3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету
стандартының
көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000,
12-тармағында
Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша
беріледі.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не
Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны
көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (
мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым
тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін
қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін
қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды
қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті
берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті
алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға
шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органның
мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес
жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін
қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 4-бабы
6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
1-тармағының
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің
интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «
www.minagri.gov.kz
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
арқылы
бірыңғай байланыс орталығы
қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс
телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
байланыс орталығы: 1414.
«Бекітілген лимит негізінде
жануарлар дүниесі объектілерін
алып қоюға квоталар бөлу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
______________________________________ аңшылық шаруашылығы үшін
Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша
алып қою квотасын алуға
өтінім
Аңшылық
шаруашылығының
атауы
Жануардың
түрі
Үстіміздегі
жылғы (
дарақтар)
саны
Бекітілген (
дарақтар)
алып қою
квотасы
Сұралып
отырған алу
квотасы (
дарақтар)
Оның ішінде (тұяқтылар үшін
)
аталықтары ұрғашылары
төлі
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
____________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
қолы, мөрдің орны (заңды тұлғаларға)
«Бекітілген лимит негізінде
жануарлар дүниесі объектілерін
алып қоюға квоталар бөлу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесі
объектілерін алып қоюға
өтінім
Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе)
учаскенің атауы ____________________________________________________
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен немесе жергілікті
атқарушы органмен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған
______ жылғы «___» _____________ № ______шарт.
Өткен жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға
(балықтандыруға) жұмсалған қаржы қаражатының көлемі _____________мың
теңге.
Балық ресурстарын өңдеу бойынша технологиялық жабдықтардың
бар-жоғы (тонна/жылына).
Өткен жылы бөлінген квотаның ағымдағы жылы нақты игерілуі
________________тонна.
Балық аулау Қағидаларына сәйкес балық ресурстарын аулайтын және
басқа да су жануарларын аулайтын құралдардың саны, сүзекі ____дана,
құрма ау____ дана.
Балық шаруашылығы субъектілерінің атына тіркелген балық аулау
флоты өздігінен жүретін (40 ат күші бар)______ бірлік, шағын
көлемді_______ бірлік.
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
қолы, мөрдің орны (заңды тұлғаларға)
М ө р д і ң
о р н ы
Қолы_____________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының
саудасы үшін таңбаны бекіту және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында саудалауға
арналған таңбаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының
саудасы үшін таңбаны бекіту және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында саудалауға арналған
таңбаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (
бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2)
, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал)
www.e.gov.kz
арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні
;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30
минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде көрсетілетін
қызметті алушылардың құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың
толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда қызметті
беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (
немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында
бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының саудасы үшін таңбаны бекіту және Қазақстан
Республикасының ішкі нарығында саудалауға арналған таңбалар.
Порталда қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру
күні мен орнын белгілеу туралы қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (
бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанындағы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті
алушылар) ақылы түрде көрсетіледі.
Ішкі нарыққа арналған таңбаның құны және төлемақысының мөлшері жасауға жұмсалған
шығындарды ескере отырып анықталады және Министрліктің: www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «
Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші
бөлімінде орнастырылады.
Төлемақы жасау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
орындайтын ұйымдар арқылы қолма қол ақшалай немесе қолма қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады,
сонымен қатар портал арқылы алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлемақы «электрондық
үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек
кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)
және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»
96-бабына
2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
сәйкес
5-бабына
демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі
түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден
14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту
тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда
тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің
және Заңның
сәйкес жұмыс
96-бабына
5-бабына
уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті
көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті
құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін
растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) егер өтінілген уылдырық:
отандық-табиғи болса – сатып-алу туралы шартының көшірмесі;
тәркіленген болса – бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды
сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттауды жүзеге
асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алуын растайтын құжатты және тәркіленгені
туралы сот актісінің көшірмесі;
4) маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының көшірмесі.
Порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
сәйкес нысан бойынша
қосымшаға
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) егер өтінілген уылдырық:
отандық-табиғи болса – сатып-алу туралы шартының көшірмесі;
тәркіленген болса – бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды
сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттауды жүзеге
асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алуын растайтын құжатты және тәркіленгені
туралы сот актісінің электрондық көшірмесі;
3) ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының
электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы,
жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманы,
жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлігін, жабайы флора мен фаунаның құрып
кету қаупi төнген түрлерiнің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге рұқсатын, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті
мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар
топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі
белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе
көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету
стандартының
көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000,
12-тармағында
Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша
беріледі.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не
Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны
көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (
мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым
тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін
қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс
1414 телефоны арқылы алуға болады.
орталығының
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен»
көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны
туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат
қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін
қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды
қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті
берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті
алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға
шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органның
мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес
жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.
11.Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін
қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 4-бабы
6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
1-тармағының
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің
интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «
www.minagri.gov.kz
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті
портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі
туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға
мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс
телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
байланыс орталығы: 1414.
«Қазақстан Республикасының
сыртқы нарығында бекіре
тұқымдас балықтар уылдырығының
саудасы үшін таңбаны бекіту
және Қазақстан Республикасының
ішкі нарығында саудалауға
арналған таңбаны беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган
кімнен ____________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
(жеке кәcіпкердің), тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)
Мекен-жайы_________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефоны)
Өтініш берушінің реквизиттері _____________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш
Бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын ішкі нарықта сатуға арналған таңбаларды беруді
сұраймын.
Уылдырық түрлері бойынша мәлімет:
1.
Уылдырық түрі
Сыйымдылық саны және бір
сыйымдылықтың көлемі түрлері
бойынша
1.1
Мемлекеттік тілінде
Орыс
тілінде
Латын тілінде
Сыйымдылық саны
Уылдырықтың
салмағы
1.2
1.3
2.
Уылдырықтың шығу тегі (отандық-табиғи, отандық-жасанды,
импортталған, тәркіленген)
3.
Отандық-табиғи болса, балықтың қайдан ауланғаны туралы
анықтаманың нөмірі және күні
4.
Отандық-жасанды болса, жабайы фауна мен флораның құрып
кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген
жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлігінің нөмірі және
күні
5.
Импортталған болса, жабайы флора мен фаунаның құрып
кету қаупi төнген түрлерiнің халықаралық саудасы туралы
конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан
Республикасының аумағында әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының нөмірі
және күні
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
болса), қолы, мөрдің орны (заңды тұлғаларға)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
4 қосымша
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік
көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2)
«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге
www.е.gov.kz
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |