ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақ осы, мың өліп, мың тірілген. Алматы, 1997.
2. Қазақтану, Алматы, 2003.
3. Қазақтану өрісі, Алматы, 2005.
4. Қазақ халқының философиясы, Астана, 2007.
5. Шешендік, Алматы, 2009.
6. Қазақтану және жаңару философиясы, Алматы, 2009.
Резюме
В статье раскрывается роль «Қазақтану» при изучении предмета «Национальное воспитание», рассматриваются
национальные традиции с точки зрения их влияния на воспитание молодых граждан Казахстана.
Summury
In the article the role of « Kazakhtanu » by the subject studying «National education» is revealed. National traditions
and its influence on education of young citizens of Kazakhstan are considered.
Ө. Айтбайұлы –
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті,
филология ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР ҰҒА академигі
АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Осы бір киелі ұғымды ұлы түрколог
М.Қашқари айтқан «Тәрбие басы – тіл» деген
тәмсілмен бастағанды жөн көрдім. Өйткені,
қай заман тарихын қарасаңыз да, тілдің адам
тәрбиелеудегі орны орасан зор екені даусыз.
Алайда, тілдің тәрбиелік негізі неде, оның нақты
көрінісі қандай болмақ деген сауалдарға жауап
беру оңайға түспейді. Әйтсе де, ойға азық, пікірге
қазық болар негізді қазақтың ұлы тұлғаларынан ел
тағдырын шешуге араласқан би-шешендерінен, ел,
жер, тіл туралы ой толғаған ақын-жазушыларынан,
ғұлама дарындарынан табуға болады.
Ендеше:
Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық, – деп
басталатын тағлым қалдырған ұлы ұстаз Ыбырай
Алтынсариннан бастап, ана тіліміздің тәрбиелік
мәні мен адамгершілікті шыңдаудағы айрықша
қасиетіне көңіл бөлген қазақтың сол данагөй
бабалар қалдырған сөздеріне құлақ түрелік.
Сондай-ақ, бір сөзін алып тастап, алмастыруға
болмайтын мақал-мәтелдеріміз бен мәдени
мұраларымызға бойлап көру ләзім.
«Туған ел – тұғырың, туған тіл – қыдырың»
деген нақылға қанша мағына сиып тұр. Үнемі
осылайша ұғып, осылайша қадір тұтқанда ғана
тілдің тағлымдық тынысын тануға болады. Ана
тілінен жерініп, жат тілдің жетегінде жүргендерді
көргенде Абайдың «Қайран тіл, қайран сөз –
наданға қадірсіз» деген ұлағатты ойлары еріксіз
еске түседі.
Ердің құнын екі-ақ сөзбен шеше білген
бабаларымыздың бүкіл өмір-тіршілігіне тірек
еткені – тіл. Өйткені, ана тілі қазақтың ең басты
құндылығы. Түркі тілдес туыс ел ішінде, әсіресе
қазақ халқының сөз қадірін білуі, содан тағлым,
тәрбие алуы өлшеусіз. Сөзге тоқтай білу деген
әрбір қазақтың басты қасиеті. «Жүйелі сөз
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Сөз соңында
айтарымыз, қазақтанудың
мақсатты қызметі – қазақ болмысын жан-
жақты талдайтын, оны адамзат өркениетімен
толықтыратын, үйлестіретін әрекетті қарқындату,
қазақтыққа жарарлық пәрменді жұмыстарды өзара
жүйеге келтіру және жетілдіруге арналатынын
тілге тиек еттік. Осы мәселелердің кейбір
өзекті философиялық астарына үңілдік және
қазақтануды жүйелеудің концептуалды бағдарына
назар аудардық. Қазақтану идеясын тарататын
интеллектуалды қолдауды қолға алмай, ұлттық
тәрбие серпіліс алады, кең тамыр жаяды, ықпалын
арттырады дегенді діттеп айттық. Ал, оқырман
қосарыңыз болсын, қолдауыңыз артсын!
44
жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады» дейтін қазақ,
ә дегеннен-ақ, өз ұрпағын жүйелі, дөп сөйлеуге
баулыған. Қазақ ортасынан би, шешендердің,
ақын, жыраулардың көп шығуы жайдан жай
емес.
Қазақ тілінің тәрбиелік қасиетін қазақ билері
мен шешендерінің сөз саптау қабілетінен айқын
аңғаруға болады. Сөздің күші, қуаты болады, нұры,
шапағаты болады. Әңгіме соны орнымен қолдана,
іске жарата білуде. Қазақ сөзінен осындай шексіз
де, шетсіз тәрбиелік мәні, әсіресе, әйгілі Төле
би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке іспетті билер
қалдырған насихат сөздерден айқын аңғарылады.
Тілдің ұлтты тәрбиелеудегі айқын мысалын
Қаз дауысты Қазыбек би қалдырған мына бір
шешендік үлгіге көңіл аударалық.
...Ілгеріде қалмақтың қаны Қоңтажы қазақ елін
үш рет шауып, малмен бірге ұл мен қыздарын алып
кеткен екен. Соны даулап қазақтар елші жіберсе де
Қоңтажы еш есе бермейді. Сонда қазақ билері бас
қосып: «Ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені
ме? Қол жинап, шайқасқа шықсақ қайтеді?», – деп
Абылай ханға ақыл салады. Абылай: «Шамасы, біз
әлі тілі шебер шешен елші жіберіп сынасқанымыз
жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе,
сосын шайқасайық», – дейді. Бұл жұмыс Келдібек
биге жүктеледі. Ол өзі бара алмай, өзіндей кісі
таба алмай, ақыры өз баласы Қазыбекті елшілерге
қосып жіберіп сынамақ болады. Іздеп келсе бала
үйде жоқ, желі басында екен. Баласын жөн біледі
ме екен деп сынаққа алады:
– Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді
айтшы? – дейді.
– Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың
немересі боламын, – дейді.
– Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп
жүргенің жақсы ма, жоқ әлде жақсылардың
қасына еріп, ел танып, жер танып, сөз танығаның
жақсы ма?
– Балалық дәуірді де тастағым келмей тұр,
бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер
танып, сөз танығаным теріс болмас, – дейді
Қазыбек.
Сонымен Келдібек он кісінің қасына әлі жас
баласын қосып, астына «Телқоңыр» дейтін тайды
ерттетіп беріп, қалмақ ханына жібереді.
«Телқоңырды» мін деуінде мәніс бар екен. Бір
күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып,
қара жал құла қулықтың жер сызып, жылқыға
ере алмай келе жатқанын байқайды. «Мынаның
ішінде тас па, әлде тұлпар бар ма? Бір құлынды
мұнша неге ауырлайды?», – дейді де, жаңа туған
құлынды көріп, Келдібек:
– Бұған бір қулықтың сүті не болар дейсің,
екі бие сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті
бие еді, соның құлынын өздерің сойып жеңдер
де, мына құлынды соған теліп жіберіңдер дейді
жылқышыға. Сөйтіп сол екі биенің сүтін емген
құлын «Телқоңыр» атаныпты. Келдібектің тауға-
тасқа салса қайтпайтын бір жарамды жігіті бар
екен. Соны Қазыбектің қасына қосады.
Қанша айтқанмен, мынау бала ғой, бақылап
–
жүрерсің, – деп тапсырыпты баласын.
Бұларды қадағалап, төбе басында тұрған
Абылай тобын көріп самсап тұрған сары қолға
атының басын бұрады. Қазыбек Абылайға сәлем
беріпті. Абылай:
– Кімнің баласысың? – деп сұрайды.
– Атым Қазыбек, әкем Келдібек, – дейді. –
Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім,
енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім.
Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді
ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, – дейді бала.
Сонда Абылай кеңк-кеңк күліп:
– Жарайды, балам, жарайды, барсаң бар.
Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен, –
дейді.
Сосын Абылай бұларды біраз жерге шығарып
салмақ боп сар желіп береді. Кілең сәйгүлік жер
танабын суырып, жөңкіле жөнеледі. Телқоңыр
алды-артын орап, ор текедей орғып, ойнап
отырады. Ауыздығымен алысқан баланың қолы
қарысып қалмас па екен деп Абылай назары тағы
да балаға ауды.
– Балам, сен шыныңды айтшы, атшы болғың
келе ме, басшы болғың келе ме? – дейді. Сонда
бала:
– Тәйірі, мен жол көрген ағаларымның
қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам
да жарар! – дейді. Сонда Абылай бір төбе басына
жұртты иіре тоқтатып:
– Ал, жігіттер, жол болсын. Басшыларың
Тайкелтір би болсын, хандарың Бертіс,
батырларың Малайсары, атшыларың мына
Қазыбек бала болсын. Елдестірмек елшіден.
Жауды алмас қылышпен де көндіруге болады,
өткір сөзбен де көндіруге болады, – дейді.
Қалмақ ханы бұларды менсінбей қарсы
алады. Сойыс жасап шығынданбай-ақ, бұларды
бөліп-бөліп жібермек болады. Сонда Қазыбек:
«Менің жүз атым бар, жүз атшы жоқ, атты тарата
алмаймын, бір жерден орын берсін», – дейді. Ат
сиятын басқа жер таба алмаған хан өз албарына
бойлатқан екен.
Аттарды он-оннан топтап байлатып тұрған
бала Қазыбекті хан әйелі көріп тұрады.
Кешкісін хан уәзір, билерін жинап, ішінде
әйелі де бар, кеңеседі.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
45
– Қазақ бізді қамап кеп жатыр, тайға мінген
бала да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны
ғой. Бұларды қырып тастасақ, аттарын жылқыға
қоса салсақ қайтеді, – дейді. Сонда ханым тұрып:
– Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ қабырғалы
халық. «Елшіге өлім жоқ» деген. Елші келгенде
хандық қасиетіңді сақта, сөзін тыңда. Жүз кісіні
өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға
қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып
жүрмесін, бала дегенің сұңқар болып жүрмесін, –
дейді. Сонда хан:
– Ендеше, елшілерді ордаға жинаңдар, өзіме
өзі, сөзіме сөзі сай келер адамы болса, оны
көремін, сай келмесе жазасын сол арада беремін,
– депті.
Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір сұңғыла
сыншы қариясы бар екен, соған мына елшілерді
байқап кел деп тапсырма береді. Ол ханға:
– Мен мынау елшілер ішінен сен шошитындай
адам таба алмадым. Мен басқа бір нәрседен
шошып келдім, – депті. – Неден шошыдың? –
дегенге, қария:
– Жылқы ішінде бір бала жатыр, екі аяғы
екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып
жатыр екен. Аузынан жалын атқылап тұр екен.
«Аузым жеткенше сөйлеймін. Қолым жеткенше
сермемеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің
төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын,
халықты қара шыбындай аузыма үймелетемін», –
деп тұр екен. Сонда хан қаһарланып:
– Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып
жүр екенсің. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде
жатса, бұл өзі атына ие боп қайтар. Ол ер жетіп
сүбемізді суырғанша талай өмір өтер, – дейді.
Содан соң хан жігіттері қазақтарға келіп:
«Сөзге дәмелілерің қалмаңдар» деп шақырып
кетеді. Қазыбек те қалмай бірге келеді. Хан оларға
ашулы жүзбен түсін суытып:
– Ия, қазақтар, айтарыңды айтыңдар, –
депті. Бұлардың басшылары Тайкелтір би асып
айтпайтын бұқпа кісі екен, шаңқылдасып қайтеміз
деген кісіше:
– Өлеңді өзгеге бердік,
Өрлікті төменге бердік.
Алдияр тақсыр алдыңа келдік,
Берсең алдық,
Бермесең қалдық,
Сөзді өзіңе салдық, – деп үш-төрт тақпақ
айтады.
Хан Тайкелтірдің төменшіктегеніне мерейі
тасып:
– Олай болса, кешке дейін бір жауап
қайтарармын, жауап қайтпай қалса, ат-тонның
амандығында елдеріңе қайтқандарың теріс
болмас, – депті. Тайкелтір тағы үш-төрт ауыз
тақпақтай жөнеліп еді, хан оны екі ауыз сөзбен
тиып тастады. Үзілген сөзді қазақ жағынан ешкім
жалғай алмады. Тығырыққа тірелген тұс. Қазыбек
есік жақта өзінің жігітінің жанында қалжыңдасып
отырған. Бір мезгілде айнала бір қарап еді, ешкім
ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып, хан
Бертіске жетіп барады да:
Елден ердің несі артық,
Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық,
Бір-ақ асым еті артық.
Жерден жердің несі артық,
Бір-ақ уыс шөбі артық.
Міндетіне алған сөзден
Шегінген жігіттен
Өлген аюдың өті артық, – дейді.
Содан кейін Қоңтажыға жетіп келіп:
– Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! – дейді.
Сонда хан:
– Өй өзің жөніңді айтшы атың кім? – депті.
– Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым
қазақ, руым қаракесек.
– Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр
екен, ал датыңды айтшы, – депті хан. Сонда
Қазыбек:
– Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ
ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден
құт қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан
басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған
елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм,
тұзын ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса,
хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса,
құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң
боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып
отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз.
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Екі еліктің ылағын
Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге,
Танысқалы келгенбіз.
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз.
Тұтқыр сары желімбіз,
Жабысқалы келгенбіз.
Берсең жөндеп бітіміңді айт,
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
46
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! – депті.
Сонда сөз қуатын қатты сезінген Қоңтажы
хан не дерін білмей абдырып:
– Өзің сөзге келетін бала болсаң, отырған
жерің қандай төмен еді, былай жоғары шықшы,
жоғары, – деп қолтығын аша беріпті. Қазыбек:
– Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай
отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен
үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде
отырғанмен бірдей, – деп жалт бұрылып орнына
қайта барып отырады. Қазыбек сөзі ханның
басынан асып, Қоңтажы не дерін білмей қалады
да:
– Елшілер әр үйде қонақтап жүр. Бір жерден
жөндеп күтіңдер, – дейді. Сонда хан нөкерлері:
– Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп,
осыншама дірілдеп кеткеніңіз не?, – дейді.
Қоңтажы сонда:
– Сендер білген жоқсыңдар. Сөзді өңменімнен
сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан
от шашып, «тыпыр етші, көрейін» деп тұрды. Мен
содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен
маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар
сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып
беріңдер, – депті.
Міне, айтатын жерін, жөнін, көзін тауып
сөйленетін сөздің құдіретін осы мысалдан айқын
аңғарамыз.
«Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының
негізі және бүкіл білімдердің қазынасы» депті
К.Д.Ушинский. Адам анатомиясын зерттеуші
ғалымдардың сөзіне қарағанда ана тілдің негізі
тіпті, сәби құрсақта жатқаннан бастап жасалады
екен. Ол ананың қай тілде сөйлеуіне тікелей
байланысты болса керек. Яғни, ата-ананың ұрпақ
алдындағы жауапкершілігі баланың құрсақ
дәуірінен басталатынын ұмытпаған жөн. Ұрпақ
тәрбиесіндегі бұл аса жауапты кезеңді елеусіз
өткізіп алатындар қаншама!
Ал, сәбидің жарық дүниеге келуінен
басталатын өмір сапарындағы ғажайып сәттердің
жөні бөлек. Ана кеудесін аймалап, ана сүтін емін-
еркін қылқылдата жұтып жатқан сүйкімді сәбиін
айналып толғанған мейірбан кеудеден «жаным»,
«күнім», «ботам», «қошақаным», «құлыным»,
«шыбыным» тәрізді жүректі елжіретер сан
алуан сөздер легі еріксіз төгіледі. Сәби уілінен
қилы-қилы дыбыстар, әуендер, буын-бунақтар,
жекелеген сөздер де туындай бастайды. Сәби
құшақтаған ана емізулі баласын айналып, толғана
отырып, оның құлағына нендей сөздерді құя
алады. Мұның айрықша мәні бар. Ұлт тәрбиесі –
бесіктен десе де болады. М.Қашқаридың «Тәрбие
басы – тілден» деуі тегін емес. Қазақтың «баланы
бастан, келінді жастан» дейтіні де соны меңзейді.
«Ұлт боламын десең бесігіңді түзе» депті ұлы
М.Әуезов. Бесіктен басталған тәрбиенің негізі
берік.
Әлемге әйгілі ұлы тұлғалардың адам боп
қалыптасу дәуірінде олардың кеудесіне ана тіл
дәрісін ұялатқан әжелер мен аналар болған.
Ұлы Абайдың теңдесі жоқ сөз шебері болуына,
ең алдымен әжесі Зере мен анасы Ұлжанның,
сондай-ақ, ақын, жазушылардың ықпалы айрықша
болғанын баяндайтын М.Әуезов шығармасынан
мына бір үзіндіге көз жүгіртелік:
«Ол (Абай) атқа мініп жүруге жарағанымен,
үйден көп шықпайды, өзге баладан гөрі басқа
бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы, әсіресе
– әжесі. Одан қала берсе – шешесі. Бұның әжесі
бір түрлі шебер әңгімеші еді. Қызық сөйлейді,
әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып қызықтырып
айтады. Абай бір күні кешке ұйықтай алмай
жатып әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол
ойланып отырып:
– Е, е ... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыдан кім өткен?, – деп кішкене тақпақтап
бастап еді, Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы
әңгіме сұрағанда, әжесін тізесінен ақырын қағып:
– Е, е ... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен, Бұрынғыдан
кім өткен? – деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші
еді. Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. «Еділ-
Жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген» бәрі де
айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кеште де,
тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды...
Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың
қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай,
талмай, жалықпай, ылғи да ынтыға тыңдайды.
Кейде әжесі шаршап айтпай қойса, өз шешесіне
жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және
ол өлең сөзді көп айтады».
Немесе Абайдың Барлас пен Байкөкше
ақындармен кездескен жері де қызықты
баяндалады. «Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан
ба, немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп
айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде
қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып,
ескектете келген әнінен бе? Бебеу қаққан қоңыр,
майда баяу домбырадан ба? Қалайда болса Абай
бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас пен
Байкөкше баян еткен дастан, жырларға бара-бар
еш нәрсе есітпеген сияқты болады».
Осы жолдарды үздіге оқи отырып, кейінгі,
қазіргі заман ұрпағының әжелері мен аналарының
жағдайын ойлап, салыстырып байқайсың. Өз
ана тілінде тәрбие берудің бұл ғажап үлгісінің
орыстану аясында мүлде ұмытыла бастағанын
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
47
көріп ойланасың.
«Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл» депті
Ж.Баласағұни. Бұл не деген сөз? Яғни ақылдың да
көрінетін жері – тіл, білімнің де байланатын тұсы
– тіл. Тілсіз тірліктің мәні жоқ. Ж.Баласағұнидің
мына бір тәмсілі де адамды еріксіз толғандырады.
Қараңыз: «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл,
бірі – ділің жүректегі» дейді.
Сол ғұламалармен Абайдың үндесіп
жатқанына таң қаласыз. Ж.Баласағұни «Сөздің де
естісі бар, есері бар, сөкпе тым – көкейіңді тесері
бар» десе, Абай сөзді әнмен алмастырып «Әннің
де естісі бар, есері бар. Тыңдаушының құлағын
кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
тыңдағанда көңілдің өсері бар». Ойды да, сезімді
де сөз құйылту арқылы түрлендіре түседі.
Барлық игі істің бастауында тілдің тұратынын
көне дәуір ғұламалары үнемі есіңде тұтқан.
М.Қашқари тағы бірде: «Игі істің басы – тіл» деп
тәптіштейді. Ал, А.Игүнеки «Әдеп басы – тіл»
депті. Ол тілді абайлап тұтыну керек екенін еске
салады. Мұның бәрі тілді марапаттаудан туған
жай нәрсе емес. Өмірдің мәңгілік тынысында
шыңдалған шындық, ғасырлар қойнауында
жүйеленген тәжірибе, содан түйінделген
қорытынды. Халықтың тіршілік-тынысында
мәңгі серіктес өмір кешіп келе жатқан тағлым
таразысы.
Тіл құдіретін адамдар оны күнделікті қажетіне
құрал есебінде жаратып, көне дәуірлерден-ақ
осылайша сезіне бастаған. Тіпті, оны әуелде
тылсым құбылыс деп танып, кие тұтып неше алуан
аңыз әңгімелер де туындатқан. Жалпы тілдің пайда
болған тұсынан бергі тарихты саралап отырсаңыз,
ана тілдің алдында тізе бүгіп, бас иетіндей неше
алуан қасиетін көруге болады. Бірақ, мұны елдің
бәрі бірдей сезіне бермеуі мүмкін. Мұқаң (Мұхтар
Әуезов) суреттеген жоғарыдағы осы бір үзікті
үздіге оқи отырып, ана тіліне баулудың осындай
үлгісін аңсайсың. Әрине, қазір кітап оқудың өзі
мұң болып бара жатқан мына техникаланған
заманда мұны арман етуге ғана мүмкіндігің бар
және қазіргі заман жастарына ана тілді игерудің
бірден бір жолы осы деп те ұсына алмайсың.
Алайда, ұлттық тәрбие мәселесінде ең
алдымен тіл тәрбиесіне көңіл бөлу – парыз. Адам
баласы белгілі-бір қоғамдық ортада өмір кешетін
болған соң, бір-бірімен қарым-қатынас, тілдесу
барысында қазақ сөзінің мағына арқалаған
сан алуан түрі сарапқа түседі. Сөйтіп, сөздерді
сарапқа салу, саралау арқылы адам өзін де,
сөзін де тәрбиелейді. Сөз жаратушы әрбір тұлға
өмірінен осыны байқауға болады. Жоғарыдағы
мысалдардан осыны аңғарамыз.
Ана тілінің адам тәрбиелеудегі өлшеусіз құны
мен бағасын қазақ ақындарының қай-қайсысы да
суреттеуге тырысқан.
Солардың қайсыбірін қайталап еске алғанның
артықтығы болмас. Қазақ тілін нұрлы жұлдыз деп
бағалаған Мағжан Жұмабаев мынау өлеңін сөз
құдіретін сезінетін кез келген жанның тебірене
оқымай өте алмасы даусыз. М.Жұмабаев «Қазақ
тілі» деген өлеңінде:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,
Таза, терең, өткір, күшті кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» атты
өлеңінде теңдесі жоқ үш бақытым бар, соның
бір де болса бірегейі ана тілім дегенді толғайды.
Келіспеуге мұршаңыз жоқ.
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе – Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма?!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Ал пәлсапасыз сөйлемейтін Қадыр Мырза
Али ше:
Дәулет деген – ұғыңдар!
Кеше бар да, бүгін жоқ.
Тілің болса, күнің бар,
Тіл болмаса түгің жоқ...
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
48
«Тілің барда күшің бар», ал одан айырылсаң
түгің жоқ дейді ақын. Ана тілінің адам өміріндегі
өлшеусіз орнын бұдан артық қалай айтуға
болады.
Өлеңді өмірлік нәсібі мен кәсібіне
айналдырған ақын, жазушының қай-қайсысы
да тілдің тәрбиелік мәнін терең түсінеді. Оны
еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын асыл мұра
есебінде бағалайды. Тұманбай ақынның мына
жолдарына назар аударыңыз:
Жігіт бірде кедейленер, байыр да,
Ақ атымды, қанатымды қайырма.
Айырылсам да қымбатымнан талай бір,
О, тағдырым, тек тілімнен айырма! –
дегенде ақын ана тілін ешбір қазына-байлықпен
алмастыруға болмайтындығын мегзейді.
Арқалы ақын Әбділданы сөйлетейік:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.
Тілсіз хайуан – бишара,
Бишараға не шара.
Ол тілсіз тірліктің мәні жоқ екенін,
сондықтан, тіліммен бірге тәрбиеленемін, өсемін,
ал оған мүмкіндік болмаса өмір сүрудің өзі
қажетсіз деп кесіп айтады.
Қазақ сөзінің зергері Ғабит Мүсірепов ана
тілдің қадір-қасиетін мейлінше терең түсініп,
аялап тұтына білген жазушы. Ол арқылы өзін де,
өзгені де тәрбиелеген. Өйткені, оның өз сөзімен
айтқанда:
«Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ».
Сұрапыл соғыста қан кешіп жүріп, ана
тілінің қамын жеген қаһарман жазушы Бауыржан
Момышұлының әрбір сөзі жүрек тебірентеді.
Ол «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды,
тарихымызды ұмыту» деп, өле-өлгенше ана тіліне
тағзым етумен өтті.
Тілдің тәрбиелік мәні дегенде, тіпті, тек
қазақ мақал-мәтелдерінде түйінделген ойлармен
шектелуге де болар еді. Өйткені, сөзді өмірінің
басты құндылығы деп түсінген қазақ, әманда ойын
нақты да қысқа, шешен де шебер түйіп айтқанды
мақұл көрген. Өмірдің қай саласына да қатысты
туындаған мақал-мәтелдердің қай-қайсысын
алсаңыз да сондай дөптілікті, нақтылықты,
әсерлілікті байқайсыз. Содан, өз орнында
қолданыла білген сөздің өзгеше бір қуатқа,
өткірлікке ие болатынын сезесіз. Қазақ мақал-
мәтелдері сан салалы. Олар өмір тәжірибесінен
түйілген, сүзілген, басқаша айтуға болмайтын
түйін, тұжырым. Сондықтан да, әрбір тілдің сөз
байлығы, шебер де шешен үлгідегі болмыс-бітімі
осы мақал-мәтелдерден айқынырақ байқалады.
«Ауыз көркі – тіл, тілдің көркі – сөз». Әрбір
тілдің әуезділігі де, өзгеге ұқсамайтын музыкалық
мақамы да, бар байлығы да осыдан көрінеді. Бұл
жолғы біздің көздеп отырғанымыз тілдің өзі
туралы мақал-мәтелдер. Мақал сөздің ажарын,
делдал малдың базарын келтіретіні рас. Мақалды
орынды жерінде ретін тауып қолдана білген
жанның сөзі қашанда өтімді, әрі ұтымды болмақ.
Сондықтан да, өнер алды – қызыл тіл. Алайда өнер
алды – қызыл тіл деп, оны кез келген уақытта,
қалай болса солай қолдана беруге болмайды.
Өйткені, «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас
жарады». Қолданар адам абайламаса, «бал тамар
тілден у да тамуы» мүмкін. Бәрі сөзді ретімен,
жөнімен қолдана білуге тікелей байланысты. Тіл
буынсыз екен деп оңды-солды сілтей берсең, ол
«ерді қабырға салады, нарды қазанға салады»,
осыны сезінген адам сөзді шайқап емес, байқап
сөйлеуге тырысады. Аңдамай сөйлеген адам,
ауырмай өлуі әбден мүмкін. Әр сөзі орынды
айтылған сөз, орнына қағылған шеге сияқты.
Қазақ «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» дейді.
Себебі, сөздің сүйектен өтетінін біледі. Ол еттен
ғана өтетін таяқ емес. Сондықтан, «еттен өткен
таяқтан, сүйектен өткен сөз жаман».
Қазақтың бала тәрбиесінде, сөз қолданысында
мақал-мәтелдің орны айрықша. Кез келген қазақ
өз сөзінің ұтымды, мәнді болуын қалайды.
Көбіне мақал-мәтелге жүгінеді. Өйткені, тұздың
астың дәмін кіргізетініндей, мақал сөздің мәнін
кіргізетінін біледі. Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл.
Ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл екенін қазақ
ежелден-ақ сезінген. Сондықтан, «Артық сөйле,
кем сөйле, таразылай тең сөйле» деп әрдайым
өзін өзі тәрбиелеп отырады. Сөз біледі екем деп
артық кетпе дейді. Өйткені, ел арасын сөз бұзады,
жол арасын сел бұзады. Үнемі сөзіңе, өзіңе абай
бол дегенді айтып өзін-өзі тежеп отырады. Сөз
білемін деп жөнді-жөнсіз жөңкіле беру тағы да
артық. Шындық жадыңнан шықпасын дейді.
Себебі, судың түбін шым бекітеді, сөздің түбін
шын бекітетінін білу керек.
Сөзіңді асықпай айтқан жақсы. Себебі
«Тамақты асығып ішпе түйілесің, сөзді асығып
айтпа күйінесің». Қысқасы, адам баласының
азамат болып қалыптасуында тілдің тәрбиелік
мәні айрықша. Біз соның кейбір тұстарына ғана
тоқтап, мақал-мәтелдерді тілге тиек еттік.
Жоғарыда сөз болған мәселенің бәрі түптеп
келгенде, қазақ тілінің мейлінше бай, шебер де
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
|