Өткен дәстүрлі Президент шыршасына батысқазақстандық 180 жеткіншек



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата15.02.2017
өлшемі2,65 Mb.
#4145
1   2   3   4   5

 Ақерке БАҚТЫҒАЛИ

№30 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы

Орал қаласы

Соғыс салған жара

    Міне,  Ұлы  Отан  соғысына  70  жыл 

толмақшы.  Соғыс  кезінде  аға-апаларымыз 

қаншама  азап  тартып,  қиыншылық  көрді?! 

Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз 

жасымен,  күшімен,  ісімен,ерлігімен,  атаның 

туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің 

топырағын  жауға  таптатпай,  еңіреп  жүріп  жауды 

жеңіп,  тауын  шағып,    жеңістің  таңбасын  басқан 

күн-  Жеңіс  күні.  Бұл  күннің  тамағы  ащы  болса 

да  туғаны  бар  халқы  үшін  бұл  қуанаш  болып 

саналады.  Ұлы  Отан  соғысының  қатпарлы 

парақтарына  егер  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың 

қанды  қырғынға  қаймықпай  соғысқанына  көз  жетеді.  Оққа  ұшқан  қарулас 

жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың 

өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің  қамығып 

жеткен жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы.Біз,№30 

ората жалпы білім беретін  мектеп оқушылары  Гагарин атындағы кинотеатрға 

сынып  болып  бардық.  Онда  Хиуаз  Доспанова  апамыздың  көзі  тірісендегі 

бейнебаянын және өрімдей жас кезінде соғысқа өз еркімен барып, елі, жері 

үшін аянбай соғысқанына сол бейнебаян арқылы біздің көзіміз жетті десек 

те болады. 

      Кенес  дәуіріндегі  қазақ  халқынан  шыққан  сан  мыңдаған  батыр 

ұл-  қыздардың  ішінде  есімі  елге  ерекше    таныс  батыр  апаларымыздың 

бірі-  Хиуаз  Доспанова.  1922  жылдың  мамыр  айының  он  бесіндеАтырау 

облысында  дүниеге  келген  Хиуаз  -ұлы  отан  соғысында  әскери  ұшақпен 

аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт 

өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. Хиуаз апамыз 

көптеген  марапаттар  алғанымен,  «Совет  Одағының  қаһарманы»    атағын 

алмады. Мүмкін тірі қалғандықтан шығар...

2004  жылы  көзінің  тірісінде,  «  Халық  қаһарманы»  атағын  алды.   

Ешқашан да жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен 

ерліктері  ұмытылмас.  Сондықтан  мен  осындай  бейнебаяндардың  көбейіп, 

батыр  аға-  апаларымыздың  ерен  ерлігі  елеусіз  қалмаса  екен  деймін. 

Осындай  мүмкіндікті  туғызып  отырған  Гагарин  кинотеатрының  директоры 

Стародубцева Асия Хамзиевнаға, әдіскер Иманова Айгүл Серікқызына,бізге 

жетекшілік  еткен  жаны  жайсаң  сынып  жетекшіміз  Хамбетова  Ақжарқын 

Қайырғалиқызына  айтар алғысымыз шексіз.

  

Назым ЖОЛДЫ

  № 30 ЖОББМ-нің  9-сынып оқушысы  

Орла қаласы          



Ардагерлерді ардақтайық!

    Жеңіске жетіп, елімізді жаудан қорғап, қазақ атымызды сақтағанымызға міне, биыл 70 жыл 

толды. Көптеген батырларымыз бен қарапайым халық немістер бастап келген «Ұлы Отан» соғысынан 

зардап шекті. Сол жылдары адам сенбес қасірет көрген  батырларымызға мың алғыс айтып, кейінгі 

ұрпақ осы батырлардың, батыр қыздардың арқасында жарқын болашақта өмір сүріп жатқанымызға 

рахмет айтып, рухтарына мың тағзым жасау  керек деп ойлаймын. 1941 жылдан басталып 1945 жылы 

аяқталған соғыста біз жеңіске жеттік. Енді осы сұрапыл соғысқа қатысқан батырларымызға ескерткіш 

қойылып, ерен еңбектері ескеріліп, мадақталуда. Жыл сайын жеңісімізді тойлап, ардагер аталарымыз 

бен тыл жұмыскерлеріне алғыс айтып жүреміз. Бұл біздің парызымыз. Рахмет,сізге ардагерлер!

                                                                     Динара НАЙЗАБАЕВА

Шыңғырлау ауданы, Лубен ауылы

Өз елімнің өркендеуі үшін мен не істер едім?

Мен Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан мен өзі еліміз дамуына өз үлесді қосуым 

керек. Негізі елдің өркендеуі мектептен басталады. Ал біздің мектебіміздегі оқушылары елдің дамуына үлес 

қосуда.  Мектеп  оқкшыларының  басым  бөлігі  патриот  білімпаздар.  Оған  себепкер  ретінде  мектебіміздегі 

Жасұлан ұйымын атауға болады. Жасұлан ұйымын да небір-небір дарынды оқушылар бар. Олар мектептің 

біліміне, ауылдың өркендеуіне үлестерін қосуда. Ол да мемлекет үшін пайда емес пе? Ал мен мемлекетімізге 

азда  болса,  үлесімді  қосуға  тырысып  жүрмін.  Өзіме  ұнайтын  пәндерді  барымша  терең  зеріттеп,  түсінуге 

тырысып жүрмін. Және мен болашақтағы жоспарымда ұнатқан пәнімді таңдап, сол пән бойынша жұмысқа 

тұрып еліме, жеріме пайда тигізгім келеді. Мен қазір де бірнеше пәндерге қызығып жүрмін. Оған биология, 

химия, тарих, георафия пәндерін атар едім. Егер химия пәнін тандасам газ және мұнай кен орындарында 

жұмыс жасап, шетелдік компанияларды  еліміздегі кен орындарынан шығарып, Қазақстанкомпанияларын 

қояр едім. Ал биологияны таңдасам дәрігер болар едім. Халықтың денсаулығын түзеп,Қытай халқы секілді 

ұзақ жыл өмір сүргізер едім.Ал тарих пәнін таңдасам археолог болар едім.Бұрынғы ғасырлардағы қазақтың 

құндылықтарын тауып,халыққа көрсетер едім.Менің ойымшақазақ даласы ескі мұраға толы деп ойлаймын.

Ал мен географияны таңдасам қазақ жерінің құпия жерлерін ашып саяхатшы болар едім.Қазақ даласының 

әдемі жерлерін шетелге көрсетер едім.Алайда осылардың барлығы әзірге құр арманкүйінде қалып тұр.Құр 

армандағаннан көрі соныорындай білген дұрыс.Мен болашақта жаңағы пәндердің біреуін таңдап,қалаған 

оқуыма барып жұмыс жасап,еліме пайда тигіземін.Егер әрбір Қазақстандықтар алдына мақсат қойса,ынтасын 

салса еліміз онда №1 мемлекет болар еді.Мен сияқты жоспар осылай армандап,мақсат қойса және соны 

армандаса  еліміз  мықты  болады.Онда  біздің  алынбаған  қамалымыз  болмайтын  еді.Сондықтан  осыған 

тырысу керек,толқыныс керек,сонда осылардың барлығы болатын еді.Мен осышығармамды өзім шығарған 

өлеңмен аяқтағым келеді.



Ерхан ТЕМІРҒАЛИЕВ 

Совхоз орта мектебінің, 9-сынып оқушысы

Атамекен ауылы,Тасқала ауданы 

Менің отбасым

Менің отбасымда бес адам бар. Олар әжем, әкем, анам, сіңілім және 

мен.  Әжем  зейнеткер.  Әкем  мал  шаруашылығымен  айналысады.  Ал  анам 

балабақшада аспазшы болып жұмыс жасайды. Сіңілім Айсезім             2-сынып 

оқушысы.    Ал  мен  5-сыныпта 

оқимын. Менің отбасым тату және 

сыйлы адамдармыз. 

Менің 

отбасымдағы 



адамдардың бәрінің орны ерекше. 

Мен отбасымды мақтан тұтамын.



Аружан ТөЛЕУҒАЛИЕВА

Мәстексай ауылы,Жаңақала 

ауданы,

С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-



нің 5-сынып оқушысы

Ұлы жеңіске 70 жыл

№1 (209)    13.01.2015 ж.

9

Жас  қалам!

Құт әкелсін, Жаңа жыл!

Міне, баршамыз асыға күткен Жаңа жыл мерекесі де келіп жетті.  Барлық өңірлердегідей 

біздің ауылымызда да  бұл мерекені  тойлады.  Әр сынып өз бағдырламасын көрермендеріне 

паш етті.  Даярлық тобымен  бірге 1-4сынып оқушылары бірігіп  «

Кел,  төрлет, Жаңа жыл!» атты  

мерекелік  кештерін өз ата-аналарына, келген қонақтарға ұсынды.  Кешімізді мектеп директоры 

Искакова Алия Сағаденқызы  құттықтау сөзімен ашты.  Әр сынып өз өнерлерін ортаға салды. 

Атап өтер болсам, даярлық тобы «Жеті лақ», «Два веселых гуси» сынды көріністерін  қойып, 

«Ақшақар», «Шыршамызға арнаймыз» атты әндерін шырқады. Сонымен бірге, «Шөжелер» биін 

тамылжыта билеп шықты.  1-сыныптың  оқушылары жақсы айтыс көрсетті жәнежанды дауыста  

ән шырқады, бишілеріміз мұң бұрала би биледі, сонымен бірге әртүрлі кейіпкерлердің рөлдерін 

сомдады. 4 сынып оқушылары да өз  өнерлерімен  көрермендерді баурап алды. Биылғы оқу 

жылында    4-сынып  оқушысы  Өтебай  Абзал  облыстық  шыршаға  қатынасып  келді.  Бастауыш 

сынып оқушылары мектепішілік сайыстарға, пән олимпиадаларға  белсене қатынасып, жүлделі 

орындар алса, аудандық кіші олимпиадаға           4-сынып оқушысы Ерболат Көркем қатынасып, 

жүлделі  ІІ  орын  иемденіп,өз  ұстаздарын  бір  қуантты.  Біздің  балаларымыздың  сүйіп  оқитын  

«Самал»  газеттеріне  мақалалары мен суреттері жарияланып тұрады. Ол да біз үшін үлкен 

жетістік. Даярлық тобымен бірге бастауыш сынып оқушылары да сүйікті газеттеріне жазылды. 

Газеттің  әр  санын  асыға  күтеміз.Өткен  жылға  мың  алғыс  айтып,  келер  жыл  қой  жылы    өз 

жақсылықтарымен қуанта  берсін дегім келеді. 

Барша Қазақстандықтарды келе жатқан  мерекемен құттықтаймын. Жаңа жылда тек 

жаңа табыстарға , жаңа белестерге  жете берейік,  халқымыз аман, еліміз тыныш болғай.



Гүлайым МЕңДЕШЕВА

Тегісшіл ЖББНМ-нің даярлық тобының  мұғалімі

«Шапағат» бастауыш сынып бірлестік жетекшісі,

Тегісшіл ауылы,Жәнібек ауданы

Көңілден шыққан семинар

«Мектеп  баланың  екінші  үйі.  Шыны  керек,  біздер  ата-аналар  мектепке  жиі 

бармаймыз.  Бар  жауапкершілікті  мұғалімдерге  арттырамыз.Мен  биылғы 

оқу  жылынан  бастап,  мектепшілік  ата-аналар  комитетінің  төрайымы  болып 

сайландым.  Содан  бері  ата-аналармен  жүргізілген  талай  жұмыстардың    куәсі 

болдым. Айта кетсем, жақында мектебімізде ата-аналар комитеті мен семинар 

өткізілді. «Баланың алғашқы  ұстазы ата-анасы» тақырыбында ұйымдастырылған 

семинар  барысында  түрлі  тренингтер  ойнатылды,  мысалдар  айтылды,түрлі 

жағдаяттар  қойылды.  Ата-аналар  бір  серігіп,  балаша  ойнап,сұрақтарға  өз 

ойларын  қосып,жан-жақты  талқылады.  Бала  өсірген  ата-ана  бала  болып 

ойнайды, Бала оқытқан ұстаздар бала болып ойлайды- дегендей, тәрбие ісінің 

меңгерушісі Динара Утебаеваның жоғары деңгейде ұйымдастыруымен өткізілген 

бұл семинардан әрбір ата-ана көңіліне ой түйгендей болды. 

Ата-ананың  басты  міндеті  баланы  тәрбиелеу.  Отбасы  тәрбиесі  – 

бұл  жалпы  тәрбиенің  ең  басты  бөлігі.  Ата-ана  баланың  өміріне  қамқорлық 

жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін барлық 

жағдайдыжасап отырады.Мектеп пен отбасы әрқашан тығыз байланыста болу 

керек  деп  ойлаймын.Барлық  ата-аналарға  мектеппен  байланысты  нығайтып, 

балаларымыздың сабақтарына қатысып, мектепте өтілетін барлық іс-шараларға 

ат салысайық дегім келеді.Барлық ата-аналар атынан комитет төрайымы ретінде 

және аналық рахметімді айтып,алғысымды білдіремін.

Гүлсім ОРЫНГАЛИЕВА 

Қуағаш ОЖББМ-нің

Мектепшілік ата-аналар комитетінің төрайымы

Шыңғырлау ауданы

Бала қабілетін шыңдаған іс-шара, Ақсайда өтті!

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін әрбір ұстаз 

бала  бойындағы  қабілеттілікті,  бейімділікті  тани  білуі  қажет.  Ғылыми  зерттеулерде  баланың    әрбір  іске, 

өнерге  деген  қабілеті,  бейімділігі  жас  кезінен  белгілі  бола  бастайтыны  дәлелденген.  Біздің  ауданымызда 

осындай дарынды оқушыларға қолдау көрсету, олардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін шыңдау 

мақсатында аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері 

С.Н. Қарағойшиеваның ұйымдастыруымен 3-4-сыныптар арасында III аудандық «Қауырсын қалам» 

байқауы өткізілді. 

Аудан мектептері арасынан 16 оқушы қатысқан байқау 4 бөлімді қамтыды.

I  бөлім.  Оқушының  портфолиосы  (оқушы  туралы  толық  мәлімет,  шығармашылық  жұмыстары 

жинақталса)

II бөлім «Мен бақытты баламын» деп басталған таныстыруымен жалғасты.

III бөлімде оқушы өзі шығарған өлең немесе ертегісін жатқа айтып,

IV бөлімде берілген тақырыпқа ертегі әңгіме құрастырды. 

Жоғарыдағы  сындардан  сүрінбей  өткен  Приурал  мектеп  -  балабақша  кешенінің  оқу  озаты  4  «а» 

сынып оқушысы Амангелдиева Ару (жетекшісі Құрманбаева Ж.М.)  II дәрежелі дипломмен, 3б сынып оқушысы 

Лазанова Анастасия (жетекшісі Косенко О.С.),  «Жас ертегіші» номинациясын  иеленіп мектебімізге үлкен 

жетістікпен оралды. Осындай талабы таудай, қабілеті мол, бойында тұнып тұрған өнері бар оқушыларымыз 

адамзат  игілігіне  үлес  қосып  жатса,  олар  ұлтымыз  үшін  мақтаныш,  мектебіміз  үшін  абырой.  Сондықтан, 

дарынды оқушының бойынан табылатын асыл қасиеттерді шыңдауда, осындай игі іс – шаралар жалғасын 

таба берсін демекпіз.

Н. ЖЕТПИСОВА

Приурал мектеп – балабақша кешені 

директордың ғылыми әдістемелік  жұмысы жөніндегі орынбасары.

Бөрлі ауданы

Жеңіс 

тұғырында



Ғ.  Махамбетов  атындағы  ОЖББ  мектебінің 

оқушылары  ерледі.  Иа,  тура  мағынасында  айтқанда 

INFOUROK жобасы аясында өткізілген орыс тілі, ағылшын тілі 

пәндерінен  халықаралық  қашықтық  олимпиадасында  мына 

оқушылар  орыс  тілінен  Б.Тасболат,  А.Есқабыл,  А.Ғиззатова, 

М.Жексенов,  А.Әбілхайыр,  Ө.Мұқашев, 

М.Қабдығали, 

С.Сағын, А.Қуанышев, АҚартанбаев  3-орын алса, А.Сейпек, 

Ж.Аққалиева,  РЖұмаш,  Ә.Ждуанова,  М.Тельман  2-орын 

алып ұстаздарының мәртебесін көтерсе, ағылшын тілінен Ә. 

Жұмақұлова  3-орын  иеленіп  мектебіміздің  мерейін  асырды. 

Ал қалған қатысушылар қатысушы сертификатының иегерлері 

атанды.  Осы  оқушыларды  тиісті  деңгейде  дайындаған 

ұстаздары  да  құр  қалмай  А.Губашева,  Б.Қадырханова  (орыс 

тілі пәні), В.Жұмағалиева  (ағылшын тілі пәні) алғыс хаттармен 

марапатталды. Осылайша ғасырдан астам жұмыс жасап келе 

жатқан  мектебіміздің  білім  деңгейін,  халықаралық  дәрежеде 

тағы бір рет мерейін асырды.



Руслан ЕСҚҰЛОВ

Ғ. Махамбетов атындағы ЖОББ мектебінің мұғалімі

Базаршолан ауылы, Ақжайық ауданы

Отаным – анам, отбасым

       Отбасы - шағын мемлекет.Сол мемлекетте бір - біріне 

жанашыр,  бір  -  бірін  сыйлай  білетін  адамдар  тұратын  болса, 

отбасымыздың  іргесі  берік  шаңырағы  шаттық  пен  нұрға  толады. 

Отбасы  дегеніміз  әке  мен  ананың  сүйіспеншілігіне  бөленіп  өскен 

балалардың тәтті қылықтары мен  бақыты қонған мекен. Бір -біріне 

байланысқан тұтас әлем.

Отбасымызда  еңбасты  адамдар  -  атамыз  бен  әжеміз. 

Солардың арқасында әкеміз бен анамыз бар. Балаңнан гөрі немере 

тәтті  демекші  әжеміз  немерелері  мен  шөберелерін  катты  жақсы 

көреді. Олардың балдан тәтті қылықтарына қарап қуанып отырады. 

Содан соң асқар таудай әкем мен жанашырым анам бар. Анамыз 

бен  әкеміз  бізге  әрдайым  қамқор,  білмегенімізді  үйретіп,  жақсы 

мен жаманның ара жібін ажыратуға көмектеседі. Менің бір інім мен 

сіңілім бар. Сіңілім биыл алтыншы сыныпқа аяқ басты. Сабағын үздік 

оқиды.  Сіңілімнің  түсінбегенін  барымша  түсіндіруге  тырысамын. 

Әрдайым бір - бірімізге көмектесеміз.Ал кеше ғана тәй- тәй басып 

алғаш рет қадам басқан інім бес жаста. Даярлық сыныбына барды. 

Содан соң, мен ата - анамның тұңғышымын. Жетінші сынып оқимын. 

Інім мен сіңіліме бар білгенімді үйретіп,апалық көмегімді аямаймын. 

Отбасым мен үшін әлемдегі ең асыл қазына. 

   

Жұлдыз ОРАЗОВА

Харкин ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

Бақыт мекені

      Отан отбасынан басталады.Отбасы біз 

үшін қымбат. Айтады ғой «Отбасы шағын мемлекет», 

біз сол шағын мемлекеттің кішкентай ғана кірпішіміз. 

Отбасының  берекелі  болуы 



-  ол  біздің  болуымыз. 

Отбасында әдетте ана, әке, бала болады.Ал кейбір 

отбасыларда  қазыналы  қарттары  бар.  «Әке 

- асқар 

тау, Ана 



- бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы 

құрақ».Біз әке деген қорғанға сенім артып, ана деген 

аяулы  жанның  асыл  сезімімен  ержетіп,  бойжетіп 

келеміз.  Олар  біз  үшін  барлығын  беруге  дайын.  Әр 

бала ата 

- ана үшін үлкен байлықпен тең. Бала үшін де 

ана мен әке ештеңеге айырбастамайтын құнды және 

басты байлық. Ата

- әжелеріміз де бізді еркелетіп, бар 

жақсыны бізге беруге тырысады. Әкеміз бен анамыз 

да, атамыз бен әжеміз де бізге жақсы тәрбие беруде. 

Мен олардың мәңгі өмір сіргенін қалаймын. Егер де 

біз ата ана үмітін ақтасақ, онда біздің отбасы нағыз 

бақыт мекені.



Асылай МҰРАТОВА

Харькин ЖОББМ-нің 7-сынып моқушысы

Ақжайық ауданы

МИЛАНА ЖҮНІСОВА

№ 2 орта мектептің 4 «б» сынып оқушысы



№1 (209)    13.01.2015 ж.

10

Өздерің жазған хаттардан

 «Адамшылықтың нұрлы шуағы 

сөнбесін!»

Менің сыйлығым

 

Маған  көп  нәрсе  ұнайды.  Қыз  бала 



болғасын  қызылға  құмар  келетініміз  жасырын 

емес қой. Бірақ ең қатты ұнайтын сыйлықтарым 

кітап  пен  тірі  гүл.  Әсіресе  раушан  гүлі  ұнайды. 

Бес  жасқа  келгелі  бері  жақындарым  сыйлаған 

кітаптарым мен гүлдерімнің саны біршама болып 

қалды. Мен осы сыйлықтарым үшін жақындарыма 

көп-көп рахмет айтамын.

ФАТИМА ӘБІЛТАЙ

А.Байтұрсынов атындағы № 10 орта 

мектептің , 2 «а» сынып оқушысы

      Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға 

қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру 

адаммен шын жүректен бөлісу. Осы орайда әлеуметтік қызметкер Сәуле Өтебайқызы және 

әлеуметтік педагог София Ғалымжанқызымен біріге отырып қайырымдылық айлығы аясында 

бізде де «Адамшылықтың нұрлы шуағы сөнбесін!» атты мерекелік іс - шара өткіздік. Шараның 

негізгі  мақсаты  жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік,  ізгілік,  қамқорлық,  қайырымдылық 

сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болып табылады. Оқушылар ән айтып, мәнерлеп 

оқып,  би  биледі  және  де  кімннің  жүйрік  екенін  анықтау  мақсатында  «Жұмбақтар  шешу», 

«Әріптер» ойыны ойнатылды. Бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізбен, жылы сөздерімізді  

«Тілек  торы»  тренингі  арқылы  жеткіздік.  Аялы  алақанымызды,  қол  ұшымызды  созып, 

қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге 

деген  көзқарасын  өзгерту  барша    азаматтың  борышы.  Ендеше  болашағымыз  бақытты 

болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!

НҰРГҮЛ ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

А.Жұмағалиев атындағы 

Жосалы орта мектеп - балабақша кешені мектеп психологі 

Менің інім

        Менің  інімнің  аты-Нұрбақыт.  Аты  інім 

екеуіміздің  атымызға  ұқсастырылған.  Жасы    екіде. 

Тәтті  қылықтарымен  бәрімізді  қуантып  жүреді.  Мен 

оның  қорғаушысымын.  Әкем  бізді  бір-бірінізбен 

ренжіспей,  тату,  қамқор  болып  жүріңдер  деп  айтып 

отырады. Сабақтан келген соң мені күлімдеп қарсы 

алады.  Менің  інім  өскенде  мен  оның  сабағына 

көмектесіп  тұрамын.  Мен  інімді  қатты  жақсы 

көремін.

                                                                           

                                Нұржігіт МАҚСОТ

Тегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы



  Рахмет, анашым!

      Ана... .  Осы үш әріпте қаншама мән мағына жатыр десеңші.Иә ана деген барша адамзат 

үшін  қандай  қадірлі  есім  болса,мен  үшін  де  сондай  қымбат.  Өйткені  маған  жарық  дүние  сыйлап,шыр 

етіп дүниеге келген сәтімнен бастап,аялап,мәпелеп өсіріп өндіріп келеді.Кішкене күнімнен түн ұйқысын 

төрт бөліп,бауыр етім балам деп,құшағынан бір елі ажыратпай,ауыра қалсам ем іздеп,ет жүрегі елжіреп 

ақ сүтін беріп өсірген анашыма мен мәңгі қарыздармын. Анамның балам деп соғатын жүрегі қай кезде 

де,жылуын  сыйлап  жүреді.Әрқашан  жанымызда  болып,қиындыққа  төзіп  келеді.    Бірақ  сонда  да  ол 

жанында біз бар кезде ештеңеден қорқып,қаймығып көрген емес.Себебі ол бізді көңіліне медет тұтады.

Мен  әрқашан    анамыздың  мейірбан  көңілінде    балаларымды  қайткенде  де    адам  қатарына    қосам, 

солардың аман-есен ержеткенін көрсем деген арманы барын сеземін.

Анам бізді інім екеумізді еш нәрседен кем қылмай,барын аузымызға тосып өсіріп келеді. Мен 

анамның осындай жақсылығын көре тұрып, әрдайым қадірлеп,құрмет тұтуға тырысамын.

Анамды    болашақта  меккеге  алып  барсам  деген  арманым  бар.  Менің  анама  деген  алғысым 

шексіз.   



                                      Манас НАШАНОВ

Харькин ЖОББМнің 4-сынып оқушысы 

Шабдаржап ауылы, Ақжайық ауданы   

Кім болсам екен?

Өмірде мамандықтар өте көп: суретші, дәрігер, мұғалім, биші, әнші және де тағы 

басқалары. Мен болашақта суретші болғым келеді. Егер мен суретші болсам, адамдардың 

портреттерін,  еліміздің  әсем  табиғатын,  таумен  таласқан  биік  ғимараттарының  бейнесін 

салар едім. Менің анам суретті өте жақсы салады. Міне, менде анама ұқсап суретші болғым 

келеді.

Зарина МҰРАТ

Т.Жароков атындағы орта мектептің 

3 «б» сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

Менің ұстазым

 

Менің ұстазымның аты-жөні – Анаргүл Қабдоллақызы. Ол бізге көп білім берді. Анаргүл 



Қабдоллақызы бізді топ-топпен отырғызады. Маған өз ұстазым ұнайды. Өйткені, ол бізге көп нәрсе 

үйретті. Мысалы, ойын, билуге, білім алуға. Біз ұстаздың арқасында көп үйрендік. Мұғалімімізді 

өте  қатты  жақсы  көреміз.  Біздің  ұстазымыз,  бізге  –  ана.  Себебі,  бірінші  сыныптан  бастап 

үйретті.  Ұстазымыз  бізді  де  жақсы  көреді.  Анаргүл  Қабдоллақызы  бірінші  кезекте  еңбекті  сүйіп, 

жалқау, еріншек болмауды үйретті. Ұстазымыз бізге дос болуды, сабыр сақтауға шақырады. Біз 

ұстазымыздың үмітін ақтауға тырысамыз. Мен өз ұстазымды жақсы көремін.



НҰРАЙНА САРМУЛДИНА

А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының

4 «ә» сынып оқушысы

АРТУР –біздің мақтанышымыз!

Биыл 

біздің 


сыныпқа 

жаңа 


оқушы 

келді.  Маған  ол  өте  тұйық 

бала сияқты болып көрінді.

Біздің  апайымыз  Гаухар 

Аблайқызы  оқу  жылының 

басынан  бастап,  бәрімізді 

үйірмелерге 

бөліп, 


жазылуды талап етті.  Міне, 

3  айдың  ішінде  дзюдо 

үйірмесіне қатысқан досым 

Сапар  Артур  облыстық    ІІІ 

орынды жеңді. Қазір Артур  

өзгерді,  ақжарқын,  ашық, 

өз  –өзіне  сенімді.  Мен 

осындай сыныптасыммен мақтанамын және сыныптастарымды және ұстаздарымды 

келе жатқан тәуелсіздік күні мерекесімен.

АЛИХАН    МҰҚАНОВ  

М.Б.Ықсанов атындағы  

     №36 орта жалпы білім беретін  мектептің

    2 «Б» сынып оқушысы

  Менің 

отбасым


Мен  өз  отбасымды  жақсы  

көремін. Ата-анамды сыйлаймын. 

Оларға үнемі көмектесемін. Біздің 

отбасымыз  өте  бақытты  .  Менің 

үлкен  ағам  бар,  есімі-Әділхан. 

Ағам  маған  үнемі  қамқор  болып 

жүреді.  Мен  осындай  отбасында 

дүниеге  келгеніме  қуанамын. 



Гүлайхан ГАНИЕВА

Григорьев мектеп-

балабақша кешенінің 

1 «А» сынып оқушысы

Бөрлі ауданы 

          



«Жаңа жыл құтты болсын!»

Дастан ЗАКАРОВ 

Тайпақ мектеп – гимназиясының 

5 – сынып оқушысы 

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы



 «Шын дос болу – бақыт»

Менің  есімім-  Ералы.  Мен  2-сыныпта  оқимын.      Сыныпта  20  оқушы 

бар.  Барлығымыз  бауырмалмыз,  бір  –  бірімізге  көмектерімізді  аямаймыз. 

Кішкентайдан бірге өсіп келе жатырған досымда, менің сыныптасым. Досымның 

есімі  –  Санжар.    Досым  екеуміз        сабақты    бірге  оқимыз.    Біз  бір-бірімізді  

ренжіспейміз. Әрдайым бірге жүреміз. «Досы көпі жау алмайды, досы жоқты 

дау алмайды» деген мақалға толықтай   келісемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет