Хабаршы вестник


ТҰЛҒАНЫҢ ЛИДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет17/34
Дата14.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#4088
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34

ТҰЛҒАНЫҢ ЛИДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Б.М. Баймуханбетов – Абай атындағы ҚазҰПУ,  
Магистратура және PhD докторантура институтының 3 курс PhD докторанты 
 
Резюме 
В  своей  работе  мы  дифференцировали  понятия  личности,  индивидума,  лидерства  в  философии,  социологии, 
психологии,  педагогике  идругих  сферах  научной  исследовательской  литературы,  а  также  теоретические  анализы 
ученых, посвятивших свои  научные труды этой  теме.  Вместе с этим мы остановились на концепциях  сильнейших 
ученых,  рассмотревших  лидерские  особенностиличности.  Мы  попытались  обратить  внимание  на  то,  что  тема, 
которая  была  избрана  целью  нашего  исследования,  является  одной  из  весьма  актуальных,  а  также  сложнейших 
проблем на сегодняшний день. 
Ключевые слова: личность, индивидум, лидерство, лидерские качества. 
 
Summary 
In  our  work  we  differentiated  the  notions  of  identity,  individual  leadership  in  philosophy,  sociology,  psychology, 
pedagogy and other sides of scientific research literature and theoretical analyses of scientists, dedicated the research in this 
theme. In our theme, we are considering on the concepts of the greatest scholars, leadership features of the person. We tried to 
attention to the fact, that the theme was elected the purpose of our study is one of the most pressing and complex problems of 
today.  
Keywords: personality, individual, leadership, leadership qualities. 
Түйін 
Жұмысымызда  тұлға,  жеке  тұлға,  лидерлік  ұғымдарының  философиялық,  социологиялық,  психологиялық, 
педагогикалық және т.б. ғылым салаларындағы әдебиеттерде зерттелуі жайымен бірге осы ғылыми еңбектер жазған 
ғалымдардың  теориялық  талдауларын  сараладық.  Сонымен  бірге  лидердің  тұлғалық  ерекшеліктерін  қарастырған 
белді  ғалымдардың  ой  тұжырымдарына  тоқталдық.  Зерттеу  тақырыбы  бүгінгі  таңда  өте  өзекті  әрі  күрделі 
проблемалардың бірі екендігіне назар аудартуға тырыстық. 
Кілтті сөздер: тұлға, жеке тұлға, лидерлік, лидерлік ерекшеліктер. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
105 
Білім берудің жаңа парадигмасы әлеуметтік мәдени жеке тұлғалық бағдарланған кәсіптік мәні бар сапа 
ретінде  студенттердің  лидерлік  сапасын  қалыптастыру,  олардың  кәсіби  даярлығының  тиімділігін  қарас-
тыруға мүмкіндік жасайды. 
Лидерліктің  көрінуі  саясатта,  экономикада,  басқару  ғылымында,  мәдениетте,  білім  беруде  және 
басқаларында  яғни  қоғамның  барынша  әр  түрлі  тіршілік  әрекеті  салаларында  олардың  қалыптасу  және 
қызмет  ету заңдылықтары негізінің  бірегейлігінде. Лидерлік және  тұлғалар арасындағы әсер  ету үдерісі 
ретінде  топтардағы  жеке  адамдар  арасындағы  өзара  әрекеттестіктердің  жүйесінде  басым  болу  және 
бағынуға әсер ету және дәл орындаудың алдын ала қарастыратын көп қырлы үдеріс.  
Лидерліктің  табиғаты  қабілеті  бойынша  адамдар  арасында  барынша  абыройлы  бастық,  қоғамдық 
немесе  мемлекеттік  ұйымның,  партияның  басқарушысы  мемлекет  лидері  және  т.б.  ықпал  ету,  идеялар, 
мақсаттар,  белгілі  бір  бағдарламаларды,  адамдарды  жеке  тұлға  айналасына  біріктіруі  мен  қорытынды-
ланады.  Топтық  іс-әрекет  интеграциясы  механизмдерінің  бірі  ретінде  лидерліктің  методологиялық 
проблемалары бәрінен бұрын «жеке тұлға» және «лидер» ұғымдарымен байланысты.  
Осыған байланысты қазіргі кездегі педагогиканың теориясы мен практикасында кеңінен қолданылып 
жүрген «Жеке тұлға » ұғымына орысша-қазақша түсіндірме сөздігінде жан-жақты берілген анықтамасына 
тоқталайық: 
Жеке  тұлға  –  а)  әлеуметтік
  жағы,  адамның  бойындағы  әлеуметтік  сапалар;  б)  белгілі  бір  әлеуметтік 
қоғамның  өкілі  болатын,  (ұлты,  топ,  ұжым  т.б.)  белгілі  бір  іс-әрекет  түрімен  айналысатын,  қоршаған 
ортаға  деген  өзінің  қатынасын  мойындайтын  және  өзінің  дара  ерекшеліктері  бар  нақты  адам. Ұлттық 
психика
  мен  жеке  адамның  психикасының арақатысы  диалектикалық  ұқсастықпен  жекеліктің  айырма-
шылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық 
кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатынасы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңіс-
тігі  неғұрлым  кең  болса,  өмірдің  барлық  жағымен  оның  байланысы  және  қарым-қатынасы  да  әртүрлі 
болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады 
[1]. 
Қоғамның эволюциялық даму барысында жеке тұлға жайлы философиялық қозқарастар нақтыланды. 
Ежелгі дүние  ойшылдарының өзі  елеулі  оқиғалар негізінде адамдардың  шешуші  сәтте  әсер  ету  қабілет-
теріне назар аударғаны тарихи уақиғалардан мәлім.  
Платон,  жеке  тұлғалардың  қандай  түрлері  болмасын  адам  жанының  қасиетіне  тәуелді  болады  деп 
санады. Оның пікірі  бойынша, егер атаққұмарлық басым болса, онда билікке  тимократтар келеді, басты 
ерекшелік  белгісі  балаға  құмарлық  болса  билік  олигартардың  қолына  өтеді,  халықтың  наразылығы, 
толқуы  үдегенде  билікке  демократтар  келеді,  ал  шектен  тыс  еркіндік  және  озбырлық  мейрімсіз  қатал 
билеушіні талап етеді. Ал Аристотель өзінің табиғи қасиеттерінің күшімен билік құрған адам, сол мырза 
деп санаған [2]. 
Фома  Аквинский  және  Аврелий  Августин  сияқты  көптеген  ортағасырлық  ойшылдар  жеке  тұлғалар-
дың пайда болуын «құдай еркімен» байланыстырды.  
Платон,  Дж.Локк,  Т.Гоббс,  Ж.Ж.  Руссо  және  басқа  философтар  ең  жақсы  қоғам  құру  контекстінде 
лидерлердің  іс-әрекетін  қарастырды.  Осымен  байланысты  теориялшыл  класиктер  өздерінің  басты 
міндетін басқарушының бірегей жеке билігін шектейтін институттарды құру деп түсінді, ал лидерлікке аз 
көңіл бөлінді. 
Алайда  теорияшыл  класиктердің  арасында  тек  Н.Макиавели  [3]  лидерліктің  проблемасымен  тікелей 
қызығып көңіл бөлді. Бұл жайлы оның негізгі жұмыстарының бірі «Тақсыр» атты жұмысы бойынша пікір 
айтуға  болады.  Оның  басқа  мына  класикалық  жұмыстарындада  осы  проблемаға  соғады:  «мемлекет», 
«мемлекетті басқару туралы екі трактат», «қоғамдық келісім», «саясат» және т.б.  
Тард және Лебондардың пікірі бойынша адамзаттың барлық үздік жетістіктері көрнекті жеке тұлғалар-
дың  қызметтерінің  нәтижесі  болып  табылады;  олардың  ізін  қуалаушылардың  үлкен  саны  тек  көрнекті 
адамдарға еліктейді, оларға ұқсас болуға асығады. Тардтың пікірі бойынша көрнекті жеке адам прогресс 
атауы  үшін  тобырдың  аралымсыздығын,  қабілетсіздігімен  күресуі,  оларды  маңызды  жаңалықтарға 
қызықтыру. Лебон лидер мен тобырдың өзара әрекеттестік шарттарын біршама басқаша түсіндіреді. Ол, 
тобыр  қоғамдық  өмірде  басты  рөл  ойнайды  және  лидерден  басым  болып,  оған  іс-  әрекеттің  бағытын, 
мақсаты  мен  міндеттеріне  ықпал  етеді.  Тобыр  лидерді  алмастырып,  барынша  қызықтыратын  қиялдағы 
идеяларға уәде  ететін жаңа лидерге  еруі мүмкін. Сондықтан лидер психология заңдылықтарын ұғынбай 
немесе саналы түрде аз билігін пайдаланып тобырға еруі тиіс [4]. 
Ф.Ницше билікке қол жеткізу және оған талаптанушы үміткерлер жағынан себептерін түсіндіреді. Ол 
биліктің  негізгі  себептерін  адамның  «шығармашылық  түйсігін»  көрсетілуінен  байқайды.  Ф.Ницшенің 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
106 
тұжырымдауы  бойынша,  шығармашылық  тіршілік  негізі.  Шығармашылық  күшті  жеке  тұлғалардың 
бойында  қалыптасады,  сондықтан  лидер  өздігінен  іске  асыру  үшін  моральды  өзгертуге  құқылы.  Оның 
пікірі бойынша, ескірген моральға әлсіздері тіркеледі [5]. 
Жеке  тұлға  проблемаларын  зерттеуде  шетелдік ғалымдар  Б.Г.  Ананьев,  К.А.  Абульханова-Словская, 
Л.И.  Божович,  Л.С.  Выготский,  А.И.  Леонтьев,  В.Н.  Мясичев,  Л.С.  Рубинштейндермен  қоса  отандық 
ғалымдардың  ғылыми  зерттеулері  де  елеулі үлес  қосты.  Олардың  көзқарастары  мен  пікірлері  бойынша 
жеке  өзіне  тән  жиынтық  сипатымен  өмір  бойы  қалыптасатын  тұлға  деп  түсіндіріледі.  Сол  сияқты  жеке 
тұлғаның тарихи мәні төмендегіше мойындалады: қоғам жеке тұлғаны өмірге әкеледі; сол себепті, қоғам 
үнемі дамиды және өзгерістерге ұшырайды, яғни адамда жеке тұлға оның әлеуметтік мәні міндетті түрде 
өзгереді және дамиды. 
Социологиялық,  психологиялық  және  педагогикадағы  әртүрлі  ғалымдардың  жеке  тұлғаны  зерттеу 
нәтижелері  «адам  бейнесі»  жайлы  бірегей  ұғымға  жинақталған  және  А.Г.  Асмоловпен  сипатталған  [6]. 
Ғалым педагогикалық көзқарас тұрғысынан «адам бейнесін» тұлға стратегиясындағы бағдар болып табы-
латын төрт түрге  бөлінеді:  «сезімтал адам»  білім,  біліктілік,  дағдылар жиынтығы сияқты;  «тұтынушы  
адам – мұқтаж адам; адам түйсіктер мен қажеттіліктер жүйесі ретінде; «бағдарламаланған адам»  мінез-
құлық, іс әрекет ғылымындағы реакциялар жүйесі ретіндегі адам; адам әлеуметтік ғылымдағы әлеуметтік 
рөлдер  репертуары  ретінде;  «әрекетшіл  адам»    таңдауын  іске  асыратын,  адам;  мәнін  және  құндылық-
тарды айтушы ретіндегі адам [6, 427б].  
Әрекетшіл амал жеке тұлғаны зерттеуде негіз болып табылады. Лидердің тұлғалық  ерекшеліктеріне: 
Өзін-өзі сезу мен білу, өзіне сенімділгі, лидерлікке талпыныс және белсенді өмірлік ұстанымы, моральдік 
нормативтілік, сенімділік, қылықтардағы бірізділік, дамыған лидерлік «Мен»-концепциясын жатқызамыз. 
Лидерге өзін өте жақсы білу, сезімдеріне, эмоцияларына, өз-өзіне құлақ салу қажет. Өзін-өзі адам деп, 
сезінушілік, өзі ұнататынын не ұнатпайтынын білу – «Мен»-концепциясының қалыптасуындағы маңызды 
элементтері  болып  табылады,  өмірлік  жолында  жөн  тауып,  басқа  адамдарды  түсінуге  тырысып  үнемі 
көмектеседі.Мұндай идеяны У.Беннис [7], өзінің мықты және осал жақтарын білу мен өз принциптеріне 
адалдық танытушылық лидердің аса маңызды ерекшеліктері болып табылады дей келе, дамытты.  
Лидерге  өзіне  деген  сенімділікөз  мүмкіндіктерінің  шекараларын  ажыратуға  және  жаңа  тәжірибе 
жинақтауға  мүмкіндік  береді.  Осы  идеяны,  1981  жылы  лидерлік  жөнінде  он  жетекші  зерттемелерді 
талдап,  дәлелдеген,  Б.Баас  [8]  негіздеді  де,  лидердің  өзіне  деген  сенімділік  сезімі  мен  өзін-өзі  бағалау 
деңгейі басқа ізбасарлардан гөрі едәуір жоғары деген пікір айтады. 
Белсенді өмірлік ұстанымы лидерге оқиғалардың ортасында болуға мүмкіндік береді, бұл жағдаяттар-
дағы адекватты бағыт үшін аса қажет. Жетістіктерге және лидерлікке талпыныс лидердің өзін-өзі дамыту 
мен өзін-өзіжетілдіру үшін қажетті фактор болып табылады. Бұл идеяны Стивен Кови [9] қолдайды. 
Лидер топтағы құндылықтар мен нормалардың қолдаушысы болып табылады, сондықтан оның мінез-
құлқы  мен  дүниетанымы  адамгершілік  рухани  моральді  нормалармен  –  әділеттілікпен,  адалдықпен, 
жауапкершілікпен,  сенімділікпен  және  қылықтарындағы  бірізділікпен  қисынды  келісімде  болуы  қажет. 
Лидердің мұндай сапаларын Б.Нанус [10]«жоғарғы адалдық және мінездің тұтастығы» деп атаған. 
Адамдармен  жылдам  қарым-қатынас  орнату,  ұжымда  өзіне  сенімді  сезіну  лидердің  маңызды  қасиеті 
болып  табылады  және  оның  ұйымдастырушы-басқарушылық  қызметінің  сәттілігін  қамтамасыз  етеді. 
Осыған ұқсас ерекшелікті Джон Гарднер [11] «адамдармен жұмыс жасау дағдысы» деп атаған. 
Лидер ұжымдағы қарым-қатынастардың үйлестірушісі болып табылады,  осыған орай басқа адамдар-
дың қылықтары мен әрекеттерін бағалауда шынайы және әділ болуы қажет. 
Лидер топтың өкілі, сондықтан ол ішкі жағдайларда топтың қызығушылығын қорғап, ұғыну қабілет-
тілігі,  топ  ішіндегі  қызмет  үшін  өзіне  жауапкершілікті  жүктей  алуы  оның  аса  маңызды  ұйымдастыру-
шылық сапасы болып табылады.  
Түрлі  зерттеушілердің  лидерлік  ерекшеліктердің  мақсатты  даму  мүмкіншілігіне  деген  көзқарастары 
бірмәнді  емес.  Бірқатар  авторлардың  пікіріне  сәйкес  бұл  мүмкіншіліктер  шектеулі.  Мысалы,  лидерлікті 
зерттеуде  ситуациялық  тәсілдерді  жақтаушылар  лидерлік  ерекшеліктердің  салыстырмалылығын  көрсе-
теді және  олардың айтуынша, әртүрлі жағдайлар әртүрлі тұлғалық  сапаны және жеке  тұлғалық  ерекше-
ліктерді талап етуі ықтимал, мұндай қасиеттерге ие болған индивид лидердің дәл өзі болып шыға келеді. 
Басқаша  айтқанда,  топтағы  лидердің  қалыптасуы  оның  осы  топтағы  тұлғалық  және  іскерлік  қасиеттері 
жиынтығының қажетті және көкейкесті болуымен тұрақталады.  
Оған  қоса  көптеген  зерттеушілер  лидерлікті,  адамға  табиғатпен  берілген  қабілеттіліктер  мен  жеке 
даралық  қасиеттердің  жиынтығына  келтіруге  болмайды,  керісінше  ол  субъектаралық  қатынастардың 
өзгеше  түрі  болып  табылады,  сондықтан  осыған  сәйкес  белгілі  бір  дәрежеде  лидерлік  сапаны  дамытуға 
да, лидерлікке үйретуге де болады деген позицияны ұстанады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
107 
1.  Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік: Педагогика /  О  74  Жалпы  редакциясын  басқарған  э.ғ.д.,  профессор 
Е.Арын. - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 482 б. 
2.  Аристотель. О душе [Текст] /Предисловие В.К. Сережникова. Ред. и примечание П.С. Попова / Аристотель. - 
М.: Соцэгис, 1939. - 179 с. 
3.  Макиавелли, Н. Государь [Текст] /Н.Макиавелли. - М.: ACT, 2002. - 704 с. 
4.  Ашин, Г.К. Критика современных буржуазных концепций лидерства[Текст] / Г.К. Ашин. - М.: Мысль, 1978. - 
135 с. 
5.  Ницше, Ф. Стихотворение. Философская проза [Текст]/Ф.Ницше. - СПб., 1993. - 670 с. 
6.  Асмолов,  А.Г.  Культурно-историческая  психология  и  конструирование  миров  [Текст]  /А.Г.  Асмолов.  -  М.: 
Изд-во «Институт практической психологии»; Воронеж: НПО «МОДЭК», 1996. – 768 с. 
7.  Bennis W. Where Have All the Leaders Gone // Contemporary Issues in Leadership. - Boulder, Colo, 1984. 
8.  Bass B. Stogdill’s Handbook of Leadership. - N.Y., 1981. 
9.  Covey S. Principle-Centered Leadership. - N.Y.: Summit, 1991. 
10. Nanus В. The Leader’s Edge: The Seven Keys to Leadership in a Turbulent World. - N.Y.:Contemporary Books, 1989. 
11. Gardner J. On Leadership. - N.Y.: Free Press, 1990. 
 
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КРЕАТИВТІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Қ.М. Нағымжанова – п.ғ.д., доцент, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік 
университетінің бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі 
 
Резюме 
 В  данной  статье  рассматриваются  методологические  подходы  к  формированию  педагогической  креативности 
студентов. Выделены главные детерминанты педагогической креативности как: инновационная и социальная среда, 
изменения  в  реформе  в  подготовки  специалистов.  Анализируется  понятие  «методология»,  сделан  отбор 
методологических 
подходов 
формирования 
креативности. 
Дается 
сравнительный 
анализ 
личностно-
ориентированного и компетентностного подходов подготовки специалиста, определены методологические подходы 
формирования  педагогической  креативности  в  инновационной  среде:  как  системный,  деятельностный, 
компетентносный,  средовой,  субъектный.  И  определена  их  значимость  и  роль  при  формировании  педагогической 
креативности.  
Summary 
In  this  article  methodological  approaches  to  formation  of  pedagogical  creativity  of  students  are  considered.  The  main 
determinants of pedagogical creativity as are allocated: the innovative and social environment, changes in reform in training 
of specialists. The concept "Methodology" is analyzed, selection of methodological approaches of formation of creativity is 
made. The comparative analysis personal the focused and competence-based approaches of preparation of the expert is given, 
methodological  approaches  of  formation  of  pedagogical  creativity  in  the  innovative  environment  are  defined:  as  system, 
activity,  competence-based,  environmental, subject. Also their importance and a role is defined  when forming pedagogical 
creativity. 
Кілтті сөздер: инновациялық білім беру ортасы, педагогикалық креативтік, әдіснамалық тұғыр. 
 
XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  білім  беру  жүйесін  реформалаудың  алдындағы  білім  берудің 
ғаламдық  дағдарысы  және  ізгілендіру  мегатенденцияларын  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Ф.Клумбс 
өзінің  «Білім  берудегі  дағдарыс»  атты  еңбегінде  білім  берудегі  дағдарыстың  басты  себептері  келесілер 
екенін атап көрсетеді: 
1. Адамдардың білімге деген өткір дамыған әлеуметтік сұранысы. 
2. Құралдардың жетіспеуі, соған сәйкес жүйелердің жаңа талаптарға жауап бере алмауы. 
3. Білім беру жүйесінің инерттілігі (енжарлығы). 
4. Қоғамның инерттілігі.  
Әрбір ғылым саласы мен оған қатысты практиканың нақты ғылыми әдіснамасы салыстырмалы түрде 
дербес болатын өзгеше бір тұрғылар немесе қағидалар арқылы айқындалады. Жоғары оқу орындарының 
студенттерінің креативтігін қалыптастыру  үдерісі  әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді  қажет  етеді. Дәлірек 
айтсақ, 
- педагогикалық креативтік детерминаттарын; 
-  инновациялық  білім  беру  ортасында  студенттердің  педагогикалық  креативтігін  қалыптастыру 
негізінде болған өзгерістердің әлеуметтік орта, қоғам талаптарына сәйкестігін; 
-  инновациялық  білім  беру  ортасында  студенттердің  педагогикалық  креативтігін  қалыптастыру 
нәтижесінің басқа да кәсіби педагогикалық қасиеттер жүйесіне ықпалын; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
108 
-  инновациялық  білім  беру  ортасында  студенттердің  педагогикалық  креативтікті  қалыптастыру 
үдерісінің жетілу бағытын айқындауға, сипаттауға әдіснама негіз болуы керек. 
А.В. Морозов, Д.В. Чернилевскийлердің пікірлері бойынша креативтік адамзаттың руханилылығының 
бөлінбес бөлшегі бола отырып, құнды тұлғалық жасаушы категория ретінде оның өзін-өзі өзекті етуі және 
жетілдіру қоры болып табылады тұлғада бар алуан түрлі біліммен емес, мәселеге деген қабылдай алушы-
лық, сезімталдық, жаңа идеяларға ашықтық және жаңаны құру, өмірлік мәселелерді ерекше күтпеген, тың 
шешімдер  алу  мақсатында  қалыптасқан  стереотиптерді  бұзу  немесе  өзгерту  тәжірибені  түрлендіруге 
қабілеттілік деген негіздемені басшылыққа алу орынды [2]. 
Ғылымның  жалпы  әдіснамасы  кең  мағынасында  қолданылады,  тар  мағынада  «әдіснама»  нақты 
ғылыми  пәнде  ғылыми  тану  теориясын  білдіреді.  В.А.  Штоффтың  айтуынша,  «кең  философиялық 
мағынадағы  әдіснамадан  айырмашылығы  басты  назар  әдіснамалық  рөлді  талдау  мен  эвристикалық 
мәндегі, негізінен, онтологиялық қағидалар, заңдар және категориялар құрайтын тар мағынадағы ғылым 
әдіснамасы  гносеологиясының  бөлігі  болып  табылады.  Ол  ғылыми  тану  теориясын  құрайды  және 
ғылымға  тән  алуан  түрлі  және  өзара  байланысқан  форма  мен  көріністердегі  танудың  күрделі  үдерісі 
заңдылықтарын зерттеуге бағытталған» [3] 
Әдіснамалық негіз – бұл сәйкес теорияның басты ережелеріне негізделген және зерттеу пәнін іздеуде 
қолданылатын анықтаушы бағыт стратегиясы деп есептейміз. Қазіргі тұрғылардың көптігі кәсіби даярлық 
мәселесіне қызығушылық танытатын ғалымдарға қандай да бір тұрғыны таңдауға мүмкіндік береді.  
Қазіргі кезде білім беру әлемдік беталыстарға сәйкес реформаланып, ары қарай дамуы жүзеге асады: 
басқа  мазмұн,  жаңа  құқық,  жаңа  қатынастар,  жаңа  мінез-құлық  және  жаңа  тұрғылар  ұсынылады. 
Психологиялық-педагогикалық  дамытушы  және  тұлғалық-бағдарланған  білім  беру  контекстінде  құрыл-
ған жалпы және тұлғалық даму идеялары қазіргі құзыреттілік тұрғысының бейнесі болады. Бұл бағытқа 
бірқатар ғалымдар: А.Андреев [8], В.Байденко [9], А.Вербицкий [10], И.А. Зимняя [11], И.Н. Розина [12] 
және т.б. зерттеулері арналған.  
Сонымен,  жасалған  талдау  екі  тұрғының  өзара  байланысын  көрсетеді,  тұлғаға-бағдарланған  тұрғы 
құзыреттік  тұрғысы  шеңберінде  көрініс  беріп,  оны  нақтылап,  тереңдетіп  және  толықтырады.  Сонымен 
бірге, тұрғылар біршама жалпы сипаттамаларға ие, яғни олардың негізінде қандай да бір мөлшерде ұқсас 
ұғымдар түсіндіріледі13]. Тұлғаға-бағдарланған тұрғы біздің зерттеуіміздің міндеттерін шешуде біршама 
шектеулерге ие, соған байланысты құзыреттік тұрғыны тұлғаға-бағдарланған тұрғыға арақатынастылықта 
қолданамыз  және  олардың  басқарудағы  бірліктегі  формасы  мүмкіндігінде  диалектикалық  байланысын 
есепке  аламыз.  Құзыреттік-іс-әрекеттік  тұрғыдағы  іс-әрекеттік  компоненттұлғаның  дамуының  негізі, 
құралы және шешуші жағдайы, адамның сыртқы ортамен белсенді мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің 
формасы ретінде түсіндірілуімен байланысты.  
Технологиялық  тұрғыны  білім  беру  үдерісінде  белсенділікпен  (В.П.  Беспалько,  М.В.  Кларин, 
Ж.Қараев, В.М. Монахов, М.В. Кларин, Г.К. Селевко, Е.С. Полат т.б.) және өз еңбектерінде қарастырады. 
Бұл зерттеулер педагогикалық креативтікті қалыптастырудың білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктерін жан-
жақты қарастырады, педагогикалық шарттарын жетілдіреді. Білім беру аймағында технологиялық тұрғы 
–  бұл  кейбір  білім  беру  үдерістерінің  технология  ретіндегі  көріністері.  Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  біз 
өңдеген технология және оны педагогикалық үдеріске енгізу, келесі мүмкіндіктерді ашады: 
- педагогикалық үдерісті басқаруға және жоғары анықтылықпен нәтижесін болжамдауға; 
- ең жағымды жағдайды қамтамасыз ете отырып, құзыретті тұлғаның қалыптасуы мен дамуын жүзеге 
асыру;  
- жоғары оқу орнындағы білім беруді модернизациялау үдерісіне мүмкіндік жасау;  
- маман тұлғасына жағымсыз психологиялық-педагогикалық жағдайлардың әсер етуін азайту. 
 
Кесте 2 – Инновациялық білім беру ортасында студенттердің педагогикалық креативтігін 
қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары 
 
Тұрғының 
атауы 
Мазмұны 
Педагогика ғылымында 
Креативтікті қалыптастыру аясында 
Жүйелілік 
тұғыр 
Шамамен өз бетіндік компоненттерді өзара 
байланыста  және  жүйеде  басқалармен 
байланысын  қарастыруға,  жалпы  жүйелік 
қасиеттері 
мен 
жүйенің 
құрамдас 
бөліктерінің ерекшелік сипатын анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Сананың  объективті  логикалық  сұранысының 
бейнесі  ретінде  субъектініұйымдастыру  мәнін 
ашады  және  креативтіктің  бүкіл  әрекеттік  кешенін 
қарастыруды талап етеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
109 
Әрекеттік 
тұғыр 
Адамның 
дамуының 
негізі 
іс-қимыл 
бірлігі,  саналы  түрдегі,  мақсатқа  жетуге 
бағытталған 
тікелей 
жасалатын 
белсенділік. 
Адам 
субъект 
ретінде 
танылып, 
оның 
жасампаздығы, 
іскерлігі, 
қайраткерлігі 
қалыптасады. 
Субъектілік 
тұғыр 
Субъект 
функциясы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет