Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы


Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата14.02.2017
өлшемі208,82 Kb.
#4082
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) 

жұмыс күні;

      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 

минуттан аспайды;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең 

ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – облыс әкімдігінің жануарлар дүниесін 

пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін

бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды 

белгілеу жөніндегі қаулысы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті 

алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан 

Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 

 және «Қазақстан Республикасындағы 

96-бабына

мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 

 сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 

5-бабына

14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 

14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту 

тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік 

қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 

 сәйкес нысан бойынша өтініш;

қосымшаға

      2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін 

растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) көрсетілетін қызметті алушыны аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын 

және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың жеңімпазы деп тану туралы аңшылық 

алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша 

конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының көшірмесі.

      Жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер 

пайдалануындағы жер учаскелерiнде аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық 

шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері толығымен орналасқан кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін 

растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

      Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп 

беру мерзімі өткен кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 

 сәйкес нысан бойынша өтініш;

қосымшаға

      2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін 

растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) Министрлік Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшесінің 

ұсынымы.


      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) барлық қажетті құжаттарды 

тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде 

құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы 

көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті

атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті

берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының

шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының 

мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) 

шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету 

стандартының 

 көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000, 

12-тармағында

Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша 

беріледі.

      Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не 

Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны

көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (

мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым 

тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін 

қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін

қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды

қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті 

берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті 

алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі 

 

уәкілетті органға



шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның 

мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес 

жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке басын 

куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. 

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін 

қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан 

Республикасы Заңының 4-бабы 

 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

1-тармағының



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де 

талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің 

 интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «

www.minagri.gov.kz

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты 

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы 

қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.



      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс 

телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай

: 1414.

байланыс орталығы



«Облыстың жергілікті атқарушы   

органдарының жануарлар дүниесін  

пайдаланушыларға аңшылық алқаптар 

мен балық шаруашылығы су айдындарын

және (немесе) учаскелерін бекітіп 

беру мен аңшылық және балық    

шаруашылықтарының қажеттіліктері 

үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде

шешімдер қабылдауы» мемлекеттік  

көрсетілетін қызмет стандартына  

Қосымша             

Нысан


_____________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)      

_____________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның толық    

атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты   

(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))    



Өтініш

______________________

(елді мекен)   

20 __ жылғы «__»_______________

      Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық

шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен

аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін

сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны беруіңізді сұраймын.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      2. Меншік нысаны: _____________________________________________

      3. Құрылған жылы: _____________________________________________

      4. Өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу

(қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама:

_____________________________________________________________________

                    (№, кім және қашан берді)

      5. Заңды мекенжайы: ___________________________________________

                             (индексі, қаласы, ауданы, облысы,

                                 көшесі, үй №, тел/факс)

      6. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________

      7. ___________________облысы әкімдігінің 20 _____ жылғы

«__»______________ № _____ қаулысына және _________________ аумақтық

бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге жасалған 20 _____ жылғы



«__»______________ № _____шартқа сәйкес бұрын бекітіп берілген

аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі:

_____________________________________________________________________

      8. Мәлімделген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны

және (немесе) учаскесі: _____________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес

мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес

жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.

      Жеке/заңды тұлға ___________________

                            (қолы)

____________________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),

                           мөрдің орны

Қазақстан Республикасы  

Ауыл шаруашылығы министрі

міндетін атқарушының   

2015 жылғы 30 сәуірдегі 

№ 18-03/390 бұйрығына  

10 қосымша      



«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан 

әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 

министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті:

      екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында 

ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда облыстардың жергілікті атқарушы органдары;

      екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында 

ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі 

комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;

      2) 

, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал)

www.e.gov.kz

арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ 

порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;



      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 

минут;


      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде көрсетілетін 

қызметті алушылардың құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың

толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда қызметті 

беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (

немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат не 

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік 

қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін 

қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының 

электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында қызмет алушының «

жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті 

алушылар) ақылы/тегін негізде көрсетіледі.

      Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы «Салық және бюджетке төленетін басқа да 

міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 

 (

Кодексіне



Салық кодексі) сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 

 сәйкес жүзеге

3-қосымшаға

асырылады.

      Төлемақы жасау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін 

орындайтын ұйымдар арқылы қолма қол ақшалай немесе қолма қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады, 

сонымен қатар портал арқылы алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлемақы «электрондық

үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      Төлемақы мынадай кезде алынбайды:

      1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, оларды таңбалау, сақиналау, қоныс 

аударту, жерсіндіру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жасанды өсімін молайту және 

будандастыру үшін табиғи ортадан алған;

      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген және 

еріксіздікте және (немесе) жартылай еркін жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесінің 

объектілерін пайдаланған;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті 

мемлекеттік орган балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін пайдалану үшін 

биологиялық негіздеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды 

жүзеге асырған;

      4) саны халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары 

ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға зиянның алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметке маңызды 

залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында реттеуге жататын жануарлар түрлерін алған кезде 

алынбайды.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек 

кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 

 және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 

96-бабына

2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 

 сәйкес 


5-бабына

демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі

түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру сағат 13.00-

ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту 

тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда 



тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 

 және Заңның 

 сәйкес жұмыс 

96-бабына

5-бабына

уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті 

көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті 

құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      мынадай:

      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, 

ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту 

мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

стандартына 

 сәйкес нысан бойынша;

1-қосымшаға

      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми 

мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, 

жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

стандартына 

 сәйкес нысан бойынша өтінім;

2-қосымшаға

      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын 

құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының көшірмесі.

      Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге мына құжаттар қосымша тіркеледі:

      1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):

      жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – 

аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың 

көшірмесі;

      2) ғылыми-зерттемелік аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің 

және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін 

есеп-қисаптардың көшірмесі;

      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің көшірмесі (

рұқсаттар берілген жағдайда);

      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін

аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық 

негіздеменің көшірмесі;

      4) эксперименталдық аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;

      5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және 

ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (

мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

      6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (

мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).

      Порталға:

      ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай:

      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, 

ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту 

мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

стандартына 

 сәйкес нысан бойынша;

1-қосымшаға

      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми 

мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, 

жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

стандартына 

 сәйкес нысан бойынша өтінім;

2-қосымшаға



      ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы 

төлем құжатының электрондық көшірмесі.

      Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге электрондық құжат нысанында мына құжаттар 

қосымша тіркеледі:

      1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):

      жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – 

аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың 

электрондық көшірмесі;

      2) ғылыми-зерттемелік аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің 

және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін 

есеп-қисаптардың электрондық көшірмесі;

      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің электрондық 

көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);

      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін

аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық 

негіздеменің электрондық көшірмесі;

      4) эксперименталдық аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық 

көшірмесі;

      5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және 

ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді электрондық көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық 

көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

      6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық 

көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, 

жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық 

үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар 

топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі 

белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе 

көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі.

      10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады:

      1) өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс болмауы;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы не оның болмауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет