ҚҰРметті конференция қонақтары мен қатысушылары!



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата14.02.2017
өлшемі2,11 Mb.
#4134
1   2   3   4   5

Бибі – Фатима АЙДЫНОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының ІІ курс студенті 

Аумалы – төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, 

өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына 

дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, ғұлама ғалым Халел 

Досмұхамедовтың 130 жылдық туған күніне орай физика – математика 

факультетінде 1 курс студенттерінің қатысуымен «Жарығы өшпейтін 

жұлдыз» тақырыбында тәрбиелік кеш өтті. Кешке университеттің 

әлеуметтік сұрақтар және тәрбие ісі жөніндегі проректор, тарих 

ғылымдырының докторы Ахмет Аққали Қабижанұлы, жалпы педаго-

гика кафедрасының профессоры Қаражігітова Роза Қоңырбайқызы, 

жастар саясаты орталығының әдіскері Муканова Айнагүл Жалғасқызы 

және факультет профессор – оқытушылары, студенттер қатысты. Кеш;

 

«Өмірге бірақ келген асыл едің

 Теңіздей тебіреніп тасып едің.

 Сағымға еніп кеткен кемедейсің, 

 Аралап ХХ ғасыр елін», – деп ғалым 

Х.Досмұхамедов  туралы    әсерлі  де, 

салмақты  өлең  жолымен  бастал-

ды.  Студенттер  Х.Досмұхамедовтың 

өмірбаянынан  мағлұмат  беріп,  ал-

дын  –  ала  дайындалған  слайд-

тар  бойынша  әртүрлі  тақырыптар, 

«Ағартушылық  қызметінің  алуан 

қыры»,  «Тарих  сырларын  талдаған», 

«Дәрігер  әрі  жаратылыстанушы 

ғалым»,  «Әдебиет  арқылы  өнерді 

тану», «Х.Досмұхамедов – фольклор-

танушы»,  «Түркітану  мәселелері», 

арқылы Халел Досмұхамедовтың қыр 

–  сырларын  көрсететіндей  дәлелдер 

арқылы қазақ халқына сіңірген ерекше 

еңбектерін  мәлімдеді.  Әрмен  қарай 

Қаражігітова Роза Қоңырбайқызы мен 

Ахмет  Аққали  Қабиженұлы  студент-

терге  Х.Досмұхамедовтың  еңбектері 

жөнінде  мағлұмат  беріп,  тарих  

беттеріне көз жүгіртті. Келген қонақтар 

университеттің 

Х.Досмұхамедов 

аталуына  не  себеп  болғандығы, 

Х.Досмұхамедовтың  қазіргі  кездегі 

ұрпақтары, 

Х.Досмұхамедовтың 

қайтыс 

болу 


жылдарындағы 

айырмашылықтар  жөнінде  сұрақтар 

бойынша студенттермен сұхбаттасып, 

Х.Досмұхамедовтың  еңбектері  қазіргі 

жастарға бағыт – бағдар беретін негізгі 

құрал  деп  айта  келе,  өз  тілектерін 

білдірді.  Кеш  соңында  қонақтарға 

факультет  атынан  информатика 

мамандығының  IV  курс  студенті  Зул-

канов  Айбардың  дайындауымен 

«Халел  Досмұхамедұлы»  туралы 

сайт  жазылған  дискілер  табысталып, 

тарихи  тұлға  Х.Досмұхамедовтың 

ескерткішіне  гүл  шоғын  коюмен 

аяқталды. 

Гүлфара РЫСМАҒАМБЕТОВА, 

физика – математика факультеті 

деканының орынбасары

ЕЛІМ  ДЕП  СОҚҚАН  ЖҮРЕГІ...

Жарығы өшпейтін жұлдыз


3

ҒАЛЫМ

Олай  болса,  бізде  латын  әліпбиіне  көшудің 

өзіндік тәжірибесі бар. Ендігі мәселе – қазіргі талап 

деңгейіне сай келетін қазақ тіліне бейімделген ла-

тын алфавитін жасақтап, оның   емле – ережелерін 

халыққа  жан  –  жақты  түсіндіру  болып  табыла-

ды.  Әрине,  бұл  оңай  шаруа  емес.  Бұл  жерде 

жоғарыда айтылған ХХ ғасырдың 20 жылдарында 

Қазақстанда  араб  алфавитінен    латын  әліпбиіне 

көшу    тәжірибесіне  назар  аударғанымыз  артық 

болмайды.  Сол  жылдарда  қазақтың  біраз  зия-

лылары  латын  әліпбиіне  көшу  туралы  баспасөз 

беттерінде өз пікірлерін ортаға салған. Солардың 

қатарында  ХХ  ғасырдың  10-20  жылдарында 

халқына  қалтқысыз  қызмет  еткен  «алыптар 

тобының»  көрнекті  өкілі,  қазақ  елінің  тәуелсіздігі 

жолында жан аямай күрескен «Алаш» қозғалысы 

көшбасшыларының бірі, Қазақстандағы ғылым мен 

оқу- ағарту салаларының іскер ұйымдастырушысы 

профессор  Халел  Досмұхамедов  те  болды.  Ол 

«Ақ жол» газетінің 1924 жылғы 24 сәуірдегі № 430 

санында «Қазақ тіліне латын харпін алу мәселесі» 

деген  тақырыпта  мақала    жариялаған.  Автор 

мақаласының  кіріспе  бөлімінде  әзербайжандар 

мен  өзбектер  латын  әрпіне  көшкендігін,  бірден 

қолданбасақ  та  Қазақстанда  латын  әрпіне 

көшуге  әзірлікті  бастау  керек  екендігін  айтады. 

Одан әрі ол латын әліпбиіне көшуге байланысты 

құрылған  комисиясының  жұмысына  тоқталады, 

ұсыныстарын  білдіреді.  Біз  сол  ұсыныстардың 

кейбіреулеріне ғана тоқталамыз: Халелдің пікірінше 

латынның a, b, d, g, k, l, m, n, o, p, r, s, t, z (барлығы 

14)  әріптері  қазақтарда  да  бар.  Сондықтан,  ол 

әріптер өзгертілмей, сол күйінде қабылдануы ке-

рек. Халел: латынның «u» және «і» деген әріптерін 

қазақтың  «У»  және  «И»  деген  дыбыстарын 

белгілеуге алдық. Бұлай алғаннан  тілімізге келетін 

кемшілік аз, жеңілдік көп; – деп жазады. Латынның 

«У» (игрек) деген әрпі орыстың «И» – і секілденіп 

айтылады.  Венгрия  (Мадияр)  тілінде  біздің  «Ы» 

секілді  дыбыс  осы  әріппен  белгіленген.  Қазаққа 

да осы «У» жарайды, – дейді. «Ң», «Ө», «Ш»  де-

ген  дыбыстар  латын  тілінде  жоқ.  Әзірбайжандар 

сияқты біз де академия әліпбиіндей «n» ді алдық. 

«Ө»  әрпіне лайық неміс тілінің үстінде 2 ноқаты 

бар  «О»  осы  еді.  Алайда,  біз  ноқаттан  қаштық. 

Бұған академия әліпбиіндегі «Ө» алдық. «Ш» әрпін 

ағылшындар «SҺ» арқылы белгілейді. Біз ағылшын 

белгісін қолайлы көрдік. «Қ» мен «К» үшін жалғыз 

«К» – ні алдық. Дәйекшінің орнына апостроп деген 

европалықтардың белгісін алдық. Мысалы, Kol де-

ген «Көл» болып оқылады. Апостроп сөздің аяғына 

қойылады. Х.Досмұхамедов өз мақаласын «Қазақ 

әріптері үшін латын белгілерін таңдап алған кезде, 

біріншіден,  мүмкіндігінше  латын  әріптерінің  Евро-

пада  қолданылуынан  алшақ  кетпеуді,  екіншіден, 

жазуға  қиындық  беретін  әріптердің  үстіне  не 

астына  ноқат  не  басқаша  белгілерді  қоймауды... 

басшылыққа  алдық»,  –  деп  қорытындылайды. 

Мінеки,  Х.Досмұхамедовтың  осы  мақаласынан 

бұдан 90 жыл бұрын қазақ зиялыларының латын 

әліпбиіне  көшуге    дайындық  барысында  орасан 

зор  жұмыстар  атқарғандығын  көреміз.  Қазіргі 

кезеңде  де  Қазақстанда  латын  әліпбиіне  көшуге 

дайындық  жұмыстары  басталған  шақта,  сол  за-

манда  атқарылған  шаралардың  кейбіреулерінің 

практикалық маңызды болуы мүмкін деген оймен 

біз ғалымның осы еңбегіне тоқталуды жөн көрдік. 

Латын  әрпіне  көшудің  өркениеттік  маңызы  зор 

қазақ  санасын  бұрынғы  отарлық  метрополиядан 

шығару бағытындағы үлкен сілкініс екендігін әсте 

естен шығармағанымыз дұрыс болады.



Аманкелді ШАМҒОНОВ,

университет профессоры, Х.Досмұхамедов 

атындағы сыйлықтың  иегері

Халел бабама  

арнау

Қалың қазақ маңдайының қыраны-

Халелге деген арналады жыр әлі.

Рухыңызға бағыштасам жырымды,

Естілгендей «Алашымның ұраны».

Жанкешті боп бұлдыраған заманға,

Мазасыз күй салды ауыр қадамға.

Сәуле шашып қайта тудың өмірге,

Ұқсағандай жаңа туған адамға.

Елің үшін қилы істі өткердің,

Сан ғылымның сырларын да 

көп тердің.

Бағындырдың ғылым деген асқарды,

Ауырлығы білінбестен жүктердің.

Асылдардың тамшысынан 

нәр алдың,

Күндіз – түні жастарыма 

жол салдың.

Ұлтым деген өнегелі ғұмырмен,

Қара қазақ жүрегінде сен қалдың.

Туды кеп күн мәрттігіңді ұғынар,

Жастарыма жақсылығың 

жұғынар.

Шоқтығы биік біртуар 

ұлы Жайықтың,

Еңбегіңнің сан ғасырлық құны бар.

Ақбота АХМЕТОВА, 

қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының ІІІ курс студенті

Профессордың латын 

әліпбиін зерделеуі

Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейінгі 

жылдарда латын әрпін қазақ тіліне алу – айты-

лып  та,  жазылып  та  келе  жатқан,  солай  бола 

тұрса  да,  әлі  де  бір  тиянақты  шешімге  қол 

жетпеген өзекті мәселе болып келген еді. Елба-

сымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стра-

тегиясында  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 

саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолда-

уында латын әрпіне көшу туралы тұжырымды 

ортаға  салып,  нақты  уақытына  дейін  белгілеп 

берді.  Қазақстанда  2025  жылдан  бастап  ла-

тын әліпбиіне біржола көшу туралы мәселе күн 

тәртібіне  қойылды.  Ендігі  алда  тұрған  міндет 

– асығыстыққа салынбай, жүйелі түрде мектеп 

оқушысынан  бастап  қалың  жұртшылықты  ла-

тын алфавитіне көшуге жан – жақты дайындау 

болып  отыр.  Егер  біз  өткен  тарихымызға  көз 

жүгіртсек,  онда  1929-1940  жылдар  аралығында 

Қазақстанда  латын  әліпбиі  болғандығын 

көреміз.

Осындай атпен университетіміздің 

ғылыми кітапханасының ұйымдас-

тыруымен апталық өтіп, өз мәресіне 

жетті. Аталмыш апталықтың мақсаты 

– көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, 

ұстаз, дәрігер Х.Досмұхамедов жай-

лы студенттерге терең насихаттау, 

ол кісінің дара да дана тұлға, сан 

қырлы дарын иесі екенін өсиеттеу. 

Алғашқы шара Х.Досмұхамедов  

атындағы сыйлықтың иегері, про-

фессор Аманкелді Шамғоновтың 

I курс студенттерімен кездесуінен 

басталған еді. Кездесу барысында 

Халелдің Атырау топырағының төл 

тумасы туралы мағлұмат беріліп, оның 

өмірінің соңына дейін қазақ халқына 

сіңірген еңбектері, сондай-ақ  ғылыми 

-ағартушылық, ұстаздық қызметтерді 

атқара жүріп, қоғамның саяси-мәдени 

өміріне де белсене араласқандығы 

баяндалды.

Қазақ  –  қырғыз  комиссиясының  төрағасы  Ха-

лел  Досмұхамедұлының  шақыруымен  Мағжан 

Жұмабаев, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жүсіпбек 

Аймауытов,  С.Қожанұлы,  Әбубәкір  Диваев, 

Мұхтар Әуезовтер педагогика, тарих, психология, 

әдебиет пәндерінің оқулықтарын жазғандары да 

тарихта бар ақиқат екеніне тоқталған А.Шамғонов 

Х.Досмұхамедовтың ғылымның бірнеше салала-

ры бойынша ғылыми еңбектер мен оқулықтар, оқу 

құралдарын  жазған  ғалым  –  ұстаз  болғандығын 

да атап айтты. 

А.Шамғонов  Х.Досмұхамедовты  алғашқы 

Мұраттанушы  деп  баға  берсе,  ендігі  жерде 

ғалымның  қазақ  әдебиеті  саласына    сіңірген 

қыруар  еңбектерін  де  атап,  жеке  –  жеке 

түсініктеме берді. «Халел өзінің азғантай өмірінде 

әдеби саламызға қомақты үлесін қосты. Ол «Ала-

ман»,  «Шернияз  шешен»,  «Қазақ  әдебиетінің 

тарихы», «Қазақ – қырғыз тілдеріндегі сингармо-

низм  заңдылығы»,  Ы.Шөрековпен  бірлесе  «Иса-

тай – Махамбет» поэмасын да жазған. 

Аталмыш  кездесуге  А.Шамғоновтың  шәкірті 

Ғ.Б.Базарғалиев  қатысып,  студенттерге  өзінің 

Халелді зерттеуі Аманкелді ағайдың 1989 жылы 

алғаш  берген  рефератынан  басталғанын  айтты. 

«Ол  кезде  Халел  әлі  зерттелмеген,  ашылмаған 

тақырыптардың  бірі  болған.  Бірде  сабақтың 

үстінде  Аманкелді  ағай  тапсырма  беріп  жатып, 

Қызылқоғадан кім бар дегенде, мен алғаш болып 

қолымды  көтеріп  ем.  Сонда  ағай  «Сен  Халел-

ге  реферат  жаз»  деп  тапсырған  еді.  Сонымен, 

ол  реферат  курстық  жұмыс,  диплом  жұмысы 

одан  әрі  зерттей  келе  кандидаттық  диссерт-

цияма  айналды.  6  жыл  Ташкенттің  архивінде 

болып,  Халелге  қатысты  құнды  деректер  жина-

дым»,  -  деп  студенттердің  назарын  бір  аударт-

ты.  Ғ.Базарғалиев  Халел  мұраларының  әлі  де 

зерттелетін  тың  тақырып  екенін  айтып,  студент 

жастарды ғылыммен айналысуға шақырды. Кез-

десу  барысында  Халелдің  фотосуреттерінен 

естеліктер  жасалып,  экраннан  көрсетілді.  Бұл 

шара студенттер үшін өте қызықты және маңызды 

болды.


Апталық 

университет 

ғалымдарымен 

өткен  дөңгелек  үстелмен  жалғасын  тапты. 

Олар:    Х.Табылдиев,  Қ.Жүсіп,  Ү.Қыдыралин, 

Б.Тыныбаев, 

А.Шамғонов, 

К.Меңдігереев, 

Т.Алпысбаев,  А.Сарсенов,  Ғ.Базарғалиев,  сын-

ды  университетіміздің  ғалымдары.  Дөңгелек 

үстелде ғалымдар Халелді әр қырынан зерттеп, 

зерделеп  берді.  А.Шамғонов  ғалымды  этно-

граф,  өлкетанушы,  ірі  қоғам  қайраткері  ретінде 

қарастырса,  Б.Тыныбаев  жаратылыстану,  ме-

дицина  саласына  қосқан  үлесі  жайлы  баян-

дап,  Халелдің  сол  кездерде  «Денсаулығыңды 

сақтай  біл»,  «Оқушылардың  саулығын  сақтау»  

деген  өсиет  кітаптарын    шығарып,  балаларды 

мәдениетті,  әдепті  болуға  үндейді.  Балаға  жас 

кезінен бастап өзін-өзі күтудің, тазалық сақтаудың 

әліппесін үйретеді деп атап көрсетті. Б.Тыныбаев: 

«1993  жылы  Алматыда,  ал  1994  жылы  Аты-

рау  қаласында  Халел  Досмұхамедұлының  110 

жыл  толуына  арналған  ғылыми  –  теориялық 

конференциялар  өтті.  Республика  Үкіметінің 

шешімімен  Атырау  мемлекеттік  университетіне, 

Атырау  қаласындағы  бір  көшеге,  Қызылқоға 

ауданындағы бір кеңшарға, Миялы селосындағы 

мектеп  пен  көшеге  оның  есімі  берілді.  Алма-

ты  қаласындағы  бұрынғы  Мичурин  көшесі  Ха-

лел  Досмұхамедұлы  көшесі  болып  аталды,  өзі 

негізін  қалаушылардың  бірі  болған  және  про-

фессор ретінде дәріс оқыған Абай атындағы Ал-

маты  мемлекеттік  университетінің  ғимаратында 

ескерткіш  тақта  орнатылды.  С.Ж.Асфендияров 

атындағы  Алматы  мемлекеттік  медицина 

институтының  үздік  студенттері  үшін  ғалымның 

атындағы  арнайы  стипендиялар  тағайындалған. 

Міне,  ғұлама  ғалымның  елі,  халқы  алдындағы 

ерен еңбегі осылайша кейінгі ұрпақтың жадында 

жаңғырып, жан – жақты ұлығыланып келеді. Бүгінгі 

ұйымдастырылып  отырған  шара  да  ғалымға 

арналған тағылымның бірі деп есептеймін» деді.  

Тарих ғылымдарының кандидаты К.Меңдігереев 

«Халел туғанда Мұрат ақын сол ауылда қонақта 

жүрген екен. Халелдің әкесінің өтішімен атын азан 

шақырып қойған Мұрат Мөңкеұлы» деген естелік 

айтты.  Ия,  сондықтан  да  болар,  Халел  Мұрат 

Мөңкеұлының шығармашылығына да ден қойған.

Апталық  барысында  Қалмақ  мемлекеттік 

университетінен  академиялық  ұтқырлықпен 

оқуға келген Манджиева Булгун, Петрова Делгр, 

Макаренко  Анна  сынды  студенттермен  кезде-

су  ұйымдастырылып,  бұл  студенттерге  Халел 

Досмұхамедұлы жайлы түсінік беріліп, ғалымның 

еңбектері  жайлы  айтылды.  Кездесуге  педагоги-

ка ғылымдарының докторы  Ш.И.Джанзакова да 

қатысып,  Қалмақ  университетіндегі    педагоги-

ка  кафедрасының  меңгерушісі  А.В.Панкинмен 

бірлесе жұмыс жасап отырғандықтарын айтты. 

Бұл  апталық  қазіргі  таңдағы  алаш  зиялыла-

рына  деген  халық  құрметінің  артуы,  олардың 

өмірі  мен  шығармашылығымен  танысуға  деген 

ынтаның зор болуының  көрінісі. Жастарымыздың 

ғұлама ғалымға жасаған тағылымы.

Ақмарал ДАУЫТҚҰЛОВА,

ғылыми кітапхана директоры

ӘМБЕБАП ДАРЫН ИЕСІ

Баба рухына арнау

(Қ.Жүсіп ізімен...)

     

 

Халел де шешен еді сөзге төкпе,

Кезінде жібермеген есе көпке 

Алтынның сынығындай 

болып туған,

Академик, педагог бұл Халел де! 

Қызылқоғадан аты шыққан 

көп тарлан бар,

Елі үшін ер еңбегін арнағандар. 

Бұл  жерден  шырқап  шықса 

Қаршыға күйші,

Ұстаз, ғалым, эколог 

Халел де бар.

Алашың үшін атқарсаң да 

игі істер,

Көкте де күн ашуланды 

қас – қаға.

«Елін сүйген Халел – 

халық жауы» деп,

Жазылыпты тарихта да 

масқара.

Ел – жұртыңның бір тілеуі 

өзің ең,

Құмар қылған ғылымға 

бала кезінен.

Бұл фәниге келдің қайта тіріле,

Жауыздықтың 

тізбектеген тезінен.   

Шырқатайын есіміңді ән қылып,

Тыңдағанды тәтті өлеңмен 

 тәнті ғып.

Елің барда «Қазақ» атты 

әрқашан,

Санасынан өшпейсің сен, 

мәңгілік! 

Ұлан ИМАНҒАЛИЕВ,

«Университет» газетінің 

меншікті тілшісі


4

ТҰЛҒА

Осындай  игі  бастамалдарды  кеңінен 

ұлықтау  мақсатында  өлкеміздегі  іргелі  оқу 

орны  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау 

мемлекеттік  университеті  де  түрлі  мерекелік 

шаралармен  қоса,  дәстүрге  айналған,  кезекті 

«Х.Досмұхамедов  –  көрнекті  қоғам  және 

мемлекет  қайраткері»  атты  республикалық 

ғылыми  –  тәжірибелік  конференциясын  үлкен 

жауапкершілікпен өткергелі отыр.

Осы  орайда,  университетіміздің 

«Педагоги-

ка  және  өнер»  факультетінің  деканы,  педа-

гогика  ғылымдарының  кандидаты  Ғабит 

Бағытжанұлы  Базарғалиевпен  сұхбаттасқан 

едік:


–  Ғабит  Бағытжанұлы,  алғашқы  сауалды 

әуелі  өзіңізден  бастасақ.Сіз  кемеңгер  Ха-

лел бабамыз туған Қызылқоға ауданының, 

перзентісіз,  әрі  Халел  жайын  зертеуде 

біраз тер төгіп, диссертация еңбегін жазып 

та  үлгеріпсіз.  Бұл  орайда,  сіздің  ғылыми 

ізденісіңіздің түрткісі Халел бабамызға деген 

перзенттік  парызыңыз  деп  есептегендіктен 

бе, әлде мүлдем өзге себеп пе?

–  Мен  1989  жылы  Гурьев  педагогика 

институтының  Тарих  факультетіне  оқуға 

түсіп,  алғашқы  оқу  семестрінен  бастап  про-

фессор  Амангелді  Шамғонов  ағайым:  «–Сен 

Қызылқоғадан  келіп  отырсың.  Сенің  жерлесің 

ғұлама  ғалым,  саяси  қуғын-сүргінге  ұшыраған, 

заңсыздық пен жеке адамға табынудың құрбаны 

болған – Халел Досмұхамедов. Осы ғалымның 

өмір  жолы  мен  қызметін  зерттеп,  ғылыммен 

айналысуың керек», – деп тапсырма берді. Сол 

кезеңнен-ақ,  мен  баспасөз  беттерінде  Халел 

жөнінде  жаңадан  жазыла  бастаған  материал-

дарды  жинап,  алып  тұлғамен    етене    таныса  

бастадым.

Қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, 

педагог, дәрігер – Халел Досмұхамедов жөнінде 

III курста оқып жүргенімде (біраз материалдар 

негізінде)  «Қоғам  және  мемлекет  қайраткері  

Халел  Досмұхамедов»  –  атты  тақырыпта 

курстық  жұмысымды  қорғап,  ғылымға  деген 

көзқарасымды қалыптастыра бастадым.

Ал,  өмірімде  ерекше  қуанышпен  таңқалған 

сәтім,  1994  жылы  23-ші  мамырда  ҚР  –  сы 

министрлер  кабинетінің  шешімімен  Атырау 

мемлекеттік  университетіне  ғұлама  ғалым 

Х.Досмұхамедовтың  есімі  берілген  күні, 

мен    «Қоғам  және  мемлекет  қайраткері  Ха-

лел  Досмұхамедов»  –  атты  тақырыпта  про-

фессор  А.Шамғоновтың  жетекшілігімен  ди-

плом  жұмысымды  «өте  жақсы»  деген  бағаға 

қорғадым. Бұл – мен үшін күттірмеген сәйкестік 

еді,  әрі  бұл  сәтті  мақтанышпен  жалықпастан 

айта аламын.

Одан кейін педагогика мамандығы бойынша 

аспирантураның  күндізгі  оқу  бөліміне  түсіп, 

республикалық және жергілікті  басылымдарда 

Халел  бабамыздың  әртүрлі  ғылым  саласын 

дамытуға сіңірген еңбегі мен ғылыми мұрасын 

жан-жақты  зерделеуге  арналған  еңбектер  мен 

мақалалар  жинай  бастадым.Нәтижесінде, 

2002  жылы  6-шы  қыркүйекте  педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан 

Брянұлы  Сейталиевтің  жетекшілігімен  «Про-

фессор  Х.Досмұхамедовтың  ағартушылық 

және шығармашылық қызметіндегі патриоттық 

тәрбие  идеялары»,  –  атты  тақырыпта 

кандидаттық  диссертациялық  жұмысымды 

сәтті  қорғап,  Білім  және  ғылым  министрлігі 

Жоғары  Атестациялық  Комитет  шешімімен 

педагогика  ғылымының  кандидаты  ғылыми 

дәрежесін алдым.

Диссертациялық  жұмысымды  жазу  бары-

сында  Өзбекстан  Республикалық  Орталық 

мемлекеттік мұрағатынан 200-ге тарта алынған 

құжаттар жинағы мен Қазақстан Республикасы 

мемлекеттік мұрағатынан алынған 164 мұрағат 

құжаттарын,  Ұлттық  ғылым  академиясының 

сирек  кездесетін  кітаптар  қорынан  1922  – 

1926  жылдары  шыққан  еңбектерін  ғылыми 

айналымға ендірдім.

–  Қазіргі  таңда,  қоғамымызда  әр  салада 

қызмет  атқарған  тұлғаларды  ағайын-туыс 

болып,  өзін  немесе  ата-бабасының    атын 

көше  атауына  беру,  оларды  асыра  елеп 

ұлықтау,  салтанат  шараларын  жиі  өткізу 

жолында  жұмыстанып  жатқан  азаматтар-

ды  жиі  кездестіреміз.  Бұл  –  жағымпаздық 

пен жасандылыққа жол ашқандық па? Сон-

да,  зиялы  деп  танып  білген  ұлт  қайраткері 

Халел  бабамыздың  мәртебесі,  айтылған 

азаматтармен тең тұрғаны ма? Және осыған 

сәйкес, атап өтілгелі жатқан Х.Досмұхамедов 

мерекесі жайлы не айтар едіңіз? 

–  Сауалыңыз  тек  мені  емес,  барша  адам-

ды  елең  еткізері  шындық.Өткен  жылы 

Елбасымыздың  өзі  «көшелерге  көкелерінің 

атын  қойып,  аста  –  төк  той  жасауды  қою  ке-

рек»  деп  тапсырма  берген  болатын.  Қазір 

осындай  жағдайға  сәйкес  көше  атауын  беру 

мәселесі ретке келе бастады. Өз басым мұндай 

әрекеттерді мүлдем құптамаймын. Елге белгісіз 

әлдеқашан өмірден өткен бабаларына құрметті 

отбасында, бала-шағасының арасында отырған 

кезде тәлім-тәрбие негізінде айтылуы тиіс. Ал, 

ол азаматтың өзін ел білер, жарайды, ал оның 

ата-бабасын ел білмейді ғой. Оны біреудің білуі 

парыз да емес. 

Елін  көркейтуге  атсалысқан  азаматтардың 

өтініштерін  ескеру  дұрыс  та  шығар.Бірақ, 

өзінің  атақты  бір  батыр  бабасының  болмаса 

еліне  еңбегі  сіңген  тұлғалардың  туыстарының 

өтініштері  арқылы  біреудің  атын  бір  көшеге 

беру,  мақтанқұмарлықтың  белгісі  емес  пе, 

әрі  мұның  қазір  маңызы  қандай?  Ел  азамат-

тары  қоғамымызға  керек  дүниені  істеу  керек. 

Еліне  құптарлық  іс  істеймін  деушілерге  қазір 

ешқандай  кедергі  де  жоқ!  Сондықтан  да  «бір 

көшеге ешкім біле бермейтін бабасының атын 

қою» деген олқы істі доғаруымыз керек!

Дәл  қазір  айтылған  тақырып  төңірегінде, 

қоғам және мемлекет қайраткері, энциклопедист 

– ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының 

өзінің  көптеген  зерттеу  еңбектерінің  бірінде: 

«Бұл дүниеде түрлі данышпан, шешендер, ше-

берлер,  батырлар,  ақындар  көп  өткен.Осын-

дай  адамдар  өзіміздің  қазақ  арасында  да  аз 

болмаған.Өз  жұртына  жұмыс  қылып,  еңбек 

сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», 

– деп көрсеткен екен. 

Әділетіне  жүгінсек,  ең  бірінші  халқын  жа-

нындай  сүйген,  қайтарымсыз  қайырым  жасай 

білген,  еліміздің  елдігі  мен  ертеңін  ойлап  қам 

жеген,  тәуелсіз  ел  тұғырының  биік  болуы  жо-

лында жан аямай еңбек еткен, туған халқының 

көкірегіне сәуле құюды мақсат еткен қазақтың 

көптеген асыл азаматтары ХХ ғасырдың 30-шы 

жылдары  тағдыр  тауқыметін  тартып,  жалаға 

ұшырап, қиянат құрбаны болды. Тек Қазақстан 

өз тәуелсіздігін алғаннан бастап, сол қанқұйлы 

зұлматтардың  беті  ашылып,  жазықсыз 

жазаланған аяулы азаматтарымыздың есімдері 

ортамызға қайта оралды және олардың рухын 

еске алып, есімін қастерлеу  барша қазақтың ел 

алдынағы борышы деп білемін.

Солардың  бірі  –  көрнекті  қоғам  қайраткері, 

білікті  дәрігер,  ағартушы  ғалым,  Атырау 

өлкесінің ардақты перзенті, Атырау мемлекеттік 

университетінің  есімін  иеленіп  отырған  –  про-

фессор    Халел  Досмұхамедовты  бүкіл  қазақ 

еліне бүгінгідей әрекетпен әйгілемесек те, бар 

қазақ  Халелді  білетіні  даусыз.Өйткені  оның 

адамзат  өркениетіне  қосқан  үлестері  ұшан-

теңіз. Ал, оның мерей тойы туралы сөз де өз ал-

дына үлкен мәселе. Яғни, бұл мерей тойдың тек 

тойлануынан  гөрі,  жас  ұрпаққа  берер  өнегеге 

толы таным -тәрбиесі мол болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет