Ғ. Есім –
философия ғылымдарының докторы,
академик, сенатор
Ел болу биік әрі мағыналы сөз, оның іргетасы – мемлекет. Қазақстан
Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Тек мемлекеті бар ел ғана өркениет жолына түсе
алмақ, сондықтан Қазақ өркениеті деген ұғымды қоғамдық білімдер жүйесінде
қолдануға мүмкіндік туды. Қазақ өркениеті шындық, субстанция. Бүгінгі Қазақ
Республикасы тарихта (XV ғ.) болған Қазақ Ордасының жаңа Заманға сай жаңғыруы,
яғни Қазақ Республикасы ренессанстық мемлекет, оның президенті Ренессанстық
Тұлға. Олай болса еліміздің бүгінгі болмысын Қазақ Ренессансы деп айтуға толық
негіз бар. Отаршылдық кезінде туған Ұлт мәселесі бүгінде Елдік санаға ұласты. Бұл
бағыттағы, ендігі жердегі жетекші сана қазақ елі — мәңгілік деген идеямен анықталмақ.
Қазақ елі – мәңгілік ұлттық идея. Оның мазмұнын ашуда тың түсініктер керек,
олардың біразын атап айтсақ: өркениеттік өлшем, өркениеттік шешім, өркениеттік
келісім, өркениеттік ізденіс, өркениеттік сана, өркениеттік тұрмыс, әлем
халықтарының өркениеттік үрдістерін қабылдай білу және соған бейімделе отырып,
елдік құндылықтарымызға жаңа сапалық өріс ашу, соның нәтижесінде Президент
Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткендей, әлемдегі өркениетті елу елдің қатарына ену.
ЕЛДІК САНА ФИЛОСОФИЯСЫ
Қазақ елі – мәңгілік.
Автор.
29
тәжірибесі болғаны, әрине, ол батыстық үлгіде
емес, ол кезде батыстық мемлекеттіліктің үлгі
болатын да жағдайлары шамалы болатын. Біз,
сондықтан бүгінде «Қазақстандық жол» деген
түсінікті отандық білім жүйесіне енгізуіміз қажет,
ол туралы Президент Евразия университетінің
студенттері мен оқытушылары алдында оқыған
лекциясынан кейін қойылған сұрақтарға жауап
бергенде, шет елдік мамандардың «Қазақстандық
жол» туралы айтып жатқандарына тоқталған еді.
Әлемдік саясаткерлер ескі түсінікпен Қазақстанды
да «үшінші елдер» тізіміне қосуда, негізінде біз
қазір «дамушы елдер» қатарындамыз. Дамушы
ел деген сөз, болашағы бар мемлекет деген
ұғымды береді. Оның көрсеткіштерін Нұрсұлтан
Назарбаев өз лекциясында былайша түсіндірді:
2010 жылға қарай біз жан басына келетін ІЖӨ-
ні 700 долларға дейін, ал сатып алу қабілетінің
паритеті (СҚП) бойынша 1500 долларға дейін
арттыру көзделіп отырғанын айтты. «Таяудағы
үш жылда Қазақстан білім беруге арналған
мемлекеттік шығындарды ұлғайтуы тиіс,
олар ІЖӨ-нің 4,1%-ынан кем болмауы керек.
Үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджеттен
білім беруге 344 млрд. теңге жоспарланған»
(«Егемен
Қазақстан»
газеті.
27.05.06).
Мысалы, Ли Куан жоғарғы аталған кітабында
жазғандай, Сингапурдің ІЖӨ әр адамға 1959
жылы 400 американдық доллар болса, 1990 жылы
12 200 долларға, ал 1999 жылы 22 000 долларға,
бүгінгі күндері 30 000 долларға жақындап отыр.
Шикізат байлығы жоқ Сингапур тіптен құм мен
ауыз суды Малайзия мен Индонезиядан тасыған.
Сонда жоғарыда келтірген биік нәтижелерге
бұл ел қалай жеткен? Міне осы мәселе, бізге,
Қазақстандықтарға ой салатын жағдай. Біздің
жағдайымыз табиғи байлық және де өзге
мүмкіндіктерімізді қоса айтқанда Сингапурмен
тіптен салыстыруға келмейді. Ендеше, неге бұл
елден қалып отырмыз, меніңше мәселе білім беру
жүйесіне, ғылымға және технологияға қатысты.
Елімізде білім беру жүйесінен социализм шықпай
отыр. Социалистік түсінік білім жүйесіндегі
басты бөгет. Осы мәселені Президент Нұрсұлтан
Назарбаев өте терең мағыналы мәнде қойып
отыр. Елбасының профессор ретінде университет
ұжымы алдында лекция оқуы үлгі болатын бастама.
Қазақ елі мәңгілік деген формула, отандық
ғылым жүйесіне тың тұжырымдар жасауды қажет
етуде. Ол тың тұжырым елдік сана туралы болмақ.
Елдік сана деген не? Ел болу дегеніміз не деген
сауалдар отандық философияның жаңа тұрпатын
қалыптастыруға бастайтын нышандар. Мен бұл
жерде ұлттық дегеннің орнына отандық деп арнайы
айтып отырмын, осы мақалада айтылар ойдың
негізгі арнасы да осы мәселе төңірегінде өрбімек.
Сонда ұлттық философия орнына отандық
философияны
қолданғанда
біз
нендей
мәселелерді нысанаға алып отырмыз. Тарқатып
айтып көрейін. Алдымен, негізгі шындықты
немесе қазіргі заманды зерделеп алсақ, басты
мәселе айқындалмақ, ол
–
он бес жылдық тарихы
бар Қазақстан Республикасы, Біріккен Ұлттар
Ұйымының мүшелері болған жүз тоқсан бір елдің
бірі. Қазақстан – дербес мемлекет. Бұл әбден
түсініп алатын керемет тарихи жағдай. Қазақстан
Республикасы мемлекет ретінде өзіне тікелей
қатысты мемлекеттік істерді шешкен. Ол әлемнің
түгел дерлік елдерімен тікелей дипломатиялық
қарым-қатынас орнатқан. Мемлекеттік символ,
рәміздер анықталған. Қос палаталы Парламент
жүйесі қалыптасқан. Елімізде бірнеше рет
Президент, Парламент және Мәслихат сайлаулары
өтті. Демек, қазақ елінде мемлекеттік құрылыс
негізінен құрылған, нарықтық қатынастарға,
адам құқығы мәселелеріне заңдар жүйесі
жасалып, кеңістік өріс ашқан, ендігі жердегі
мәселе солардың нығаюы, сапалық түбегейлі
өзгерістерге түсе беруі. Әрине, одан шығатын
мәселелер ел ішінде талас пікір, келіспеушілік,
тіптен оппозициялық блоктар құруға дейін бастап
отыр, меніңше бұл демократиялық, либералдық
үрдістің қалыпты жағдайлары. Осындай
мемлекетіміздің онтологиялық болмысы
жаңа тұрпатты философияны, тың жүйеге
негізделген гуманитарлық, қоғамдық білімдер
жүйесінің қалыптасуын қажет етеді. Ол қандай
мәселелер дегенге келетін болсақ, біріншіден,
ұлт мәселесінің осыдан он бес, жиырма жылғы
болмысы, мүлдем өзгерген. Ұлт мәселесін
туғызатын отаршылдық идеологиясы және
саясаты. Кеңестік империя отаршылдықтың жаңа
түрін – коммунистік режимдік түрін тәжірибеде
де, теорияда да шебер жүргізе білді. Қазақ ССР-
ін заң жүзінде мемлекет ретінде мойындай
отырып, оған өздеріне (коммунистерге) қажетті
шектеуді қоя білді. Мұндай жағдайда ұлт
мәселесі тұншыға бастады. Ұлтқа саяси, рухани
еркіндік берілмеді. Дін, тіл мәселелері дертке
айналды. Сондықтан, Егемендікке жеткенге
дейін ұлт мәселесі халқымыздың негізгі мәселесі
болды. Сол үшін орасан жұмыстар атқарылды,
құрбандықтар болды. Айта берсек, ондай істер
жеткілікті, мысалы 1916 жылғы Амангелді,
Бекболат т.б. бастаған ұлт-азаттық майдан, Алаш
қозғалысы, жиырма-отызыншы жылдардағы
аштық, отызыншы, кейін елуінші жылдарға
жалғасқан репрессия. Сонда репрессияға
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
30
ұшыраған халқымыздың аты аталып жүрген асыл
ұлдары ғана емес, халықтың азаттық идеясы
еді. Коммунистік режим халқымыздың азаттық
идеясын, яғни ел болу идеясын репрессияға
салған еді. Ел болуға кеңестік замандағы
саяси, рухани ұмтылыс, 1986 жылғы Брежнев
алаңындағы жастардың көтерілісі болатын.
Михаил Горбачев бастаған «қайта құру»
саясаты кезінде либерализмге мүмкіндік туа
бастағанда көрнекті журналист, қоғам қайраткері
Сағат Әшімбаев жүргізген «Қарыз бен парыз»
телехабарларында ел болу идеясы өте екпінді
көтерілді. Бұл кезде ұлт мәселесі қайнап тұр еді.
Кейін қызметтен кеткен соң Михаил Горбачев
журналистерге берген бір сұхбатында, менің
саясатымда екі кемшілік болды, бірі ауыл
шаруашылығына жете көңіл бөлінбеді, екіншісі
ұлт мәселесіне тиісті деңгейде мән берілмеді
дегені шындық еді. Ұлт мәселесі бомба болып
жарылып коммунистік режимге негізделген
СССР деген алып империяның тас-талқанын
шығарды. СССР тарқағаннан соң да, көп кейін
ұлт мәселесін түсінбеген немесе түсінгісі
келмегендер СССР-дің тарқағанына таң қалысты.
Таң тамаша қалатын ештеме жоқ, ұлттық
жағынан құрама империялар күндердің күнінде
ыдырап тынатыны тарихи тәжірибеде сан рет
қайталанған. Ұлт мәселесін үнемі отаршылдық
тудырады. СССР-дің ыдырауымен Тәуелсіз
мемлекеттер пайда болуымен ұлт мәселесі
сапалық өзгеріске түсті. Енді ол ұлт мәселесінен
елдік мәселеге ауысты, өтті. Ұлт мәселесін
тудырған отаршылдық жойылды. Ендігі жерде
ұлтық сана елдік санаға ұласты. Осы сапалық
өзгерісті қоғамда түсінбеушілік аңғарылды. Кей
азаматтар өз сөздерінде, жазғандарында, біздің
Тәуелсіздікке жеткен ел екенімізді ұмытып кетеді.
Тәуелсіздікке дейінгі әңгіме мазмұны бір басқа,
Тәуелсіздікке жеткеннен кейінгі әңгіме мазмұны
бір басқа емес пе? Тәуелсіздікке дейінгі арман
жеке ел болу, яғни саяси Тәуелсіздікке жету емес
пе еді. Ал, саяси Тәуелсіздік жарияланғаннан
кейінгі арман болатын елдің мәңгілігі,
баяндылығы, тұрақтылығы, өркениеттігі емес пе?!
Әрине, біз егемендік тарихымызда бір
қиыншылық болғанын естен шығармауымыз
керек, оның мәнісі бізге Тәуелсіздік пен
нарықтық қатынастар бірге келді. СССР-
дің империя ретінде ыдырауының басты
факторы деп, жоғарыда ұлт мәселесін айттық,
сонымен бірге, бұдан қуаты кем соқпайтын
екінші фактор болды, ол СССР-де нарықтық
қатынастардың болмауы, яғни, жоспарлы халық
шаруашылығының болуы, ол әлеуметтік-саяси
кеңістікке жол ашпайтын саясат еді. Демек,
Тәуелсіз елдерде, нақтылы Қазақстанда да
нарықтық қатынастарды Тәуелсіздік идеясынан да
жоғары қоятын күштер бар еді, олар ұлт мәселесін
аттап өтіп, өз жолдарымен кетті. Тіптен, оларға ұлт
мәселесіне қатысты істер кедергі болып табылады.
Тәуелсіздікті насихаттаушы ұлтшылдар, зиялы
қауым. Ал, саяси билік басындағылар мемлекетті
басқару ісімен айналысты, ол түсінікті жағдай еді.
Әркім өз ісімен айналысқаны жөн. Тәуелсіздік
алған елге, ең басты мәселе Мемлекет ісі
болатын. Олай болмағанда саяси тәуелсіздік
жоқ. Саяси Тәуелсіздікті нығайту, яғни, мемлекет
ісін жүргізуде, біздердің табысымыз мол
болды. Егер, ондағы кемшілік болса, оны теріп
алып айтушы оппозиция бар. Мәселе, рухани
Тәуелсіздікте, ол қоғамға көрінді, олар өздерінше
демократиялық үрдістердің жақтастары болып
көрініп, ұлтқа қатысты істер ысырылып қалды.
Қиындық осы тұста туындай бастады, оның
үстіне нарықтық қатынастарға кіре алмай сырт
қалған көпшілік те қазақ қауымы болды. Жағдай
қатерлі сипат ала бастады, құдай сақтап, біздер
өзге елдерде болған аса ауыр қиыншылықтан,
ең бастысы қан төгіссіз аман шықтық, бірақ
ұлттық құндылықтарды насихаттау ісі қарқынды
болмады, себебі, ол баста ұлтшылдық идеясы
өріс ала алмады. Ұлтшылдыққа әлі саяси теріс
көзқарас болды, оны ұлттық экстремизммен
шатастыру да болды. Алдыңғы қатарға таза
демократиялық үрдістер ісі шықты да, оның
ұлттық мазмұны еске алынбады, жағдайдың
осылай болуы, сірә, сол кезде осы істі нақтылы
түсіндіретін теорияның болмауынан мәселе өріс
ала алмады. 1991 жылдан бергіде елімізде екі
бағыт өрбіді, бірі
–
нарық қатынастарына еніп
алған «жаңа қазақтар», екінші сатысы мәселелер.
Бұл кемшіліктің дені зиялы қауымның қабілеті,
түсінігі, көзқарасы, біліміне қатысты болды.
Өткен он бес жылдық тарихымызды ұлттық
санадан елдік санаға өту, ұласу жылдары деп
қабылдауымыз қажет. Біз қазақ ұлтынан қазақ елі
болып қалыптастық, өз мемлекетімізді орнаттық,
оның іргетасы, иншалла мықтап орнықты, енді
ел болу саясатын қарқынды жүргізуіміз қажет.
Бұл істе Президент тіптен қуатты идея ұсынды,
ол, қазақ елі әлемдегі елдердің қатарында ғана
болып қалмай, бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарында болуымызды мемлекеттік міндет деп
анықтады. Бұл істе бәрі мемлекетке қатысты
емес, ендігі жерде әңгіме салмағы қоғамға
ауысуы заңды. Қоғам, өткен адамзат тарихына
зер сала қарап отырсақ, үнемі мемлекет ырқында
бола бермеген, оның ең айғақты көрінісі, кеше
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
31
алып Кеңестік Империяның ыдырауы немесе
Югославияның бүгінгі күнге дейін ыдырап
жатуы. Неге олай болды, оның басты себебі,
қоғам өзіне өзге мемлекеттік өлшемді қажет
етті. Осындай жағдайда Ленин атап айтқан
«мемлекеттік
машинаның»
парша-паршасы
шығады. Революция деп ұрандап большевиктер
ресейлік мемлекеттік машинасын бұзды, қиратты,
кейін келе коммунистік қатаң режимге құрылған
кеңестік мемлекеттік машинаны қоғамдағы
қозғалыстар аз уақыт ішінде тас-талқанын
шығарды. Реті келгенде айта кетейін, Кеңестік
Империяның мемлекеттік машинасының саяси,
идеологиялық, мәдени бағдарлары айқын, анық,
әрі нақтылы болатын, соған қарамастан қоғам
ішінде «жарылыс» болды. Ол жарылыстың үш
тағаны болды: жеке меншіктің жоқтығы, ол
жеке адамның еркіндігін шектеді; демократияның
немесе либерализмнің болмауы, ол ұлт
мәселесін тұйыққа бастады және дін атаулының
қоғамнан аластатылуы, ол адамның табиғи
болмысына кері әсер етті, адам өз болмысында
бола алмай, өзге халге, жасанды жағдайға түсті.
Бүгінгі қазақ (қазақстандық дей беріңіз - Ғ.Е.)
қоғамында қоғамдық пікір үстемдігін меңгеріп
алуға тырысушылықта, менің ойымша, екі
негізгі мәселе бар. Бірінші мәселе дінге қатысты.
Біздегі жағдайға келсек, Конституциямызда
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет
деп
анықталған
(1-бөлім.
Жалпы
ережелер. 1-бап. Қазақстан Республикасының
Конституциясы.
Алматы
«Жеті
жарғы»,
1998.
–
5 б.). Бұл, мемлекет пен діннің қарым-
қатынасы мәселесіндегі теория мен тәжірибеде
қолданылатын басты принцип. Демек, дін
және діндер үрдісі мәселелерінде ұстанатын
принципіміз зайырлылық. Бұл принцип білім беру
саласында сақталуда. Зайырлы оқу орындары діни
оқу орындарынан бөлек. «Зайырлы мемлекеттің»
не екенін анықтама, энциклопедиялар арқылы,
яғни түсінік негізінде түсіндіруге болады, ал заң
жөнінде қалайша айтпақпыз. Интернет беттерін
парақтасақ, Зайырлылық мәселесі, бүгінде
Ресей, Украина елдерінде талқыланып, алуан
түрлі пікірлер айтылып жатыр. Сөз орайына
қатысты айта кетейін, Зайырлы мемлекеттің
атеистік классикалық түріне Кеңестік мемлекетті
айтуға әбден болады. Бұл мемлекет шын
мәнінде дінді (шіркеуді) мемлекеттік істен
мүлдем аластатты, демек, бізге бұл жолға
түсуге болмайды. Ол теріс бағыт болатын.
Біздің түсінігімізде зайырлы мемлекет мазмұны
жағынан құқықтық, демократиялық болғандықтан,
ол дін өрісіне мүмкіндік беретін мемлекет. Мәселе,
осы мүмкіндіктің сапалық мөлшерінде. Соны заң
арқылы нақтылы анықтау мәселеге айналып отыр.
Зайырлы қоғамда зайырлы азаматтар болуы
табиғи жағдай. Олар, зайырлылар кімдер, атап
айтсам, мемлекеттік, саяси жүйедегілер,
журналистер, ғалымдар, білім беру жүйесіндегі
мұғалімдер, оқу ісін ұйымдастырушылар, ең
соңында өзін зайырлы деп санайтын азаматтар.
Сонымен бірге, қоғамда атеистер бар, ол да
қадірлеуді қажет ететін топ. Діни Ренессанстың
алғашқы жылдары атеистерді «халық жауы»
ретінде көрсетушілік байқалды, ол дұрыс емес,
мәдени контекстте қарастырсақ, дұрыстыққа
бастайтын түсінік емес. Атеизм де мәдени
үлгінің өмір сүруге құқы бар бір түрі. Ойлаудың
ақ пен қара түрлерінен біз өтіп келеміз, себебі
өркениеттік ізденіс бізді осы жолға бастамақ.
Зайырлылық дегенде басын ашып алатын
жай, ол теократия мәселесі. Осы мәселе туралы
Америкалық ислам танушы Бернард Луэйс
былай дейді: «Теократия – это государство,
в котором властъ принадлежит церкви, т.е.
духовенству. Ясно, что в этом смысле ислам не
является и не может бытъ теократическим. В
исламе нет церкви и нет духовенства, как
с теологической точки зрения, потому что в
нем нет духовной должности или духовного
посредничества между Аллахом и верующим,
так и учредителъской, потому что здесъ нет
епископов и иерархической власти религиозных
деятель» (Выступление проф. Бернарда
Луэйса на международном коллоквиуме
ЮНЕСКО 7-10 декабря 1982 г. в Париже).
Конституциядағы Мемлекет пен дін бөлінген
деген қағида негізінде Шіркеудің мемлекеттен
бөлінгені туралы мәселе. Исламда бұл
мәселе өзгеше. Исламның өзгешелігі сол, ол
яғни, ислам діні әуел бастан мемлекеттің
саяси, идеологиялық негізі болып қалыптасқан.
Мұхаммед пайғамбар Алланың елшісі болуымен
бірге, мемлекет басшысы, жай саяси басшысы
емес, сол мемлекеттік билікті орнатушы,
халифаттың негізін салушы саяси реформатор
болған адам. Александр Пушкиннің «Подражание
Корану» деген өлеңінде Мұхаммед пайғамбар
туралы «И, обходя моря и земли, глаголом
жги сердце людей» деуі, ол діни, әрі саяси
әлемдік масштабтағы реформатор. Исламда діни
билік пен саяси (мемлекеттік) билік, әуел бастан
бір болған, бірге қалыптасқан. Исламның осы
ерекшелігін біз шіркеудің мемлекеттен ажырату
принципімен түсіндіріп келеміз. Шіркеу бір
басқа, Мешіт бір басқа. Екеуінің діни билікке
және мемлекетке деген түсініктері де басқа.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
32
Христос – адам, бірақ Құдай, ал исламда адам
баласы Құдай бола алмайды. Бір сөзбен айтқанда,
исламдық тұрғыда «зайырлылық» деген түсінік
жоқ. Зайырлылық Батыс өркениетінің өлшемі.
Зайырлылықтың жоқтығы ислам әлемін
түсінбеушіліктің негізі, ол бір, екіншіден,
зайырлылықтың жоқтығы, одан зайырлылық талап
еткенде архетиптік әр пиғылдағы көріністердің
беріп қалуы аңғарылады. Осы психологиялық
халді
Батыс
саясаткерлері
«исламдық
фактор», «исламдық терроризм», «исламдық
экстремизм» деп сан-саққа жорытуда. Батыс
үшін исламдағы өзіне түсініксіз жағдай – қауіп.
Бұл мәселеде бізге Турция елінің
тәжірибесі жақын. Себебі, ол европалық
ел және де біз мемлекет пен діндер мәселесін
европалық тәжірибе негізінде шешуге ынта
білдіріп отырған елміз. Бірақ, Турция елінің де
тәжірибесін толық ала алмай отырмыз, себебі
онда бәрі түріктер, одан өзге ұлт жоқ, бізде болса
жағдай басқалау. Сондықтан, діни келісімде үнемі
ортақ шешімге келу қиын болып отыр. Сонымен
мемлекет және діндер дегенде екі тәжірибе бар,
бірі исламдық, екіншісі христиандық. Бізге керегі
ортақ өркениеттік шешім. Ол қалай болмақ.
Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде
негізінен
мемлекетті
басқару
тәсілдері
туралы айтылған. Хадистерде саяси билік
пен діни билік бір-бірінен ажыратылмаған.
Мұсылман елдерінің дені батыстық терминді
қолдансақ, теократиялық болып келуі содан.
Әлем халықтары, әрі елдеріндегі діни
үрдістерді бағамдап отырсақ, мемлекеттік,
саяси істермен айналысушылыққа, тек қана
ислам діні ғана емес, өзге діндер, айталық,
православие, католик, протестанттар, иудаизм
т.б. ынта танытуда. Бұл үрдіс Қазақстанда да
байқалып отыр, бұл біріншіден. Екіншіден, неге
дін мемлекеттен бөлінген деген конституциялық
тұжырымға
қарамастан,
мемлекет
дін
мәселесімен шұғылдануды қажет деп санайды.
Бұл былай қарағанда зайырлыққа жатпайтын іс.
Бірақ, тәжірибе теорияның анасы екенін естен
шығармаған жөн. Қандай ілім, теория, қағида
болмасын тәжірибеден замандар өзгерісіне қатысты
қалып қойып отырады. Теорияларға емізікпен
сүт беріп, жандандырып алатын – тәжірибе.
Тәжірибеде жағдай былай. Үш ұғым бар:
Мемлекет, Қоғам, Ел. Ел болу үшін мемлекетшіл
болу жеткіліксіз, мемлекеттен тыс қоғам, оның сан
қырлы мүдделері бар. Мемлекет, осы қарастырып
отырған мәселеге орай айтсақ, адам құқына жағдай
жасаушы, мүмкіндік туғызушы, ал адам болмысы,
ғұмыры, еркі іске асатын алаң, ол – қоғам. Қоғам
адам еркінің кеңістігі. Міне, осы адам еркіне
мүмкіндік туғызу мен оның жүзеге асуының
бірлігінен елдік сана, елдік мүдде қалыптасады.
Елдік сананы өркениеттік сана деп айтуға әбден
болады, себебі мұнда адам мүмкіндігі мен оның
нақтылы өмірі көрініс табады. Осы өркениеттік-
елдік сана қалыптасуында діннің орны ерекше.
Қазақ елі үшін, әрине, оның 60% сенетін ислам
дінінің тазалығы, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті
саласы. Мысалы, елдік санасы бар қазақстандық
азамат, ешқашан да «Хизб эт-Тахрир» сияқты діни
сектаны қолдауы мүмкін емес. Керісінше, елдік
сезім, санасы жоқ дүбара мұндай және осы секілді
аса зиянды діни секталарға өтіп кетулері мүмкін.
Елдік сана негізі азаматтық құндылықтарды
қалыптастыруда. Демек, білім және тәрбие
саласында елдікке баулу мемлекеттің де,
қоғамның да, Қазақстандағы ресми діндердің
де өзекті мәселесі болуы керек, олай болмағанда,
Қазақстан Республикасы өркениетті ел болудан
қалмақ. Бұл жерде мен өркениеттілік деп өзін
Мемлекет, Қоғам, Ел ретінде сақтауға қабілетті,
яғни, ұлттық қауіпсіздігі мығым елге қатысты
айтып отырмын. Өркениетсіз елдердің өзін-
өзі сақтау қабілеті шамалы болатыны тарихтан
белгілі. Мысалы, кешегі өзіміз өмір сүрген Кеңес
Империясы нағыз өркениеттілікке көтеріле
алмады, соның нәтижесінде ыдырап, тарап кетті.
Себебі, ол зайырлы мемлекет болғанмен, қоғамда
атеистік білім мен тәрбие негізгі мәселелер болған.
Демек, таза атеистік негізде құрылған мемлекеттің,
қоғамның Ел болып қалу мүмкіндігі шамалы
екеніне Кеңестік өкіметтің қысқа ғұмыры дәлел.
Кеңестік
заманда
Дін
мемлекеттен
бөлінгенімен,
ол
қоғамнан
мүлдем
аластатылмады. Неше түрлі айла-тәсілдерге
қарамай қоғамда дінге сенушілер болды.
Солар Тәуелсіздікпен келген діни еркіндікті,
тіптен, діни Тәуелсіздікті десе болғандай ынтамен
қабылдап, дінге сенуші қауымның негізін құрады,
мұны дәстүрлер деп атасақ, одан беріде он бес
жыл ішінде жаңа діни қауымдар өсіп-өніп келеді.
Солармен бірге, күн тәртібіне жаңа діни мәселелер
қойылып отыр. Оның бастапқыдағы шешімі 1992
жылдың 16 қаңтарында Парламентте қабылданған
«Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер
туралы» заң болатын. Енді оған өзгертулер
енгізу мезгілі жетті. Бұл заңды миссионерлік
туралы мәселелермен толықтыру жоқ, себебі,
кейінгі кезде басылым беттерінде миссионерлік
туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Біз,
ашық қоғамбыз деп, әлемге жария еткендіктен,
миссионерлерге есікті мүлдем жауып тастай
алмаймыз. Бүгінде дін алаңында да бәсекелестік
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
33
басталған. Әр дін өзінің өміршеңдігін, хақтығын
тұрмыста, қоғамда белгілеп алуы керек. Дін
мемлекеттен бөлінгенмен, қоғамнан бөлінбек
емес. Дін қоғамдық құбылыс. Қазіргі жағдай солай.
Жалпы алғанда «миссия» деген жаман
сөз емес. Миссионерлік адамзат тарихында,
үнемі болып келе жатқан мәдени құбылыс.
Миссионерлік – халықтардың, региондардың
мәдени алмасуының бір тәсілі. Академик
Лихачевтің, ұлттық мәдениеттің кемелденуі, оның
өзге мәдениеттерді қабылдау қуатымен анықтау
керек деген терең ойы бар. Сонымен бірге,
миссионерлік дегенде, мәселе оның мақсаты
одан шығатын мазмұнында болса керек, кейбір
миссионерлер тек діни насихатпен айналысуды
мақсат еткен, әрине, мұндайға қоғамдық пікірде,
заңда тосқауыл, тіптен тиым керек. Парламенттің,
күні бүгінге дейін неліктен миссионерлік туралы
заң қабылдамай отырғаны қоғам үшін түсініксіз.
Бүгінде миссионерлік қоғам да оңды-солды
емін-еркін сайрандауда, себебі олардың қолында
Минюст берген куәлік. Минюст қызметкерлері
рұқсат бермесе, оларға миссионерлер адам құқығы
деген мәселені алып шығады, осы жерде тағы
мынандай проблема бой көтереді, ол мемлекет
пен діндердің арасындағы қарым-қатынасты
оң шешудегі экспертизаның жоқтығы,
мемлекеттік шенеуніктердің бұл мәселеде
кәсіби білімі және тәжірибесінің шамалығы.
Демек, не істеу керек деген сұраққа жауап
іздеуіміз қажет. Осы мәселе туралы айтпағым,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
философия және саясаттану факультетінде
біз дінтану мамандарын дайындаймыз, төрт
жылдық бакалавр, екі жылдық магистрлер, одан
әрі олар магистрлық, кандидаттық, докторлық
диссертациялар қорғайды. Сонда көп мәселелер
айтылады, бірақ қоғамға бәрі жете бермейді. Осы
мәселеге орай, менің мынадай екі ұсынысым
бар: біріншіден, әрбір әкімшілікке дінтанушы-
референт деген штат енгізсе, қазіргі болып жатқан
күрделі діни үрдістерге ғылыми экспертиза
мәселесі жөнделе ме деген ойым бар. Екіншіден,
біздің университет негізінде ғылыми экспертиза
орталығын ашса, ол орталықпен келісім-шарт
негізінде тиісті мемлекеттік органдар жұмыс
атқарса, қоғамдағы діни үрдістегі кейбір келеңсіз
жайларға, мүмкін заң тұрғысынан тежеу
салынар еді деген ой. Мұндай істерді жергілікті
ғалымдармен бірігіп жүргізуге де әбден болады.
Әрине, адам құқы туралы халықаралық
тұжырымдамалар бар. Оларды есепке алмасқа
тағы болмайды. Оның үстіне бар діндер өзін нағыз
ақиқат жолындағы хақ діндер деп жариялауда. Ол
діни қисынға сиымды. Біздің ислам насихатшылары
Ислам хақ дін, таза дін десе, өзгелер де өз
діндерін таза, хақ дін дейді. Сонда шешім қайда?
Шешім қандай жағдайда болсын нақтылы болуы
шарт. Дерексіз шешім болмайды. Шешім жасау
үшін нақтылы тарихи, әлеуметтік, қоғамдық,
саяси, мәдени жағдайды есепке алуымыз керек.
Нақтылы жағдай Қазақстан Республикасы,
яғни, мәселе осы мемлекеттің мазмұнына,
оның мүддесіне орай шешілуі керек. Ол қандай
шешім? Мемлекет пен діндердің арақатынасын
ұлттық қауіпсіздік өзекті мәселесі деп бағалау.
Бірінші орынға, еш даусыз ұлттық қауіпсіздіктің
мәселесі тұруы керек. Онда ескеретін мәселе
мынау, ислам мемлекет құрушы ұлттың дәстүрлі
діні. Дінге қатысты мәселелер осы тұрғыда
қарастырылып, шешілуге тиіс. Адам құқы
дерексіз емес, ол нақтылы қоғамда өз көрінісін
таппақ. Мемлекет шенеуніктері де, дін басшылары
да осы принциптен ауытқыса, Югославиядағы
жағдайды жақындатып аламыз. Югославия
тәжірибесі нені көрсетеді? Бір ұлт діндер негізінде
үшке бөлінді. Сербтер православие, хорваттар
католиктер, босниялықтар ислам дінінде. Не
болды? Бір ұлт бір-бірін қырғынға ұшыратты,
ақыры Югославия мемлекет ретінде жойылды.
Бұл елдің ыдырауы әлі жүріп жатыр, жақында
ғана черногориялықтар жеке мемлекет болып
жарияланды, ендігі кезекте Косово мәселесі тұр.
Қазіргі кезде еліміздегі діни үрдістердің
жағдайы, еріксіз мемлекеттік органдардың
айналысуына мәжбүрлеп отыр. Экстремистік
діни топтар әрекеттері, әрине, сөзсіз заң арқылы
реттелуі қажеттілік. Себебі Дін саясаттанып
барады, Діннің саясаттан тыс болғаны жөн, бірақ
әлемде де, бізде де дін саясатқа иек артқысы
келеді, саясат дінді өз мүддесіне пайдаланғысы
келеді. Бұл қауіп туғызатын, әрі ойланатын жағдай.
Осы мәселені бүгін түсініп алмасақ, кеш
болып кетуі ықтимал. Республикада ислам
дініндегілер көпшілік бола тұра, ол негізінен
қорғаныста, көбінесе ақталумен айналысуда.
Ол дұрыс жол емес. Қазақстандағы ислам
дініне ғылыми және өркениеттік, қарқындық
қажет. Ислам кереметтермен айналысып кетсе,
онымен зиялы қауымды үркітіп алуы ықтимал.
Өткен жылдары басылым беттерінде қозының
қабырғасында Алла деген жазу болған екен,
бір қауынның қабығында Алла есімі жазылған
екен деген мәселелер ислам діні тазалығына
жұмыс істемейтін лақаптар, қаптап кеткен
әулиесы мақтар. Дін адамның жүрегінде, ол адам
мен бүкіл әлемнің байланысын білдіретін,
сезілетін сезім, ақылды нұрға айналдыратын
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
34
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |