Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



жүктеу 2.01 Mb.

бет1/14
Дата13.02.2017
өлшемі2.01 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)

Ә 58

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша жарық көрді

 

  Әмірбек К.



Ә 58    Көрмейін десем көзім бар./ К. Әмірбек – Алматы: «Ой-

Сана» баспасы, 2014, – 416 бет.

 

ISBN 978-601-80245-5-9



 

  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” ордені-

нің  иегері,  Президент  сыйлығы  мен  Халықаралық  “Алаш” 

әдеби сыйлығының лауреаты, көпке танымал Көпен Әмірбек-

тің бұл жинағы әзіл сүйгіш әлеуметке арналған.

 

 



 

 

 



УДК 821.512.122

 

 



 

 

 



ББК 84 (5 Қаз)

ISBN 978-601-80245-5-9

© Көпен Әмірбек, 2014

© «Ой-Сана» баспасы, 2014



БIРIНШI Б¤ЛIМ

4

ЕЛ НЕ ДЕЙДІ, 

МЕН НЕ ДЕЙМІН?

Акуланың түрі көп. Соның бір түрі уылдырықтан өс-

пей, бірден акула боп туады. Өзі өте ірі, өте салмақты 

тұқым болса керек. Сондықтан да болуы керек, өмірге 

келе сала жүзіп, жүзіп жүріп өлетін көрінеді. Жүзбесе, 

судың түбіне кетеді. Өйткені ауыр. Жүзіп жүргенде бі-

лінбейді. Сәл тоқтаса қауіп, өлім...

Мен Көпен бауырымды көптен білем. Оның бір асық-

пай  жүргенін,  жұмыссыз  жүргенін,  алаңсыз  тыныш 

отырғанын  көргенім  жоқ.  Үнемі  шаруа  үстінде,  үнемі 

іздену  үстінде.  Әйтпесе,  әлгі  акула  секілді  құрдымға 

кететін  түрі  бар.  Жақсы  қасиет,  жақсы  қылық!  Жасы-

ратыны  жоқ,  мен  өзім  де  осындай  адаммын.  Демек, 

Көпенді  жақсы  көруім,  табиғи  туысым  деп  есептеуім 

заңды құбылыс...

Жақсы  көрудің  де  жақсы  көруі  бар...  Тіпті,  Көпен 

өлеңдерін  оқып  отырып,  сол  дүниелерді  өзім  жазған-

дай  сезінемін.  Материалды  игеруіне  қызығамын.  Тап-

танды  нәрсеге  табиғаты  қарсы.  Үнемі  жаңалыққа  ұм-

тылады. Ал, жаңалық шашылып жатқан жоқ. Оны іздеу 

керек! Іздеу аз. Міндетті түрде табу керек. Көпен соны 

қайтсе  де  табады!  Ол  табады – мен  қуанамын. …Ал-

пыс жасқа акула боп жету де оңай шаруа емес-ау.

Қадыр МЫРЗА-ӘЛI

2010 жыл

Қалың қазаққа мәшһүр қаламгер, бүгінгі қазақ әзіл-

оспағының Оспанхандай сықақшысы – Көпен Әмірбек.

Бақыт САРБАЛАҰЛЫ


5

Жалғанда жалғыз ер бар Көпен деген,

Адам жоқ мұның сөзін көтермеген.

Басын кесіп аламын біреу айтса

Көпені Оспанханнан бөтен деген.

Бата беріп аузына түкіргенмін,

Содан кейін Көпенім жөтелмеген.

Дегенменен Көпенім қарыз маған,

Бұл ғасырда өтемі өтелмеген...

Оспанхан ӘУБӘКІРОВ

4 мамыр 1985 жыл

                              

* * *


«Тамаша»  ойын-сауық  отауының  авторлары  көп 

болған жоқ. «Тамаша» ұзақ жылдар қалыптасты. Соның 

ішінде белдісі де, беделдісі де Көпен болды. Көпеннің 

көп дүниелері өте өткір, терең мағыналы екені жұрттың 

бәріне белгілі.

Жақында Көпен қарап жүрмей Шерхан Мұртаза екеу-

мізге пародия жазды. Басы былай басталады:

Елім, саған айтам,

Елбасы, сен де тыңда.

Камал дос,

Сен де құлақ түр.

Себебі, сен – соқа,

Мен – трактор!

Мен  бұған  онша  келісе  алмаймын.  Дегенмен  де 

«Көпен  келе  жатыр!..»  деген  пародия  театры  өзінің 

көрерменін, өзінің тыңдармандары мен оқырманын тап-

қан әдемі дүние.

Камал СМАЙЫЛОВ


6

* * *


Көпен, қаламыңды тастама, сен қазаққа керексің.

Әбіш КЕКІЛБАЙ

* * *


Мен  Оспанханды  өте  жақсы  көруші  едім.  Өте  бір 

мінезі  жақсы,  айтқан  сөзі  мірдің  оғындай.  Міне,  осы 

Оспанханның  ізін  басып  келе  жатқан  Көпеннің  әзіл-

сықақтарына  менің  айызым  қанып  отырады.  Оның 

туындыларын күлкі кештерде көргенде рахаттанамын. 

Мәдениетті күлкі. Мәселе – сонда.



Шота-Аман УӘЛИХАНОВ

* * *


Кім білмейді Әмірбеков Көпенді?!

Әзілімен танытады әкеңді!

Бір қарасаң – 

Алдаркөсе атасындай пып-пысық,

Бір қарасаң – 

Қожанасыр атасындай «әпенді».

Кім білмейді Әмірбеков Көпенді?!

Қалжыңымен түсіреді... бөпеңді!...

Танымасаң – 

Жібереді «пешкі» қылып «ферзіңді».

Танымасаң – 

Жібереді «ешкі» қылып «текеңді».



ӘБДІРӘШТІҢ Жарасқаны

7

* * *


Біздің  қазіргі  қазақ  әдебиетінің  бір  өкілі – өзіміздің 

осы  мынау  азаматымыз  Көпен  мырза.  Көпен  Әмірбек 

десеңіз,  жұрттың  бәрі  біледі.  Неге  десеңіз,  бұл  аузын 

ашса аузынан шоқ түседі. Ол шоқ адамды күйдірмейді, 

күлдіртеді. Оның өзі үлкен өнер. Жыртылған көңілді жа-

майды, мұңайған көзді жадыратады. Тіпті қиын-қыстау 

кезеңнің өзінде де елге қуат береді.

Мінеки, осындай тұлға біздің қазақ халқына керек-ақ. 

Өйткені, оның көкірегінде, оның санасында халыққа де-

ген жанашырлық сезім бар. Ал ондайлар халықтың тірі 

тірегі, ірі тұлғасы болады. Егер де осындай азаматтар 

көп болса біздің халықтың бақыты. Өйткені оны білетінім, 

көп жыл қызмет істестім. Өзі өтімді, сөзі жалынды, әрбір 

сөзінің салмағы бар. 



Шерхан МҰРТАЗА

* * *


Көпен – талантты сатирик. Оған таласым жоқ. Рас, 

ол өлеңдерінде мені де пародиялап жатады. «Сіз оған 

қалай қарайсыз?» деп сұрайтындар бар.

Мен  өнерде  үш  биіктік  бар  деп  түсінемін.  Біріншісі – 

қалыпты  биіктік.  Оған  аса  қиналмай-ақ  көтерілуге  бо-

лады.


Екіншісі – таланттардың тұғырына айналған биіктік.

Үшіншісі – космостық  кеңестік.  Оған  таланттың 

таланты,  дарынның  дарабозы  ған  шыға  алады.  Мен 

Көпен ініме кей-кейде ұсақ-түйекке ұрынып кетпей, сол 

космостық кеңестікке көтерілуін тілер едім.

Мұхтар ШАХАНОВ


8

* * *


Ерлігіңді түсіне алмай қауым дал:

Соғып жатыр тұс-тұсыңнан дауылдар

Сен неше жүз пародия арнасаң,

Соншама жүз бітіспейтін жауың бар!



Жүрсін ЕРМАН

* * *


Көпен  Әмірбек – қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  сатира 

жанрында ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп ке-

ле  жатқан  көрнекті  қаламгеріміз.  Қазіргі  біздің  қазақ 

әдебиетінде сатира жанры кенжелеп дамыған. Бұл орыс 

әдебиетіндегі сияқты оның үлкен, ұлы тұлғалары біздің 

әдебиетімізде аздау деп айтсақ – ол артық айтқандық 

емес. Сондықтан бір өзі бір театрға айналған Көпен ол 

тек сатирик-ақын ғана емес, өзінің жазғандарын өзі орын-

даушы Петросянымыз. Көпен – өз сатираларын сахнаға 

бейімдеп қоюшы ретінде де, оның қоғамдағы ең өзекті 

проблемаларын арқау ете білген публицист ретінде де 

қазіргі қазақ әдебиетінің айтулы тұлғаларының бірі. 



Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД

* * *


Азаматсың аты бар,

Жүрегінің оты бар.

Тұрған жерің – Алматы,

Туған жерің – Отырар.

Барыс жылғы барыссың,

Бұғып жатып атылар.



Несіпбек АЙТҰЛЫ

9

* * *


Сатира – жауынгер жанр. Жауынгердің жауы көп бо-

лады. Баз біреулер жауынгер Көпеннің бойынан кемшілік 

іздеуге тырысады. Шын іздесе – таздың басынан да бір-

екі бит шығады. Бірақ, мен адамның бойынан кемшілік 

іздемеймін. Кемшілігін сынағаннан гөрі, керісінше, осы 

Көпеннен бірдеңе біліп қалсам екен, ішкі дүниесіне үңіле 

алсам екен, танысам, үйренсем екен деймін. Жасының, 

жолының кішілігіне қарамастан, өзінің істеп жүрген ісінде 

ұлылығы, жүйріктігі болса, соған ілесе шапқылағым кеп 

тұрады, артында, қасында демеп жүргім келеді.

Сатирадағы Көпеннің орны басқалардан мүлде бөлек, 

Көпен – шын сатирик, шын суреткер.



Тұңғышбай ӘЛ-ТАРАЗИ

* * *


Арқалы ақыл айтар ағаңа тең,

Бұл күнде Көпен – «Ара», «Ара» – Көпен.

Сатираның сардары болғанымен,

Қазақтың баласы ғой қара көтен.

...Парақор, жалақорды шағады екен.

Қажытай ІЛИЯСҰЛЫ

* * *


Әбсаттар  қажы  Дербісәлі  ағамыз  Көпен  жайлы 

«Жанры да бөлек, жаны да бөлек жігіт» деген еді. Алып-

қосары жоқ. Дәл айтылған сөз. 

Намазәлі ОМАШҰЛЫ


10

* * *


Жалпы, өмірдегі табысын қайдам, өнердегі табысы 

жағынан Көпен тау тұрғызғандай, тау басындағылардың 

өзіне қол ұрғызғандай. Бағалай білгенге, әлбетте.

Қайнар ОЛЖАЙ

Қадірменді қалжың сүйер қауым!

Мақтағанды  кім  жек  көрсін,  марқайып  қалдым. 

Өзін-өзі  мақтап  жүргендер  де  баршылық  қой.  Оған 

қарағанда  шүкіршілік. «Өзіңді  өзің  мақтамасаң  өмір 

бойы  мақтау  естімей  кетуің  мүмкін»  деген  еді-ау 

Қалтай ағам да қағытпалап.

Мақтағанға масайрап «Шынында да солай екем-ау!» 

деп сендім. Бәрі де ағынан жарылып ақтарылған сияқты. 

«Шолақ  сай  тез  тасиды»  дейді  ғой.  Тез  тасығаным 

жараса ма? Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың «Сені 

біреулер мақтап тұрса «Е, Жаратқан ием, бұл білмей-

тін күнәларымды кешіре көр!» деген хадисін оқыдым 

да сабама түстім.

Жасырып-жабатын не бар, көк тіреген көкелеріміздің 

көбісі  марапат  сөзден  кенде  емес.  Ел-жұрт  Елбасы 

Нұрсұлтан  Әбішұлын  мақтағанда  қандай,  майын 

тамызады.  Дұрыс!  Нұрағаң  бүгінгі  дәуірдің  бүтіндей 

тұтас  тұлғасы  ғой.  Мұндайда  қазақ  «Жақсының 

жақсылығын  айт,  нұры  тасысын!»  демей  ме?  Әбіш 

Кекілбай  ағамыздың  сөзіне  жүгінсем  «Жақсысын 

ұлықтамау,  жайсаңын  қызықтамау – өз  ырысын  өзі 

тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік». Ендеше...

Қызыл тілде сүйек жоқ, байлам бар ма?

Ұлықтасақ ұлықты қайран қалма.

– Адамзатты құтқарған топан судан

Нұрағам ұқсайды Нұқ пайғамбарға!

О, Нұраға!

Шерағаң

1

 солай деді,



Қиыстыру қиыннан оңай ма еді?

11

Қолды қысып, арқадан қағатұғын

Қолпаштауға құмар-ақ қолайлы елі.

Қызыл тілде сүйек жоқ, байлам бар ма?

Елбасыны мақтасақ қайран қалма.

Фариза


2

 ақын


Нұраға, өзіңізді

Теңеп еді Мұхаммед Пайғамбарға.

Патшаларын пір тұтпас, сірә, қай ел?

Сізді мақтап қойған жоқ бір-екі әйел.

Аузы жеткен ақынның арасынан

Жыр да жазды былай деп Рафаэль

3

:

«Жауына жебе боп та қадалатын,



Абыздан азамат ер бата алатын.

Алланың тоқсан тоғыз есімі бар,

Бірі – Нұр, бірі – Сұлтан аталатын.

Көгінен ой туғанда қияқтанып,

Көңілден отырғаны күй ақтарып.

Ол кейде көрінеді жерде жүрген

Алланың көлеңкесі сияқтанып».

Көп мадаққа көңілді бөлесің бе?

Дүкенбай

4

 да мақтады – ел есінде.



Елбасының есімі

Ақ періште

Дәптерінің тұр деді төбесінде.

Елден қалмай Мырзекең

5

 елеңдеді,



Естен кетпес былайша дегендері:

«Ұлтымыздың ұлысы,

Көшбасшысы,

 

Көріпкелі,



 

 

Көсемі,



 

 

 



Кемеңгері!»

12

Ауыз ашып, аңқиып тұратын ба ек?

Мақтамаған патшаны бір ақын жоқ.

Прозаик Досанов

6

 өлең жазып,



Жарты әлемге жар салды, – 

«Ұлы ақын!» деп.

Жұлдыз ағам,

Күн ағам,

Ай Нұрағам,

Айтқан сөзі – атқан оқ айнымаған.

Мақтағыштар байқауы бола қалса,

Өзім сөзсіз бірінші бәйгіні алам.

Аттылы адам,

Қаншама папкілі адам,

Сізді көкке көтеріп шапқылаған.

Айыбы жоқ кешірім сұрайтындай,

Әділ хансыз, Нұраға, пәк күнәдан!

Екінші бөлім

Немістің ұлы ақыны Гете бес рет министр болған. 

Патшаға  оқта-текте  ода  жазып,  мадақ  өлең  арнап 

тұрған.  Сондай  оданың  бірін  оқыған  Бетховен  «Әй, 

Гетежан,  мен  сені  ақындардың  патшасы  ма  десем, 

патшалардың ақыны екенсің ғой» десе керек.

(Тарихи оқиға)

Бұлаңдаған бір адам

Анаған да мынаған:

– Қылаудай да мінім жоқ,

Пәкпін, – депті, – күнәдан.

Әлқиса, соры қайнаған сол пендеге бір балгер-бақсы: 

«Сенің күнәң бар ма, жоқ па – оны бал ашып білейін. 

Бірақ, балды құмалақпен емес, таспен ашам. Ол үшін 


13

қиқымдай-қиқымдай қырық тас пен қазандай бір қара 

тас әкел» депті.

Жазған құлда жан бар ма, айтқанын айнытпай орын-

дайды. Бытырадай-бытырадай қырық тасты ойдан-

қырдан теріп әкеп, қазандай қара тастың түбіне үйіп 

қояды да:

–  Ал,  тапқыш  болсаң  тапшы,  менің  қандай  күнәм 

бар? – дейді.

–  Асықпа! – дейді  балгер-бақсы  бажырая  қарап. – 

Енді осы тастарды алған жеріңе қайта апарып қой. 

Сосын айтамын.

Пәкпін,  ақпын  деп  өрекпіген  жұмырбастың  жүні 

жығылып,  әбден  әбіржиді.  Қазандай  қара  тасты  қай 

жерден  алғанын  білсе  де,  қида-қида  қырық  тастың 

орнын таба алмайды.

–  Міне, – дейді  балгер-бақсы, – әр  пенденің  біліп 

істеген  үлке-е-ен  күнәсі  қазандай  қара  тас  секілді. 

Оның ошақтай орны өзіне мәлім. Ал адамның білмей 

істеген күнәлары әлгі майда-шүйде қырық тас сияқты. 

Қайсысын қай жерден алғаны есінде жоқ.

Осы  бір  әпсананы  ел  аузынан  естігенімде  мемле-

кет  және  қоғам  қайраткері  Иманғали  Нұрғалиұлы 

Тасмағамбетов көз алдыма елестеді.

Ұлағаттап жүретін ұлтымызды,

Салт сананы, әдет пен ғұрпымызды.

Анаңыздан, Имеке, айналайын

Дүниеге әкелген ұл тым ізгі!

Иманғали дегенде, Иманғали,

Бір өзіңе татымас жиналған би.

Мұражайға айналып қалар түбі

Әр талантқа қамқор боп сыйланған үй.

Тұранды ойлап тұла бой азалы ма?

Тіл тағдыры алады-ау мазаны да.

Ұлтымыздың рухын байытсын деп,

Құдай Сізді сыйлаған қазағыма.


14

Арғымақты оздырмай тізгіндейміз,

Бәйге алатын кезіңіз Сіздің дейміз.

Атаңыздың атында алтын «Тас» бар,

Қырық тас жоқ та шығар, біз білмейміз...

Үшінші бөлім

Қазақ  поэзиясының  қара  нары  Қадыр  Мырза-Әлі 

ағамның «Энгельстей досың болса, Маркс болу қиын 

емес»  деген  афоризмі  кәнігі  кәсіпкер,меценат,өнер 

жанашыры Өмірзақ Сәрсеновке арналғандай.

Арқа қағу түспейді енді күшке,

Әр ісіңіз парапар ерлік іске.

Марқа мінез Жүрсінің

Маркс болса,

Сіз ұқсайсыз, Өмеке-ау, Энгельске!

Қанша азамат қамығып ой бөлісіті,

Анадайдан байқайсыз оң-терісті.

«Бар қазақтың ақыны, бірігіңдер!»

Деп жасайсыз Лениндей төңкерісті.

Жүгірмейсіз жұмысқа пайдалырақ,

Арыстандай жүрмейсіз Айға құлап.

Тырнақтайға тырысып,

Тым-тым қатал

Сталин боп кетесіз кейде бірақ.

«Шөк!» дегенге түйедей шөкпедіңіз,

«Шөге алмаймын, керуенім көп!» дедіңіз.

Жұрттың бәрін жүгіртіп,

«Жүгері ек!» деп,

Хрушевтай арам тер төкпедіңіз.

Шөп шығарған үстіне айтақырдың,

Бақанастай дейсіз бе байтақ ұлмын.



15

Қазақ пенен арабтың

Қанын қосып,

Горбачевтай өмірді қайта құрдың.

Сізден артық болады дана қандай?

Көз салсаңыз періште қарағандай.

Алдырмайтын,

Ешкімге шалдырмайтын

Саясатқа беріксіз «Н.Ә.Н.»

7

 ағамдай.



Түйін

Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан кем емес

(Абай)


Ел біледі менің де есімімді,

Демеңіздер «Тұтамыз несін үлгі?»

Беу, Өмеке!

Бір күнәм есімде жоқ,

Сұрар едім әйтпесе кешірімді.

«Шаг» баспайсыз шаруаға рабайсыз,

Сіз қазақтың Нобелі,

Ірі ағайсыз.

Бір күнәңіз түспесе есіңізге,

Сірә, Сіз де кешірім сұрамайсыз.

Құлдық етіп Құдайға бас ұрамыз,

Байқамас деп кейде амал асырамыз.

...Адамдардан жасырған күнәмізді

Алла алдында біз қалай жасырамыз?! 

Шерағаң – қайраткер жазушы  Шерхан Мұртаза.



Фариза – ақын Фариза Оңғарсынова.

Рафаэль – ақын Рафаэль Ниязбеков.



Дүкенбай – жазушы Дүкенбай Досжанов.

Мырзекең – қайраткер ғалым Мырзатай Жолдасбеков.



Досанов – жазушы Сәбит Досанов.

7

 «Н.Ә.Н.» – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



16

«ЖЎМА СƏЛЕМ» 

ЌАЛАЙ ТУДЫ?

Сары аязда қата ма,

Қайнардың аққан тұнығы.

Қап түбінде жата ма,

Болаттың асыл сынығы.

                                                      Ақтамберді.

«Жаны  жақсы  адамдар  байлық  жинамайды,  өздері 

байлыққа айналады»

                                                Баққожа Мұқай. 

Бөлтірік шешен Дінмұхаммед Қонаевтың арғы атасы 

екенін білгенімде «Е, бәсе, тектілік қайдан дарыған?» 

деп таңырқаған едім. Ғұмыр бойы өзіне үлгі тұтқан баба-

сы туралы Димаш аға былай депті: «Жетінші атадан қосы-

латын Бөлтірік Әлменұлы тек сөзге шешен ғана емес, 

сұңғыла  саясаткер,  асқан  батыр,  құралайды  көзге  ат-

қан мерген болатын. Маған соның тек мергендігі ғана 

дарыса керек».

Міне, ізет! Міне, иба! Әйтпесе, абырой-атағы бір ба-

сына  жетіп  артылатын  Димекең  «визиткасына»  жай 

ғана «Тау-кен инженері» деп жаза ма?

Әлемнің 48 алтын медалін жеңіп алған әйгілі палуан 

Қажымұқан  Мұңайтпасов – Қарақыпшақ  Қобыланды-

ның  тұқымы.  Олжас  Сүлейменовтың  алтыншы    ата-

сы – Олжабай  батыр.  Абылай  ханның  туын  ұстаған 

Байғозы батырдың анасы Бану – Қанжығалы Бөгенбай 

батырдың  қарындасы.  Байғозы  батырдың  өсіп-өнген 

әйгілі  ұрпақтары  екі  мәрте  Еңбек  Ері  атағын  алған 

Ыбырай  Жақаев  пен  Ұлбала  Алтайбаева,  әншілер 

Әміре Қашаубаев пен Рахия Қойшыбаева, композитор 

Бекен Жамақаев, ғалым-жазушы-қайраткерлер Балта-

бай  Адамбаев,  Медеу  Сәрсекеев,  Якуда  Амандықов, 


17

Қуандық  Түменбай,  Хасен  Қожахмет  болып  жалғаса 

береді. Айталық, Ақселеу Сейдімбек ағамыз – Байғозы 

батырдың алтыншы ұрпағы. 

Исі қазақтың ішінен мұндай деректі көптеп келтіруге 

болады. Ағаштың негізі – түп-тамырында, адамның негі-

зі – тегінде. 

Таудан аққан тасбұлақ

Құймай қоймас теңізге.

Жақсы атадан туған ұл

Тартпай қоймас негізге.

«Мұнымен не айтқалы отыр?» дейсіз ғой. Өнер десе 

дүбірге құлақ түрген тұлпардай тыпыршып, бір орнын-

да тұра алмайтын кәсіпкер екеу болса, бірі – Өмірзақ 

Сәрсенов, біреу болса – өзі. Шын жанашыр! Атағым шық-

сын деп арзан абыройға қызықпаған азамат.



Асқар – асқар ма, 

Алыстан көрінбесе? 

Асқан – асқан ба,

Шашылып-төгілмесе?

Ау, сонда меценат ағамыз мәдениет иелерінің мәр-

тебесі  асқар  таудай  асқақтай  түссін  деп  шашылып-

төгілген  Атымтай  жомарттығы  мен  ақынжандылығы 

қайдан дарыған? Атасынан дарыған! Ал, атасы кім? За-

манында еліне сыйлы болып, есімі көпке танылған ата-

сы  Оспанқожа  Мүсәпірұлының  артында  қалған  әдеби 

мұрасы жинақталып, 2007 жылы «Үш қиян» баспасынан 

жеке кітап боп шықты. Бақанастық Таутай ақсақал құ-

растырған осы кітаптың алғы сөзіне назар аударсаңыз, 

Өмекеңнің негізі мен түп-тамыры қайда екенін түсінесіз.

«Оспанқожа 1888 жылы  Алматы  облысы,  Балқаш 

ауданы,  Қараой  ауылында  дүниеге  келген.  Есі  кіріп, 

етек жапқанда ауыл молдасы Біркеден 5-6 ай арабша 

сауат  ашып,  бір  жыл  өткенде  Құранды  жатқа  оқыған. 


18

Алланың сүйген құлы – Осекең жасынан құйма құлақ, 

күміс  көмей,  жезтаңдай,  суырып-салма  ақындығымен 

қатар болжампаз, көріпкел әулиелігімен де есімі аңызға 

айналған тума шайыр болған. 

Аштық  тауқыметі  өткен  соң,  Қамаудағы  (Қараой) 

ел-жұрт  бірігіп,  кеңестік  жаңа  өмірге  бет  бұрады.  Ең-

бекші  халық  егін  салып,  төрт  түлік  мал  өсіре  бастай-

ды. Пайғамбар жолын таза ұстаған әулие Оспанқожа: 

«Үкіметтен келген малда құрт ауруы бар, еті мен сүтін 

әбден  қайнатып  пайдаланыңдар»  деп,  жанашырлық 

танытады. Шолақ белсенділер бұл жайды ауданға ха-

барлайды. Сөйтіп, Осекең «халық жауы» аталып, 1937 

жылы  әділетсіздіктің  құрбаны  болады.  Оның  болжап 

айтқан құрт ауруы бұрын қазақ жерінде болмаған бру-

целлез дерті екендігі 1943-44 жылдары анықталады. 

Оспанқожаның көптеген ақындармен айтысқан өлең-

дерін, діни кітаптарын ГПУ-дің ізшілері отқа жағып жібер-

ген. Әрәдік ел арасына тарап, айтылып жүргендері: Таң-

сықпен, Сәдіғұлмен айтыстары ғана. Өзінің замандаста-

ры Оспанды «Қара дара» деп атап кеткен. 

Оспанқожаның ел арасына таралмаған әрі танылма-

ған 200-ден астам мақал-мәтелдері жинақталып, қағаз 

бетіне түсіріліп отыр. Бұл мұралық мақал-мәтелдерінің 

бүгінге де, болашақ ұрпақтарға да танымдық, тәлімдік 

үлгі-өнеге болатынына сеніміміз зор». 

Сол кітаптың ішіндегі жалғыз ұлы Сәрсенге арнаған 

өлеңінің түйініне зейін қойып, зерделеңізші. Ауыз әде-

биетінің үлгісіндей.

Кең пейілдің түбінде кен жатады,

Шипалы, тәтті сөзде ем жатады.

Жақсылар мен тектілер тең жатады,

Арам ой адалдықтан кем жатады.

Тар пейілдің түбінде тас болады,

Зерделі жас болса да бас болады.

Билік тисе қолына ақымақтың,

Атағын көтере алмай мас болады.


19

Ал мақал-мәтелдерінің мазмұны майлы, ұлттық боя-

уы ұйыған айрандай! Көз жүгіртейік.

– Шалаға күйгеннен жалаға күйген жаман.

– Құлып кілтінен құлық кілтін табу қиын.

– Аузы боқтаулының сөзі оқтаулы.

– Ине мен жіп бір-біріне тәуелді. 

– Өтірікші «Құдай біледіні» көп айтады.

– Бақ – барға, ұят арға қонады.  

– Әр құралға сап керек, әрбір іске бап керек. 

– Оқымаған наданнан оқыған надан қауіпті.

– Суды шым бөгейді, өтірікті шын бөгейді. 

– Әктіп қолдап қалхозды, құртты талай жампозды.

Ал, анасы Ақжүністің суырып-салма ақын болғандығы 

ауыл-аймағына  мәлім.  Өрнекті  сөз,  өтімді  айтысының 

бірсыпырасы күні бүгінге дейін ел аузында.

– Анам ақын еді. Онда да ағып тұрған ақмылтықтың өзі 

болатын. Талай рет шаршамай-талмай, сөзі сарқылмай, 

әні таусылмай таңға дейін айтысқанын ағайын әлі жыр 

етіп,  тамсанып  айтады.  Қағазбек  деген  қызыл  сөздің 

көрігін қыздырған ақынмен бір таң айтысқанын бала кү-

німде өзім де көрдім, – дейді Өмекең өз естелігінде. 

Мысал үшін Ақжүністің Сәдіғұлмен айтысын алайық-

шы:




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал