөзiнен өзi шошып. Сосын 

ешкiге бұрылып:

– Əшейiн, əзiл ғой, ешкi бикеш! – дедi мəймөңкелеп. – Же-

тi атадан өрбiген жетелi тұқым екенсiздер-ау, ə? Сендердiң 

тұқымдарың  тұздай  құрып,  бастарың  кемiп  барады,  ешкi 

бикеш.  Егер  жыл  басы  болып,  сендердi  өсiрмесем,  қасқыр 

атыма ұят! Қанша қалғансыңдар өзi? Қане, қазiр тiрi тiзiм-

дерiңдi  алайын.  Күйеуге  шыққандарың  бiр  бөлек,  шықпа-

ғандарың бiр бөлек тұрыңдаршы! – дедi.



Ешкi:

– Қайтып келгендер қайда тұрады? – дедi.



Қасқыр:

–  Сен  немене,  тоқал  ешкiсiң  бе? – дедi.  Бағанадан  берi 

үндемей тұрған есек:

–  А-а-а-а-а-а-а!  Мына  қасқыр  мал  басын  көбейтем  деп 

жатыр ғой, бəрiмiз соған дауыс берсек қайтедi? – деп ақы-

рыпты. 


Тауық:

–  Кукареку-у-у-у-у!  Таң  атты  Доңыз  келе  жатыр,  до-

ңыз! – деп  шақырыпты. – Сендер  жыл  басы  боламыз  деп 

қырық  пышақ  боп  қырқысып  жатқандарыңда  доңыз  жылы 

басталып кетiптi!..


Сөйтiп, балалар, аң-құстар ақылдасып, жыл басын жаңа-

дан сайлай алмай таң ата тарасыпты.

Мiне,  балалар!  Баяғы  заманның  күлдiргi  ертегiсi «Бай 

болып,  барша  мұратына  жетiптi!»  деп  аяқталса,  бүгiнгi  за-

манның  бүлдiргi  ертегiсiнде  бай  болып,  барша  мұратына 

жеткен ешкiм жоқ. Ертеңгi күннiң ертегiсiн кiм айтатынын 

кiм бiлсiн?

1994 жыл


313

ЌОШАЌАНЫМ ЌАЙДА ЕКЕН?



Қыста атамның аулына

Барып едiм қыдырып.

Қошақаным алдымнан

Шықпай қойды жүгiрiп.

Ақ маңдайлы ай ма екен,

Атам қайда жайды екен?

Келген едiм сағынып,

Қошақаным қайда екен?

Қой қора тұр қаңырап,

Бiр қой келдi арық-ақ.

Бiр əкiмнiң соңынан

Қалмай қойды маңырап.

Болған емес ой бөтен,

Қозысы жоқ қой ма екен?

Сол əкiмнiң соңынан

Неге қалмай қойды екен?

Сол əкiмнiң қасына

Барып едiм асыға.

Қошақанды бөрiк қып,

Киiп апты басына.

Аяз екен, қыс екен,

Ағай қызық кiсi екен.

Қой қоздамай жатқанда

Бұ неғылған iс екен?

1990 жыл

314

ЌЎЗЫР


Азу тiс, Ақыл тiс, Күрек тiс секiлдi Ауыз Парламентiндегi 

32 тiс опыр-топыр сөйлеп:

– Шайнап-шайнап, сағыздан май аламыз! – дедi.

Мұны естiген Мұрт:

– Қара суды қанша сапырсаң да май шықпайды! – деп тi-

кiрейдi.


Мұрттан биiктеу қоңқақ Мұрын пысқырып та қарамады. 

Көз жыпылықтап көрмегенсiдi. 

Бар мəселе Бастың құзырына қалдырылды.

1991 жыл

ЕГIЗ АЯЌ


(Абайша)

– Айтайын ептеп,

Бастығым «Кет!» деп,

Тайдырып жатыр тағымнан.

– Көмектесемiз!

– Астымнан қазып,

Үстiмнен жазып,

Шаш ағарды шағымнан.

– Көмектесемiз!

Жанына барып жақсының

Жайраң қақтым – тап шыным.

– Жебiр боп мен де,

Жеп едiм теңге,

Тергеушi күнде тергеп жүр.

– Көмектесемiз!

– «Ұрлықты табам,

Тiрлiктi жабам,

Бiрдеңе маған бер!» деп жүр.

– Көмектесемiз!

Жанына барып жақсының

Жайраң қақтым – тап шыным!

– Қазаным пiстi,

Соңыма түстi

Рэкет деген бiрер ит.

– Көмектесемiз!

– Батпаққа баттым,

Қисайды шəпкiм,

Алып ем былтыр кредит.

– Көмектесемiз!

Жанына барып жақсының

Жайраң қақтым – тап шыным!

– Қалмады шырай,

Бастығым бiр ай

Жiбермек менi шалғайға.

– Көмектесемiз!

– Болады-ау жөнсiз,

Əйелiм менсiз

Үйде жалғыз қалмай ма?

– Көмектесемiз!

1992 жыл

316

ЕШТЕЅЕ ЕСIМДЕ ЖОЌ!

(Мексиканың «Просто Мария» телесериалы

Дубляж жасаған «Копенгаген» киностудиясы)



Рөлдерде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет