Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Сурет 11.11 - Қолтырауын терісінен жасалған табиғи былғары



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата14.02.2017
өлшемі6,36 Mb.
#4115
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Сурет 11.11 - Қолтырауын терісінен жасалған табиғи былғары 
279 

 
Сурет 11.12. Рептилий терілерінен жасалған табиғи былғарылар
 
Жылан терілерін Үндістанда көбірек өндіреді. Терілерді жылан- дардан 
шүлық  секілді  сылып  алады.  Консервілеу  ылғалды  түздау  арқылы 
жүргізіледі.  Өндірілетін  жыландардың  үзындығы  2-5м  жетеді.  Рептилий 
терілерінен жасалған табиғи былғарылар 11.12- суретте көрсетілген.
 
11.4.
 
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ 
Тігін өндірісінде жоғары пайдалану сапасы қаматамасыз ететін және бар 
тәсілдермен  киімдерді  дайындауға  мүмкіндік  жасайтын,  қасиеттер 
жиынтығына ие болатын жүмсақ жасанды былғарыны қолданады.
 
Киімге  арналған  жасанды  былғары  иілмелі,  жүмсақ,  беткі  қабаты 
негізбен  берік  қосылған  киімде,  пішінін  түрақты  сақтайтын  және  пішінді, 
сәнді көрінетін, жаңа  қүралдармен жеңіл пішілетін болуы тиіс. Былғарыны 
тігін машиналарында тігу барысында жолдан таймау керек, ал пісіру кезінде 
берік эласты тігістерді қамтамасыз етуі тиіс. Бүйымды кию жағдайын ескере 
отырып, киімге арналған жасанды былғары көп ретті иілуге берік, түрақты, 
пайдаланудың, температураның және ылғалдылықтың әр түрлі жағдайында 
қасиетін өзгертпеуі тиіс.
 
Киімге арналған жасанды былғары белгілі  бір гигеналық қасиеттерімен 
сипатталды: аз мөлшерде жылу өткізгіш, жетерліктей
 
280 

ылғал  өткізгішті  және  ауа  өткізгішті.  Оның  бу  өткізгіштігі  1  м  /  (смг)  кем 
болмауы керек.
 
Жасанды былғарылардың негізгі түрлері  - негізгі (мата, тоқыма немесе 
мата  емес  төсеме)  полимермен  немесе  полимер  қоспасымен  жабылған 
(сіңдірілген).
 
Жүмсақ жасанды былғары үшін «жасанды былғары» атауы қабылданған. 
Былғарының  арналуы  және  жасанды  былғары  өндірілген  полимердің 
қысқаша аталуы көрсетіледі (поливинилхлоридті  - винил. каучукті - эласто, 
полиамидті - амид, нитроцеллюлозды - нитро, по- лиэфируретанды - уретан). 
Соңында әріппен негіз түрі белгіленеді (Т- мата, ТР - тоқыма, НТ- мата емес 
төсеме).
 
Жүмсақ  жас  былғарыны  полимер  қоспаларымен  негізін-ерітінді, 
пластизолмен,  қүймаларымен,  дисперсияларымен  өңдеу  арқылы  ала-  ды. 
Жүмсақ  былғарыны  өңдеу  үшін  әр  түрлі  әдістер  қолданылады:  ағызып 
әкелу, каландрлі, калалирдік, ламинирлеу, сіңдіру. Полимерлі қоспа негіздің 
бар қалыңдығы бойынша енуі немесе тек беткі қабат түзуі мүмкін.
 
Ағызу  әдісін  қолданып,  жасанды  былғарыны  алуда  жүмысты  тікелей 
немесе жылжыту тәсілімен орындайды. Тікелей тәсілде по- лимер қоспасын 
негізге  үздіксіз  жағады.  Мысалы,  негізге  алды-  мен  полимердің  кеуекті 
қабатын  жағып,  содан  соң  кеуексіз  қабатын  жағады.  Бүл  тәсілді  негізгі  аз 
созылатын  жасанды  былғары  өндіру  үшін  қолданылады.  Керісінше  тәсіл 
кезінде  беткі  жабынды  негізге  емес,  табан  етегі  таспасына  жағады  және 
керісінше тәртіппен - алды- мен кеуексіз қабатқа, содан соң кеуекті қабатқа 
жағады. Соңынан бүл қабаттарды негізбен қатырмалайды. Бүл тәсілді негізгі 
тығыз  емес,  қатты  созылатын  жасанды  былғарыларды  алу  үшін 
қолданылады.
 
Жасанды былғарыны каландр әдісін қолдану арқылы алу кезінде арнайы 
жабдық  қарастырылады,  онда  алдын  ала  ингредиенттер  салы-  нып, 
араластырылып, қажетті полимерлі қоспа дайындалады. Арнайы каландрлер 
дайындалған полимерлі массаны үлпек түрінде қалыптайды және Т, ТР, НТ - 
негізімен қосады.
 
Каширлеу  әдісін  қолдана  отырып,  жүмысты,  негізгі  бөлігі  екі  білікті 
каландр болып табылатын кашировальды машина орындай-  ды. Алдын ала 
түйіршік  түрінде  дайындалған  полимер  қоспасы,  еріткіш  білік  аймағына 
беріледі, онда үлпек түрінде қалыптасады, содан соң кесетін білік зонасында 
негізбен қатпарланады. Бүл тәсіл көп  қабатты жас былғарыны өндіру үшін 
қолданылады.  Негізінен  по-  лимер  қоспаларының  монолитті  қүрылымынан 
түрады.  Манимерлеу  әдісі  кезінде  экструзионды  -  ламинирленген 
қүрылғысы 
қолданылады. 
Қүрылғымен 
жүмыс 
кезінде 
полимер 
балқымасынан  білік  зонасында  негізбен  біріктірілетін  үздіксіз  үлпек 
түзіледі.
 
Вилинис  былғарысы  қарастырылған  әдістердің  бірімен  мата  не-  месе 
тоқыма негізінде кеуекті, монолитті немесе кеуекті монолитті
 
281 

жабынмен  өндіріледі.  Негізі  ретінде  жүмсақтығы,  созылғыштығы, 
қүрылымының жоғары қозғалғышытығымен алынатын мата немесе тоқыма 
төсеме  қолданылады.  Жабын  ретінде  негізгі  үздіксіз  жағылатын 
поливинилхлорид (ПВХ) қолданылады, қалыңдығы 0,1-2 мм.
 
Кеуекті  қабатты  жасанды  былғарыны  алу  үшін  -  кеуек  түзгіш  - 
органикалық  заты  бар  полимерлі  қоспаны  қолданады.  Келесі  термо 
өңделуде,  нәтижесінде  поливинилхлоридті  босаңсытатын  көп  газ  тәрізді 
өнімдерді  түзе  отырып,  бүл  заттың  ыдырауы  жүреді.  Нәтижесінде  көп 
мөлшердегі  кеуекті  көбіктенген  поливинилхлорид  қабаты  алынады.  Одан 
кейін  кеуекті  -  монолитті  жасанды  былғарыны  өндіру  кезінде  екінші, 
кеуексіз поливинилхлорид қабаты жағылады. Былғары тектес түр беру үшін 
оның жоғары бетіне әрлеу лагін жүқа қабатымен жаба- ды.
 
Эласты  былғарыны  мата  негізіне  каучукты  жабынды  жағу  жолы-  мен 
алады.  Мақта  қағазды  репсі  негізінде  екі  түрдегі  кеуекті  жабын-  мен 
өндіріледі:  К  -  карбоксилатты  каучук  С  жабынымен  және  С  -  біріктірілген 
каучуктер  негізіндегі  жабын.  Бүл  жасанды  былғарының  үстіңгі  бетінің 
тығыздығы  40г/м,  ол  арнайы  киімдерге  -  40°С  темпера-  турада 
тасымалданатын, майға, бензинге түрақты Т эласты былғарысы. Мақта қағаз 
негізінде  диагоналі  бойынша  бір  жақты  латекспен  жабылған,  жасанды 
былғарының үстіңгі бетінің тығыздығы 450 г/м.
 
Пелакс материалы латексті жабынымен өңделген жасанды былғарының 
көптүрлілігі  болып  табылады.  Оны  негіздің  теріс  бетіне  көпіршіген  латекс 
қабатын  жағу  жолымен  алады.  Негізі  ретінде  мақтақағазды  немесе  жібекті 
маталар қолданылады.
 
Уретан  жасанды  былғарысы  монолитті  бір  жақты  полиэфируретан-  ды 
(ПЭУ) жабынымен және кеуекті жабынымен өндіріледі.
 
Жасанды 
замша 
негіздің 
үстіңгі 
бөлігіне 
талшықтарды 
электростатикалық  әдіспен  жағу  арқылы  алады.  Технологиялық  процесстің 
ерекшелігі,  аз  өлшемді  талшықтар  (киімге  арналған  зам-  шаны  өндіруге, 
сызықтық тығыздығы 0,55 - 0,33 текс, үзындығы 0,5-1 мм болатын капронды 
талшықтар қолданылады) белгілі  бір зарядты алған соң талшықтар көп ток 
астында  керекті  бағытқа  бағытталып  және  негізм  қоспасымен  жағылған 
және қарсы заряд белгісі бар негіз бетіне қатаң тік жүргізіледі. Нәтижесінде 
негізмді негізбен түк талшықтары жетерліктей берік қосылып, замша тәрізді 
бет түзіледі. Негіз ретінде маталар, тоқыма, мата емес төсеме және басқа да 
матери- 
алдар 
қолданылады; 
түкті 
жүргізу 
үшін 
полиуретан, 
поливинилхлорид, эпоксидті смола, негізм ерітінділері негізіндегі негізмдер 
қолданылады.  МЕМСТ  28461-90  сәйкес  жасанды  былғары  тоқыма  негізіне 
поливи- нилхлорид немесе полиуретанды жабын жағылған материал.
 
Жасалуына  қарай  жасанды  былғарыны  екі  түрге  бөледі:  жаңбырдан 
қорғайтын  киімдерден  басқа,  жоғарғы  киімдер;  жаңбырдан  қорғау  үшін 
арналған жоғарғы киімдер. Жасанды былғарыларды шарт-
 
282 

ты  белгілері  хлорид  жабынды  жоғарғы  киімдер  үшін  төмендегідей: 
жаңбырдан қорғайтын киімдерден басқа - винилжасанды былғарысы
 
-
 
Т-В МЕМСТ 28461 -90; жаңбырдан қорғайтын полиуретанды жабын- мен 
тоқыма  негіздегі  үстіңгі  киімдер  үшін  уретан  жасанды  былғарысы  -ТР-П 
МСТ -28461-90.
 
МЕМСТ  28461-90  сәйкес  өңделген  физико-механикалық  көрсеткіштері 
бойынша  жасанды  былғарылар  келесі  талаптарға  сәйкес  келуі  қажет  және 
11.1- кестеде көрсетілген.
 
Кесте 11.1- жасанды былғарылардың физико-механикалық
 
көрсеткіштері
 
Көрсеткіш
 
Мөлшері
 
1м салмағы, көп емес
 
 
Түрі үшін В
 
500
 
П
 
250
 
Үзу күші да Н, кем емес
 
 
Бойлық бағытта
 
 
Матада
 
15
 
Тоқымада
 
20
 
Көлденең бағытта
 
 
Матада
 
10
 
Тоқымада
 
8
 
Қатаңдығы сН, көп емес
 
10
 
Көп ретті иілуге түрақтыл^іғы, кем емес
 
 
МИРП аспабында
 
 
Түрі үшін В
 
150
 
П
 
100
 
ММРЦ аспабында
 
 
Түрі үшін В
 
300
 
П
 
200
 
Негізбен қабыршақ жабынының
 
 
байланыс беріктігі даН/см
 
0,3
 
Кем емес
 
 
Суға төзімділігі, мм кем емес
 
250
 
Салмағы бойынша шекті ауытқу көрсетілген мәннен ± болуы тиіс.
 
МЕМСТ 28461-90 сәйкес жасанды былғарыны үстіңгі  бетіндегі сыртқы 
түрінің  ақауларының  болуынан  тәуелді  2  сортқа  жіктейді:  1-ші  және  2-ші. 
Сыртқы түрінің ақаулары орнықты (дақ, сыдыру, сынуы, сызат, қалыңдығы, 
жаншылуы) және тараған (реңтің әр түрлілігі, бастырып сурет салудың анық 
еместігі, талшықтығы) түрде болады.
 
283 

1
 
сортқа  үзындығы  30  м  жасанды  былғарыға  бес  орнықты  ақау  ғана 
рүқсат  етіледі,  ал  2-ші  сорт  үшін  сегіз  орнықты  және  бір  таралған  ақау 
рүқсат етіледі. Белгіленген мөлшерден нақты үзындықтың ауытқуы кезінде 
орнықты ақаулар саны қайта саналады.
 
11.5.
 
ҮЛПЕКТІ МАТЕРИАЛДАР 
Плаштарды,  жамылғыларды,  курткаларды  және  әртүрлі  ар-  найы 
киімдерді  (комбенизон,  фартуктерді,  береттерді,  қолғаптарды)  дайындау 
үшін поливинилхлоридті және полиэтиленді үлпектер қолданылады. Оларды 
қалыптастыру  үшін  шикізат  ретінде  сәйкес  смола  толықтырғыштар, 
платификаторлар,  стабилизаторлар  және  бояғыш  пигменттер  және 
синтетикалық  шайырлар  қолданылады.  Толықтырғыштар  үлпектердің 
механикалық  қасиеттерін  жақсартады;  пластификаторлар  созылғыштығын, 
жүмсақтығын,  иілгіштігін  жақсар-  тады;  стабилизаторлар  үлпектердің 
ескіруіне кедергі жасайды.
 
Қүрамын өзгерту арқылы қалауымызша керекті үлпектер алуға бо- лады.
 
Үлпектер  мөлдір  және  мөлдір  емес,  түсті  немесе  қүлпырмалы,  ал- 
тынды,  күмісті  болады.  Сонымен  қатар  баспалы  суреті  бар  үлпектер 
шығарылады.  Үлпек  беттері  тегіс  немесе  былғарыға,  сондай-ақ  матаға 
үқсатып бедер басады.
 
Поливинилхлоридті  үлпекті  жанышқыш  -  каландрлі,  немесе  экс- 
трузионды (қолмен немесе плоскощелевой) әдістерімен алады. Бірінші әдіс 
0,3-0,8  мм  қалыңдықты  үлпектер  алуға  мүмкіндік  жасайды.  Екінші  әдісте 
жүқа үлпектер алуға мүмкіндік жасайды.
 
Поливинихлоридті  үлпектер  айтарлықтай  берік,  иіссіз,  қышқылға, 
сілтіге  түрақты,  70°С  температурада  жүмсарады,  өз  бетінше  сөнгенше 
жанады,  олардың  аязға  төзімділігі  -  46°С.  Бүл  үлпектер  аз  бу  және  су 
өткізгіштерімен,  сондайақ  ауа  өткізгіштігімен  сипатталады  және  адам 
денесімен жанасқанда теріні тітіркендірмейді.
 
Хлорвинил 
сополимер 
жиынтығын 
жинай 
отырып, 
керекті 
қасиеттермен,  мысалыға  қажетті  созылғыштығы,  жылу  өткізгіштігі, 
иілгіштігі, жылуға және аязға төзімділігі, ультракүлгін және инфрақызылды 
сәулелер әсеріне түрақтылығы бойынша өндіріледі.
 
Полиэтиленді үлпектер 0,1-0,2 мм қалыңдықпен шығарылады, жеңілдігі, 
жүмсақтығы, 
созылғыштығы 
қасиеттерімен 
сипатталады; 
балқыту 
температурасы  105-110°С,  және  олар  60-70°С  температурада  жүмсарады, 
бүйымға жеңіл қалыптанады.
 
Үлпекті  материалдар  қүрамында  хлоры  бар  ерітінділерде  қүрғақ-  тай 
химиялық тазалау кезінде бүзылады.
 
Үлпекті  бүйымдардың  бөлшектерін  біріктіру  жылулық  түйістіру 
әдісімен, ультра дыбыспен немесе арнайы жабдықта жоғарғы жиілікті
 
284 

токпен жалғанады. Жіпсіз алынған тігістердің беріктігі үлпектің беріктігінен 
артық.
 
Үлпекті материалдардан жасалған бүйымдардың беріктігін арттыру және 
жылусақтағыштық  қасиеттерін  жақсарту  мақсатында  үлпектерді  матамен 
қосарландырып шығарады.
 
11.6.
 
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ТЕРІЛЕРДІҢ ҚЫСҚАША 
СИПАТТАМАЛАРЫ 
Алтай  қойы  жүн  және  ет  бағытындағы  биязы  жүнді  қой  түқымы, 
Алтайда өсіріліп шығарылған.
 
Былгары  мал  терілерін  химиялық  және  механикалық  әдістермен  өңдеу 
арқылы  алынатын  материал.  Одан  аяқ  киім,  сырт  киім,  галанте-  рея, 
техникалық бүйымдар жасалады.
 
Былгары  астары  -  әр  түрлі  қалыңдықты,  тығыздықты  бола-  ды, 
сондықтан  алдымен  созылуға  беріктігін,  созылғыштығын  және  салмағын 
анықтайды.
 
Багыттауыш  түктер  -  ең  жуан,  үзын,  серпімді,  сирек  өскен,  басқа 
жүндерге қарағанда үшы шығып түрады. Олардың боялуы айтарлықтай бір 
түсті,  түкті  жабындағы  бағыттауыш  түктердің  саны  1  см
2
  10-15  да-  надан 
келеді.
 
Бағалы  шикізат  деп  -  аң  аулау  арқылы  алынған  жабайы  аңдардың 
өңделмеген терілері.
 
Бүлгын  -  ең  әдемі  және  бағалы  тері  береді,  сондықтан  ол  «үлбір 
патшасы» деп танылған.
 
Дерма (грек. гіегта тері) кориум, кутис, тері омыртқалы жануарлар мен 
адам терісінің эпидермисінің астындағы терінің дәнекер тканінщ бір бөлімі.
 
Далалық  елтірі  -  қүйрықты  қой  түқымдарының  қозысының  терісі, 
ауданы 400 см^ аз, түкті жабынының үзындығы 5см.
 
Елтірі туғаннан кейін 23 күн ішінде сойылған қозы терісі.
 
Ешкі  терісі  -  өте  қүнды  шикізат,  одан  сафиян,  шегірен  сияқты  сапалы 
былғары  бүйымдар  жасайды.  Әсіресе,  жас  ешкінің  терісі,  былғарылық 
шикізат ретінде өте жоғары бағаланады. Одан әйелдер және ерлер жеңіл аяқ 
киіміне  арналған  өте  әсем  былғары  «шевро»  дайындайды.  Ешкі  терісінің 
қыртыс қабаты, тері қалыңдығының 2-3% қүрайды.
 
Жасанды  тері  кәдімгі  тері  орнына  қолданатын  полимер  материал-  дар. 
Олар  қүрамына  қарай  резиналы,  талшықты,  жүқа  қабатты  және  беті 
қапталған мата қолданылуына қарай аяқ киімдік, галантереялық, техникалық 
болып  бөлінеді.  Жасанды  тері  жасауда  негізгі  шикізат  кау-  чук, 
полихлорвинил,  нитроцеллюлоза,  казейн,  полиамидтер  жүқа  қабат  түзгіш 
заттар.
 
285 

Жасанды  үлбір  -  тоқыма  ілмек  тоқу  және  негізмдеу  тәсілімен  алынған 
грунт және түкті жіптері бар тоқыма бүйымдарды атайды.
 
Жасанды үлбірлерді шығару тәсілдеріне қарай үш түрге бөледі: ма- талы 
үлбір, тоқыма үлбірі және негізмделген үлбір.
 
Кряж  -  қалыңдығы,  биіктігі,  жібектігі,  бояуы,  өлшемі  белгілі  бір 
географиялық  аймақта  ауланған,  белгілі  бір  түрдегі  түбітті  тері  үшін 
сипатты бүл сапа белгілерінің жиынытығы.
 
Қылшық  -  жуан  әрі  үзын  және  бағыттаушы  жүндерге  қарағанда  жиі 
өскен.
 
Қаракөл елтірісі және елтірі шикізаты - Қаракөл өмірі үш күндік таза 
түқымды  қаракөл  қойының  қозыларының  терілері.  Қаракөл  түкті 
жабынының  өзіне  тән  пішін,  жібектігі  және  жылтырлылығымен 
ерекшеленеді.
 
Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты.
 
Мәліш елтірісі - қойдың жылбысқы және түсік терісінің ауданы 300 см, 
көп созылған кездегі мойнының шашының үзындығы 2см аспауы тиіс.
 
Мәліш  елтірісі  қүйрықты  қойлардың  қозысынан  алынады.  Бақа  қой 
түқымдастарынан  ерекшелігі  ең  жақсы  қасиеттерге  ие,  және  қүйрығының 
жоқтығы.  Қаракөл  елтірісінен  түкті  жабынының  аздығымен,  муарлы 
суретінің  анық  еместігінен,  қүйрық  орнына  доға  тәрізді  жиектерінің 
болуымен ерекшеленеді.
 
Мамық  түктер  -  аса  жүқа  және  қысқа,  әрдайым  қатты  бүйраланған. 
Олар негізінен түктің негізгі  көлемінің көпшілігін қүрайды, сонымен қатар 
жартылай фабрикаттың эстетикалық және пайдалану қасиетіне әсер етеді.
 
Мүйізді ірі қара малдың терісі - шикізаттың майда және ірі топта- рына 
кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа, көкке, 
шөпке ілінген бүзау терілері.
 
Елтірісі - қылшық жүнді түқымдастарының қозыларының терісі, өлшемі 
400  см  және  түкті  жабынының  созған  кездегі  күйі  5  см  аса-  тын  тері. 
Далалық  елтірісінің  ерекшелігі  мойнының  жуан  болуы  және  қүйрығының 
жоқтығы.
 
Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретику- лин 
талшықтарының күрделі шиеленісуінен қүралған.
 
Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол организмді сыртқы орта 
әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат алмасу, сыртқа шығару, 
жылу реттеу процессіне қатысады.
 
Түйе  терісі  -  Түйе  терісінің  қүрылымы  бостау  болып  келеді. 
Ерекшеліктері-мойынтерісініңқалындығыбіркелкіемес,түкқалташалары 
өзеңге тереңдей орналасқан, өркештің орны дүмпиіп түрады.
 
Теңіз аңдарының үлбірлі терілері - үлбір бүйымдарын жасауға жарамды, 
белгілі бір жастағы теңіз мысығының, итбалық және нерп терілерін атайды.
 
286 

Терінің  қалыңдығы -  былғарының  неге  жарайтынын  және  100 шар- шы 
метр  былғары  шығару  үшін  қанша  шикізат  кететінін  анықтайды.  Терінің 
жамбасынан мойынына дейін (үзына бойына) және жон арқасының етегіне 
дейін (көлденеңінен) кішіреюін тартылуы (ширау, жиырылуы) деп атайды.
 
Терінің ауданы оның пішімділік  қасиеттерін анықтайды. Ауданы 20  дм 
дейінгі шикізат өңдеу тиімсіз деп саналады.
 
Үлбір  шикізаты  -  түкті  қабаты  жақсы  дамыған  кейбір  үй 
жануарларының  өңделмеген  терілері  (қаракөл,  қоян,  қүлын,  елтірі  және 
бүзау терілері).
 
Өлі  туган  бұзау  терісінің  салмағы  есепке  алынбайды,  терісі  үлбір 
жасауға  жарамайды.  Терісінің  ауданы  -  40-50  дм^,  қүйымшақ  түсындағы 
терінің  қалыңдығы  -  1,2-1,4  мм,  қыртыс  қабаты  қалыңдау,  галантереялық 
былғары жасауға қолданылады.
 
Өгізше  терісі  -  Жаңа  сойылған  мал  терісінің  салмағы  -  13-17  кг 
аралығында,  ауданы  -  200-270  дм^,  сауыр  терісінің  қалыңдығы  -  3-4  мм. 
Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде, былғарыда анық байқалады. 
Өгізше  терісі  аяқ  киімнің  жоғарғы  бетіне  арналған  былғары,  үлтарақтық 
және юфть былғарысын дайындауға қолданылады.
 
Еметін  бұзау  терісінің  -  салмағы  есепке  алынбайды,  жынысына  қарай 
бөлінбейді.  Бүзауларды  сою  көктем  мен  жаздың  басында  жүреді,  терілері 
түздай қүрғату арқылы консервіленеді.
 
Тана  терісі  -  Жаңа  сойылған  кездегі  салмағы  10-  13  кг  дейін.  Жақсы 
күтімде  болған  малдың  5-7  айлығында,  ал  кәдімгі  жағдайда  бағылған 
малдың  1-1,5  жасында  терісі  осындай  салмаққа  жетеді.  Ауданы  -  120-  250 
дм^, қалыңдығы 2,5-3 мм, кейде 4 мм дейін болады.
 
Тайынша терісі Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг-нан жоғары. 
Салмағына  байланысты  сиыр  терісі  жеңіл  (17-25  кг)  және  ауыр  (25кг 
жоғары)  болып  екіге  бөлінеді.  Сауыр  терісінің  қалыңдығы  -  3,5-5  мм,  қол 
терісініңкі  -  2-2,5  мм,  ауданы  -  300-570  дм^,  түрқы  1,75-2,2  м  аралығында 
болады.
 
Тері  қүрылымы  біркелкілеу,  аяқ  киімнің  жоғарғы  жағы  үшін  былғары 
дайындауда  юфть,  үлтан,  үлтарақ,  ер-түрмандық,  техникалық  және 
иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады.
 
Бұқа  терісі  -  Жаңа  сойылған  мал  терісінің  салмағы  17  кг  жоғары. 
Салмағына қарай бүқа терісін жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп 
бөледі. Бүқа терісінің салмағы кейде 60 кг дейін жетеді немесе одан да асып 
кетеді. Ауданы - 550-600 дм^, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауыр терісінің 
қалыңдығы - 4,0-4,5 мм, мойын терісінің қалыңдығы - 4-6 мм және одан да 
жоғары.  Терісінен  үлтандық,  илен-  беген  қайыс,  техникалық  былғары 
дайындалады, ал жеңіл теріден үлтарақтық былғары шығарылады.
 
Сиыр  терісі  Жаңа  сойылған  мал  терісінің  салмағы  13кг  жоғары. 
Салмағына байланысты сиыр терісін жеңіл (13-17кг) орташа (17-25 кг)
 
287 

және  ауыр  (25  кг  жоғары)  деп  бөледі.  Ауданы  -  200-450  дм^,  қалыңдығы: 
жеңіл салмақтысыныкі - 2,5-4 мм, орташасынікі - 3-4,5 мм, ауырынікі
 
-
 
3,5-5 мм.
 
Шошқа  терісі  -  Шошқа  терісі  басқа  төрт  түлік  малдың  терісінен 
өзгешелеу.  Шошқа  қылы  (түгі)  нашар  дамыған,  қыртысы  қалың,  ол  өзең 
қалыңдығының 2-5% қүрайды. Шошқа терісі ауданына байланы- сты майда 
(30-70  дм^),  орташа  (70-120  дм^),  ірі  (120-дм^  артық)  болып  бөлінеді. 
Шошқаның бөксе терісі ауданы бойынша шағын (30-50дм^) және ірі (50 дм^ 
жоғары) болып бөлінеді.
 
Рептилий  терілері  -  қолтырауын,  бақа  және  жылан  -  галантереялық 
былғарыларды шығаруда өндіріледі.
 

12-БӨЛІМ 
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ФУРНИТУРА 
12.1.
 
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ 
Әрлеу,  сәндеу  материалдарына  таспалар,  ызбалар,  баулар,  шілтерлер, 
гипюр,  стеклярус  жатады.  Алуан  түрлі  тігін  бүйымдарын  әрлеу  үшін 
маталар, тері, үлбір, күдері, түймелер қолданылады.
 
Тағайындалуы  бойынша  әрлеу  материалдары  үш  топқа  бөлінеді: 
қолданбалы-бүйымның ішкі бөлімдеріның тігістерінің шеттерін бекіту және 
көмкеру  үшін  таспалар  және  ызбалар,  сәндік  қолданбалы  киімнің  сыртын 
сәнді  көмкеру  үшін  арналған  таспалар,  ызбалар,  баулар,  сәндік-  киімді 
сәндеуге арналған және эстетикалық функцияларды орындай- тын таспалар
эмблемалар, ызбалар, баулар және шілтерлер.
 
Таспа  -  бүл  ені  әр  түрлі  болатын  мата  қиындылары,  олар  екі  түрлі 
көлденең жіптерді тоқитын станоктар мен машиналарда өңделеді. Таспалар 
матаға үқсас бір түсті және атластан майда өрнекті болып тоқылып, әр түрлі 
матадан, түкті және шілтерленген түрлері болады.
 
Таспаның  талшықтық  қүрамы  әр  түрлі,  олар  кардалық  және  тарақтық 
мақта  матадан,  вискозды,  штапельді,  синтетикалық  көлемді  иірімдерден, 
қүрамдас  вискозадан,  ацетатты,  жай  капроннан  және  көлемді  жіптерден, 
табиғи  жібек  жіптерден,  сонымен  қатар  эластика-  лы  таспалар  үшін 
резиналы  жіптерден  қүралынады.  Аз  мөлшерде  та-  спаларды  зығырдан, 
жүннен  және  лавсанды  иірімдерден  шығарылады.  Киімге  қолданылатын 
таспалар әрлеуіш және қолданбалы болып бөлінеді.
 
Тігін өндірісінде қолданылуына байланысты қолданбалы таспалар келесі 
түрлерге бөлінеді:
 
Өңірлік жиек таспа - жартылай зығыр, жаймалық өрім, өңделмеген, ені 
9-12мм, созылуын азайту үшін өңірдің, қиықтың жиектеріне салы- нады.
 
Шалбарлық  таспа-  мақта  жіппен,  жартылай  капрон  немесе  капрон 
жіптерден  жаймалық  және  саржалық  айқаспамен  «шыршаға  үқсас»  жиек 
салып  тоқылады  ені-15мм,  шалбардың  төменгі  қиық  жиегін  бекіту  үшін 
қолданылады.
 
Корсаждық  таспа-  жатық  боялған,  өңделмеген  түсті  мақта  жібінен 
жаймалық айқаспамен тоқылған, ені 40,50, 60 мм болады.
 
Киперлік  таспа-  саржалық  өріммен  және  «шыршаға  үқсас»  өріммен 
тоқылған,  жіптері  ағартылған,  өңделмеген,  табиғи  түсінде  немесе  тегіс 
боялған,  киімдер  және  басқа  да  бүйымдарды  біріктіру  үшін  пайдала- 
нылады, ені 11,12,13,14,15,16,18 мм болады.
 
289 
19-6313 

Иілгіш  таспалар-өңделген  мақта,  ағартылған вискоза жіптеріне  резеңке 
талшықтар  немесе  спандекс  жіптерімен  араластырады,  үстағыш  ретінде 
қолданылады, ені 8-10 мм болады. Сәндік-қолданба- лы таспаларға мыналар 
жатады:
 
Аспабау  таспалар-  жартылай  жібек,  вискозды,  капронды,  эла-  стик 
араласқан  капрон  жіптерінен  жаймалық  атластық,  майда  өрнекті  өріммен 
тоқылған, ширатқанға төзімді, ені 5-16 мм болады.
 
Сәндік  иілгіш  таспалар-  штапель  жіптерінен,  жолақты  ала  тоқылған, 
таспалы  резеңке  талшықтардың  тартып  түруының  арқасында  бет  жағында 
ілмектері  бар,  ені  25-30  мм,  шомылу  костюмдері  және  шаңғышылар 
костюміне қолданылады.
 
Иілгіш таспа- вискозды жібектен резина талшықтарын немесе спандекс 
жіптерін араластырып, іш-киімдік бүйымдар мен плавкілерге қолданылады.
 
«Гофре»  иілгіш  таспа-  вискозды  жібектен,  екі  жағынан  резина 
талшықтары  өтетін  ортасы  гофреге  үқсас,  іш  киімдік  бүйымдар  және 
плавкілер үшін қолданылады, ені 7-15 мм болады.
 
Жиектік  таспа-  мақта  немесе  жүн  аралас  жіптерден  саржалық  және 
жалған  репстік  айқаспамен  тоқылады,  ағартылған  және  тегіс  боялған, 
тігістердің  қиылған  жерлерін  тегістеу  үшін  қолданылады,  ені  13-16  мм 
болады.
 
Сәндік таспаларға мыналар жатады:
 
Іш  киімдік  бейка  -  мақта  мата  таспаға  түрлі-түсті  вискоза  жіптерінен 
жаккрдтық  өрнектер  салынған,  ала  тоқылған,  балалар  бүйымдарында 
қолданылады, ені 9-15 мм болады.
 
Әрлеу тасмпалары- түрлі енді вискозды қүрамдас жіптерден жасалатын 
әр түрлі енді майда өрнекті, жаккардты өрімді, түрлі- түсті суретті түрі жиі 
кездеседі, әйелдер және балалар киімдеріне қолданылады.
 
Үлдір  таспа-  жүқа,  мережкаға  үқсас  суретті  болып  келеді,  негіз  жібі 
капрон  жіптерден  және  арқауы  мақта  қағазды,  жүн  жіптерден  және 
текстурленген жіптерден дайындалады.
 
Эмблема  таспасы-  жаккардтық,  тақырыптық  суретті  (штурвал,  якорь, 
аңдар,  геометриялық  орнаменттер,  өрнектер),  вискозды  қүрама  жіптерден 
және  иірілген  штапель  жіптерден  жасалады  және  балалар,  спорттық 
бүйымдарға қолданылады, ені 90-100 мм болады.
 
Таспалар  іш-киімге,  әйелдер  көйлектеріне,  балалар  бүйымына 
қолданылады. Ақ жаймалар үшін арнайы ақ жайма іш-киім бейкала- ры, 12.1 
-  суретте  көрсетілген,  аспабау  үшін  таспалар,  көмкерме  үшін  өңіржиекті 
таспалар, әйелдер көйлектері үшін - түрлі әрлеу таспалары, шілтері тоқылған 
таспалар,  12.2.,  12.3.,  12.4  -  суреттерде  көрсетілген,  Ляке  таспалары, 
шілтерлі  таспалар,  спорттық  киімдер  үшін  -  қарапайым  және  түкті 
эластикалы таспалар қолданылады.
 
290 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет