ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата14.02.2017
өлшемі7,18 Mb.
#4112
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

3.7 Цилиндрлер төлкесі
 Цилиндрлер блогының беті 7 (3.23 - суретті қараңыз) кейбір қозғалтқыштарда ғана,
ереже  бойынша  аздаған  цилиндр  диаметрімен  қолданылады. Сұйықтықты  суыту
қозғалтқыштарының  көбісінде  блок  жонғышына  қойылатын  арнайы  бөлшек — цилиндр
төлкесін (гильзасын) қолданады. Мұқият  өңделген  ішкі  цилиндр  беті (цилиндр  айнасы)
піспек  қозғалатын  жұмыс  беті  болып  табылады. Төлке  қозғалтқыштың  ерекше  жауапты
жылу  кернеулік  бөлшектеріне  жатады. Беріктіліктен  басқа  жоғары  механикалық  жəне
(монтаж күштемелері, газдар қысымы) жылу жүктемелерінде  ол  геометриялық  пішіндегі
тұрақтылыққа ие болуы тиіс, оған отын мен жағармай материалының меншікті шығыны
байланысты. Төлкенің ішкі беті (əсіресе, оның жоғарғы бөлігі) ыстық газдармен жуылады,
түйіспелі  əдіспен  жəне  үйкеліс  нəтижесінде  піспектен (əсіресе, сақиналар  арқылы)
жылуды  қабылдайды.    Осымен  бірге  майлау  жағдайлары  бойынша  төлке  бетінің
температурасы  өте  жоғары  болмауы  тиіс, соған  байланысты  төлке  тиімді  түрде
салқындауы тиіс.
Автомобиль, трактор  жəне  арнайы  тағайындалудағы  үдемелі  қозғалтқыштарда
арнайы шойыннан, кейде құйылатын «ылғал» төлкелер (гильзалар, 3.36, а суреті), ал кейде
блок-картердің үстіңгі тақтайшасындағы жонғышқа тірелетін жоғарғы тіреу ернемегі бар
болат жону құрылымдары (3.31 - суретті қараңыз) қолданылады.
Цилиндр  гильзасына  берілетін  жүктеме  едуір  аз  болатын  еріксіз  тұтану
қозғалтқыштарында тіреу ернемегі үстіңгі шетінен жиі ығысады (3.36, б суерті).
Ернемектегі цилиндр ұшы мен төлкесінің газ түйіспесінің герметикалығын арттыру
үшін цилиндрлер блоыгының жазықтығынан шығып тұратын сақиналы бүртік жасалады.
Газ түйіспелерін тығыздау үшін цилиндрлердің жеке ұштарын қолданған жағдайда
ернемекке арнайы жырашық орнатады, оған нығыздағыш металл сақина орнатады (болат,
мыс).
Салқындату қуысын төлкенің сыртқы жағынан егелген жырашыққа немесе төменгі
тіреу  белдігі  бойынша  цилиндрлер  блогының  жонғышына  орнатылған  арнайы  резеңке
сақиналармен  нығыздайды (3.36, б  суреті); бұл  жағдайда  төлкенің  сыртқы  беті  жұмсақ
болады (3.36, а суреті).
3.36 - сурет. Цилиндр төлкесі (гильзасы):
а - автомобиль  дизелінің «ылғалы»; б - жылжыған  тіреу  белдігі  бар  автомобиль
қозғалтқышының «ылғалы»; в - «құрғақ»; 1 - нығыздағыш  сақинасының  астындағы
жырашық
Аз  үдейтін  қозғалтқыштарда  сыртқы  беті  кавитациямен  зақымданған «ылғал»
төлкелердің (гильзалардың) орнына  қалыңдығы 2...4 мм, нығыздалған  жəне  цилиндрлер
блогының  егеуіне  кішкентай  саңылаумен  орнатылған «құрғақ» гильзалар  орнатылған
(3.36, в  суреті). «Құрғақ» гильзаның  аз  қалыңдығы  сапалы  материалдың  үнемділігін
негіздейді, алайда  бұл  жағдайда  цилиндрдің  жұмыс  бетінен  жылудың  берілуі  гильзаның

102
сыртқы беті бойынша қосымша термиялық кедергісінен төмендейді.
Жылдам  қозғалатын  қозғалтқыштардағы  жұмыс  бетін майлау (цилиндр айналары)
айналшақты-бұлғақты механизм жұмысы кезіндегі майдың шашырау нəтижесінде жүзеге
асады. Газалмасудың  айналшақты-бұлғақты  сұлбасында  қозғалтқыштарда  майлағыш
материал отыны бар қоспаға беріледі.
Тепловоз  жəне  орташа  айналымды  кеме  қозғалтқыштарында  шойыннан «ылғал»
төлке қолданылады. Суыту қуысы блоктың ішкі беттерімен түзілетін құрылымдарда жеке
салқындату  рубашкалары  бар  цилиндрлер  құрылымы  кеңінен  қолданылады. Мұндай
жағдайда  блок  коррозияға  ұшырайды, бұл  оның  төзімділігі  мен  қызмет  мерзімін
арттырады.
3.37 - суретте  төрт  ырғақты  кеме  дизелінің  рубашкасы  бар  салпыншақты  төлке
ұсынылған. Қысқа  сұқпалары  төлке 1 цилиндр  қақпағына 3 негізгі  күштік  сұқпалар
арқылы 
блок-картермен 
жапсырылған 
тұтас 
тармақ 
құрастыра 
отырып
байланыстырылады. Негізі  сұқпалардың  тарту  күштері  осы  жағдайда  төлкені
деформациялайды.
3.37 - сурет. Суыту рубашкасы бар салпыншақты төлке:
1 - төлке; 2 - блок; 3 - қақпақ; 4 - суыту рубашкасы
Үдемелі екі ырғақты аз айналымды кеме дизельдерінің цилиндрлер төлкелері жылу
жəне  механикалық  жүктемелердің  жоғары  дəрежесімен  ерекшеленеді, төлкелер  мен
цилиндрпіспекті топтың басқа да бөлшектеріндегі жылулық кернеуді азайту үшін цилиндр
өсіне  бұрыш  жасай  төлке  ернемегіне  бұрғыланған  арнайы  арналар  қолданылады. Олар
төлке  беріктілігін  едəуір  азайтпайды,  бірақ  суыту  сұйықтығының  қыздырылатын  бетке
жіберілуін қамтамасыз етеді.

103
3.38 - сурет. Үдемелі аз айналымды дизельдің цилиндрліпіспекті тобы:
1  -  піспек;  2  -  цилиндр  төлкесі;  3  -  цилиндр  қақпағы;  4  -  бүріккіш;  5  -  қақпақтың
бекіту сұқпасы
3.38 - суретте үдемелі аз айналымды дизельдің цилиндрліпіспекті тобы көрсетілген.
Төлкеде 2, цилиндр қақпағы 3 мен піспегінде 1 суыту  сұйықтығын жіберу үшін арналар
бұрғыланған. Цилиндрлерді  майлау  майдың  төлке  периметрі  бойынша  бірнеше
нүктелерден  берілуін  қамтамасыз  ететін  арнайы  лубрикаторлардың  көмегімен  жүзеге
асады. Əуе  салқындатқышының  қозғалтқыш  цилиндрлерін  картерге  бөлек  орнатады.
Цилиндр  диаметрі  кішкентай  қозғалтқыштарда  ғана  екі  цилиндрді  ортақ  құймаға
біріктірілуі  кездеседі. 3.39, а  суретінде  трактор  дизелінің  шойыннан  жасалған  цилиндрі
көрсетілген. Сыртқы  бетін  қабырғалау  нəтижесінде  суытылатын  беттің  ауданы
ұлғайтылады. Сонымен  қатар  қабырғалар  биіктігін  цилиндр  ұзындығы  бойынша
айнымалы  болып  табылады. Монометаллды  шойын  цилиндрден  басқа (жиі  болаттан),
сонымен  қатар  алюминий  қоспадан  жасалған  əрі  ішкі  беті  бойынша  хром  қабатымен
жабылған құрамдас цилиндрлер пайдаланылады. 3.39, б суретінде шойын төлкесі 1 жеңіл
қоспадан  орындалған  қабырғалы  цилиндрмен 2 байланысқан  құйма  құрылымы
көрсетілген. Шойын  немесе  болат  төлкелерінде  жылуөткізу  материалы  жақсы  суыту
қабырғасына бекітілген цилиндрлердің құрамдас құрылымдары белгілі.
3.39 - сурет. Əуе салқындау цилиндрі:
а - трактор дизелінің монометалдық; б - биметаллдық; 1 - шойын төлке; 2 - жеңіл

104
қоспадан жасалған қабырғаланған цилиндр.
3.40 - сурет. Əуе салқындату қозғалтқышының моноблогы
Цилиндр 1 мен  ұшы 2 біртұтас  құйылған  жағдайда  блок  құрылымдары  да (3.40 -
сурет) қолданылады.
3.8 Цилиндр қақпақтары (ұштары)
Цилиндрмен (цилиндрлер  блогымен) байланысқан  қақпақ  піспек  түбімен  жəне
цилиндр  қабырғаларымен  бірге  қозғалтқыштың  жану  камерасын  түзе  отырып, үстінен
күштік  сұлбаны  тұйықтайды. Қақпаққа (ұшына) жоғары  жылулық  жəне  механикалық
жүктемелер  (күштік  сұқпалардың  монтаждық  күштері,  газ  қысымының  күштері)  əсер
етеді. Цилиндр  қақпақтары (ұштары) — ішінде  газды  əуе  арналары  орналасқан  күрделі
құймалар, күштік  сұқпалар  астындағы  құдықтар, бүріккіш, клапан  жетегі, клапандар
бағыттауыштарының  астындағы  саңылаулар, салқындату  сұйықтығына  арналған  қуыс.
Ұштары  сапалы  шойыннан, жеңіл  алюминий  қоспалардан, кейде  легірленген  болаттан
(айналымы аз бүріккіш кеме дизельдерінің қақпақтары).
Автомобиль  жəне  трактор  қозғалтқыштарында  бірнеше  цилиндрлерге  ортақ  блок
ұштары  жиі  қолданылады. Мəжбүрлі  тұтанатын  қозғалтқыш  ұштарының  құрылымы,
көбінесе, жану  камерасының  пішінімен  жəне  клапандардың  орналасу  сұлбасымен
анықталады (3.41 - сурет). Төрт ырғақты қозғалтқыштарда қос клапан кезінде цилиндрге
үлестіру  білігінің 1 өсіне параллель жазықтықта клапандардың  көлбеулік  орналасуы  тəн
(3.23, а суретті қараңыз). сонымен қоса енгізу клапанының диаметрі артып, клапан жетегі
қарапайымдатылады. Айналу жиілігі  бойынша отын қозғалтқыштарының одан ары  үдеуі
толтыру  жұмысын  жақсарту  мақсатында  төртклапанды  ұшқа  ауысумен  байланысты.
Автомобиль  мен  трактор  дизельдерінің  ұштары  жану  барысындағы  цилиндрдің  аса
жоғары  қысымы  əсерінен  едəуір  көлемді. Ұштың  құрылымы  жану  камерасының  типіне
тəуелді. Блоктық ұштармен қатар əрбір цилиндрге жеке ұштар қолданылады (3.41 - сурет).
Жану  камерасы  піспекте  орналасқан  жағдайда  ұш  жалпақ  түбімен  салыстырғанда
қарапайым пішінге ие.
Қос  клапан  кезінде  төрт  ырғақты  дизельдерде  цилиндрге  бүріккішті 2, əдетте,
клапандар 1 сызығына  қатысты  ығыстырады  əрі  көлбеу  орналастырады (3.41 - суретті
қараңыз).

105
3.41 - сурет. Мəжбүрлі тұтанатын автомобиль қозғалтқышы цилиндрлерінің
ұштары
Төрт  клапанда  бүріккішті  центрге  орналастыруға  мүмкін  болады, ұш  түбінің
беріктілігін жоғарылату тұрғысынан дұрыс болып табылады.
Бөлінген  жану  камерасы  бар  ұштардың  құрылымы оның  қуысына  қиылған  сфера,
конус немесе цилиндр түрінде қосымша камера орнатылса, едəуір күрделі болады.
Тепловоз  жəне  орташа  айналымды  кеме  дизельдерінің  клапанды-саңылаулы
үрлеуіші  бар  төрт  жəне  қос  ырғақты  цилиндрлер  қақпақтары  құрылымы  бойынша  аса
күрделі. Олар, əдетте, төрт  клапанға  жəне  центрде  орналасқан  бүріккішіне  ие. 3.42, а
суретінде  қуатты  орташа  айналымды  дизельдің  цилиндр  қақпағы  ұсынылған. Шығару
клапанынан 1 басқа кесікте  іскеқосу 4 клапаны көрсетілген. Тəрелкелі серіппелер клапан
корпусын цилиндр қақпағына қысады.
3.42 - сурет. Үдемелі дизельдің цилиндр қақпағы:
а - орташа  айналымды; б - екі  ырғақты  аз  айналымды; 1 жəне 9 - шығару

106
клапандары;  2  -  бүріккіш;  3  -  шығару  клапанының  корпусы;  4  -  іскеқосу  клапаны;  5  -
төлке; 6 - блок; 7 - қақпақ; 8 - сұқпа.
Жедел  кемелердің  қосырғақты, айналымы  аз  дизельдерінің  цилиндр  қақпағы
қолданылатын  газалмастыру  сұлбасына  байланысты  құрылымы  бойынша  ажыратылады.
Газалмастырудың  топсалы  сұлбасында  шығару  клапандары  болмайды  жəне  қақпақ
құрылысы 3 қарапайым  болады (3.38 - суретті  қараңыз). Газалмастырудың  клапанды-
саңылаулы сұлбасында (3.42, б суреті) құрылысы арнайы корпуста орнатылатын шығару
клапанының Л болуымен күрделенеді.
Клапан  центрде  орналасқан  кезде  жағармайды  бүрку  үшін  бірнеше  бүріккіштер
(сұйық құятын құрылғылар) қажет.
Əуе  салқындату  қозғалтқышының  цилиндр  ұштары  қырланған. 1 қыры (3.43 -
сурет) қырланған  салқындату  бетінің 60...75 % құрайды. Салқындату  беті  салқындату
қырларының жоғары аэродинамикалық  сипаттамалары кезінде қажетті жылу мөлшерінің
берілуін  қамтамасыз  етеді. Ауамен  жуылатын  беттері  ағатындай  пішінге  ие  болады;
оларды  жылулық  жəне  əуе  ағымдарының  бағытына  сəйкес  орналастырады. Ең  алдымен
салқындатқыш  ауа  форсунканың  тазаңдатқышына 2 (тұтату  шамы), содан  соң  шығару
келте құбыры мен клапанаралық тосқауылға 3 беріледі.
3.43  -  суретте  енгізу  жəне  шығару  арналары  біржақты  əуе  салқындатқышы
дизелінің  цилиндр  ұшы  көрсетілген, бұл  форсунканың  салқындауын  жақсартады. Ұшын
төсемсіз цилиндрге орнатып, төрт ұзын күштік сұқпалар арқылы картерге бекітеді.
3.43 - сурет. Əуе салқындатқышының трактор дизелінің цилиндр ұшы
3.9 Күштік турбинаның қуат берілісінің механизмі
Біріктірілген іштей жану қозғалтқышында күрекшелі жəне піспекті бөліктері өзара
əртүрлі  байланысуы  мүмкін. Кеңінен  таралған  газ  байланысынан  бөлек  форсирленген
құрама  қозғалтқыштарда  күрекшелі  машинаның (сығымдағыштар  мен  турбиналар)
барлығы  немесе  бір  бөлігінің  біліктері  тікелей  иінді  білікпен, жалпы  жағдайда,
қозғалтқыштың (механикалық  бөлігі) шығару  білігімен  байланысуы  мүмкін. Осы  кезде
беріліс  қатынасы  едəуір  жоғары  арнайы  механизмді  қажет  етеді. Механизм  типі  əртүрлі
болуы  мүмкін. Тісті  беріліс  жиі, ал  беріліс  қатынасының  сатысыз  өзгерісін  қамтамасыз

107
ететін гидрожетек - сирек қолданылады. Алайда, соңғы жағдайда жылудың майға берілісі
өседі (май суытқышының жылу берілу бетінің ұлғайтылуы қажет).
Центрдентепкіш  сығымдағыштың  иіндібіліктен  жетек  үшін  тісті  берілісі
авиациялық піспекті қозғалтқыштарда қолданыла бастады. Типі мен тағайындалуы алуан
түрлі  қозғалтқыштарда  қазіргі  таңда  күрекшелі  жəне  піспекті  бөліктердің  біліктері  тісті
беріліспен  қосылады. Біріктірілген  қозғалтқыштардағы  механикалық  берілістің  кеңінен
қолданылуы, қозғалтқыштың  тиімділігіне, ал  күштік  турбинаны  орнатқан  жағдайда
тиімділік  сияқты  маңызды  сипаттамаларының  жақсаруына  байланыссыз, құрылымының
күрделілігіне жəне қымбаттауына байланысты. Қиындықтар үлкен беріліс қатынасына ие
жоғары жылдамдықты редукторларды құрастыруда туындайды (біріктірілген қозғалтқыш
құрамында  қолданылатын  заманауи  центрдентепкіш  сығымдағыштары  мен  газ
турбиналарының айналу жиілігі бір минут  ішінде бірнеше мың айналымға жетеді). Бірақ
біріктірілген  қозғалтқыштарды, атап  айтқанда  піспек  бөлігінен  шығар  аралықтағы  газ
өлшемі  жоғары  қозғалтқыштарды  одан  ары  жетілдіру  турбина  білігінен  қозғалтқыштың
шығару білігіне артық қуаттың берілуін қажет етеді.
Қозғалтқыштың күрекшелі жəне піспекті бөліктерінің арасындағы қуаттың беріліс
механизм  жұмысы  оның  құрылымдық  орындалуындағы  ерекшеліктер  қатарымен
сипатталады. Мысалы, заманауи  көлік  қозғалтқыштарында  жұмыс  доңғалақтарының
жоғары  айналым  жиілігі  əсерінен  күрекшелі  машинаның  едəуір  инерттілігімен  үйлесе
(қозғалыс  жұмысының  жылдамдық  режимінің  күрт  өзгеруі)  жетек  механизміндегі  үлкен
динамикалық  жүктемеге  алып  келеді. Бұдан  басқа, иінді  біліктің  орнатылған  айналу
жұмыс  режимінде  иінді  біліктің  бұрыштық  жылдамдығының  аздаған  периодтық
тербелісімен  сипатталатын  кейбір  біртексіздікке  ие, бұл  механизмнің  жоғары  берілісті
қатынасында жетек пен жалпы біріктірілген қозғалтқыштың жұмысына қолайсыз жағдай
туғызады.
3.44 - сурет. Ортадан  тепкішсығымдағыш  жетегі  мен  біріктірілген  қосырғақты
қозғалтқыштың өстік газ турбинасының сұлбасы
1  -  турбинаның  жұмыстық  доңғалағы;  2  жəне  3  -  турбина  редукторының  тісті
доңғалағы; 4 - білік-рессордың құрамдасы; 5 - қармау білігі; 6...10 - бас негізгі берілістің
аралық тісті доңғалақтары; 11 - сығымдағыш редукторының тістегеріші; 12 - білік-рессор;
13 - серпімді  элементінің  тістегеріші; 14 жəне 15 - сығымдағыш  редукторының  аралық
тісті доңғалағы; 16 - сығымдағыш білігі; 17 - сығымдағыштың жұмыстық доңғалағы.
Турбина мен центрдентепкіш сығымдағыштың жоғары айналу жиілігі механизмнің
барлық элементтерінің мұқият орындалуын талап етеді.

108
3.44 - суретте Ортадан тепкішсығымдағыш пен піспектері қарама-қарсы қозғалатын
қосырғақты  біріктірілген  жылдам  дизельдің  өстік  газ  турбинасының  түзутісті  жетек
сұлбасы  ұсынылған. Піспекті  əрі  күрекшелі  бөліктердің  арасындағы  қуаттың  беріліс
механизмінің  құрылымдық  ерекшелігі  турбина  мен  сығымдағыштың  қозғалтқыш
корпусына  қатысты  орналасуымен  анықталады. Тербеліс  мойынтіректері  бүрку  арқылы
майланады. Жетектегі өстік саңылау мойынтірек құрсамаларының шеттерінде орналасқан
сақиналармен  реттеледі. Жұмыс  доңғалағына 1 ие  газ  турбинасының  қуаты  турбина
редукторының 2 жəне 3 тісті доңғалақтары арқылы, құрама көпкілтек білік-рессор 4 жəне
тістегеріш 11 арқылы сығымдағыш білігіне 16 беріледі.
Қосырғақты  қозғалтқыштарда  сығымдағыш  жетегіне  қажетті  қуат  турбина
қуатынан  жоғары  болады. Мұндай  жағдайда  қуаттың  жетпейтін  бөлігі  қозғалтқыштың
иінді  білігінен  сығымдағыш  білігіне 16 беріледі. Иінді  біліктерді  байланыстыратын  бас
берілістің  аралық  тісті  доңғалақтан 8 (олардың  бірі  цилиндрлердің  үрлеу, ал  екіншісі -
шығару  терезелерінің  тұсында  орналасады), қуат  білік-рессор 12 арқылы  аралық
біліктердің тісті доңғалақтары 14 байланысқан 13 тістегерішке беріледі. Соңғылары тісті
доңғалақтар арқылы 15 сығымдағыштың жұмыс доңғалақ білігімен 17 орындалған білікті
іске  қосады. Осылайша, сығымдағыш  білігін  иінді  білікпен  қосатын  тісті  доңғалақтар
арқылы  турбина  өндіретін  жəне  сығымдағыш  тұтынатын  қуат  айырмашылығы  беріледі,
бұл  жетек  бөлшектеріне  берілетін  жүктемемен  қатар  механизмдегі  механикалық
шығындарды  азайтуға  қолайлы  жағдай  жасайды. Иінді  біліктердің  айналу  жиілігінің
тербелісінің  əсерінен  жетек  элементтеріндегі  жүктемені  азайту  үшін  тістегерішті 13
онымен бірлесе отырып, серпімді муфта құрайтын серпімді элементтерден жасайды.
Муфта (3.45 - сурет) күпшек 7 пен  тісті  тəжден 1 тұрады, олардың  арасында
құрсамада 2 серіппелер 2 орнатылады. Құрсамалардың  өстік  ығысуына  бұрандамен 6
тартылатын 4 жəне 5 бүйір қақпақтар бөгет болады. Күпшек шығыңқылары құрсама мен
серіппелер арқылы күпшекпен бірге айналатын тісті тəж шығыңқыларына күш береді.
Жоғарыда қозғалтқыш жұмысының жылдамдықты режимінің күрт өзгерісі кезінде
жетек  элементтеріндегі  жүктемелердің  қауіпті  жүктемесі  күрекшелі  машиналар
роторларының  жоғары  иенрттілігімен  орын  алады. Аталған  жүктемелердің  тісті
доңғалақтарға 15 əсерін  азайту  үшін (3.44 - суретті  қараңыз) дискілі  фрикционды
муфталар орнатылған.
3.46 - суретте  муфта-тістегеріштің  құрылымы  көрсетілген. Аралық  білік
көпкілтегінде  1  күпшек  2  орнатылған.  Тісті  тəж  4  қола  төлкеде  11  дербес  қозала  алады.
Айналу  моментінің  күпшектен  тісті  тəжге  берілуі  ұнтақ  материалдан  жасалған
жапсырмасы  бар  жетекші 3 жəне  жетектегі 5 металл  дисктердің  арасындағы  үйкелістің
есебінен жүзеге асады. Жетекші жəне жетектегі дисктер сəйкесінше күпшек көпкілтектері
2 мен тісті тəж көпкілтектерінің 4 ілінісуінде болады.

109
3.45  -  сурет.  Серпімді  муфта:  1  -
тісті  тəж; 2 - серіппе  құрсамасы; 3 -
серіппе;  4  жəне  5  -  бүйір  қақпақтар;  6  -
бұранда; 7 - күпшек; 8 - рессорлы біліктің
жылжуын шектейтін сақина;
3.46 - сурет. Дискілі  муфта-
тістегеріш: 1 - аралық  білік; 2 — аралық
біліктің  тісті  доңғалақ  күпшегі; 3 -
жетекші  дискілер;  4  -  тісті  тəж;  5  -
жетекші  дисктер; 6 - сығу  дисктері; 7 -
штифт;  8  -  қысқыш  бұрандалар;  9  -
мойынтіректің  ішкі  құрсамасы; 10 -
аралық  төлке; 11 - қола  төлке; 12 -
реттегіш  құлыпты  тығырық; 13 - саусақ;
14 - серіппе.

110
Сонымен қатар дисктер пакетін сығатын күш саусақтарға 13 орнатылған серіппелер
14 көмегімен басу дискісімен 6 құрылады. Серіппе тартқышының күшін тығырықтардың
12 көмегімен реттей отырып, муфтамен берілетін максималды айналу моментін өзгертуге
болады. Осы  момент  мəнінен  асқан  жағдайда  дисктер  механизмді  жүктелуден  сақтай
отырып, сырғанайды. Беріліс  элементтеріне  жағармай  материалдары  қозғалтқыштың
жағармай жүйесімен беріледі жəне қайтадан картерге беріледі.

111
4 - БӨЛІМ. ПІСПЕКТІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДА ЖҮРЕТІН ПРОЦЕСТЕРДІ
ЗЕРТТЕУ
Қуат, экономикалық  тиімділік, тозуға  төзімділік  жəне  қозғалтқыштың  басқада
пайдалану көрсеткіштері оның цилиндрінде жүретін жеке процестердің сипатына тəуелді
емес. Жаңа  құрылымдарды  жасауда  жəне  оларды  дұрыстауда, пайдалану  жағдайында
қозғалтқыштың  жұмысында  əр  процестің  жүруіне  əсер  ететін  факторларға  əсер  етумен
қозғалтқыштың көрсеткіштерін жақсартуға болады.
Төменде қозғалтқыштарда жүретін процестер зерттеледі.
4.1 Газ алмасу процестері туралы жалпы түсінік
Қозғалтқыштың шынайы циклінде жұмыстық дененің кезеңмен алмасуы газ алмасу
көмегімен  жүреді. Газ  алмасу  процесіне  шығару  органдары (шығару  терезелері  немесе
шығару  клапандары) арқылы  цилиндрден  өңделген  газдарды  шығару  жəне  цилиндрді
жаңа  таза  ауа  зарядымен  толтыру  кіреді. Газ  алмасудың  ұзақтығы  енгізу  жəне  шығару
органдарының  ашылу  жəне  жабылу  сəттерімен  анықталады. Газ  алмасу  процесінде
жұмыстық  дене  параметрлері  ырғақтылыққа  жəне  қозғалтқыштың  үрмелеу  дəрежесіне
тəуелді.
Шынымен енгізу процесі барысында цилиндрге түсетін ауа саны алдынғы циклдың
шығару  уақытында  қозғалтқыш  цилиндрі  өңделген  газдардан  қаншама  жақсы
тазарғандығына  тəуелді  болады. Сонымен  енгізу  жəне  шығару  процестері  өзара  тығыз
байланысқан. Газ алмасу процесі бір бірімен ғана байланыспаған. Дизельдің цилиндрінде
енгізу  уақытында  головкада  орналасқан  жəне  арнайы  түрдегі  арна  арқылы  зарядтың
бағытталған қозғалысының тууы жану мен қоспа түзудің жақсаруына ықпал етуші негізгі
факторлардың бірі екендігін көрсетеді.
4.2 Шығару процесі. Еркін шығу кезеңі
Піспектің ТМН келуіне дейін иінді біліктің айналу бұрышынан біршама озып ұлғаю
процесінің  соңында  шығару клапандары  ашылады  жəне шығару процесі басталады. Осы
кезеңде цилиндрден газдарды шығару цилиндрдегі жəне шығару коллекторындағы қысым
айырмашылығы  əсерімен  жүреді. бұл  уақытта  цилиндрдегі  қысым  шығару
коллекторындағы қысымнан біршама жоғары болады жəне газ цилиндрден салыстырмалы
түрде үлкен 500-700 м/с жылдамдықпен шығады. Бұл кезең еркін шығу кезеңі деп аталады,
ол шығару клапаны өзінің максималды көтерілуінің жартысына дейін ашық болуда ТМН
жуық  аяқталады. Салыстырмалы  түрде  цилиндрден еркін  шығу аз  уақытында 60-70%
өңделген газдар шығарылады.
Цилиндрден  өңделген  газдарды  ары  қарай  шығару ТМН -ден ЖМН. -ге  дейін
қозғалатын піспектің ығыстыру əсерімен жүреді.
Цилиндрді  жақсылап  тазартуды  қамтамасыз  етуді, ал  екніші  жағынан  процеске
кететін  энергия  шығынын  төмендетуді  есепке  ала  отырып  шығудың  басталу  сəтін
таңдайды. Егер, мысалы  клапан  ерте  ашылатын  болса, онда  шығарылу  кезеңінде
газдардың пайдалы жұмысын жоғалту үлкейеді. Егер клапанды кеш ашса, онда піспектің
ТМН -ден ЖМН. -ге дейін қозғалысында өңделген газдарды ығыстыру уақытындағы теріс
жұмыс өседі.
Екі ырғақты  қозғалтқыштарда  үрлеу терезелерінің ашылу кезеңіне  дейін өңделген
газдардың көп мөлшері шығып кетуі үшін шығару органдарының ашылу сəті таңдалады.
Барлық жағдайда шығару органдарының ашылу сəті тəжірибе жүзіде таңдалады. Өңделген
газдар  цилиндрден  жоғары  жылдамдықпен  ағып  шығады. Бұл  үлкен  шудың  болуын

112
тудырады. Шығару құбырында шуды  төмендету үшін дыбыс  төмендеткіштер  қойылады,
олар цилиндрде қалдықты газдар санының көбеюіне жəне соған сəйкес цилиндрді келесі
таза  зарядпен  толтырудың  толық  болмауына  алып  келетін  шығару  жүйесінің  кедергісін
көбейтеді. Сондықтан  шу  дыбысын  төмендеткіш  құрылымы  шуды  қанағаттанарлық
төмендетуде  шығару  жүйесінің  кедергісі  көбеймейтіндей  болуы  қажет. Жану  өнімін
құрайтын  улы  заттардың  санын  азайтуға  арналған  залалсыздандырғыштарды  орнатуда
шуды төмендеткіш тікелей залалсыздандырғышта жүреді. Шығару органдарының ашылу
сəтінде  өңделген  газдар  салыстырмалы  түрде  жоғары  температура  жəне  қысымға  ие
болады.  Сонымен  бірге  өңделген  газдармен  бірге  жылудың  көп  мөлшері  жоғалады.
Өңделген  газдардың  кинетикалық  энергиясының  бір  бөлігін  қоғалтқышты  үрмелеуде
пайдалануға болады. Бұл жағдайда шығару құбырына газ шығыры қосылады. Қозғалтқыш
цилиндрінен  шығатын  өңделген  газдар  газ  шығырында  ұлғаяды  жəне  ол  компрессор
жетегі  болып  табылады. Газ  шығырын  орналастыру  шығару  жүйесінің  кедергісінің
көбеюіне əкеледі, ол үрмелеуді қолданудан алынған эффектпен компенсацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет