Өткен дәстүрлі Президент шыршасына батысқазақстандық 180 жеткіншек



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата15.02.2017
өлшемі2,65 Mb.
#4145
1   2   3   4   5

Әсемгүл САРТОВА  

Алмаз ОЖББМБ-ның

 6 – сынып оқушысы, 

Шыңғырлау ауданы

Мұражай жәдігері 

тарихтан сыр шертеді»



№1 (209)    13.01.2015 ж.

4

          Біздің ата-бабамыз ұлан-ғайыр жерімізді қорғап,өз 

өмірлерін  құрбан етіп,кейінгі ұрпақ үшін қалдырды.

    Міне,енді  көк  туымыз  аспанымызда  асқақ  желбірейді.

Тәуелсіз  мемлекетіміз  жиырма  үш  жылдығын  атап 

өтпекпіз.Осы  жылдарда  Қазақстан  талай-талай  биіктерді 

бағындырып,алып 

шыңдарға 

шықты.Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтай көреген басшымыздың жемісті еңбегі. 

                Бұл  мереке  Қазақстанның  барлық  өңірлерінде 

тойланады.Тәуелсіздік  күні-барлығымыз  үшін  ерекше 

қасиетті  күн.Желтоқсан  оқиғасында  елі  үшін,  жері  үшін 

құрбан  болған  аға-әпкелеріміздің  арқасы.    Елімнің 

бейбітшілігінің,тәуелсіздігінің арқасында күліп –ойнап,еркін 

білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!

«Туған жердей жер болмас,

  Туған елдей ел болмас»,-дейді аталарымыз.

Менде өз Отанымды сүйемін. Оның әдемі табиғатын,алуан 

түрлі  әлемін  жақсы  көремін.Осындай  елде  өмір  сүріп 

жатқан  өзімді  бақытты  санаймын.Тәуелсіздікке  өлеңімді 

арнаймын:

Қайран,қазақтың ұл-қыздары,

         Атанған,«желтоқсан жұлдыздары».

 Елі үшін күресіп,жапа шеккен,

   Қайрат сынды қазақ батырлары.



Дарын ГАТАУЛЛИН

Еңбекші бастауыш мектебінің

3-сынып оқушысы Жәнібек ауданы,

Тәуелсіздік –тұғырым 

менің!

Астана және  Елбасы

Біздің    елбасымыз  –  Нұрсұлтан  Әбішұлы.  Ол  кісі  бізге    көп 

жақсылық жасады.  Біз  сондықтан ол кісіні құрметтейміз.  Ол кісіні барлығы 

да құрметтейді. Себебі, ол еліміздің мақтанышы. 

Астана  қаласында    үлкен  «Бәйтерек»  бар.  Барлық    балалар 

оған барғысы келеді.  Ол сондай  биік.  Оған мініп, қолдарын қою бәріне  

арман деуге болады.   Астанада  одан басқа да  таңқалдырар  ғимараттар  

баршылық. 

Адамдар осы ғимараттарды тамашалауға келеді.  Елімізде  әдемі 

ғимараттар көркейе  береді  деп ойлаймын.  Астана мен Елбасымыздың 

маңызы өте жоғары дәрежеде.  Осындай елім, елбасы  болғанын  мақтан 

етемін.

                                          



 Ұлданай МАДИЕВА

                               Ж.Молдағалиев атындағы ОЖББ-тің

3-сынып оқушысыб, Ақжайық ауданы

Тәуелсіздік- Құрдасым

Мен,  өзімді  бақытты  жандардың  бірімін  деп  есептеймін. 

Себебі,  еліміз  көп  жылдар  бойы  армандаған  қазақстандықтар  үшін 

ерекше мереке- Тәуелсіздікке жеткен жылы өмірге келдім. 

  Міне,  тәуелсіз  ел  болғанымызға  да  23  жыл  болды.  Біз  осы 

жиырма үш жылдың ішінде көптеген жетістіктер мен талай белестерді 

бағындырдық.  Тәуелсіздігімізді  жариялағаннан  бергі  мезгіл  ішінде 

көп  елеулі  табыстарға  қол  жеткіздік.  Біздің  алдымызда  әлі  де  жеңіп 

шығар қиындықтар мен бағындырар биік шыңдар жетерлік. Әуелі біздер өзіміз саналы 

да  тәрбиелі,  білімді  де  жігерлі  болғанда  ғана,  алдымыздағы  сан  тарау  жолдар  мен 

қамалдарды  бұзып,  биік  мақсатқа  жете  аламыз.  Әрбір  азамат  елінің  өткенін  үнемі 

жадында сақтап, ертеңгі болашағына сеніммен қадам басуы тиіс. Бізді осы күнге жеткізген 

ұмытылмас оқиғалар өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы заңдылық. Осылайша, 

бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңіру 

баршамыздың міндетіміз. Бұл қасиетті шежірені, өнегені, елжандылық, Отансүйгіштік, 

патриоттық рухты жастардың бойына дарыту әрбір қазақстандықтың борышы. Менде 

еліміздің одан әрі қарыштап дамуына ұстаз ретінде өз үлесімді қосудамын. Өйткені, жас 

ұрпаққа саналы тәрбие, жаңа заманға сай сапалы білім беруде ұстаздардың алатын 

орыны  ерекше.  Білім,  өнер  қуған  жастарға  елімізде  еш  шектеу  жоқ.  Демеу  беріп, 

болашақта білікті маман болуға көмек зор. Осының барлығы Қазақстанның тәуелсіз ел 

болуымен және Елбасымыздың кемеңгір саясатының арқасы. 

Сондықтан, берілген бар мүмкіндікті молынан пайдаланып, Отанымызға адал 

еңбек етіп, Қазақстанды биікке жетелейік. 

        Киелі  тәуелсіздік  нұры  ешқашан  қазақ  елінде,  қазақ  жерінде  сөнбесін! 

Тәуелсіздігіміз жасай берсін!



 Сая ТАСЫМҒАЛИЕВА

Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі

Шыңғырлау ауданы

Ызғарлы желтоқсанның-қызғалдағы

1986-жылы  желтоқсан  айында  қаны  қазағым  деп  қайнаған,  жүрегі  жұртым  деп 

жұлқынған  аға-апаларымыз  «Тәуелсіздік!  Бостандық!  Елге  азаттық  беріңдер!»,  деген 

талаппен Алматының  орталық алаңына шыққан болатын.           1986 жылғы Желтоқсан 

көтерілісінде  Қаратөбе ауданы,  Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының 

бастауыш сынып мұғалімі Жардемова Змарзат  Мұхитқызы  да қатысқан.   Дүниені дүр 

сілкіндірген,  тәуелсіздік  туын  ең  алғаш  көтерген  әйгілі  1986-шы  жылдың    желтоқсаны 

туралы  өз  көзімен    көрген  апаларымыздың  бірі.              

1986 жылы Алматы қаласындағы жан түршіктірерлік 

желтоқсан оқиғасы кезінде Змарзат Мұхитқызы  Қазақ 

Мемлекеттік  Университеті,  филология  факултеті, 

араб  бөлімінің  1-ші  курс  студенті  екен.  Алаңда 

болғанда  еркін  өмір  сүруге  талпынған  жастардың 

талпыныстарын  өз  көзімен  көрген.Ол  кезде  жас, 

сабақ  кезінде  отырғанда,алаңда  болып  жатқан 

жағдайды естіп, барлығы  ағыммен алаңға барған. Ең 

алғашқы күні көп жастардың ортасында бірге болып 

кешке дейін жүрген. Жиналғандардың бәрі ән айтып, 

ұрандатып  «Халықтың  өз  көсемі  болсын!»    деуден 

жаңылмаған. Жастарға тарауын өтінген, бірақ ешкім тыңдамаған. Дыбыс қондырғысымен 

айтып  тоқтатпақ  болған.  Президент  қызметкерлері  сойыл  алып,  ит  жетектеп  қорқытса 

да    ешкім  кетпеген.  Тіптен  болмаған  соң  машинамен  жүріп  үстеріне    су  шашқан.  Қол 

ұстасқан күйі жастар  тарқамаған.  Жастарды бұзақы деп кінәлап ұрып соққан.  Екінші күні 

алаңға бармаған екен, ол кезде Змарзат апайымызды тағысын басқа аға-апаларымызды  

жатақханаға қамап тастапты. Желтоқсан уақиғасы аяқталғаннан кейін, Змарзат апамыз 

ауылға келеді. Жан түршігерлік жағдайды көзімен көрген апамыз оқуын жалғастырмады. 

Кейін Орал педагогикалық училищесін тамамдап, ауылға жұмысқа орналасады. Ауылдың 

азаматы Сағынбек ағайға тұрмысқа шығып бір қыз, екі ұл дүниеге әкелді. Қазіргі таңда 

жолдасы бақилық болды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты ана. 

    Сондықтан  16  Желтоқсан  қасыретті  күн  екендігін  жадымызда  сақтап  жүрейік.  

Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтаншымыз да - Желтоқсан.

Айнұр АЙТҚАЛИЕВА  

Қаратөбе ауданы бойынша Самал газетінің тілшісі

Тәуелсіздігім - мың 

тағзым 


саған!

 

Өмір 



өзен 

т о л қ ы н д а р ы 

бізді  әйгілі  1986 

жылғы  Желтоқсан 

о қ и ғ а с ы н а н 

уақыт 


өткен 

сайын  алыстатып  бара  жатса  да,  жүректерде  мәңгілік 

ұмытылмайтын  қастерлі  бір  нәрсе  бар.  Ол  –дүр 

сілкіндірген  сол  үш  күн  ішіндегі  қазақ  қыздарымен 

жігіттерінің рухына,ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға 

апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті,тілектері 

бұл күнде толық жүзеге асты. 

Міне  биыл  Тәуелсіздікке  23  жыл  толып  отыр. 

Осы орайда, Бөрлі негізгі орта қазақ мектеп жанындағы 

интернатта    «Тәуелсіздікке-23  жыл»  атты  тәрбиелік 

шара  оздырылды.  Интернат  тәрбиешісі  Жумагулова 

Ания  Тасқалиқызының  ұйымдастырумен  өткен  шара 

тәрбиеленушілерді    патриоттыққа,елін,  жерін  сүюге 

тәрбиелеу мақсатында,  1986 жылдың желтоқсанындағы 

адал  да,  аңғал  қазақ  жастарының  бодандыққа  қарсы 

жойқын  бұлқынысы,бейбіт  шеруге  шыққан,тұңғыш 

рет  Кеңес  империясының  зорлықшыл  тас  қамалына 

тайсалмай  қарсы  шыққан  желтоқсан  құрбандарының 

ерлігі мен жалынды жырларын видеороликтер арқылы 

көрсетумен  бастау  алды.  Интернат  тәрбиеленушісі 

А  Губашев,  Е.Бражнекова  Тәуелсіздік  шежіресіннен 

сыр  шертіп,  Э.Хамзиева,  А.Қолғанатова,  Ш.Губашев, 

Ю,Антонова,  А.Мосейко,  Давлетова,  С  Тулаходжаев 

сынды тәрбиеленушілер «Отан», «Тәуелсіздік тірегім», 

«Астанам»  атты  тақпақтар    айтты.  А.Қолғанат, 

Э.Хамзеева  «Қазақстан»  әнін  шырқап,  С.Давлетова  Э. 

Хамзеева «Я,ты,он,она»  биімен аяқтады.

                                                          Ж.БЕКТАЕВА

Бөрлі негізгі орта қазақ мектеп жанындағы   

                                                        интернат меңгерушісі

Елбасы – ел тірегі

Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың 

жаңа  замандағы  қайта  өрлеп,  өркендеуі,  рухани, 

экономикалық  еркіндігіміз,  дүниежүзілік  қоғамдастықпен, 

әлемнің дамыған ел, мемлекеттеріміздің барлығының да 

бастауы – біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде. Мемлекеттік 

тәуелсіздігімізді  жария  еткен  алғашқы  сәттен  бастап, 

бүгінгі  күнге  дейінгі  барлық  жетістіктеріміз  бен  көрген 

жақсылығымыз,  дербес  мемлекетіміздің  қуаттануы  ме 

дамуы  ең  алдымен  Тұңғыш  Президентіміз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың  есімімен,  еңбегімен    тікелей 

байланысты.  Президенттің  қазақ  халқы  алдындағы 

атқарған  қызметі  зор,  еңбегі  ерен.Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевқа  жетер  еш  елде  президент  жоқ  деп  айта 

аламын. Өйткені, Елбасының арқасында еліміз қарқынды 

дамып,  бүкіл  әлем  алдында  Қазақстанның  абыройын 

көрсете алды.Небәрі 23 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. 

Жеткен  жетістіктеріміз,  алған  асуларымыздың  барлығы 

Елбасының айқын саясатының арқасы. 

Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. 

Тәуелсіз  Қазақстанның  бағындырар  белестері  де  алда. 

Осы  белестерді,  мақсаттарды  біз  тек  Елбасымен  бірге 

бағындыра  аламыз.  Біз,  жастар  әрқашан  да  Елбасымен 

біргеміз.  Жастар  –  Елбасының  тірегі,  Елбасы  –  елдің 

тілегі!  «Төбесіз  жер,  төресіз  ел  болмайды».  Бағзыдан 

бүгінге  жеткен  бұл  өсиет  тектен-текке  айтылмаса  керек. 

Кешегі  тар  жол,  тайғақ  кезеңде,  егемендіктің  елең-алаң 

шақтарында  еліміздің  еңсесін  көтеріп,  кеткен  есемізді 

қайтарып, 

шекарамызды 

шегендеп, 

халқымызды 

төрткүл  дүниеге  танытқан,  нұрлы  болашаққа  жетелеген, 

сан  ғасырлар  бойғы  бабалар  арманын  баянды  еткен, 

айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге 

әйгілеген,  халқымызға  пана,  жастарға  аға  болған 

Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Шахназ МАРАТОВА

 №30 ЖОББМнің 8 «а» сынып оқушысы

Байтақ елім – 

бақытым


Қазақстанға  қазіргі  таңда  бейбітшіліктің 

ақ  құсының  қонғаны.-Елбасымыздың  сындарлы 

еңбегінің  арқасы.  Ұлы  даланың  тағдыр-тарихын  

барлық  дем-  тынысымен  түсініп,    елінің  ендігі 

тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, 

жасарта  алып  кететін  ер,  көзсіз  батыр,  тап-таза 

ар- намыстан жаралған қайтпас-қайсар кайраткер, 

елін басқарып қас батырдың ісін істей алатындай 

ерекше  тұлғаны  тап  басып  таңдап,тағдырын  

қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ  еді.

Біздің Президентіміз Қазақстанның әл-ауқатымен, 

ел экономикасын жақсартып,  елдің тыныштығың  

 

сақтаудағы  істері орасан зор.



    Ең  бастысы,  Қазақстанның  тұтастығы-

осының  бәрін ұйымдастырған  Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың  қолында.  Елімізді  жаңа    жолға  

бағыттаған бірден-бір тұлға. Тәй-тәй басқан қазақ 

елін биік шыңға көтерген. Елбасының зор еңбегі. 

Қазақстанның қайсар тұлпардай алға үдеп шауып 

бара жатқанына өзге мемлекеттер таң қалып келе 

жатыр. Осындай көшбасшымыз барына қуанамыз. 

Жедел  өркендеп,  жаңа  табыстарымен  әлем 

назарына ілігіп отырған Қазақстан үшін,үмітке толы 

болашақ үшін рахмет сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ақнұр СЫРЫМ               

№ 30ЖОББМ-нің 9«Б»сынып оқушысы  

Орал қаласы


№1 (209)    13.01.2015 ж.

5

МЕКТЕБІМІЗДІң өЗ ЖУРНАЛЫ БАР

 Мектеп жұмысы күнбе-күн өзінің жұмыс ауқымымен, оқу үрдісімен ерекшелетіні белгілі. Оқушыларға бар жақсылықты, 

барлық  ілім  мен  білімге  бастау  берер  жұмыста  олардың  жан-жақты  болуына  да  үлкен  көңіл  бөлу  керек.  Оқушылар  білім 

алумен  қатар  спортқа,  өнерге  талпынумен,  табиғатқа  жақын  болып,  бойларына  отансүйгіштік  қасиетті  де  дарытуы  қажет. 

Осы  бағыттардың  барлығын  көрсете  отырып,  жақында  мектебіміздің  өз  журналын  да  шығаруды  қолға  алдық.  Журналды 

оқушыларымыз  өз  қолдарымен,  өз  еңбектерімен  дайындауды  ұйғарды.  Ал  біз  болсақ  оларға  үйретуден  жалықпайтынымыз 

анық.  Жақында  Қуағаш  орта  жалпы  білім  беретін  мектебінің  мұғалім  С.Тасымғалиеваның  ұйымдастырумен  информатика  пәні 

бойынша мектебімізде «@йқұл@қ» журналының мерекелік тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер рәсімі салтанатты түрде, оқушылар 

мен  ұстаздардың  қатысуымен  оздырылды.  Рәсімге  келгендер  жүрекжарды  құттықтауларымен  бірге  өз  пікірлерін  де  айтты.  

Айына  бір  рет  шығарылатын  «@йқұл@қ»  ақпараттық-танымдық  журналы  мектебіміздің  тыныс-тіршілігін,  жас  толқын  жетістігін, 

информатика  пәні  бойынша  қызықты  ақпараттармен  толы  болмақ.  Мерекелік  тұсаукесерде  «@йқұл@қ»  журналының  арнайы 

тілшісі  Анара  Утебаева  оқушыларға  арналған  «Ертегілер  әлеміне  саяхат»  атты  байқау  туралы  хабарлама  жасады.  Осындай 

табысты  шаралар  мектебімізде  үнемі  ұйымдастырылып,  оқушыларға  қосымша  жауапкершілік  жүктеп,  сапалы  жұмыс  жасауға 

талпындырары сөзсіз.



Самал АХМЕТОВА

Қуағаш ОЖББМ-нің  мұғалімі 



 

Шыңғырлау ауданы

 «Қат

 Балаңыз парасатты болсын десеңіз...

Бірл


«Самал».  Иә,  мен  бұл  газетті  біле  бермейтінмін.  Анда-

санда  құлағым  шалып  қалатындығы  болмаса,  бұл  газеттен 

хабарым  жоқ-тын.  Әдеттегідей  кітапханаға  барып,  кітап 

сөрелеріндегі  газеттерді ақтарып жатып осы газетке ұшыраса 

кеттім.  Содан  бас  алмастан  қаңтардан  бергі  газеттің  бар 

нөмірін айналдырған 2-3 сағаттың ішінде оқып шықтым. Міне, 

менің «Самалмен» таныстығым осылай басталған болатын. 

Бірден электронды поштасын қағазға түртіп алдым да, достық 

ұсындым.  Көп  күттірмей-ақ  менің  достығымды  қабыл  алған 

бұл  газет  қазіргі  таңда  менің  жан  досыма,  сүйікті  газетіме 

айналды десем, қате айтпаған болар едім.  

Көктемде Айдарханға келген іссапарында газет редакторы 

Жұмажан ағамен таныстым. Жүзі күлімдеп тұрған ағайды еш 

жатырқамай,  тез  үйреністім.    Әрқашан  «Ағай,  мына  санда 

мақалам бар ма?» деп Жұмажан ағаны мазалаумен келемін. 

Сол кезде де сабырлық танытып, еш түсін бұзбай «Бар, сары 

қызым» деп айтатын ағайымды ерекше жақсы көремін. Үнемі 

мені  «сары  қызым»  деп  еркелетіп  отырады.  Содан  болса 

керек, ағайымды өзімсініп кеттім. Мүлгіген тыныштықта, үнсіз 

отырып ойлансам, 10 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттің 

көмегінсіз-ақ  осынау  газетті  шығарып  келе  жатырған 

Жұмажан ағаның еңбегі ұшан-теңіз, тіптен ерлікпен пара-пар 

екен.  Соншама  жылдар  бойы  тек  халыққа,  оқырмандарына 

ғана  сеніп,  осы  газеттің  желкенін  жығып,  суға  батырып 

жібермей,  алға  сүйреп    келеді.  Мен  секілді  талай  баланың 

көңілін  қалдырмай,  мақалаларын  шама-шарқынша  газеттің 

әр  нөміріне  сидырып,  жариялауда.  Қаншама  оқырман  осы 

газетке мақала жазса да, бұл газетке жазылатындары бірен-

саран ғана екенін естіп, ішім қынжылады. Айналайын, халқым-

ау, бұл газеттің бар сенері, тірегі де оқырмандары екендігін 

ұмытпайықшы! Бала басылымының таралымының көбеюіне 

әрқайсысымыз өз үлесімізді қосайық. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге, 

тәрбие  беретін,  ар-намысты  қорлауға  жол  бермейтін  бұл 

газеттің  балаларға,  өскелең  ұрпаққа  берері  мол  екендігін 

естен  шығармайық!  Ішімдегі  шерменде  боп  қатқан  осы 

мұңымды өздеріңізге айтуды жөн көрдім, ағайын. «Көп түкірсе-

көл»  деген  сөз  бар  емес  пе,  ендеше  әрқайсысымыздың 

үйімізден «Самал» табылсыншы. Тек өздеріңіз ғана жазылып 

қоймай, өзгелерді де жазылуға үгіттесеңіз екен. Сонда бала 

басылымының бәсі бұдан да жоғары болмас па еді?!  Бағасы 

да  өзге  газеттер  секілді  қалтаны  қақпайтын,  қолжетімді 

газетке неге жазылмасқа? Сіз де мақала жазып, балаңыздың 

да  қызығушылығын  оятып,  әдебиетке  құштар  болуына  неге 

ықпал жасамасқа? Бәріміз де алғаш бала басылымдарын оқып 

өстік қой. Сол кезден-ақ кірпішіміз қаланып, әдебиет әлеміне 

бер бұрған болатынбыз. Осы арманның жетегінде жүріп, 11-

сыныпқа  да  аяқ  басқанымызды  сезбей  қалыппыз.  Көрдіңіз 

бе, арада қаншама жылдар өтсе де, біздің  газет-журналға, 

әдебиетке деген махаббатымыз өз құндылығын жойған емес. 

Алғашқы туындыларымыз бала басылымына жарияланумен 

басталған болатын. Осы уақыт аралығында біраз шыңдалдық, 

төселдік. Бірде жеңіске жетуді, бірде жеңіліске ұшырауды да 

үйрендік. Ал біздің алғашқы баспалдығымыз осындай газет-

журналдар болатын. 

Құрметті, оқырман қауым! Егер сіз балаңыздың тәрбиелі, 

өнегелі, өзіндік таным-түсінігі қалыптасқан, парасатты азамат 

болғанын  қаласаңыз    «Самал»  газетіне  жазылыңыз.  Өзіңіз 

бір сәт ойланып қараңызшы, ешқандай газет оқымай, ойын 

соңында жүріп, қала берді көше балаларына еріп, бұзықтық 

жасап  өскен  бала  жақсы  ма,  жоқ  әлде  газет-журналмен, 

кітаппен дос болып, әңгіме-шығармалар жазып, отбасыңыздың 

көз  қуанышына  айналған  бала  ма?  Көше  баласы  түбінде 

араққа  салынып,  яки  темір  тордың  ар  жағынан  бір  шығуы 

кәдік.  Ал  парасатты  ұл-қыз,  болашақта  танымал  адамға 

айналуы  ықтимал.  Мен  айтарымды  айттым.  Көкейімдегінің 

бәрін жайып салдым. Ар жағын өзіңіз пайымдай беріңіз, ойлы 

оқырман!

                                                                                 

                                           Азиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВА,

          «Самал» газетінің жас тілшісі

Тілші болғым келеді

Мен  өскенде  балаларға  арналған  арнада 

тілші болғым келеді. Себебі мен газет – журналдарға 

мақала  жазғанды  ұнатамын.  Және  теледидардан 

жүргізушілерді  көргенде  қатты  қызығамын.  Тілші 

–  өте  ғажап  мамандықтың  бірі  деп  ойлаймын.  Мен 

кішкентай балалармен жұмыс жасағанды ұнатамын, 

сол  себепті  «Балапан»  сияқты  балалар  арнасында 

жұмыс жасағым келеді. Тілші болу менің ең сүйекті 

армандарымның бірі.

Балалардан алғыс алған,

Тілші ол – менің апам.

Мен өскенде жолын қуып,

Еңбегіммен елге жағам.



 

А.ТҰРЛАНОВА

Алмаз ОЖББМБ-нің 6-сынып оқушысы

Шыңғырлау ауданы 

Жақында  жылдағы  қалыптасқан  дәстүр  бойынша  Бөрлі  ауданы  Ақсай  қаласының 

№6  ЖББОМ-де  АБББ  әдіскері  С.Н.Қарағойшиеваның  ұйымдастыруымен  бастауыш  сынып 

оқушыларының  арасында  «Қауырсын  қалам»  сайысы  өтті.  Бұл  сайыс  биыл  ауданымызда  ІІІ  рет 

болып отыр. Аталмыш сайысқа ауылдың, қалалық мектептердің бастауыш 3-4 сынып оқушылары 

қатысты. Сайыс мынадай кезеңдерден тұрды: І кезең – оқушының шығармашылық портфолиосы; 

ІІ  кезең  –  «Мен  бақытты  баламын»  деген  тақырыпта  өлең,  ертегі  немесе  әңгіме  түрінде  өзін-өзі 

таныстыру;  ІІІ  кезең  –  өзінің  шығармашылық  портфолиосынан  кез-келген  жұмысының  мазмұнын 

жатқа айту; ІҮ кезең – берілген тақырып бойынша тапсырма орындау (шығарма, өлең немесе әңгіме 

жазу).


     Сайыста қатысушылар саны өте көп болды. Қазақ сыныбының өзінде 15 оқушы қатысты. Осы сайыста 

өзінің  тапқырлығымен,  ақылдылығымен,  білімімен  барлық  кезеңдерден  сүрінбей  өткен  Кеңтүбек  ауылынан  келген 

КММ «Григорьев мектеп – балабақша кешенінің»  4 «А» сынып оқушысы Лесқалиев Арнат көпшіліктің зор ықыласына 

бөленіп,  әділ-қазылардың  көңілінен  шығып,  барлық  шарттарды  өзінің  жан-жақтылығын  көрсете  отырып,  жүлделі  І 

орынды иеленді.  

  Арнат - өте мейірімді, еңбекқор, ақылды бала. Көпбалалы отбасында дүниеге келген. Бос уақытында өлең 

шығарады, кітап оқиды. Сонымен қатар, ән айтып, футбол ойнағанды ұнатады. Арнаттың бұл үлкен жетістікке жетуі 

алдымен өзінің ізденісі мен таудай талабы болса, оның осындай алған бетінен қайтпайтын, алғыр, жан-жақты, білімді, 

тәрбиелі болып өсуі сынып жетекшісі Г.А.Кустанаеваның еңбегінің жемісі екенін де айта кетуге болады. 

  Арнат  өзінің  кішкене  жүрегінен  шыққан  өлеңдерін,  әңгімелерін  «Самал»  газетіне  жариялап  тұрады.  өзі 

сол  газеттің  тұрақты  оқырманы.  Алдағы  уақытқа  Арнатқа  өзі  айтқан  алға  қойған  мақсаты  «Әрқашанда  алда  болу, 

биіктерден көріну» деген ұранын берік ұстанып, тек жеңістің тұғырынан көріне бер демекпіз. Тағы да жеңісің құтты 

болсын, Арнат!

   Сіздерге Арнаттың «Мен бақытты баламын...» атты өлеңін газет бетіне жариялауды жөн көрдік.

                                                     

Г.ТАСТАЙБЕКОВА 

                                                    КММ «Григорьев мектеп – балабақша кешенінің»  даярлық сынып тәрбиешісі

Бөрлі ауданы

АнА тілім-АрдАқ 

тұтАр Алтыным

    «Балапан өзге ұяда жатса да, өз тілінде шырылдайды» 

,-дегендей,  әр  адам  өз  тілінде  сөйлеуі  керек.  Шетелде  жүрген 

асыранды қазақ балалары өз тілінде сөйлегісі келіп, әрі тырысады, 

бері  тырысады.  Әйтсе  де,  өз  тілінде  сөйлей  алмайды.  Кішкентай 

жүректері  қиналып,  көздеріне  моншақтай  жас  келіп,  жылағысы 

келеді. Бірақ сөйлегісі келмейді. Теледидардан көріп отырсақ, олар 

глубостан  Қазақстанды  көрсетеді.  Бөлмелерінде  Президентіміздің 

суреттері ілінген. Соларға қарап, олардың Қазақстанда тұрып, қазақ 

тілінде  сөйлегісі  келетіні  байқалады.  Бала  жүректері  елін,  тілін 

ұмытпауды тілейді.        

    Қазір біз бақыттымыз. Өз тілімізде сөйлеп, оқып, музыка, 

радио, жаңалықтар тыңдап жүрміз. Біз шырылдап дүниеге келгенде, 

ана  мен  әке  махаббатына  бөлендік.  Қазір  де  бөленіп  жүрміз.  Ең 

алғаш  тілімдеден  «әке»,  «апа»  деген  сөздер  шықты.  Ал  олар 

болса,  балалар  уйінде  әкенің  де,  ананың  да  ыстық  махаббатына 

бөлене  алмайды  және  кімге  «әке»,  кімге  «апа»  дерін  білмейді. 

Кішкентайынан  анасын,  әкесін  күтеді.  Олардың  өзі  туралы  жылы 

сөздерін  естігісі  келеді.  Олар:  «Маған  сыйлық  керек  емес,  маған 

апам мен әкем керек. Олар мені алып кетеді»,-деп терезеге үңіліп, ас 

ішпей, ауырса да, анасы мен әкесін күтеді. Мен оларды қатты аямын. 

Біз олардың қалай өмір кешетінің, жүрегі қалай соғатының, жүрегінің 

түкпірінде  қандай  сезім,  сұрақ  бар  екенін  білмейміз  және  білмей 

өте береміз. Тура теңіздің түкпірінде қандай құпиялар бар секілді. 

Жетімді жылатпаған қазақтар балалар үйіне барып, қазақ балаларын 

асырап,  өз  балаларыңыздай  көріп,  жүректерінің  түкпірінде  жатқан 

сұрақтарға жауап беріп, бақытты еткізуге тырысыңыздар. Әр бала 

бақытты болуға міндетті. Ал асырап алмасақ, оларды Қазақстанға 

жиі келетін шетелдіктер асырап алуы мүмкін. Ол балалар шетелге 

барып, өз тілі, қазақ тілін, ұмытады.

   Жүректеріңде арман,сағыныш болып қалады, Меніңше, 

елімізде қазақ балалары аз. Көбі орысша сөйлеп, орыс тілін ана тілі  

етіп  алады.  Қазақ  тілін  ұмытады.  Сіздерге  айтарым,  қазақ  болып 

дүниеге келдіңіздер ме, қазақ болып өмір кешіңіздер!

     «Жеті жұрттың тілің біл,

       Жеті түрлі білім біл»,-дегендей ,басқа тілді жіті меңгерсек 

те, өз тілімізді ұмытпайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет