№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015


Жырау мен ақынның ұқсастығы мен ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата14.02.2017
өлшемі4,57 Mb.
#4114
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Жырау мен ақынның ұқсастығы мен ерекшелігі. Жырау – қоғам қайраткері. 
Ол  өз  қоғамына,  қазақ  мемлекетінің  ішкі-сыртқы  жағдайларына  –  ел  басқарған 
хандардың ісіне, көрші елдердің қарым-қатынас саясатына, сырт жаулармен соғыста 
бірлік,  елдік  жағдайларындағы  мәселелерге  тікелей  араласып  отырған.  Ел  ішінің 
бүтіндігі,  тұтастығы,  жеке  адам  тірлігіндегі  дүние  кезеңдері,  ұрпақ  тәрбиесі,  тағы 
басқа  мәселелер  мен  қоғамның  моральдық,  құқықтық,  діни  нормаларын  айқындау, 
насихаттау,  қалыптасу  ісіне  белсене  атсалысты.  Олар  ел  басқарған  хан  мен  бектің 
ақылшы  уәзірі бола білді. Жырау алдымен елдің арқасүйері,  заманының сыншысы. 
Негізгі  міндеті  өлеңшілік  емес,  елге  басшылық  жасап,  берекелі  тірліктің  тізгінін 
ұстаушы. 
Жыраулардың  ғибратты  жыр-толғауларында  негізінен  жақсылық  пен 
жамандық,  өмір  мен  өлім,  әділдік  пен  әділетсіздік,  пәни  мен  бақи,  ізгілік  пен 
зұлымдық,  обал  мен  сауап,  тектілік  пен  тексіздік,  арман  мен  мұрат,  ақыл  мен 
парасат,  наным  мен  сенім  мәселелері  жан-жақты  терең  жырланады.  Осы  орайда, 
әдебиет  зерттеушісі  М.  Мағауин:  «Жырау  ру  басы  ақсақал,  халықтың  көкейтесті 
арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып 
салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт  болашағына 
қауіп  төніп,  қалың  бұқара  жол  таба  алмай  тығырыққа  тірелген  екіталай  ауыр 
сәттерде ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Болашақты барлап болжам айту – 
көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған», – 
деп пайымдайды. 
Жырау:  көпшілік  шешімін  таба  алмаған,  сұрақтың  жауабын  таба  алатын 
ақылды  адам;  тек  қана  дұрысын  айтатын турашыл  адам  болған;  өз жағдайын  емес, 
үнемі ел мәселесін сөз ететін, ел қасындағы ақылшысы болған. Әрі ақын, әрі шешен 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
152 
сөздері  терең  мағыналы  нақыл  сөздер  болып  келеді.  Ел  ішіндегі  даулы  мәселеге 
төрелік  айтатын  би  болған,  қоғамда  белгілі  дәрежеде  мемлекет  ісіне  араласатын 
қайраткер болған. 
1 кесте 
Кезеңдері 
Алғашқы 
өкілдері 
Дәуір шамасы 
Қай хандық тұсында 
Жыраулық дәстүр 
негізі қаланған 
кезең 
Қорқыт 
Аталық 
(Кетбұға) 
ХI-XIV Сыпыра 
жырау 
Қорқыт – Дерсе хан 
Аталық – Оғыз қаған 
Сыпыра жырау – 
Тоқтамыс 
Жыраулықтың 
қалыптасу кезеңі  
Асан 
Қазтуған 
Шалкиіз 
Доспамбет 
XV-XVI 
Асан қайғы – Жәнібек 
Шалкиіз – Би Темір 
Жыраулықтың 
әбден толысып 
кемелденген кезеңі 
Үмбетей 
Жиембет 
Тәтіқара 
Ақтамберді 
Бұқар 
Махамбет 
XVII-XVIII 
XIX 
Жиембет – Есім хан  
Бұқар – Абылай хан 
Ақтамберді – Әз 
Тәуке 
Махамбет – Жәңгір 
хан 
Ақтамберді: мәмілегер жалынды жырау,  ақын, батыр, халық жанашыры, аузы 
дуалы би, жауынгер, ақын, әулие, көріпкел. 
Махамбет:  көтерілісті  ұйымдастырушылардың  бірі,  жауынгер  ақын,  батыр, 
күйші, сазгер, көтерілістің жалынды жыршысы. 
Ақтамберді 
мен 
Махамбет 
шығармашылығы. 
Шығармашылық 
ерекшеліктері толғау мәні, ой тереңдігі, шешендікке құрылуы. Даналық, пәлсапалық, 
ақыл-нақылға  толылығы.  Бейнелі,  образды  тіл  кестесі.  Азаттық  үні.  Маңызы,  мәні. 
Өткен  тарихты  білу.  Ауыз  әдебиетінің  даналық,  шешендік,  пәлсапалық  сипатын 
түсіну. 
Негізгі  сипаты  –  романтикалық  шарықтау,  оптимистік  рух,  тәтті  мұң,  ащы 
шындық, торығу, зарығу, түңілу, айбарлы, асау үн, үндеу, шақыру. 
Тақырыбы – азаттық, адамгершілік, өмір, ел, адам, туған жер. 
Ақтамберді  –  жортуыл  жыршысы,  әлеуетті  жырау.  ХVІІІ  ғасыр  қазақ 
тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Бұл жайында Шоқан: «Әр қайсысы әр тараптан 
жортуыл  жасаған  жоңғарлар,  Еділ  қалмақтары,  Жайық  казактары  және  башқұрттар 
қазақ  ұлыстарының  ұйпа-тұйпасын  шығарды,  малын  айдап,  жанын  байлап  әкете 
берді. Алланың көктен келген кәріндей қақаған қыс, жұт, ашаршылық олардың халін 
тіпті ауырлата түсті», – деп жазған. 
Қалмақтар  1723  жылы  тұтқиылдан  шабуыл  жасап,  қазақтарды  қырғынға 
ұшыратады.  Қазақ  халқы  өзінің  ескі  мәдениет  ошақтары  –  оңтүстіктегі  қалалардан 
айырылды.  Қазақ  тарихындағы  «ақ  табан  шұбырынды  алқакөл  сұлама»  заманы 
басталды.  Осы  үлкен  жеңілістерден  кейін  қазақтар  (1728-1730  жж.)  Жоңғар 
басқыншыларына  төтеп  беріп,  жау  қолындағы  жерлерін  азат  етті.  Осы  дәуір 
әдебиетіндегі  сырт  жауларға  қарсы  күрес,  ерлік  сарыны  Ақтамберді,  Тәтіқара, 
Үмбетей  жыраулардың  шығармашылығынан,  ал  қазақ  даласында  болған  кейбір 
өзгерістер негізінен Бұқар жырау туындыларынан өз көріністерін тапты. 
Ғалым  Ө.  Күмісбаев:  «Ақтамберді  жаугершілік  заманның  әрқилы  кезеңдерін 
басынан көп өткерген. Егер «Алдаспанға» сүйенсек, 93 жыл өмір сүріпті, яғни 1675-
1768 жылдарда өмір сүрген. Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына қарағанда бізге 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
153 
мұрасы молырақ жетсе керек еді, әзірше қолда бары шағындау. Немесе Ақтамберді 
өлеңдерінің біршамасы басқа жырауларда ауысып жүруі мүмкін. ХV-ХVІІІ ғасырлар 
поэзиясында  ондай  жағдайлар  кездеседі.  Ақтамберді  жырау  эпикалық  жанрдың 
ақыны болған», – дейді. 
М.  Мағауин:  «Ақтамберді  –  ойраттармен  күрес  дәуірінде  қазақ  қолының 
басында  жүрген  ерлердің  бірі.  Ол  –  атақты  Қара  Керей  Қабанбаймен  бірге 
Найманның рубасы көсемі, әскербасы батыры. Сонымен қатар, Ақтамберді жортуыл 
жыршысы, әлуетті жырау да болған. 
Махамбет әрі күйші, әрі батыр, әрі ақын. Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы 
Ішкі  Бөкей  ордасы,  қазіргі  Батыс  Қазақстан  облысы  Жәнібек  ауданы,  Нарын 
құмының  Жанқұс  жерінде  туған.  1846  жылы  Қараой  өңірі,  қазіргі  Атырау  облысы, 
Махамбет  ауданында  жерленген.  Ол  –  қазақтың  көрнекті  ақыны,  сонымен  бірге 
1836-1838  жылдары  Исатай  Тайманов  бастаған  шаруалар  көтерілісінің  жалынды 
жыршысы  ретінде  де  мәлім,  қозғалысты  ұйымдастырушы  тарихи  қайраткер 
тұлғалардың  бірі.  Кіші  жүздің  Байұлы  бірлестігі  ішіндегі  Беріш  руының  Жайық 
бөлімінен  шыққан.  Атасы  Құлмәлі,  әкесі  Өтеміс  те  өз  заманында  айтулы  тұлғалар 
болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан. 
Махамбет  –  халықтың  азаттығын  көксеген  күрескер,  ел  бастаған  батыр,  өр 
рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы) 
дүниеге  келді.  Махамбет  ақын  жастайынан  ақындық  өнерге  кұмартып  өсті.  Асқан 
дарындылығына  қалың  жұртшылық  бас  иген.  Махамбет  тек  от  ауызды  сөз  шебері 
ретінде  ғана  ел  кұрметіне  бөленген  жоқ.  Сонымен  бірге,  өзінің  батырлығы, 
даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып 
жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. 
Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне 
көндіріп,  билік  басында  отырғандарға  қарсы  өлеңдер  шығаруына  тыйым  салғысы 
келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал 
Жәңгір  хан  болса,  оған  үстемдік  жасау  мақсатымен  Махамбетті  қамауға  алғызды. 
1829-1830  жылдар  аралығында  Махамбет  қала  бекшісінің  түрмесіңде  отырды, 
бостандыққа  шыққан  соң  Исатай  Таймановқа  қосылды.  Осылайша  Махамбет  өзі 
Жәңгір  ханның  қудалауымен  екі  жыл  түрмеде  отырып,  1831  жылы  қашып  шыққан 
еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы 
хан-сұлтандарға  қарсы  кекті  жырлар  толғайды,  халықты  күреске  шақырады. 
Көтеріліс  жеңіліспен  аяқталғаннан  кейін  Жем,  Жайық,  Маңғыстау,  Хиуа  елдерін 
сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруға күш салады. 
Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында  қолға түсіп, Орынбор түрмесіне 
қамалады.  Тұтқыннан  босағаннан  кейінгі  өмірін  Кіші  жүздің  батыс  бөлігіндегі  ел 
ішінде  өткізеді.  Бірақ,  Жәңгір  хан  өлген  соң  аға  сұлтан  болған  Баймағамбет 
Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты. 
Махамбет  –  халықты  патшалық,  хандық  өкіметке  қарсы  қарулы  көтеріліске 
шақырған  алғашқы  қазақ  ақыны.  Оның  бейнелі  де  жалынды  негізінен  Шалкиіз, 
Сыпыра,  Доспамбет,  Қазтуған  сияқты  батыр  жыраулардың  үлгісінде  шығарылған 
көтеріліс туралы толғаулар  «Жәңгірге»,  «Баймағамбет  сұлтанға»  деген өлеңдерінде 
үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы 
ауыртпалықты  күйзеле,  ашына  айтты.  Исатай  –  ақынның  көп  өлендерінің  басты 
қаһарманы.  «Тайманның  ұлы  Исатай»,  «Исатай  деген  ағам  бар»,  «Исатай  сөзі», 
«Тарланым»,  т.б.  өлеңдерінде  Исатайдың  адамгершілігі,  азаматтығы,  батырлығы, 
қайсарлығы сипатталады. 
Махамбет  айтулы  күйші,  сазгер  де  болған.  «Өкініш»,  «Қайран  Нарын», 
«Жұмыр  қылыш»,  «Терезе»,  т.б.  күйлері  күйтабаққа  жазылды.  Махамбет  өлеңдері 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
154 
1908,  1912,  1925  жылдары  Қазан,  Орынбор,  Ташкент  қалаларында  жарық  көрді. 
Шығармалары  1939-1989  жылдар  арасында  8  рет  жеке  кітап  болып  шықты, 
оқулықтар  мен  жинақтарға  енді.  Оның  өмірі  мен  шығармашылығы  жөнінде  Х. 
Досмұхамедов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов, Х. Сүйішәлиев, С. Қирабаев, 
Ә.  Дербісәлин,  Р.  Бердібаев,  М.  Мағауин,  Қ.  Сыдиықов,  т.б.  ғалымдар  мен 
қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты. 
Махамбет  Өтемісұлы  (1804-1846)  –  қазақтың  әйгілі  ақыны,  күйші 
композиторы,  отаршылдыққа  қарсы  Исатай  Тайманов  бастаған  көтерілісті  (1836-
1837)  ұйымдастырушылардың  бірі,  осы  көтерілістің  жалынды  жыршысы.  Туып 
өскен жері – Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл – қазіргі Батыс 
Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша, он 
екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе 
Құлмәлі,  Құлманияз  деп  айтылады)  туады.  Мәлінің  қазақ  әйелінен  Өтеміс  пен 
Шыбынтай,  қалмақ  әйелінен  Қобылай  туған.  Өтемістен  –  он  ұл,  Шыбынтайдан  – 
төрт ұл, Қобылайдан – үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. 
Бұл әулет – Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. 
Махамбет – өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем 
тұлғалардың  бірі.  Ол  өзі  туып-өскен  өңірдің  Қамбар  батыр,  Ер  Тарғын,  Сыпыра 
жырау,  Асанқайғы,  Қазтуған,  Шалкиіз,  Жиембет,  Доспамбет  сияқты  біртуар 
тұлғаларының  өлмес  мұраларын  көкірегіне  тоқып  өсті.  Өзі  өмір  сүрген  заманның 
ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам 
болған.  Шағатай,  орыс,  татар,  араб  тілдерін  жазбаша  тәуір  меңгерген.  Мұны  ол 
жазған хаттардан айқын аңғаруға болады. 
Махамбет  Ресей  отаршылдығының  барша  ауырлық  тауқыметін  көзімен  көріп, 
оның барша зорлық-зомбылығын басынан өткеріп, ғұмыр кешкен адам. Сондықтан 
да  1836  жылы  әбден  шыдамы  таусылған  халық  теңіздей  толқып  көтерілгенде, 
осынау  тегеурінді  дүмпудің  дем  берушісі  Махамбет  болды.  Ол  Исатай  батырмен 
бірге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық үшін күрес 
Махамбеттің  бүкіл  өмірінің  мазмұнына  айналды.  Ұлттың  азаттығы  мен  халықтың 
әлеуметтік  теңдігін  Махамбет  жеріне  жеткізе  жырлаған  әйгілі  ақын.  Ол  поэзияда 
қандай дара болса, күй өнерінде де сондай дара. 
Махамбет  –  көшпелілер  өркениетінің  осынау  жарық  дүниемен  шарқырап 
тұрып  қоштасқан  соңғы  үні.  Жалына  қол  тигізбейтін  көшпелілердің  қыл  сағағын 
тағдыр  тұзағы  қылқындырған  сәтте  асау  рухы  Махамбет  болып  тұяқ  серпігендей. 
Қазақты  ұлт  ретінде  даралап,  тарих  сахнасына  шығарған  көшпелілер  мәдениетінің 
буырқанып  келіп,  жартасты  соққан  ақжал  толқыны  Махамбет  тәрізді.  Егер,  қазақ 
халқының  рухани  үрдісін  кең  аяда  тарихи  құбылыс  ретінде  елестетер  болсақ,  онда 
Көне  Түркі  ескерткіштерінен  Қорқыт  пен  Асанқайғыдан  бастап,  Шалкиіз  бен 
Қазтуған,  Ақтамбердіге  дейін  жалғасып,  ақыр  аяғында  Махамбетке  келіп  тірелетін 
жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар қойнауынан сабақтасқан жалынды үнін 
анық естуге болады. 
Махамбет  –  жорық  жырауы.  Сол  Ұлы  бабаларының  дәстүрін  жалғастырған, 
рухын  сөзімен  емес,  ерлік  ісімен  көрсеткен  батыр-жырау. Махамбет  заманы  – 
көшпелілер  рухының  айының  батып,  күнінің  тұтылған  кезі.  Сондықтан  да, 
көшпелілер  мәдениетіндегі  эпикалық  синкреттілік  Махамбет  болмысымен 
түйінделеді.  Бұдан  былай  өнер  қоғамдық  құбылыстарды  реттеушілік  міндетінен 
айрылып,  эстетикалық  алданыш  болуға  көшкен.  Махамбеттің  әрі  батыр,  әрі  көсем, 
әрі  шешен,  әрі  жырау,  әрі  күйші  болуында  осындай  тарихи  әлеуметтік  сұраным 
болған.  Бұл  тұрғыдан  келгенде,  Махамбет  –  жорық  жырауларының  ішіндегі 
соңғысы. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
155 
Енді  бір  мәселе:  Ақтамберді  Сарыұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлының  бірқатар 
өлеңдері  мазмұндас,  ұқсас  болып  келетіндігі.  Ақтамберді  –  Махамбеттен  шамамен 
алғанда  жүз  жылдай  бұрын  өмір  сүрген  адам.  Соған  қарамастан,  екі  ақынның  ішкі 
мазмұн  ұқсастығы  байқалады.  Соның  кейбіреулеріне  тоқталып  өтелік. 
Ақтамбердінің  жалғыздық  пен  жарлы  болудың  тақсіретін  тартқаны  жоғарыда 
айтылды. 
Жеңіме жамау түскенін, 
Жарлылық, сенен көремін. 
Жағама қолдың тигенін, 
Жалғыздық,  сенен  көремін,  –  деп  жыраудың  мұң  шағатыны  бар.  Төрт 
тармақтан  орташа  шаруаның  мүшкіл  тұрмысын,  кейде  күресте  жалғыз  қалатынын 
білеміз.  Махамбет  те  кей  тұстарда  осылай  тағдырына,  заманына  қамығып,  мұңын 
шағатын кездері де толғауларында көрініс табады. 
Заманым менің тар болды, 
Тура әділдік биде жоқ. 
Бәрін айт та, бірін айт, 
Қаумалаған қарындас, 
Қазақта бар да, мен де жоқ, - деп «Жалғыздық»  деген жеті буынмен жазылған 
өлеңінде  бақыт  пен  тағдырдың  айнымалы  екендігін  философиялық  түрмен 
қорытқан. Екі автор жырының да мазмұны бір, екеуі де әділдікті, көпшіліктің береке, 
бақытын  аңсайды.  Жалғыздық  қасіретіне  шомыла  отырып,  екеуі  де  түбінде 
әділдіктің жеңеріне сеніммен қарайды. 
Ақтамберді және Махамбет өлеңдерінің ұқсастығы 
Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңі 
Теңеу 
Эпитет 
Жаңбырдай жауған күн 
Бұландай ер 
Зымырандай күн 
Шұбар 
Мұнар 
Буыршын мұзға тайған 
Бұрынғы бақыт тайған 
Он сан байтақ бүлген 
 
Исатай бейнесіндегі метафоралар 
Махамбет бейнесіндегі метафоралар 
Исатай – қазанат  
Исатай – жампоз  
Исатай – мая  
Исатай – алтын ердің қасың 
Исатай – мінкен ер 
Исатай – қара нар 
Исатай – серке  
Исатай – тарлан, кермиық, кербез, 
шандоз 
Исатай – арыстан  
Махамбет – қара балта 
Махамбет – ақсұңқар  
Махамбет – құстың сойы 
Махамбет – кескекті ердің сойы 
Махамбет – асыл, биік, 
Екі тарлан бөрі 
«Тарланым» өлеңі 
Теңеу 
Метафоралар 
Керіскедей 
Құландай 
Қырмызыдай 
Құлжадай 
Хиуадай 
Мен – бір шарға ұстаған қара балта едім 
Мен – тауда ойнаған қарт марал 
Мен – құстан туған құмаймын 
Мен – түбін кескен бәйтерек 
Күрделі метафора 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
156 
Теңіздей 
Шамдансам – жығар асаумын 
Шамырқансам – сынар болатпын 
Аллитерация 
Махамбет 
Ақтамберді 
Тебінгі терге шірімей, 
Терлігі майдай ерімей, 
Түн қатып жүріп түс қашпай, 
Тебінгі теріс тағынбай, 
Темір қазық жастанбай, 
 
Күн қақты ердің астында 
Көк жүгіретін күлік бар 
Көң садақтың ішінде 
Көбе бұзар жебе бар 
 
Топтан озған тарлан боз, 
Тұрасынан айрылса, 
Тасты басып тұра алмас 
 
Бұлттан шыққан мұнар күн, 
Буыршын мұзға тайған күн, 
Бура атанған шөккен күн, 
Бұлықсып жүрген ерлерден, 
Бұрынғы бақыт тайған күн. 
Күлдір-күлдір кісінетіп 
Күреңді мінер ме екенбіз 
Күдеріден бау тағып 
 
 
 
Жалаулы найза жанға алып, 
Жау қашырар ме екенбіз! 
Жарлауға біткен жапырақ 
Жамылсақ тоңар ма екенбіз 
 
Қоңыраулы найза қолға алып, 
Қоңыр салқын төске алып, 
Қол төңкерер ме екенбіз 
 
Жағалбай деген ел болар, 
Жағалтай деген көл болар, 
Жағалтайдың жағасы  
Жасыл да байтақ ну болар. 
Ақтамбердінің өлеңдері 
Күлдір-күлдір кісінетіп 
Теңеу 
От басар орны отаудай 
Теңеу 
Салпаң-салпаң жортамын 
Метафора 
Жотадай 
Бұқадай 
Жаралы құдай 
Жарылған мұздай 
Ор қояндай 
От басар орны отаудай 
Омыраулы есіктей 
Құрақпын 
Терекпін 
Бұтақпын 
Сыртым құрыш 
Жүзім болат 
Риторикалық сұрау 
Махамбет 
Ақтамберді 
Күн қайда? 
Айналайын ақ жайық, 
Ат салмай өтер күн қайда? 
Еңсесі биік боз орда, 
Еңкеймей кірер күн қайда? 
 
Жалған дүние 
Қоғалы көлдер, құм сулар, 
Кімдерге қоныс болмаған? 
Саздауға біткен құба тал, 
Кімдерге сайғақ болмаған? 
Күлдір-күлдір кісінетіп 
Күлдір-күлдір кісінетіп, 
Күреңді мінер ме екенбіз? 
Күдеріден бау тағып, 
Қамқапты киер ме екенбіз? 
 
Айғайдан басқа жыр бар ма? 
Айғайдан басқа жыр бар ма? 
Жылқыдан басқа мал бар ма? 
Ішетұғын ерлерге, 
Қымыздан басқа бал бар ма? 
Өлеңдерінің ұқсастықтары 
Ақтамберді 
Махамбет 
Күдір де, күдір кісінетіп, 
Күреңді мінер ме екенбіз. 
Күмбір-күмбір кісінетіп, 
Күреңді мінер күн қайда? 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
157 
Күдеріден бау тағып, 
Ақ кіреуке киер ме екенбіз? 
 
Сырттан сауыт киген соң, 
Қоңыраулы найза қолға алып, 
Қоңыр салқын төске алып, 
Қол қашырар ма екенбіз? 
Күдеріден бау тағып 
Сауыт киер күн қайда? 
 
Ереуіл ер салмай, 
Егеулі найза қолға алмай, 
Еңку-еңку жер шалмай, 
Ерлердің ісі бітер ме? 
Ақтамберді  «Күмбір-күмбір  кісінетіп»  толғауында  жүйрік  ат  мінуді,  сұлуды 
сүюді,  кіреуке  тон,  сауыт  киіп,  «қоңыр  салқын  төске  алып»  қол  қашыруды,  жауын 
бытыратып атуды, жеңіспен оралғаннан кейін  «тобылғы сапты қамшы алып, тұмар 
мойын  ат  мініп»  қоныс  қарауды,  жайлауда  жазылып  отырып  кеңес  құруды 
армандайды.  Жеті  кейде  тоғыз  буынға  баратын  толғау  жолдарында  жауынгер 
жыраудың негізгі мақсаттары сараланып берілген. 
29  жолдан  тұратын  «Күн  қайда?»  өлеңінде  Махамбет  өзінің  ел,  келешек 
алдындағы ұлы армандарын желіге тартқандай тізіп береді. «Толарсақтан саз кешіп» 
жүрген  күндерін  қайратқа  шақырады.  Жігерлі  үнінен  жаңылмайды.  Сол  аңсаған 
күндердің  келеріне  сенеді.  «Күмбір-күмбір  кісінетіп»  пен  «Күн  қайда?» 
толғауларынан іштей де, сырттай да ұқсастықты байқау қиын емес. Өйткені, екеуі де 
халық  ауыз  әдебиетінің  шәкірті,  екеуі  де  өмірін  жортуылда  өткізген,  екеуі  де  әрі 
жауынгер,  әрі  ақын,  қол  бастаған,  қылыштай  өткір  сөздерімен  жұртын  сүйсінткен. 
Түр жағынан да бір-бірінен алшақ кетпейді. 
Салыстырып  жіті  көз  жіберсек,  әлгіндей  үндестік  тәсіл,  шеңберлік 
деңгейлестігін  «Көк  көгершін,  көгершін»  (Ақтамберді),  «Пыр-пырлап  ұшқан 
қасқалдақ» (Махамбет), «Айғайдан басқа жыр бар ма» (Ақтамберді), «Орай да борай 
қар  жауса»  (Махамбет)  ұзынды,  қысқалы  өлең  нұсқаларын  көреміз.  Қазақ 
даласының шалғай шеттерінде ғұмыр кешкен екі ақын поэзиясын біршама ұқсастық, 
үндестіктері,  олар  өмір  сүрген  ортаның  әлеуметтік  теңсіздігінен,  билер  мен 
сұлтандардың  халыққа  жасаған  озбырлығына  наразылықтың  нәтежесіне,  бақытты 
өмірді аңсағандықтарынан туса керек. 
Қорытынды. Ұрпағына баға жетпес мол мұра қалдырған Махамбет Өтемісұлы 
мен  ел  бірлігі  мен  тыныштығы  жолында  жыр  төккен  жалынды  жырау,  өрнекті  сөз 
шебері  Ақтамберді  Сарыұлының  өз  заманында  дүйім  жұртты  тамсандырған  өнер 
иелері екендігі даусыз. 
Бүгінгі  жас  ұрпақ  өз  әдебиетін  құрметтеп,  ондағы  сөз  өрнектерін  зерделей 
білсе,  біздің  болашағымыздың  жарқын  болатындығының  айғағы.  Өткенін  ұмытқан 
ұрпақтың болашағы да бұлыңғыр болатыны сөзсіз. Сондықтан, келер ұрпақ саналы, 
сауатты, білімді болсын десек, өз тарихымыздан, әдебиетімізден мол мағлұмат бере 
отырып, өз елін жерін сүйетін ізбасарлар дайындайық. 
Ұсыныс.  Мектеп  бағдарламасында  жыраулар  шығармаларына  арналған 
электронды оқулықтар жасалынса, ұтарымыз көп болар еді. 
 
Әдебиеттер 
1  Қазақ  хандығы  дәуiрiндегi  әдебиет.  Хрестоматия.  Құрас.  М.  Мағауин.  – 
Алматы, 1993. 
2 Бес ғасыр жырлайды. I том. – Алматы: Жазушы, 1984. – 1989. 
3 Алдаспан. Құрастырған М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1971. 
4  Қазақ  хандығы  дәуiрiндегi  әдебиет.  Хрестоматия.  Құрас.  М.  Мағауин.  – 
Алматы, 1993. 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
158 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАНДІЛДАЕВ Сержан, 
Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған 
сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің оқушысы, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ҚАЗЫБАЕВА Сайлаукүл Раисовна, 
Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған 
сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің мұғалімі, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
СЫҒАНАҚ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ-РУХАНИ АСТАНАСЫ 
 
Кіріспе.  Сырдария  бойындағы  орта  ғасырдағы  қалалардың  ішіндегі  атақты 
қалалардың  бірі  Сығанақ  қаласы  болып  табылады.  Қала  Қызылорда  облысы, 
Жаңақорған  ауданы  жерінде,  аудан  орталығы  Жаңақорған  кентінің  батыс  жағында 
45  шақырым  жерде  орналасқан.  Қала  Түркістан-Қызылорда  тас  жолының  бойында 
оң жағында, 2 шақырым жерде, Сунақ ата қыстағының жанында. 
Қаланың халқымыздың тарихына қосқан үлесі өте зор. Өйткені, қала Қыпшақ 
хандығының  (XI-XIII  ғғ.),  Ақ  Орданың  (XIV-XV  ғғ.),  қазақ  хандығының  (XV-XVI 
ғғ.)  астанасы  болған.  Қала  туралы  алғаш  мағлұматтар  қалдырған  Перовск  уезінің 
бастығы  В.А.  Каллаур.  Оның  жазғандарына  қарағанда  қала  дуалмен  қоршалған. 
Қызыл кірпіштен жасалған мешіт күмбездері жартылай сақталған. 
Жұмысымның мақсаты. Биыл еліміз тұңғыш мемлекетіміздің негізін қалаған 
Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өтпекші. Бұл ұлы мерейтойдың 
өтілуі  Елбасымыздың  2014  жылғы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты 
жолдауында  ресми  түрде  мәлімденіп,  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  Жаңа 
Қазақстандық  Патриотизмді  ұрпақ  жадына  сіңіруді  айрықша  рөлге  ие  деп  баға 
берілген болатын. 
Зерттеу  жұмысымда  қазақ  хандығының  саяси-рухани  астанасы  –  Сығанақ 
қаласын тереңірек зерттеп, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өз үлесімді 
қоссам деймін. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
159 
Негізгі зерттеу нысанасы: қазіргі Сығанақ қаласының орнын көру; суреттерге 
және  бейне  таспаға  түсіру;  мұражай  қорларымен  байланыс  жасау;  «Жанға  –  шипа, 
емге – дәру» киелі жер екенін айта отырып, нақты мысалдарымен дәлелдеу. 
 
Мешіттің қазба жұмыстарына дейінгі солтүстік-шығыстан көрінісі 
 
Сығанақ  қаласы  –  Қазақстанның  атақты  ортағасырлық  қалаларының  бірі. 
Өзінің тіршілік жасау барысында Сығанақ қаласы Сырдарияның оң жағалауының ірі 
экономикалық  және  саяси  орталықтарының  бірі  болған.  Кезінде  бұл  қала  Дешті 
Қыпшақтың  ірі  қалаларының  бірі  болып,  Ақ  Орданың  астанасы  қызметін  де 
атқарған.  Өмірінің  соңына  қарай  Сығанақ  қаласы  ХV-ХVІІ  ғ.ғ.  қазақ  хандығының 
орталығы болған. 
Жазба  деректерге  және  археологиялық  қазба  жұмыстарының  нәтижелеріне 
қарағанда,  қала  көптеген  архитектуралық  құрылыстарымен,  медреселермен, 
мешіттермен,  табыну  орындары  құрылыстарымен  және  азаматтық  ғимараттарымен 
атағы  шыққан.  Бұл  құрылыстардың  кейбіреулері  ХХ  ғ.  30-шы  жылдарына  дейін 
сақталған. 
Қазіргі  кезде  шаруашылық  іс-әрекеттердің  ықпалымен  қаланың  негізгі  бөлігі 
бұзылып  кеткен.  Орталық  құландылары  бірнеше  жылдар  бойы  жерлеу  орнына 
айналған. Ескерткіштің шығыс бөлігінде көлемі ірі қорым орналасқан. Қалашықтың 
кейбір жерлерінде құрылыстар жүргізілген. 
Жолдар  салынған  және  автокөлікке  арналған  тұрақтар  орналасқан. 
Қалашықтың үстін сексеуіл мен жиде басып кеткен. 
Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау  және 
пайдалану  заңына  қарамастан,  қалашықта  сақтау  және  қорғау  жұмыстары 
жүргізілмеген. 
Өзімізге  белгілі,  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  мәдени,  рухани  мұраларды 
мемлекеттік  тұрғыда  қайта  зерттеудің  қажеттілігі  күн  тәртібіне  шығарып, 
бағдарламаның өмірге келуіне ұйытқы болды. 
Бұл  көп  көкейіндегі  іс  еді.  Дер  кезінде  қолға  алынғаны  қуантады. 
Археологиялық  ескерткіштердің  бүгінгі  таңдағы  жайы  ойландырмай  қоймайды. 
Халқымыздың өткен дәуірлердегі тарихы іспетті жер астында жатқаны анық. Жерді 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
160 
жеке  меншікке  беру  мәселесінің  жолға  қойылуы  сондағы  ескерткіштердің  мүлде 
жойылуына әкеліп соғар деген қауіп те жоқ емес. 
Сондықтан  сатылған  жерлердегі  ескерткіштердің  тағдыры  туралы  арнайы 
құжат қажет секілді. 
 
 
Ортағасырлық Сығанақ қаласы. Аэрофотосуреті 
 
Ортағасырлық  Сығанақ  қаласының  халықаралық  маңызы  зор  Батыс  Еуропа  – 
Батыс  Қытай  тас  жолының  және  Орынбор  –  Ташкент  темір  жолының  бойында 
орналасуы болашақта бұл қаланы Алматы – Тараз – Сайрам – Шымкент – Отырар – 
Түркістан  –  Сауран  –  Сығанақ  –  Қызылорда  –  Қорқыт  Ата  –  Жанкент  секілді  ішкі 
туризмді дамыту бағытында ірі ескерткішке айналдыруға мүмкіндік береді. Зерттеу 
жұмысымның тақырыбының өзектілігі осы деп көрсеткім келеді. 
Сығанақ  қаласындағы  археологиялық  зерттеу  жұмыстары  тек  1947  жылы 
жалғасын  табады.  А.Н.  Бернштам  бастаған  Оңтүстік  Қазақстан  барлау 
жұмыстарының  нәтижесінде  А.Н.  Бернштамның  «Проблемы  древней  истории  и 
этногенеза  Южного  Казахстана»  атты  мақаласы  1949  жылы  жарияланады.  Осы 
мақалада Сығанақ мәселесі де көтеріледі. В.А. Каллаурдың түсірген топографиялық 
сызбасын жасайды. 
Зерттеу  жұмысының  негізгі  мақсаты  –  атақты  ортағасырлық  Сығанақ 
қаласының жалпы тарихына көңіл бөліп, сарапқа салу. 
Тақырыпты  жан-жақты  ашып,  ғылыми  тұжырымдар  жасау  үшін  Қызылорда 
облыстық кітапханасы, сонымен қатар, А.С. Пушкин атындағы Қызылорда қалалық 
кітапханалар жүйесі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 
кітапханалары  және  облыстық  өлкетану  мұражайы  дерек  қорлары  пайдаланылды. 
Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми-танымдық әдістер қолданылды: 
тарихи, салыстырма – түсіндіру және т.б. 
Мұның  өзі  маған  зерттеліп  отырған  мәселені  сыни  тұрғыдан  қарастыруға 
мүмкіндік  берді.  Зерттеудің  методологиялық  негізін  анықтағанда  қазіргі  кезеңде 
тарих  ғылымында  орын  алып  отырған  тарих  концепциясының  тұжырымдарын 
басшылыққа алдық. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
161 
 
Ортағасырлық Сығанақ қаласы. Қазіргі кезде, шаруашылық іс-әрекеттердің 
ықпалымен қаланың негізгі бөлігі бұзылып кеткен 
 
Жазба деректердегі  Сығанақ  қаласы туралы  мағұлматтар.  «Болса  тәңірім 
екінші өмір қиғандай, Сығанақта көз жұмар еш қиналмай»,  - депті Һысамиддин әл-
Сығанақи (XII-XIII  ғғ. аралығында). Бұл  арман ғалымның Сығанақ қаласының XII-
XIII ғасыр басында қандай гүлденген қала екендігін көрсетіп тұр. Үзінді келтірілген 
еңбекте Сығанақ қаласының атақты қала екендігі, бұдан Дешті Қыпшаққа қарай жол 
шығатындығы,  одан  қалаға  қымбат  бағалы  бұйымдар  келетіндігі,  не  келсе  де 
алдымен осы қалаға келетіндігі жырланады. 
Ал  қаланың  Түркістан  қаласы  мен  Дешті  Қыпшақ  арасында  орналасқан, 
шекаралық  қала  екендігі,  тұрғындардың  тыныштықта  қауіпсіз  бейбіт  өмір  сүріп 
жатқандығы  суреттеледі.  Қала  ғұлама  ғалымдар  тұратын  ғылым  ордасы  еді  деп 
Һысамиддин армандайды. Қаланың жанынан Түркістан – Қызылорда тас жолы өтеді. 
Бұл жол баяғы Ұлы Жібек жолының ізімен салынған. Міне, осындай тоғыз жолдың 
торабында  жатқан  Сығанақ  қаласының  ғұмыры  сонау  алғашқы  орта  ғасырдан 
басталады. 
Қаланың  ғұмырының  дәл  қай  ғасырда  басталғандығын  дөп  басып  айту  қиын. 
Өткені оған археологиялық қазба жұмысы жүргізілмеген, тек үстінен теріп алынған 
көзелердің сынықтарына қарап, V-VI ғасырларда өмір басталған деген жорамалмен 
айтылып  жүр.  Ал  қаланың  аты  IX-X  ғасырлардағы  жазба  деректерде  кездеспейді. 
Тек X ғасырдың аяғында парсы географтарының деректерінде Сунах деген қала аты 
кездесетіндігін А. Якубовский келтіреді. Ал, XI ғасырда қаланың Сығанақ деген аты 
атақты  ғұлама  түркі  тілінің  маманы  ғалым  Махмұт  Қашқаридың  «Түркі  тілінің 
сөздігі»  деген  атақты  еңбегінде  жазылған.  XI-XII  ғасырларда  Қараханид 
мемлекетінің кезіндегі жазба деректердің барлығында қаланың аты жаппай кездесіп 
отырады. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
162 
Ескерткіштің шығыс бөлігіндегі көлемі ірі қорымдарда жерленген адамдардың 
табыттары 
 
Қалада қазба жұмысы жүргізілгенімен XIX ғасырдың аяғында қала туралы П. 
Лерх,  В.  Бартольд,  В.  Каллаур  сияқты  ғалымдар  аз  да  болса  өздерінің  хабарларын 
жазған.  Ал  А.Ю.  Якубовский  «Сығанақ  қаласының  құландысы»  атты  еңбегінде 
толық  мағлұмат  беруге  тырысқан.  Ғалым  Каллаурдың  берген  қаланың  жобасының 
дұрыс  болмағандығын  да  жазады.  Кеңес  дәуірінің  кезінде  Оңтүстік  Қазақстанның 
қалалық  ғұмырының  ескерткіштерін  жаппай  есепке  алу  кезінде  археологтар  Е. 
Агеева  мен  Г.  Пацевич  1950  жылдары  қаланың  жобасын  берсе,  ал  Отырар 
қаласының кең масштабта зерттелуіне байланысты К. Ақышев пен К. Байпақов 1970  
жылдары  қалада  болып,  бұл  қаланың  Отырардан  кейінгі  атақты  қалалардың  бірі 
екендігін  айтып,  келешектегі  ұзақ  жылдарға  зерттеуді  қажет  ететін  қала  деп  атап 
көрсетеді. 
Міне,  содан  бері  қалаға  арнайы  ешбір  ғылыми  зерттеу  жағынан  із  түспеген. 
Жақында  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Мәдени  мұраларды»  мемлекеттік 
тұрғыдан  қайта  зерттеудің  қажеттілігін  күн  тәртібінде  тұрған  басты  мәселе 
екендігіне  қадап  көңіл  бөлуі  негізінен  өте  орынды.  Әрі  дер  кезінде қойылып  отыр. 
Әсіресе археологиялық ескерткіштердің бүгінгі таңда бірде көрнеу бірде көрнексіз, 
ешбір  хабар-ошарсыз  жоқ  болып  азайып  бара  жатқаны  халқымыздың  өткен 
дәуірлердегі  өмір-ғұмырларының  тарихы  іспетті  жер  астында  жатқан  деректердің 
мүлде  жоқ  болып  бара  жатқандығын  көрсетеді.  Әсіресе  жерді  жеке  меншікке  сату 
мәселесінің  жолға  қойылуы,  ондағы  ескерткіштердің  мүлде  жойылуына  әкеліп 
соғады.  Сондықтан  сатылған  жерлердегі  ескерткіштердің  тағдыры  туралы  арнайы 
бір заң қабылдау қажет. 
Ал  сөз  етіп  отырған  атақты  Сығанақ  қаласы  да  мүлде  жойылудың  аз-ақ 
алдында  тұр.  Өйткені  қаланың  үстіне  бұл  әулелі  жер  деп  көрші  жатқан  бүгінгі 
таңдағы  елді  мекендердің  тұрғындары  қаза  болған  адамдарын  қаланың  үстіне 
жерлеп, қаланы зиратқа айналдырған. Егер қала өзінен-өзі ұзақ жылдардың әсерінен 
бұзыла  бастаса,  оны  археологиялық  зерттеу  жағынан  ғылыми  жолмен  қалпына 
келтіруге болады. 
Қаланың  зиратқа  айнала  бастауындағы  басты  себеп,  бұрын  қаланың  сыртына 
жерленген  Мәнсүр-Мәлік  әулиені  бүгінгі  таңда  Сунақ  атаның  ұрпақтары  оны 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
163 
қаланың  ішіне  көшіріп  қайта  жерлеген.  Міне,  осы  әулиенің  жанына  оның  бір 
шапағаты  тиер  деген  оймен  соңғы  кездегі  жерлеу  мәселесі  көбейе  бастаған.  Ал, 
әулиенің  басына  тұрғызылған  кесененің  солтүстік-шығыс  жағындағы  қабырғасы 
жырылып,  отыра  бастаған.  Ол  енді  бір-екі  жылда  төбесі  құлап,  ортасына  түсуі 
мүмкін.  Оның  жырылу  себебі,  асты  бос,  қаланың  құлаған  үйлерінің  орыны.  Ол 
үстіне  түскен  салмақтың  әсерінен  басыла  береді.  Сондықтан  ол  әулиені  де  Сунақ 
атаның  жанына  қайта  жерлеген  жөн.  Сонда  оның  жанына  жерленген  адамдардың 
барлығы  сыртқа  шығарылуы  сөзсіз.  Сонда  ғана  біз  қаланың  кіре  беріс  жағын 
зираттан тазарта аламыз. 
Ғұлама ғалым, археолог, кеше ғана дүниеден өткен К.А. Ақышев неге қаланы 
Отырардан  кейінгі  қала  деп  атады?  Оның  басты  себебін  жоғарыда  жазылған 
Һысамиддиннің  айтуынан  байқасақ,  екінші  бір  басты  деректі  Өзбек  хан  Мұхаммед 
Шайбани  ханның  хатшысы  Фазлаллах  Ибн  Рубихан  Сығанақ  қаласының  базарына 
күніне  500  түйе  сойылып,  кауап  жасалып,  кешке  дейін  бір  түйір  де  кауап  қалмай 
сатылып кетуші  еді  деп жазады. Кейбір аудармашылар 500 түйені  тірідей сатқанда 
кешке дейін бір түйе қалмай сатылып кететіндігін жазады. Қалай болғанда да, күніне 
500 түйе сатылған базар қандай сауда орнының болғандығын тәптештеп айтпаса да 
көрсетіп  тұрғандай.  Ал  басқа  ірі  қара  мен  ұсақ  малдың  қанша  болғандығына  тіпті 
есеп  болмаған.  Сондықтан  да  қаланың  орталық  қорғанын  айнала  қоршай  салынған 
қарапайым халық тұратын шахристаны мен рабадының өзі ат шаптырым жерді алып 
жатқан алып құрылысына қарап К.А. Ақышевтың Отырар қаласын №1 қала десе, ал 
Сығанақты  №2  қала  деп  айтуының  басты  себебі,  Отырардың  Шыңғыс  ханның 
жойқын шапқыншылығына алты ай бойы қарсылық көрсетуі. 
Сығанақ  қаласы  да  қарсылық  көрсеткен,  бірақ  ол  қарсылық  жеті  күнге  ғана 
созылған.  Ол  қала  аумағының  тым  үлкен  болғандығынан,  қорғаныс  күшінің 
жеткіліксіздігінен  жау  күшінің  басымдылығына  төтеп  бере  алмаған.  Шыңғыс 
ханның қаныпезерлігі бұл қалада Отырардан да асып түспесе кем болмаған. 
Жазба  деректердің  хабарына  қарағанда  қаланың  тұрғындары  қарсылық 
көрсеткендері үшін жаппай қырғынға ұшыраған. Қаланың үшінші бір атақтылығы – 
Ислам дінін таратуда басты рөл атқарғандығы. Бұл қалада туып-өскен Сунақ атаның 
және  оның  ұрпақтарының  Ислам  дінін  таратудағы  еңбектерінің  зор  болуы,  қалада 
мешіт-медреселердің салынуы ғұлама ғалымдардың дүниеге келуіне әсерін тигізген. 
Сондықтан  да  бұл  қаладан  Шайхы  баба  Сығанақи,  хусам  ад-Дин  әл-Хусейн  ас-
Сығанақи сияқты т.б. ғұламалар шыққан. 
Қаланың Сунақ ата аталуы және оның ұрпақтарының діни іс-әрекеттері туралы 
өз алдына сөз болатын үлкен мәселе. XIV ғасырда қаладан қыпшақ ақындары Құтып 
және  Берке  Факих  Қыпшақилер  шыққан.  Құтып  өзінің  «Хұсырау  мен  Шырын» 
дастанын осы Сығанақ қаласында жазған. Бұл шығарма Ақ Орданың ханы Тыныбек 
пен  оның  әйелі  Мәлике  хатунға  арналған.  Дастанның  бір  көшірмесін  Берке  Факих 
Мысырға  алып  кетіп  (1383),  оны  өзінің  туысы  Құтқожаның  өтінуімен  дастанды 
көшіріп жазған. Ол қолжазба қазір Париждің ұлттық кітапханасында 312 номермен 
сақтаулы. 
Қаланың  атақты  болуындағы  және  басты  бір  себеп,  қала  өзінің  2000  жылғы 
жуық  тарихында  қаңлылардың,  қыпшақ  хандығының,  Ақ  Орданың,  Әбілқайыр 
хандығының,  қазақ  хандығының  астанасы  болған  қала.  Қалаға  қандай 
шапқыншылық болса да, өмір қайта жанданып отырған. «Неге?» - деген сұрақ тууы 
мүмкін. Ол қаланың Ұлы Жібек жолының бойында тұруы. Бұған қосымша қала Орта 
Азия мен Дешті Қыпшақ хандығының арасында орналасуы. 
Ал  XI  ғасырдың  орта  кезінен  бастап  қыпшақтар  Сырдарияның  орта  бойына 
орын тебе бастайды. Міне, осы кезден бастап Сығанақ қаласымен сауда қатынасын 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
164 
күшейтіп,  біртіндеп  қаланы  өздеріне  біржола  бағындырады.  Тарихи  зерттеулерге 
көңіл бөлетін болсақ, қала тұрған аймақта б.д.б. VII-IV ғасырларда, яғни антикалық 
дәуірде  массагет  сақтар  өмір  сүрген.  Ал  олардың  орнын  басқан  қаңлы  тайпалары 
мемлекеттік бес облыстан тұрған. Ал Сығанақ қаласы тұрған жер Сусе облысының 
жері  болған.  Бұл  облыс  Сырдың  орта  ағысы  болып  есептелген.  Әрине,  бұл  кезде 
қаланың  орнында  алдыңғы  дәуірден  қалған қоныс  болды  ма?  Ол  жағы белгісіз. Ол 
тек  қалаға  қазба  жұмысы  жүргізілгеннен  кейін  астыңғы  мәдени  қабатқа  жеткенде 
ғана анықталады. 
Жазба  деректерге  қарағанда  Сығанақ  қаласы  XIV  ғасырдың  алғашқы  кезінен 
бастап Сасыбұқаның кезінде Ақ Орданың астанасы болған. Одан кейін қаланы оның 
баласы  Ерзен  хан  билеген.  Міне,  осы  Ерзеннің  кезінде  Сығанақ  қаласы  дәуірлей 
бастайды. «Ескендір аноним» шежіресінің хабарында Ерзен Отырар, Сауран, Жент, 
Баршынкентте  мешіт-медреселер  және  қоғамдық  жайлар  салғызған,  өзі  осы 
Сығанақта  жерленген.  Қазба  жұмысы  кезінде  зерттелген  кесене  сол  Ерзен  ханның 
өзі  мен  оның  ұрпақтары  ма  деген  пікір  туғызды.  Зерттеу  жұмысының  кезінде 
көгілдір аспан түстес сырмен сырланған ою-өрнегі бар құрылыс материалдар, сәндік 
бұйымдар  табылды.  Табылған  бұйымдардағы  бояулардың  түстері,  бұл  ғимараттың 
сол  жазба  деректерде  көрсетіліп  отырған  мерзіммен  сәйкес  келетіндігін  көрсетеді. 
Көгілдір  түс  мешіт,  медресе,  күмбез  тәрізді  ғимараттарды  безендіруде 
мұсылмандықты бейнелейтін түс болып табылады. 
Қысқаша  айтатын  басты  мәселе  –  Әмір  Темірдің  көмегімен  Тоқтамыш  Ақ 
Орданың  ханы  болып  Сығанаққа  отырғызылады.  Ол  өзінің  атынан  Сығанақтың 
теңгеханасында  1378-1382  жылдар  арасында  теңге  шығарған.  Сығанақ  қаласы  XV-
XVII ғасырлар арасында да атақты қалалардың бірі болды. Алайда қала тағдыры бұл 
кезде де бейбіт жағдайда өмір сүре алмады. XV ғасырда Ұрыс ханның ұрпағы Барах 
хан  мен  Әмір  Темірдің  ұрпағы  Ұлықбек  арасындағы  талас-тартыстың  көзі  болған. 
Дегенмен  бүгінгі  таңдағы  егемен  елдігіміздің  жарқын  болашаққа  еркін  дамумен 
қадам басуымызда көздері біте бастаған Тоқтамыс хан бұлағы мен Мыңбұлақ сияқты 
бұлақтардың  көзін  ашып,  іші  лай  сазға  тола  бастаған  арық-тоғандарды  тазалап 
халқымыздың  игілігіне  жаратсақ,  үзіліп  қалған  тарихи  өміріміз  өзінің  жалғасын 
тапса,  қандай  жарасымды  болар  еді.  Бұзылып  жатқан  қаламыздың  тарихи  беттерін 
қайта ашып, ашық аспан астындағы музейге айналдырсақ, өткен тарихымыздың беті 
қайта  ашылып,  жаңа  өмірмен  жалғасын  қайта  табар  еді.  Сонда  біздің  мәдени 
мұралаларымыз өз елінің игілігіне жараған болып табылар еді. 
Сығанақ  –  алғашқы  қазақ  хандығының  астанасы.  Тарихта  Сыр  бойы 
қалаларының  қатарында  Сығанақ  қаласының  маңызы  бөлекше.  Сығанақ  қазақтың 
алғашқы  мемлекеті  –  Ақ  Орданың  астанасы  болған.  Сығанақ  қаласы  ертеректе 
еліміздің үлкен мәдени  ошағымыздың бірі болды. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен 
қаңлылар  тайпасының,  ал  ХІ  ғасырдың  екінші  жартысында  әлемге  әйгілі  қазақ 
халқының  құрылуына  ұйтқы  болған  қыпшақтар  мемлекетінің  Шығыс  бөлігінің 
астанасы ХІІ ғасырдың монғол шапқыншылығы, қазақ даласының ойран-топыранын 
шығарды. 
Сол ойран топанға ұшырағандардың бірі – Сығанақ болды. 1219 жылы Жошы 
хан  әскері  Сығанақты  жаулап,  оның  қорғанын  қиратады.  100  жылдан  соң  Сығанақ 
қайта  қалпына  келіп,  гүлденеді.  Қала  Х-ХІІ  ғасырларда  Сунақ  деп  аталса,  кейін 
Сығанақ қаласы болып өзгерген. Қазақ жеріндегі моңғол империясының ыдырауына 
байланысты,  жергілікті  этникалық  топтардан  құрылған  мемлекеттер  пайда  болды. 
Солардың  бірі  ХІІІ  ғасыр  мен  XV  ғасыр  басында  Шығыс  Дешті  Қыпшақта  өмір 
сүрген Ақ Орда мемлекеті болды. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
165 
Ақ  Орда  Қазақстан  аумағында  моңғолдардан  кейінгі  құрылған  алғашқы 
мемлекет. Жерімізде мемлекеттік ұжымның пайда болуы б.д.д. ғұн, сақ, үйсін, қаңлы 
дәуірінен басталып, түркі дәуірінде өркендей түскенін тарихтан білсек, ал қазақ атты 
мемлекеттің  пайда  болуы  оның  астанасы  Сығанақ  белгілі  болғанын  ХІV  ғасырдың 
30-40  жылдарынан  білеміз.  Сонда  қазақ  елінің  алғашқы  астанасы  Сырдарияның 
орталық  ағысында  оң  жағында  15  шақырым  қашықтықта  орналасқан  Сығанақ 
қаласының астаналық қала атануы, міне, 670-680 жылдар шамасында болып отыр. 
Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойынша орналасқан Сығанақ қаласы 
болды.  Ақ  Орда  аумағы  Жошы  ханның  екі  баласы  Орда  Ежен  мен  Шайбан 
хандарының жерін қамтыды. 
1219  жылы  Сығанақ  қаласы  моңғол  шапқыншылығына  ұшырайды. 
Шыңғысханның  үлкен  ұлы  Жошы  қаланы  шаппас  бұрын  ең  алдымен  жергілікті 
саудагер  Хасан  қожаны  қала  тұрғындарын  берілуге  көндіру  үшін,  Сығанаққа 
жібереді.  Бірақ  Сығанақтықтар  сатқын  Хасан  қожаны  өлтіріп,  өздері  жауға  қарсы 
күреске  шығады.  Жошының  әскерлері  қаланы  қоршап  алады.  Қала  халқы  жеті  күн 
бойы  берілмей,  қарсыласып  бағады.  Бірақ  күші  басым  Жошы  қаланы  басып  алып, 
халқын  қырып-жойып,  қаланың  күл-талқанын  шығарады.  Х  ғасырдан  бастап 
Сығанақ  қаласы  қайта  салынып,  қалпына  келтіріледі.  Қала  жандана  түседі.  Қала 
біртіндеп Сыр бойындағы саяси-экономикалық орталыққа айналады. 
Монғол шапқыншылығынан кейін, XIV ғасырдың басында алғашқы феодалдық 
Ақ Орда мемлекеті Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап Сырдарияның 
оң  жағалауынын  Сығанаққа  дейінгі  аралықтарды  қамтиды.  Астанасы  Сығанақ 
қаласы болды. 
Ақ Орданы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан тараған ұрпақтары билей 
бастайды. Ерзен хан тұсында Сығанақта көптеген құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 
Қала  гүлденеді.  Сыр  бойындағы  қалалармен  байланыс  жасайды.  Ерзен  хан  кейін 
Сығанақта қайтыс болып, осында жерленген. Ерзеннен кейін хан тағына оның ұлы 
Мүбәрак хан (1327-1361) отырады. Мұның тұсында Сығанақта теңге соғылады. Одан 
кейін хандық Орыс ханға (1361-1375) тиеді. 
Тоқтамыс 1380 жылдан бастап Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып, 
Мамай  Ордасын  басып  алады.  XIV  ғасырдың  аяғында  Тоқтамысқа  қарсы  әрекет 
жасай бастаған. Әмір Темір оның орнына 1395 жылы Ақ Орда тағына Ұрыс ханның 
тағы  бір  баласы  Қойыршақ  Оғыланды  хан  етіп  қояды.  Ақ  Орданың  келесі  ханы 
Барақ  Сырдария  бойындағы  қалаларды  қайтару  үшін  әрекеттер  жасайды.  Темірдің 
немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады. Алайда, 1428 жылы 
Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  билік  Жошының  Шайбани  әулетінің  ұрпағы 
Әбілхайырға тиеді. Ол Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрады. 
Ақ  Орда өмір  сүруін тоқтатады. Сөйтіп Ақсақ Темірдің қанды жортулары Сығанақ 
қаласының  шаңырағын  шайқалтып,  Ақ  Орданы  қиратып  кетеді.  Ақсақ  Темір  1405 
жылы қайтыс болғаннан кейін, әлсіреп қалған Ақ Орда қайтадан бой көтереді. Орыс 
ханның  немересі  Барақ  хан  1423-1428  жылдары  Ақ  Орданы  қалпына  келтіре 
бастайды.  Бірақ  ол  көп  ұзамай  қайтыс  болады.  Ақ  Орданың  билігі  енді  Жошы 
ханның бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр ханның (1428-1468 ж.ж.) қолына 
көшеді.  Әбілхайыр  хан  мемлекеттің  құрамына  өз  кезінде  бұрыңғы  қағанаттар  мен 
хандықтардың  құрамында  болған,  кейіннен  қазақ  және  өзбек  халықтарын  құраған 
көптеген тайпалар енді деп жазды. 
Осылай  Сығанақ  бірде  Алтын  Орда  билеушілерінің,  бірде  Ақсақ  Темірдің, 
бірде  Ұлықбектің  қол  астына  қараған.  Әбілхайыр  –  өзбек  ханы,  оның  хандығы 
«Көшпелі  өзбектер  мемлекеті»  деп  аталған.  Әбілхайыр  хан  Моғолстанды  алам  деп 
аттанып  кеткенде,  Жәнібек  хан  Шиелі  жақтан  келіп  Сығанақты  басып  алады. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
166 
Әбілхайыр  хан  ауырып  қайтыс  болады,  сүйегін  Созаққа  қояды.  Жәнібек  хан 
Ордасын Сығанаққа көшіріп, билікті Бұрындыққа береді. Сөйтіп, Қазақ хандығының 
тұңғыш  астанасы  Сығанақ  қаласы  (1468  ж.)  болады.  Сығанақ  халқы  отырықшы 
болған.  Онда  сауда,  қолөнер  жақсы  дамыған.  Қала  мәдениеті  Тараз,  Баласағұн, 
Шиғу,  Сайрам,  Отырар  шахарларымен  қатар  қанат  жайған.  ХІІІ  ғасырға  дейін 
Сырдың шығысында Отырар мен Сығанақтай ірі қала болмаған. Олар ислам дінін Х-
ХІ ғасырларда қабылдаған болуы керек. 
Шығыстан  келген  қара  дүлей  Моңғол  шапқыншылығы  1219  жылы  күзінен 
бастап  қала  тұрғындарын  өз  қолына  алған.  Сонымен  1219  жылы  Сығанақ  қаласы 
үшін күйреу жылы болды. Осы бір қатты соғыстан соң XIV ғасырға дейін, яғни 100 
жылдай  қалпына  келе  алмады.  Қазір  Қазақстанның  бір  заманғы  мәдениет  ошағы 
мақтанышы болған Сығанақ қаласының қираған орны жатыр. 
Сығанақ қаласында Дешті Қыпшақ ұлысының ақша монеттері басылып тұрды. 
Сығанақ  үлкен  білім  орталығы  болған.  Оның  топырағында  сан  қилы  ғалымдар, 
ақындар,  қолбасшылар  шыққан.  Соның  бірі  әйгілі  ақын-жазушы  Хисамиддин  Әл-
Сығанақи «Хихаиа» деген кітабы да осы Сығанақ қаласында жазылды. 
А.  Якубовский  зерттеуінде  Сырдың  төменінде  қаланың  мәдинетінің  туғанын 
айта  келіп:  «Билік  түрлі  тайпалардың  қолында  болса  да,  оның  бәрін  мұсылман 
көпестер салған»,  - деп тағы бір ұшқары ойдың ұшын шығарыпты. Бір  анығы, кез-
келген мәдениет сол жерді мекендеген тұрғылықты тайпалардың қолымен жасалып, 
олардың қоғамдағы даму деңгейін анықтаса керек. 
1867  жылы  П.И.  Лерх  1906-1907  жылы  И.А.  Кастанев  ертедегі  қала  орнында 
болып, сол жылы Каллаур қала жәдігерлерінің жоспарын жасаған. 1927 жылы А.Ю. 
Якубовский  қала  мұрағаттары  мен  Сунақ  кесенесінің  қала  орнын  сипаттап  жазды. 
Тарихи  деректерде  бірде  Сунақ,  бірде  Сығанақ  деген  атпен  түскен  қала  туралы 
мәліметтер шығыс, батыс жазбаларында ұшырасады. 
Зерттеу  жұмысы  нәтижесінде  қазіргі  Сунақ  ата  (Сығанақ)  жерінен  көптеген 
өрнекті  керамикалық  бұйымдардың,  ыдыстардың  қалдықтары  табылды.  Біз  бұл 
жерде Сығанақ қаласында қыш құмыра үлгілері жақсы дамығанын көре аламыз. 
Сонымен,  ойымызды  түйіп  айтсақ:  Сығанақ  қаласы  алғаш  Қыпшақ 
хандығының, одан кейін Ақ Орданың, бұдан соң Қазақ хандығының саяси әкімшілік, 
мәдени-экономикалық, әскери қорғаныс орталығы болған. 
Бүгінгі  Сығанақ  қаласының  жағдайы.  Зерттеу  нәтижесі.  Қазіргі 
Сығанақтың  солтүстігі  275  метр,  солтүстік  батысы  175  метр,  оңтүстік-батысы  190 
метр және оңтүстігі 175 метр, ал оңтүстік-шығысы 320 метр өлшемінде. Биіктігі 1,5 
метр. Қала 6-7 метр шығыңқы 15 төбешікке айналған және мұнара іздері сақталған 
және  қасында  Сунақ  ата  мешіті  бар.  Маңайында  құрылыс  іздері  төбе-төбе  болып 
кездеседі. Ертегі қаланың үстіңгі мәдени қабаты керамика сынықтарына толы екенін 
көруге болады. 
Өңірде  туризмді  дамытудың  тағы  бір  бағыты  –  Жаңақорған  ауданында 
орналасқан  ортағасырлық  Сығанақ  қалашығы.  Бүгінде  қалашықты  қорғау  аймағы 
бекітіліп, ол жерде ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыру қолға алынбақ. 
Аймақ  басшысы  кейбір  ескерткіштердің  жүйесіз  салынғанын,  ретсіз 
орналасқанын, тақырыптық деңгейінің ашылмағанын, мұның халыққа да, билікке де 
сын екенін айтты. Сол себепті облыста ескерткіш орнатуға мораторий жарияланды. 
Ескерткіштерді талапқа сәйкестендіру үшін жұмыс тобы құрылып, 52 нысан күрделі 
жөндеуден  өтті.  Ешқандай  талапқа  сай  келмейтін,  көркемдік  келбеті  келіспеген, 
арзан  материалдармен  көмкерілген  ескерткіштер  құрметтің  белгісі  бола  алмайды. 
Керісінше, бұл ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
167 
Аймақта  700-ден  астам  тарихи-мәдени  ескерткіш,  олардың  қатарында  тас 
ғасырының,  қола,  ерте  темір  дәуірінің  ескерткіштері,  ортағасырлық  қалалар 
орындары бар. Өткен ғасырдың орта шенінде жүргізілген археологиялық зерттеулер 
барысында  Әмудария  мен  Сырдарияның  төменгі  ағысында  көлемі  суармалы 
егіншілік  алқабы  анықталды.  Осынша  көлемдегі  суармалы  егіс  алқабының  болуы 
сол кезеңдегі дамыған өркениетті айқындайды. 
Биыл  облыстық  бюджеттен  ХІХ  ғасырдағы  әскери  казарманы  қайта 
жаңғыртуға, Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат қалашықтарының археологиялық қазба 
жұмыстарына  қаржы  бөлінді. Кеңеске  түскен  20-дан  астам  жобаларды  4  бағытқа 
бөлуге болады. Бірінші бағыты – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік ескерткіштер тізіміне 
енгізілетін қалалар тізбесі, екінші бағыты – ежелгі қалалардағы зерттеу жұмыстарын 
жалғастыру,  үшінші  бағыты  –  «Сыр  өңірінің  қазақтары»,  «Сыр  өңірінің  рухани 
қазыналары»  жинақтарын  шығару,  төртінші  бағыты  –  әр  ауданның  археологиялық 
картасын жасау. Жобаларға қатысты кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін сараптай 
отырып, шешім қабылданады. Бүкіләлемдік ескерткіштер тізіміне қосуға ұсынылған 
8  ескерткішті  кезең-кезеңмен  енгізу  керек.  Ең  алдымен  «Батыс  Еуропа  –  Батыс 
Қытай»  жолы  бойындағы  елді  мекендерге  жақын  орналасқан  ескерткіштердің 
ұсынылуы мақұлданады. 
Осы  орайда,  облыс  басшысы  биыл  Сығанақ  қаласы  мен  Сауысқандық 
шатқалындағы тасқа салынған суреттер кешенін, Жанкент қаласын енгізуді ұсынды. 
Сауысқандықтағы  тасқа  салынған  суреттер  есепке  алынбаған  және  аз  зерттелген. 
Ғалымдардың  пайымынша,  ол  ЮНЕСКО  құндылығы  болып  есептелетін  Таңбалы 
тастан  кем  емес.  Биыл  бірінші  жартыжылдықта  Сығанақ,  Шірік-Рабат,  Жанкент 
қалаларындағы қазба жұмыстары қаржыландырылады. 
Облыс  басшысы  оларды  біріктіріп,  «Сыр  өңірінің  этнографиясы»  деген 
ғылыми  еңбек  шығару  туралы  ұсынысын  ортаға  салды.  Ал  аудандардың 
археологиялық  картасын  жасауға  оның  карта  аталуы  кедергі  келтіретінге  ұқсайды. 
Картадан  тарихи  ескерткіштер  тыс  қалып,  тек  қана  сәулет  өнерінің  ескерткіштері 
енеді.  Сондықтан  аудандардың  тарихи-мәдени  ескерткіштерінің  жинағын  шығару 
орынды. Жинақтар әр жылға топтастырылып, кезең-кезеңмен жарық көреді. 
Жергілікті  тұрғындардың  айтуына  қарағанда,  Сығанақ  қаласы  тұрған  жер 
диқаншылық, жартылай көшпелі мал шаруашылығына қолайлы болғанын, әрі сауда 
орталығы  болған.  Қаладан  су  құбыры  пайдаланып,  егін  шаруашылығының  күшті 
дамығанын ерекше айтып берді. Сунақ ата – «Сунаның» ақ жолында деген ұғымды 
білдіреді  деп  түсіндірді.  Ауыл  ақсақалдарының  айтуынша,  Сунақ  деген  ұғым 
Сырдариядан аққан су, арнаға нақ түскендіктен айтылған. Содықтан суы нақ ағады, 
яғни Сунақ деген сөзден шықан деп түсіндіріп берді. 
Сығанақта жер асты жолы бар деген мәліметтер көп кездеседі. Күрішшілер егін 
жеріне су жібергенде бәрі бір толмайды және де сол жерлерде тесіктер бар көрінеді. 
Сол тесікке тас тастаса домалап, тоқтамай кете беретін көрінеді. Біз бұдан жер асты 
жолы бар деген мәліметтердің рас екенін жоққа шығара алмаймыз. 
Сығанақ  –  ежелден  келе  жатқан  қала  және  Моңғол  шапқыншылығы  кезіндегі 
үлкен  қала.  Сығанақты  Шыңғыс  ханның  ұлы  Жошы  хан  билеген  және  сол  жерде 
теңге соқтырған. Сығанақтағы мешіт бұл сол жердің халқының мешіті. Бұл мешітті 
шамамен  1937-1938  жылдары  «Авангард»  жұмысшылары  қиратқан  екен.  Осы 
мешіттің  кірпіштерін  монша,  үй  және  т.б.  құрылысқа  пайдалануға  алған.  Бұзған 
адамдар, яғни мешітке балта шапқан адам сол жерде құлап өлген. Бастаған адамнан 
ұрпақ қалмаған. Кейбірі ауруға шалдығып өлген көрінеді. 
Сығанақтағы  археологиялық  зерттеу  қазба  жұмысын  әлі  де  жалғастырып, 
зерттеуде.  Студенттер  қазба  жұмысында  бүтін  және  сынық  құмыралар,  қыш 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
168 
құмыралар  тапқан.  Яғни  Сығанақта  қолөнер  жақсы  дамыған.  Саудасына  келетін 
болсақ, «Сунақтар» атты кітапта: «Әр базар сайын 500 түйе сатылған», - деседі. Бұл 
дерек Сығанақ қаласының үлкен болғанын айтады. Сығанақ қаласының орны (қазіргі 
атауы Сунақ ата) Жөлек ауылына дейінгі орынды қамтыған. Сығанақтың жер көлемі 
45 шаршы шақырым болған. 
«Жанға шипа, емге дәру» Сығанақ қаласы да киелі жер екендігін айта отырып, 
нақты мысалдармен дәлелдеймін. Жазба деректерге қарағанда, ата-баба әруағына бас 
иіп, жер-жерден келіп жатқан адамдар легі тоқтаған емес. Науқастардың көпшілігі: 
нәрестеге  зәрулер,  бас  ауруына,  жүйке  ауруына  ұшырағандар,  ұйқысыздық,  қан 
қысымы аурулары т.б. Ниет етіп келе жатқандар, шырақшының айтуынша, ата-баба 
әруағына бас иіп, киелі жер екенін айта отырып, түрлі ауруларына шипа іздеп келіп 
жатқан көрінеді. Нәтижесінде, алғыс айтып жүрген адамдар қаншама. Ендеше, қолда 
барды сақтап, қадірлей білейік дегім келеді. 
Қазіргі Сығанақ қаласының орны бүгінде біраз жерді алып, төбе болып жатыр. 
Сығанақ  қаласында  мәдениеттің  жақсы  дамығанына  онда  табылған  қыш 
ыдыстардың  қалдықтары  және  Сығанақтан  табылған  қыш  құмыра  үлгілері  дәлел 
бола алады. XIV ғасырдағы бұл қыш құмыра Сығанақтан табылған. Сонымен қатар 
бұл қыш құмыра Ы. Жақаев музейінде сақталып тұр. 
Сығанақ  қаласының  орнынан  тек  үйінді  төмпешіктерді  кездестіреміз.  Жазба 
деректерге  қарағанда  орта  ғасырда  өте  үлкен  шаһар  болғанын  жоққа  шығара 
алмаймыз. Бұл қалаға археолог ғалымдар зерттеу жұмысын толық жүргізіп, ондағы 
бейіттерді  алғызып,  әлі  ашылмаған  құпия  сырларын  ашып,  халыққа  соны  жеткізе 
білсе, біз одан ұтылмаймыз. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  қолдауымен 
жүргізіліп  жатқан  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  шеңберінде  «Сунақ 
ата»  (Сығанақ)  қорымын  қорғау  жөнінде  нақты  іс-шаралар  жүзеге  асырылса,  ата-
бабаларымыздың алдындағы парызымызды өтегеніміз болып саналады. 
Қорытынды.  Республика  мұражайларының  қорында  сақталған  тарих  пен 
мәдениеттің  жылжымалы  ескерткіштерін  тұрақты  түрде  қалпына  келтіру 
жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыны негізге ала отырып ұлттық тарих күшін 
айрықша мәні бар мұражай қорларын қалпына келтіру мен түзеу жөнінде орталықты  
құру мүмкіндігін қарау қажет. 
Көптеген  әдебиеттер  арқылы  жұмыстың  мазмұнына  және  жергілікті  ауыл 
тұрғындарының  әңгімесі  арқылы  ортағасырлық  Сығанақ  қаласының  қазіргі 
жағдайына  көз  жеткіздім.  Дәл  қазіргі  уақытта  Сығанақ  қаласы  төмпек  астында 
қайнаған  сыр,  сарғайған  тарихымыздың  құпиясын  жасырып,  сіресіп  жатыр.  Бір 
кездері  гүлденіп  тұрған  Сығанақ  қаласы  дәл  қазіргі  уақытта,  өзінің  бұрынғы 
мұрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділер ғана қалған. 
Сонымен  қатар  ортағасырдағы  қалалар,  бүгінде  Қожа  Ахмет  Яссауи,  Айша 
бибі,  Қорқыт  мазарлары  қорғауға  алынып,  қайта  салынып,  жөндеуден  өткен.  Дәл 
осындай маңызы зор ескерткіштердің бірқатары құлап жатыр. Есімі бүкіл шығысқа 
әйгілі  Көккесене,  Сунақ  ата,  Жүніс  әулие  т.б.  бүгінде  толық  жойылған.  Ал  Қазалы 
жеріндегі  Бегім  ана,  Сараман  қоса,  Қарақұмдағы  Қырық  қыз  мазарлары  жартылай 
қираған.  Әзірге  аман  тұрғандары  Сырылтым,  Ақтас,  Оқшы  Ата  сияқты 
ескерткіштері ғана. Солардың өзі жарылып, бүгін болмаса ертең құлап қалу қаупінде 
екенін ескерер болсақ, бұл салада атқарылар жұмыстар аз болмаса керек. 
Қызылорда  облысының  тұрғындары  үшін  мақтаныш  тұтып,  тағылым  алар 
мәдениет  мұралары  баршылық.  Олар  мемлекеттік  қорғауға  алынатын  халық 
байлығы  болып  табылады.  Сондықтан  суландыру  жұмысын  жүргізетін  мекемелер, 
ауыл шаруашылығымен айналысатын кіші кәсіпорын және тұлғалар барлық жердегі 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
169 
тарих  пен  мәдениет  ескерткіштерін  қамқорлыққа  алуға  тиіс.  Бәрімізге  белгілі 
Сығанақ  қаласы  қазір  Сунақ  ата  ауылы  болып  табылады.  Бір  кезде  Шиелі, 
Жаңақорған  бір  болғанын  ескерсек,  оның  Ұлы  Жібек  жолында  орналасқанын 
пайдалансақ, бұл қасиетті қала, әлі талай тарих тұңғиығынан тіл қатары анық. 
Сығанақ  қаласына  туристер  келуге  жағдай  жасалса,  Интернет  арқылы  бүкіл 
дүние  жүзіне  насихаттауды  ойластырып,  арнайы  жобалар  дайындалса,  сайын 
даладағы  мыңдаған  асыл  мұралардың  жаңа  ғасыры  басталары  хақ.  Осы 
жәдгерлерімізді  бар  әлемге  осылайша  насихаттасақ,  ұтылмаймыз  деп  ойлаймын. 
Сонымен  қатар  Сығанақ  қаласына,  аймақ  қалаларына  жүргізілетін  археологиялық 
жұмыстар нәтижесінде осы қаланың маңызы мен рөлін одан әрі арттыра түседі деген 
ойдамын. 
Өзімнің  ұсынысым:  Археолог  ғалымдар  жүргізген  жұмыстары  үнемі 
теледидар  арқылы  көрсетіліп  отырса;  бейнетаспалар  қолға  тисе;  тарихи  және 
өлкетану  мұражайларына  тапсырылса;  Сығанақ  қаласына  туристер  келуге  жағдай 
жасалса;  Интернет  арқылы  бүкіл  дүние  жүзіне  насихаттауды  ойластырып,  арнайы 
жобалар дайындалса; Сығанақ қаласы қоршалып, тақтайлар қойылса, ондағы тұрған 
бейіттер түгелімен алынса. 
Мені  толғандырған  мәселе  –  Ортағасырдағы  Сығанақ  қаласының  қазіргі 
жағдайы  және  орны.  Себебі,  ондағы  бейіттер  әлі  де  толық  алынбаған.  Қорғанның 
жоғарғы  бөлігі  қоршауға  алынбаған.  Киелі  орындарды  ардақтау,  әрбір  азаматтың 
міндеті екенін есімізден шығармағанымыз жөн. 
 
Әдебиеттер 
1  Қашқари  М.  Түрік  сөздігі.  3  томдық.  Аударған,  алғы  сөзі  мен 
түсініктемелерін  жазған  ақын,  сыншы  фил.ғ.к.  А.Қ.  Егеубай.  –  Алматы:  «Хант» 
баспасы, 1997. – І т. – 531 б. 
2 Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер. Сығанақ. – Алматы, 1991. – 95-103 бб. 
3  Бартольд  В.В.  История  культурной  жизни  Туркестана.  –  М.,  1963.  –  ІІ  т.,  2 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет